Бағана клеткаларының қызметі, классификациясына сипатта беріңіз. Бағана клеткаларын культивирлеу қалай жүргізіледі?


Дәрілік заттардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі бағалау. GLP тиісті тәжірибелік практиканың негізгі мақсаты



бет4/14
Дата26.12.2023
өлшемі115.02 Kb.
#488014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Вопросы РК 2м

Дәрілік заттардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі бағалау. GLP тиісті тәжірибелік практиканың негізгі мақсаты.

Дәрілік заттардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі бағалау. GLP тиісті тәжірибелік практиканың негізгі мақсаты.
Тиісті зертханалық практика cтандарты (бұдан әрі – Стандарт) дәрілік заттардың және (немесе) дәрілік препараттардың құрамындағы заттардың қауіпсіздігі бойынша клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерде қолданылады. Бұл сыналатын заттар көбінесе синтетикалық химикаттар, немесе шығу тегі табиғи немесе биологиялық, ал кейбір жағдайларда тірі организмдер болып табылады. Осы сыналатын заттарды зерттеудің мақсаты олардың қасиеттері және (немесе) адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігі туралы деректер алу болып табылады.
Дәрілік заттардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерінің мақсаты адам организмінен тыс дәрілік заттардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін бағалары мен дәлелдерін ғылыми әдістермен алу болып табылады.
Дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) дәрілік заттың фармакологиясын зерттеу (бастапқы және екінші фармакодинамика және қауіпсіздік фармакологиясы, дәрілік өзара әрекеттесу фармакологиясы);
2) дәрілік заттың фармакокинетикасын зерттеу (сіңірілуі, таралуы, метаболизмі, шығарылуы, фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесуі, басқа да фармакокинетика зерттеулері);
3)токсикологиялық зерттеулер(дәрілік затты бір рет немесе екінші қайта енгізулер кезіндегі уыттылығы,геноуыттылығы,концерогенділігі)


  1. Кіндік қанының бағаналы жасушаларына сипаттама.

Көпжасушалы организмдердегі дифференциаланбаған, немесе ішінара дифференциаланған жасушалар болып, олар жасушалардың әртүріне өзгере алады, немесе өзі секілді бағыналы жасаушаларға бөлініп көбейе алады.
Дифференциациялану потенциалына байланысты:
1.Тоттипотентті – әртүрлі типтегі жасушаларды түзей алады;
2.Плюрипотентті- барлық түрлерін емес тек кейбір түрлерін (эмбр. Бағаналы клетка, біріншілік жыныс клеткасы және эмбр. Карцинома клеткасы);
3.Мультипотентті – бірнеше типті клеткаларды түзейді (қан клеткасы, бауыр және бас миының клеткасы);
4.Унипотентті – тек 1 типтегі клеткаға дифференциацияланады.
Ең алғаш рет 1908 жылы ғылымға «бағаналы жасуша» терминін Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академиясының профессоры, гистолог Александр Максимов (1874—1928) енгізген болатын.
Кіндік қанының бағаналы жасушаларын босандыратын акушер-гинеколог алады. Бағаналы жасушаларын жинау Жаңа туған нәресте анасынан бөлінгеннен кейін арнайы стерильді жүйенің көмегімен жүзеге асырылады. Орташа алғанда, босану кезінде 35-тен 160 мл-ге дейін құнды кіндік қанын сақтауға болады.
Қазіргі таңда әлемде БЖ лейкемия, лимфома, миелома және т.б. сияқты 80-нен астам ауруларды емдеу үшін кеңінен қолданылады. кіндік қанының БЖ 25 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді, бүкіл әлем бойынша 30 000-нан астам кіндік қанының БЖ трансплантациялау жүргізілген.

№4




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет