Бағдарламасы 1 тарау. Жалпы ережелер



бет1/2
Дата12.10.2023
өлшемі136.39 Kb.
#480594
түріБағдарламасы
  1   2
түсінік хат үйде окыту






Түсінік хат

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 469 бұйрығына 97 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 537 - қосымша

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 6-9 сыныптары


үшін үлгілік оқу бағдарламасы

1 - тарау. Жалпы ережелер



  1. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 6-9 сыныптары үшін «Адам және әлем» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. «Адам және әлем» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың бастауыш сыныпта алған қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту және бекіту, қоршаған әлемде бағдарлаудың тәжірибелік тәсілдерін дамыту, өмірлік қажетті дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру.

  3. Негізгі міндеттері:

  1. қоршаған әлемде тәжірибелік бағдарлау үшін қажетті икемділіктер мен дағдыларды, табиғаттағы қауіпсіз тәртіпті қалыптастыру;

  2. өз денсаулығын сақтау және күту дағдыларын қалыптастыру;

  3. адекваттық әлеуметтік тәртіп қалыптастыру.

4)- тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

  1. Бағдарламада оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері арнайы білім беру мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан.

  2. Құндылыққа, іс-әрекетке, коммуникативтік, тұлғаға бағдарлық тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, Бағдарламаның жаңа құрылымында көрініс тапты.

Қазіргі кезеңде білім алушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.

  1. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді күшейту білім беру процесінде барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде мүмкін болады.

  2. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық тәсілдемелері орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытуды шынайы заттық-тәжірибелік әрекеттің мәнмәтініндегі күнделікті қарым-қатынас жағдайында, білім, әрекеттену тәсілдерімен белсенді алмасатын нақты істер мен жағдай түрінде ұйымдастыруға бағытталған.

  3. Білім алушылармен «Адам және әлем» пәні аясында жұмыс істеу процесінде «Шаруашылық еңбек», «Кәсіп», «Тәртіп мәдениеті», «Әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау» курстарымен пәнаралық байланыс орнатылады. Аталған пәндер бойынша бағдарламалардың мазмұнын «Адам және әлем» пәні бойынша бір сабақ аясында кіріктіруге болады.

  4. Оқу процесін ұйымдастыру тәсілінің негізінде ақыл-ой дамымауы айқын байқалатын тұлғалардың өмірін ұйымдастырудың негізін қалаушы идея ретінде бүкіл әлемде қабылданған «қалыптандыру» педагогикалық тұжырымдамасы жатыр. Осы тұжырымдамаға сәйкес білім алушы түзету педагогикалық шаралардың барлық жүйесін жобалаған кездегі негізгі және жалғыз есептеу нүктесі болып табылады.

  5. Жоспарланған педагогикалық шаралар білім алушылармен тікелей жүргізілетін жұмыстарды ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның қайтадан құрылуын, әрбір білім алушының өзіндік әрекетін ынталандыратын жағдайды тудыруды да қамтиды.

  6. «Қалыптандыру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру қағидалары қалыптастырылған:

  1. білім алушының өзіндік бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, дербес қарқында даму мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Бұл қағиданы сақтау баланы оқытудың жеке бағдарламасының мазмұнын анықтау мақсатында оның мүмкіндігі мен ілгерілмелі дамуын үнемі зерделеп отыруды білдіреді;

  2. педагогтың әрбір білім алушыны оқытудың мазмұнын, тәсілдерін, түрін, дидактикалық құралдарды олардың жеке мүмкіндіктері мен білім берудегі және жеке тұлғалық жетістікерін мониторингілеу нәтижесін есепке ала отырып, өздігінен таңдауы;

  3. білім алушыларда тәжірибелік әрекеттер мен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті мектептік ортаны құру. Білім

алушылармен сабақ өтетін жайлар әр түрлі өмірлік жағдаяттарды бейнелейтін кеңістікке айналдырылады;

  1. білім алушылардың мектептегі күнделікті әрекеттерінің біріктірілген сипаты. Сабақ барлық оқу пәндері бойынша біріктірілген сипатта болады;

  2. әлеуметтендіру құралы ретіндегі ойлау, сөйлеу тілі мен коммуникацияны дамыту қағидасы. Сөйлеу тілін түсінуді кеңейту, қарым-қатынастың сөздік және сөздік емес құралдарын қалыптастыру, білім алушылардың көрнекілік-әрекеттік ойлауын дамыту бойынша жұмыстар бірізділікпен құрылады.

  3. оқу-тәрбиелеу процесінің әлеуметтендіру бағыттылығы: білім алушыларды күрделі әлеуметтік ортаға ендіру.

  1. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту процесі мазмұны жағынан да, сол сияқты ұйымдастыру түрі жағынан да қатал реттелуі мүмкін емес.

  2. Білім алушылар сабақты әрекет түрін білім алушының өзіне қажет болған жағдайда өзгерте алатын, жекеленген жұмысты орындайтындай және педагогтан жеке көмек ала алатындай етіп ұйымдастырылуын қажет етеді. Білім алушыларға сынып бөлмесінде еркін қозағала алатындай мүмкіндік берілуге тиісті.

  3. Білім алушылардың сабақтағы дербестігінің дамуы және белсенділігі байқалатын әрекеттердің негізгі түрлері:

  1. тірі және өлі табиғат пен әлеуметтік өмірдің құбылыстарын бақылау;

  2. заттық-тәжірибелік әрекет;

  3. іскерлік ойындар;

  4. білім алушылардың шаруашылық-еңбектік әрекеті;

  5. әлеуметтік-тұрмыстық әрекет;

  6. білім алушылар мен жақын ортасындағы ересектермен арасындағы қарым-қатынас (микросоциум);

  7. оқу әрекеті (білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес).

  1. Табиғат құбылыстары, жыл мезгілінің ауысуы, табиғаттағы және қоғамдағы адам өмірі циклдік түрде болады. Білім алушыларды қоршаған табиғат пен қоғаммен өзара әрекеттестікке тарта отырып, оларға өмірлік циклдердің қайталанғыштығын, ағымдылығын және қайтымсыздығын сезінуге мүмкіндік береді. Білім алушыларда қоршаған әлемде және әлеуметтік ортада бағдарлау үшін қажетті әрекеттену тәсілдерін, икемділіктерді қалыптастырады. Әрекеттену тәсілдерін меңгеру білім алушылардың қоршаған әлеммен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін және қолдайтын мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады.

  2. Мұғалім оқу процесін жергілікті табиғаттық-климаттық жағдайды, сыныптағы білім алушылардың құрамын есепке ала отырып жоспарлайды және бағдарламалық оқу материалын таңдайды. Сабақтарда оқылатын оқу материалы білім алушылар өмір сүретін болмысты бейнелейді.

  3. Сабақтар көрнекі құралдардың сәйкес жүйесімен және жекешеленген жұмыстарға арналған үлестірмелі заттық материалдармен қамтамасыз етіледі. Сынып бөлмесіндегі сабақтар экскурсиялармен кезектестіріледі.

  4. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау шараларына қойылатын талаптар гуманизм идеяларына, осы санаттағы білім алушыларды мектептік оқытудың табиғатына сәйкестігіне шартты болады.

  5. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жеке оқу бағдарламасында тұжырымдалған міндеттер олардың оқудағы жетістіктерін бағалау үшін пайдаланылады.

  6. Білім алушыны оқытудың жеке бағдарламасы білім алушының

«Қоршаған әлем» пәні бойынша 1-5-сыныптарда қалыптасқан дағдылар деңгейін есепке ала отырып, оның мүмкіндіктері туралы мәліметтердің негізінде құрылады.

  1. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалау құралдарымен ғана жүзеге асырылады. Мұғалім оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелерін білім беру процесі барысында бағалайды.

  2. Педагогтар бақылау-бағалау әрекетін ақыл-ойы дамымаған білім алушылармен жүргізілетін барлық педагогикалық процесстің құрылуына негіз болатын арнайы педагогиканың «диагностика мен түзете дамыту жұмысының бірлігі» қағидасына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырады.

  3. Бақылау, білім алушының әрекетінің өнімдерін, ауызша берген жауаптарын оқыту мен тәрбиелеудің жекеленген міндеттерімен салыстыра отырып, бағалу әрекеті болып табылады.

  4. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау шараларының бірізділігі:

  1. білім алушылардың даму, білім және дағдыларының даму деңгейлерін алдын ала бағалау. Оқытудың жеке бағдарламасын құруға арналған негіз ретіндегі білім алушының даму бейінін құру;

  2. білім алушылардың жетістіктері мен дамуын ағымды бағалау. Ол білім алушылардың сабақ барысындағы жұмысын күнделікті бақылау арқылы жүзеге асырылады және мұғалімнің күнделікті жұмыс жоспарына тіркеліп отырады;

  3. бірінші жартыжылдық аяқталғанда аралық бағалау жүзеге асырылады. Жетістіктерді қорытынды бағалау оқу жылының аяқталуына қарай жүзеге асырылады. Икемділіктер мен дағдыларды оқытудың жеке бағдарламасына сәйкес қалыптастырудың жетістігі туралы бағалау пайымдамасы жеке бағдарламада тіркеледі.

Білім алушының жеке бағдарлама бойынша жетістіктерін сипаттағанда міндетті түрде білім алушының дағдылар мен икемділіктерді меңгерудегі дербестік деңгейі (өздігінен, үлгі бойынша, еліктеу бойынша, педагогпен бірлескен әрекеттің көмегімен) кө

I тоқсан
5-сынып


1.БЖБ «Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет