Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Жоспар
1. Отбасылық әлеуметтік қызметкер. Оның қызметтік міндеттері.
2. Әлеуметтік қызметкер – отбасымен тәрбие жұмысын жүргізетін маман.
3. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмысының негізгі бағыттары.
4. Отбасын әлеуметтік қорғау шаралары.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Бізге «отбасылық типтегі» әлеуметтік педагогтың қызмет саласын қарау керек.Терминді алғаш жалпы ресейлік әлеуметтік педагогтар мен жұмыскерлер Қауымдастығының президенті В.Г. Бочарова енгізді. Осы аспектіге арналған зерттеулерді шарты түрде бірнеше топқа бөлуге болады: қосымша білім беруді енгізу арқылы оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру (В.А.Болотов және басқалары); ауылдағы отбасылармен мүмкін болатын жұмыс түрлерін – мерекелер, отбасылық кітап оқу, қонақ шақыру және т.б. жұмыстар жүргізу (М.П.Гурьянова);отбасымен тәрбие, сауықтыру, алдын алу жұмысы жөніндегі шағын ауданның қоғамдық институттарының күшін үйлестіру(Н.В.Анненкова, В.Г.Бочарова, Л.Рарзиховский және басқалары); әлеуметтік-педагогикалық қызметте отбасы мен индивидтің мүдделерінің үйлесуіне сүйену (Л.Ф.Безлепкина); мектеп пен ата-аналарды отбасылық тәрбиеге даярлау жөніндегі шағын аудандағы басқа тәрбие институттарының өзара әрекет үлгісін жүзеге асыру (К.Я.Лихоношина, Л.М.Сенников және басқалары).
Әлеуметтік қызметкер – отбасымен тәрбие жұмысын жүргізетін маман. Отбасы, үй, қауым, отбасылық-көршілік қауымы әлеуметтік саясат, әлеуметтік көмек жүзеге асырылатын сала ретінде қарастырылады. Түрлі ведомстволық мекемелер, қоғамдық ұйымдар отбасына, социумға қарай бұрылып, ашық жүйе ретінде жұмыс істейді.
Әлеуметтік педагогтың қызметі тәрбие-сауықтыру міндеттерін басым қойып, халықтың барлық санатымен, отбасымен (проблемасы болу, болмауына байланысты емес) жайдары жұмыс жүргізуге бағытталған.
Әлеуметтік педагогтың қызметінің түрлі мамандану саласы болады:
1) білім беру-тәрбие міндеттерін шешуде отбасына көмек беру жөніндегі сала («отбасылық педагог» типі).
2) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, сонымен қатар ересектердің бос уақытта өз қызығушылықтарына сай түрлі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі сала (бос уақытты ұйымдастырушы типі).
3) Жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету және әлеуметтік сауықтандыру, жедел көмек көрсету жөніндегі сала (әлеуметтік педагог типі).
Достарыңызбен бөлісу: |