Саяси шиеленістер- демократикалық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің бұл түрі билік, ықпал, белдел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси шиеленістер ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда шиеленістер өрбіп, көтеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.
Ұлтаралық шиеленістер- көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған күрес негізінде болады. Көпшілік жағдайда ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты территория мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық шиеленістердің саяси сипатта болуы әбден мүмкін.
Экономикалық шиеленістер- жекеленген индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларына, атап айтқанда, еңбекақы тұрмысқа қажетзаттардың бағасы, қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу мәселелерінен келіп шығады
«Этникалық әлеуметтану» тақырыбы бойынша глоссарий
Этноәлеуметтану қоғамның этникалық құрылымын зерттейтін әлеуметтану теориясы.
Этникалық - бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін категория.
Этнос адамдардың тарихиэтникалық бірлігі.
Мегаэтнос халықтардың ең үлкен топ бірлігі, мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады.
Субэтнос халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.
Этника белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы, бұл табиғи тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі.
Этногенез әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі.
Ұлтхалықтан үлкен сапалық айырмашылығы бар, қалыптасу процесі буржуазия басшылығымен өткен капиталистік қоғам туындысы.
Этносаралық қатынастар кең мағынада халықтардың әр түрлі салаларда - саясатта, мәдениетте, т.б. өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі, тар мағынада түрлі ұлт өкілдері арасындағы байланысқа түсудің түрлі салаларында - еңбек, отбасылық-тұрмыстық, көршілік, достық және өзге бейресми араласуындағы тұлғааралық қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: |