Тақырып 7 Отбасымен жұмыс жүргізудегі отандық қалыптасу тарихы.
Жоспар
Әйелдер мен балаларды мемлекеттік қорғаудың ролін ашудағы Әл Фарабидің ғылыми ізденістері.
«Жеті жарғы заңы»(немесе Тәуке хан заңы).
Қолдау мен көмекті қажет ететін тұрғындар топтарын әлеуметтік қорғауға ұмтылыс ретіндегі мемлекеттік жетімханалар мен мекемелер, қамқорлық үйі.
Отбасылар мен балалардың жағдайын жақсарту жұмысындағы қеністік басқару орындарының революциядан кейінгі және соғыстан кейінгі іс әрекеттері.
ҚР әйелдер мен балалар жөніндегі Ұлттық Комиссияның іс әрекеті.
Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет
Мемлекеттің негізі жер болса, оның болашағы балалар, жастар деген ұлағатты сөз бар. Бұл шынында да ақиқатты айғақтаған тұжырым. Қазақ елі ежелден бала саны мен тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Бала болашағына ерекше саясат ұстаған дәуір – Кеңес үкіметі өмір сүрген жылдарға дөп келеді. Большевиктер мемлекеттік билікті қолға алмай тұрып-ақ, өздерінің бағдарламалық құжаттарында балаларды оқыту, мектептен тыс мекемелер ашып, оларды тамақ, киім – кешекпен қамтамасыз етуге баса назар аударған.
1917 жылы Қазан төңкерісі жүзеге асысымен, Кеңес өкіметі бұрын -соңды тарихта болмаған ауқымды деңгейде балаларға тиесілі саясатын бастады. Елде тегін білім беру ісі қолға алынды. Бала бақшалар, мектептен тыс білім беретін оқу орындары ашылып, оқулықтар, оқу құралдарын шығаруды жолға қойды. Бүгінде тоталитаризм қылмыстарын әділінен сынасақ та, большевиктердің жас ұрпақты жан – жақты, кемел тәрбиелеуге қол жеткізбек болған ниеті мен соның жолында істелінген шаралары гуманизмнен ада еместігін мойындауымыз керек. Большевиктердің көсемі В.И.Ленин “Барлық жақсылық – балаларға” деген қағиданы кездейсоқ алға тартқан жоқ. Ал Лениндік қағиданың жүзеге асырылуына Н.К.Крупская, Ф.Э.Дзержинский сынды серіктері өлшеусіз үлес қосты.
Отан тарихында балалар мәселесін бірінші кезекте шешу әрқашанда өзекті міндет болып келді. Бұл мәселенің ең асқынған тұсы XX-ғасырдың 20-30 жылдары деп білеміз. Өйткені азамат соғысы мен шетел интервенциясы, 20 жылдардың ортасынан басталған халық шаруашылығын индустриализациялау және әміршіл-әкімшіл жүйенің орнығуы, іле -шала басталған ауыл шаруашылығын күш қолданумен ұжымдастыру – бәрі ғасырлар бойы елде қалыптасқан ырғақты әрі табиғи дамудың үрдісін күрт өзгертті. Халық тұтасымен үйреншікті өмір салтынан ажыратылды, зорлық пен зомбылық салтанат құрды. Қаншама қазақ қожалықтары ата мекенінен көшірілді. Ақтар мен қызылдар арасындағы ұрыс – шайқас даласында сан мыңдаған азамат қаза тапты. Тап сол 20-30 жылдардағы елдің экономикалық негізінің шайқалуынан қазақ даласына жойқын аштық келді. Нәтижесінде ең қорғансыз әлеуметтік қауым – балалар шексіз жапа шекті. Панасыз балалар мәселесі күн тәртібіне қойылды. алу туралы шешімдері.
Панасыздық- жас ұрпақтың денсаулығын әлсіретіп қана қоймай дүниетанымына да айықпас жара түсіретін алапат. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов ашына жазғандай, “ұлым дейтін елі болмаса,елім дейтін ұл қайдан шықсын”. Тіпті құран сүрелері мен пайғамбардың хадистерінде балаларға қамқорлық жасау барша мұсылман қоғамының парызы екені ескертілген ғой. Кеңестер билеген Қазақстанда панасыз балалар мәселесінің асқынуы мемлекеттің болашағына төнген қатер екенін большевиктер қапысыз түсінді. Осынау әлеуметтік қасіретпен күресудің ұлан-ғайыр тәжірибесі жинақталды. Балалар панасыздығын жою жолында кемшіліктер мен қателіктер аз болған жоқ. Бірақ тұтастай алсақ, Қазақстандағы кеңестік билік осы игі істі оң нәтижеге жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |