Дәріс №8
Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгендеу.
Жоспар:
1. Жалпы сипаттама
2. Түгендеу процесі
1. Жалпы сипатама
Түгендеу – бұл меншіктің сақталуын, материалдық құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау әдістерінің бірі.Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс режиміне қарамастан барлық шаруашылық субьектілері жүргізеді. Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде (есепті жылдың 10 қазанынан кейін) обьективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір рет жүргізеді. Бұған қоса, материалдық жауапты тұлға ауысқан кезде істі қабылдаған күні, құндылықтарды ұрлау, бүліну фактілері белгілі болғанда, өрт және табиғи апаттардан кейін жүргізеді. Түгендеудің негізгі мақсаты: тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты қолда барын натуралды және құндық өлшемдермен айқындау.
2.Түгендеу процесінде:
1. Тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын;
2. Олардың сақталуының, босатылуының, салмақ және өлшем құрал-саймандарының жағдайының дұрыстығы;
3. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебін жүргізудің тәртібі тексеріледі.
Түгендеу тексерудің көлеміне қарай жалпылама және талдамалы, ал уақытына қарай уақтылы және аяқасты болып бөлінеді. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары немесе бас бухгалтері түгендеуді ұйымдастырады және оның жүргізілуіне басшылық жасайды. Басшының бұйрығымен тағайындалған өкілетті адамдардан тұратын комиссия түгендеу жүргізу жөніндегіжұмысты жүзеге асырады. Тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы:
1. Тауарлы-материалдық құндылықтар сақталатын қосалқы үй-жайларды жеке кіріп шығатын жері бар басқа орындарды жауып, пломболауға;
2. Барлық салмақ өлшеу приборларының дұрыстығын және оларды таңбалау мерзімдерін сақтауды тексеруге;
3. Түгендеу сәтінде кіріс және шығыс құжаттарының инвентарлық тізімінің немесе тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы есептемелердің соңғыларын алуға;
4. Түгендеу басталған кезде барлық кіріс пен шығыс құжаттарының бухгалтерияға тапсырылғандығын, келіп түскен тауарлы-материалдық құндылықтар кіріске алынғандығын, шығарылғандары шығысқа есептен шығарылғандығын растайтын қолхатты материалдық жауапты тұлғадан алуға міндетті.
Түгендеуді жүргізу сәтінде бухгалтерияда « Қоймалар, участкелер бойынша тауарлы-материялдық құндылықтардың инвентарлық тізімі» (ИНВ №3 нысаны) жасалады.
Түгендеуді комиссияның толық құрамы материялдық жауапты адамның қатысуымен жүргізеді. Материалдардың бар-жоғы міндетті түрде салмақ өлшеу және шамалау жолдарымен анықталады. Фабрикалық қаптамада тұрған құндылықтардың саны құжаттар бойынша міндетті түрде тексерумен анықталады. Төгілгіш немесе жамылғыш материалдарды шамалау және есептеу негізінде анықтайды. Шамалау немесе есептеу актілері тізімге қоса беріледі. өлшеудің материалдық бірлігінің атауы есепте қабылданған тұрғылармен беріледі. Тізімге комиссия қол қояды. Субьектіге тиіселі емес материалдарға, құндылықтарға жеке тізім жасалады.жауапты сақтакға қабылданған тауарлы-құндылықтар бойынша ИНВ №5 нысаны (форма), ал есептік деректерден ауытқуы анықталған құндылықтар бойынша «Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру ведомосі» (ИНВ№19) нысаны жасалады. Тауарлы-материалдық құндылықтардың артықшылығы мен кемшілігінің құны бағалаумен бірге есептік тіркемелерде келтіріледі. Тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі барлық кемшіліктер мен артықшылықтар бойынша, сондай-ақ ысыраптар бойынша материалды жауапты адамның жазбаша түсініктемесі беріледі. Бұл түсініктемелер түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдаған кезде мұқият тексеріледі.
Жұмыс түгендеу комиссиясының отырысы хаттамамен рәсімделеді, онда қойма шаруашылығының жағдайын инвентарлық тексеру нәтижесі және тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету жағдайы көрсетіледі.
Тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі себептері, пайдаланылмайтын және жарамсыздарының қалыптасуының себептері келтіріледі, оған кінәлі адамдар көрсетіледі, сондай-ақ қорытынды жасалып, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жасалады.
Дәріс №9
Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу
Жоспар:
1. Негізгі құралдарды есепке алудың екі нұсқасы
2. Негізгі құралдар тозуы
3. Негізгі құралдар амортизациясы
1. Негізгі құралдарды есепке алудың нұсқасы
Шағын ұйымдарда талдамалы есептің тіркелімі ретінде «Негізгі құралдарды есепке алудың инвентарлық кітабы» атты НҚ №11 нысаны пайдаланылуы мүмкін. Ол сыныптамалық топтары, түрлерімен обьектілер бойынша ашылады. әрбір обьектіге сипаттама, аталым, инвентарлық номер, шыққан және пайдалануға берілген күні, амортизация нормасы беріледі. Есепті кезеңдер бойынша негізгі құралдардың қолда бары (121-125 шоттар бойынша сальдо)мен қозғалысы туралы ақпараттар алу үшін сыныптамалық топтар шеңберінде НҚ №12 карточкалары қолданылады. Бұл карточкалар 121-125 шоттар бойынша айналымды бас кітаппен салыстыру үшін пайдаланылады. Негізгі құралдардың есебі компьютерлерарқылы механикаландырылған болса негізгі құралдардың қозғалысын есепке алу карточкасының қажеті жоқ. Мұндай жағдайда негізгі құралдардың қозғалысы туралы есептеме жасау үшін ақпараттық машиналық тасығыштарды пайдаланады.
2. Негізгі құралдардың тозуы
Негізгі құралдар өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істей отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз болып қалады.
Тозу – бұл физикалық және моральдық сипиттамаларын жоғалту процесі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты, сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады.соның нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады. Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық процеспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды.
Негізгі құралдарды моральді тоздыратын негізгі факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар мен басқа жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру).
2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес).
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бүл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз).
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды субьектіден талап ететін, кейбіртауарларға сұраныстың азаюы.
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін.
Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал обьектілерін қайта құрады және жаңартады.
3. Негізгі құралдар амортизациясы
Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пацдалану немесе негізгі қорлаодың, құралдардың жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың обьективтік процесі.
Амортизациялық құн дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады. Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады. Амортизация нормасы – бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
4. Құнды тікелей есептен шығару әдісі
Обьектінің амортизациялық ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады.
Есептеу.
Мысалы: Станоктың құны-20 мың теңге
Болжамды жою құны-2 мың теңге
Пайдалану мерзімі-10 жыл
1. Станоктың амортизациялық құны:
20 мың-2 мың=18 мың теңге
2. Амортизацияның жыл сайынғы сомасы:
18 мың / 10 жыл = 1800 теңге
3. Амортизацияның ай сайынғы сомасы:
1800 /12 ай =150 теңге
Егер 4 жылдан кейін шаруашылық қызметі түрінің өзгеруіне байланысты станоктың ұтымды қызмет мерзімі 10 жыл емес 7 жыл болып белгіленіп, жою құны- 2000 емес 3000 теңге болса, онда жыл сайынғы амортизациялық сомасы қалған 3 жылға (20.000 - (1800*4) -3000) / 3000= 3267
Ай сайын 3267/12 = 272 теңге
Дәріс № 10
Бугалтерлік есептің бас жоспары:
Жоспар:
-
Есептің бөлімдер
-
1 бөлім. Айналымнан тыс активтер
-
2 бөлім. Тауарлы материалды қорлар
-
3 бөлім. Дебиторлық берешек және басқа да материалдар
-
4 бөлім. Ақша қаражаттары
-
5 бөлім. Меншікті капитал
-
6 бөлім. Міндеттемелер
-
7 бөлім. Табыстар
-
8 бөлім. Шыгыстар
-
9 бөлім. Өндірістік
-
10 бөлім. Баланстан тыс шоттар.
-
Есесптің бөлімдері.
Бухгалтерлік септің бас жоспары (шоттарының) дегеніміз кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін есепке алуға қажетті, экономикалық негізделген шоттардың жүйеленген тізілімі. Бас жоспар және оны қолдану жөніндегі нұсқаулық 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілген.
Бухгалтерлік есептің шоттары мынандай бөлімдерге біріккен:
-
Айналымнан тыс активтер
-
Тауарлы-материалдық қорлар
-
Дебиторлықберешек және басқа да активтер.
-
Ақша қаражаттары
-
Меншікті капитал
-
Міндеттемелер
-
Кірістер
-
Шығыстар
-
Өндірістік есептің шоттары
-
Баланстан тыс шоттар
І бөлім.
Айналыстан тыс активтер
10. Материалдық емес активтер
101. Лицензиялық келісімдер
102. Бағдарламалық қамтамасыз ету
103. Патенттер
104. Ұйымдастыру шығындары
105. Гудвил
106. Басқалары
-
Материалдық емес активтердің амортизациясы.
-
Материалдық емес активтердің амортизациясы – бағдарламалық қамтамасыз ету
-
Материалдық емес активтердің амортизациясы – патенттер
-
Материалдық емес активтердің амортизациясы – ұйымдастыру шығындары
-
Материалдық емес активтердің амортизациясы – гудвил
-
Материалдық емес активтердің амортизациясы – басқалары.
-
Негізгі құралдар.
-
Жер
-
Ғимараттар мен құрылыстар
-
Машиналар мен жабдықтар
-
Көлік құралдары
-
Басқалары
-
аяқталмаған құрылыс
-
Негізгі құралдардың тозуы.
-
Ғимараттар мен құрылыстардың тозуы
-
Машиналар мен жабдықтардың тозуы
-
Көлік жолдарының тозуы
-
Басқалардың тозуы
-
Инвестициялар.
-
Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар
-
тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар
-
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар
-
басқалары.
ІІ бөлім.
Тауарлы – материалдық қорлар
20. Материалдар
-
Шикізаттар мен материалдар
-
Сатып алынған жартылай фабрикаттар, конструкциялар, бөлшектер
-
Отын
-
Ыдыс және ыдыстық материалдар
-
Қосалқы бөлшектер
-
Басқа да материалдар
-
Қайта өңдеуге берілген материалдар
-
Құрылыс материалдары және басқалар
21. Аяқталмаған өндіріс
-
Негізгі өндіріс
-
Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары
-
Көмекші өндіріс
-
Басқалары
ІІІ бөлім.
Дебиторлық берешек және басқа активтер
30. Сатып алушылармен
-
Алуға арналған шоттар
-
Алынған векселдер
-
Басқалар
31. Күмәнді борыштар жөніндегі резервтер
-
Күмәнді борыштар жөніндегі резервтер
-
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі
-
Еншілес серіктестіктердің берешегі
-
Тәуелді серіктестіктердің берешегі
-
Бірлісіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі
-
Басқа да дебиторлык берешектер
-
Орынын толтыруга қосылган құнның салығы
-
Есептелінген проценттер
-
Жұмысшылар мен басқа адамдардың берешегі
-
Басқалар
-
Алдынғы кезендердің шығындары
-
Сақтандыру полисі
-
Жолдық төлемдер
-
Басқалар
-
Берілген аванстар
-
Тауарлы – материалдық қорларды жеткізуге берілген аванстар
-
Жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге берілген аванстар
IV бөлім.
Ақша қаражаттары
-
Қаржылық инвестициялар
-
Аксиялар
-
Облигациялар
-
Басқалар
-
Жолдағы ақша аударымдары
-
Жолдағы ақша аударымдары
42. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары
-
Акредиивтердегі ақша қаражаттары
-
Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары
-
Банктегі арнайы шоттардағы қолма – қол ақшалар
-
Басқалар
-
Валюттік шоттағы қолға берілетін ақшалар
-
Ел ішіндегі Валюттық шоттағы қолма – қол ақшалар
-
Шетелдегі валюталық шоттағы қолма – қол ақшалар
-
Есеп айырысу шотындағы қолма – қол ақшалар
-
Есеп айырысудағы (шотындағы) қолма – қол ақша
Кассадағы қолма – қол ақшалар
-
Кассадағы ұлттық валютамен берілетін қолма – қол ақшалар
V бөлім.
Меншікті капитал
-
Жарғылық капитал
-
Жай акциялар
-
Ерекшелінген акциялар
-
Салымдар мен пайдалар
51. Төленбеген капитал
511. Төленбеген капитал
Алынған капитал
-
Алынған капитал
-
Қосымша төленген капитал
531. Қосымша төленген капитал
54. Қосымша төленбеген капитал
541. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың қосымша төленбеген капиталы
542. Инвестицияларды қайта бағалаудың қосымша төленбеген капиталы
543. Басқалар
55. Резервтік капитал
-
Заңмен белгіленген резервтік капитал
-
Басқа резервтік капитал
-
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
561. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
562. Бұрынғы жылдардың Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
57. Жиынтық кіріс (зиян)
571. Жиынтық кіріс (зиян)
VI бөлім.
Міндеттемелер
60. Несиелер
-
Банктердін несиелері
-
Банктен тыс мекемелерден алын ған несиелер
-
Басқалар
-
Алдыңғы кезеңдердегі табыстары
611. Алдыңғы кезеңдердегі табыстары
-
Дивиденттер бойынша есеп айырысу
-
Жай акциялар бойынша есеп айырысу
63. Бюджетпен есеп айырысу
631. Төленуге тиіс ағымдағы табыс салығы
632. Төлемі кейінге қалдырылған табыс салығы
633. Қосылған құн салығы
634. Басқалар
64. Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық берешек
641. Еншілес серіктестіктергеберешек
642. Тәуелді серіктестіктерге берешек
643. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешек
65. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
651. Мүлікті және сақтандыру бойынша есеп айырысу
652. Еңбекпен қамту қоры бойынша есеп айырысу
653. Әлеуметтік сақтандыру және зейнет ақымен қамтамассыз ету бойынша
есеп айырысу
-
Жол қорымен есеп айырысу
-
Басқалар
-
Алынған аванстар
-
Тауарлы – материалдың құндылықтардыжеткізуге арналған аванстар
-
Жұмыстар орындауға алынған аванстар
-
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу
671. Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу
68. Өзге де кредиторлық берешектер мен есептеулер
681. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу
682. Лауазымды тұлғаларға берешек
Дәріс №11
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарты
Жоспар
-
Бухгалтерлік есептің стандарты
-
Есеп саясаты
-
БЕС – бухгалтерлік есеп стандарты.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі. Оның Есеп және Есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады. Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп бойынша 2.9 Қазақстандық стандарт қолданылады. Олар: Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты:
№
|
Атауы
|
Күшіне енген күні
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Есеп саясаты және оның ашылуы
|
1997ж 1 қаңтар
|
2
|
Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашулар
|
1997ж 1 қаңтар
|
3
|
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру
|
1997ж 1 қаңтар
|
4
|
Ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
|
1997ж 1 қаңтар
|
5
|
Кіріс
|
1997ж 1 қаңтар
|
6
|
Негізгі құралдарды есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
7
|
Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
8
|
Қаржы инвестицияларын есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
9
|
Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
10
|
Байланысқан тараптар туралы ақпараттың ашылуы
|
1997ж 1 қаңтар
|
11
|
Табыс салығы бойынша есеп
|
1997ж 1 қаңтар
|
12
|
Күрделі құрылыс мердігерлік шарты
|
1997ж 1 қаңтар
|
13
|
Шоғырландырылған қаржылық есептеме және еншілес серіктестіктерге берілген инвестицияларды есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
14
|
Тәуелді шаруашылық серіктестігіне берілген инвестицияларды есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
15
|
Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесін қаржылық есептемеде көрсету
|
1997ж 1 қаңтар
|
16
|
Зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған шығындарды есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
17
|
Жалды есепке алу
|
1997ж 1 қаңтар
|
18
|
Инвестициялық қорлардағы есеп
|
1997ж 1 қаңтар
|
19
|
Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары бойынша есеп және есептеме жасау
|
1997ж 1 қаңтар
|
20
|
Мұнай, газ өндіру қызметінің есебі мен есептемелер
|
1997ж 1 қаңтар
|
-
Есеп саясаты.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқаулар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Есеп саясатын қолданған кезде есептің мынандай принциптерін сақтау керек:
-
Есептеу – кәсіпорнының кірістері мен шығыстары, олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
-
Үздіксіз – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
-
Түсініктілік принципі – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
-
Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорнының шаруашылық қызметі бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
-
Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
-
Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
-
Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
-
Сақтық – яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
-
Аяқталғандылық – растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуға тиіс.
-
Салыстырмалылық – қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдеріндегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
-
Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістер, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолданылуы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндайжағдайда түсіндірме жазушылар болуға тиіс, яғни біз оларды негіздеуге тиіспіз.
-
Күмәнсіз. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, нәтижесі,ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз көзқарас туғызуы керек.
Есеп саясатының ашылуы – бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазуды неғұрлым елеулі аспектілерге сипаттама беру. Қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсіпорнының мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы, нашарлауындағы үрдістер және т.б. көрсеткіштер белгіленеді. Бұйрықпен рәсімделген есеп саясаты нормативтік
Достарыңызбен бөлісу: |