Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі атқаратын ең басты қызметі - адамның қоғамдық өмірдегі қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Отбасының кіші әлеуметтік топ ретінде атқаратын ең басты қызметі - отбасының тұрақтылығын қадағалау, отбасыішілік қарым -қатынастардың негізгі стилін сақтап қалу
Нуклеарлы отбасы - тек ата - ана мен балаларынан тұратын отбасы.
Кеңейтілген отбасы – ата-ана, балалары және басқа да туыстардың бірге тұруы.
Патрархаттық отбасы – ердің отбасыны билеуі
Матриархаттық отбасы – әйел адамның билік жүргізуі
Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамия дейді.
Бір әйел мен еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың ішінде кең таралған түрі.
Депривация- (lat depriuatiuo – жоғалту, айырылып қалу) процесі – индивидтер мен әлеуметтік топтардың болашаққа артқан сенімдерінің, үміттерінң орындалмау жағдайын айтады. Халықтың билік орындарына қойған талап-тілектерін қанағаттандыру мүмкіндігінің болмау
Шиеліністі жағдай- қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады
Психологиялық шиеленс сипаттамасы дегеніміз- жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын “қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз
Шиеліністің орын алуы- қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жекеадамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді
Қоғамдық еңбек бөлінісі- меншік қатынастарында, билік жүйесінде, материалдық игіліктерді әрдайым орын алады. Барлық адамдарды теңестіретін қоғам орнату мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |