Бағдарламасы №4 Модулі «Арнайы тарихи білім»


р/с Қасиетті орындар атауы



бет12/22
Дата14.12.2022
өлшемі0.56 Mb.
#467209
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Қызылорда облысы қасиетті орындарының тарихы силлабус

р/с

Қасиетті орындар атауы

Орналасқан жері

Уақыты

1

Айқожа кесенесі

Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан

ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.

2

Айтбай мешіті

Қызылорда қаласы, Сәтбаев көшесі, 18

1878 ж.

3

Ақтас мешіті

Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан

1884 ж.

4

Алатағы әулие жерленген жер

Шиелі ауданы, Сарысу өзенінің бойында орналасқан

Орта ғасырлар

5

Арал асар қалашығы

Арал ауданы, Қаратерең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым

ХІV ғ.

6

Арыстан баб зираты

Арал ауданы, Ақбай елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым

IX-XI ғ.ғ.

7

Асан ата кесенесі

Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым

ХVІ ғ.

8

Асанас кесенесі

Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан батысқа қарай 15 шақырым

ХVІІ ғ.

9

Асанас қалашығы

Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан батысқа қарай 8 шақырым

VІІ-ХV ғ.ғ.

10

Ахмет ишан кесенесі

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым

ХХ ғ.

11

Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткіш

Қызылорда қаласы, Арай ықшам ауданы

1998 ж.

12

Әбжали ишан мешіті

Жалағаш ауданы, Таң ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, 12

1922 ж.

13

Әулие Белең ана жерленген жер

Шиелі ауданы, Сарысу өзенінің бойында орналасқан

Орта ғасырлар

14

Байқоңыр ғарыш айлағы

Байқоңыр қаласы

1954 ж.

15

Бақсайыс ата кесенесі

Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым

ХVІ-ХVІІ ғ.ғ.

16

Баланды ІІ кесенесі

Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым

б.э.д. VІ-ІІ ғ.ғ.

17

Барсакелмес қорығы

Арал ауданы

1929 жыл.

18

Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 47 шақырым

б.з.д. ІV-ІІ ғ.ғ.

19

Беркімбай кәлпе кесенесі

Жалағаш ауданы, Ақсу ауылынан шығысқа қарай 3,2 шақырым

1977 ж.

20

Бұрынғы қыздар приход училищесі ғимараты (қазіргі дүкен)

Қызылорда қаласы, Училищная көшесі, 21

1878 ж.

21

Ғани Мұратбаев мұражайы

Қазалы ауданы, Қазалы қаласының ескі бөлігі, Қорқыт ата көшесі, 24

ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.

22

Ғанибай мешіті /пионерлер үйі, кітапхана/

Қазалы ауданы, Шаляпин көшесі, 17 үй

ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.

23

Ғанибай үйі,

Қазалы ауданы, № 7 мектептің ауласында.

ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.

24

Еңсебай әулие жерленген жер

Шиелі ауданы, Телікөл өзенінің аяқ тұсында орналасқан

ХХ ғ

25

Есабыз қабірі

Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым

ХХ ғ.

26

Жаназар батыр кесенесі

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым

1999 жыл

27

Жәрімбет әулие қорымы

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан солтүстікке қарай 13 шақырым

ХІХ-ХХ ғ.ғ.

28

Жетіасар мәдениетінің кешенді ескерткіштері

Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары

б.з.д. І мыңжылдық – б.з І мыңжылдығы

29

Иманқұл мешіті

Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 5 үй

1908 ж.

30

Кескен Күйік қалашығы

Қазалы ауданы, Бозкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 шақырым

б.з І – ІХ ғ.ғ

31

Көккесене сағанасы

Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым

ХІ ғ.

32

Қалжан ахун мешіт-медресесі

Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырым

ХІХ-ХХ ғ.ғ.

33

Қалқай ишан кесенесі

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым

ХІХ ғ.

34

Қамбаш көлі

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы


35

Қарақұм құрылтайы өткен орын

Арал ауданы, Қарақұм ауылы маңында орналасқан

1710 жыл

36

Қарасопы кесенесі

Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан

ХVІІІ-ХІХ ғ.

37

Қармақшы ата қорымы (көктастарымен)

Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Тоқтаров көшесі, н/з.

ХІХ ғ. соңы.

38

«Қатын қамал» үңгірі

Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым

ХІІ-ХVІІ ғ.ғ.

39

Қожан қожа кесенесі

Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан солтүстікке қарай 15 шақырым

ХVІІІ ғ.

40

Қожаназар ишан мешіті

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,Біржан сал көшесі, 109

ХІХ ғ.

41

Түгіскен І-ІІ жерлеу кешендері

Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым

б.д.д. І мыңжылдықтыңІ жартысы

42

Түмен әулие кесенесі

Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4,5 шақырым, Қаракеткен теміржол стансасынан оңтүстік – батысқа қарай 7 шақырым

ХІХ ғ.

43

Қосым қожа бейіті

Қазалы ауданы, Басықара ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде

ХVІІ-ХVІІІ ғ.

44

Құлболды ишан кесенесі

Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырым

2002 ж.

45

Мағзаман әулие ескерткіші

Қазалы ауданы, Ақсуат ауылдық округінде орналасқан. 

2007 жыл

46

Мақтұм Сейіт кесенесі

Сырдария ауданы, Шаған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым

1927 ж.

47

Марал ишан кесенесі

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым

ХІХ ғ.

48

Мәмбет әулие төртқұлағы

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырым

ХІХ ғ.

49

Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі

Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым

ХVІ ғ.

50

Мүсірәлі әулие кесенесі

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен солтүстікке қарай 4 шақырым

2000 жыл.

51

Мырзабай ахун мешіті және жерлеу кешені

Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауы­лы­нан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым

ХХ ғ.

52

Ноғай (Нұралы) мешіті /аптека/

Қазалы ауданы, Жанұзақов көшесі, 51 үй

ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.

53

Оразай ишан кесенесі

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа 15 шақырым

ХVІІІ ғ.

54

Өшпес Даңқ мемориалы

Қызылорда қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, н/з

1975 ж.

55

Сартай батыр кесенесі

Қазалы ауданы, Басықара ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым

ХVІІІ ғ.

56

Сауысқандық петроглифтері

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым

қола, ерте темір дәуірлері

57

Сейітпенбет әулие кесенесі

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 55 шақырым

ХІХ-ХХ ғ.ғ.

58

Сунақ ата кесенесі

Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым

ХХ ғ.

59

Сырлытам кесенесі

Қармақшы ауданы, Тағай бөлімшесінен солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым

ХІІ-ХІІІ ғ. ғ.

60

Сырлытам кесенесі

Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым

ХІІІ ғ.


Лекция 6. Қызылорда облысының өнірлік қасиетті нысандарының тарихы

Қазба жұмыстары аясында маңызды мәдени нысандар архео­логиялық қазба жұмыстармен қатар тарихи дерекнамалық зерделеулері жасалды. Осылайша, Сыр өңірінің археологиясы тың деректермен толықтырылуда. Қазіргі уақытта қазба жұмыстарымен ғана шектелмей, археологиялық қазба нысандарын сақтау, қалпына келтіру шаралары қоса жүргізіліп, табылған құнды жәдігерлер облыстық музей қорын толықтыруда. Алдағы уақытта осы табылған заттар өз аудандарына қайтарылып жергілікті тарихқа қызығатын туристер мен өскелең ұрпақтың бойында ұлт патриотизімін дамытуға, «Ұлы Дала Елі» идеясының жергілікті жерлерде дамуына атсалысса деген тілегім бар. Облысымызда осындай жинақталған мол мұраларымыз бен Қазақ тарихында ерекше орын алатын ежелгі және ортағасырлық қалашықтарда алдағы уақытта археологиялық парк қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі деген ойдамыз.


Қыпшақ хандығының астанасы, Ақ Орданың астанасы кейін Қазақ хандығының негізгі басқару орталығына айналған ортағасырлық Сығанақ қалашығында қазба жұмыстарымен қатар, толық абаттандыру шаралары жүргізіліп, “SYĠANAQ” стелласы орнатылды. Инфрақұрылымдық әлеуеті артып, келіп тамашалаушыларға жол төселді. Жыл сайын қазба жұмыстары да өз жалғасын тауып келеді. Сығанақ қалашығымен қатар ол жерде әйгілі сығанақтық ғалым Хусам-ад-дин ас Сығанақидың да кесенесі мен басында түнеуханасы да бар. Бүгінгі күні Қазалы ауданындағы Оғыз мемлекетінің астанасы атанған Жанкент қалашығында да осындай шаралар атқарылып келеді. «JANKENT» стелласы орнатылып, жол төселіп, жарықтандыру мәселесі де шешімін тапқан. Сонымен қатар, 3D қоршау жұмыстары толық аяқталды.
Қазіргі таңда Жаңақорған ауданындағы Қорасан ата, Төлегетай – Қылышты ата, Ақтас және Айқожа ишан кесенесі мен мешітіне де келушілер саны артып келеді. Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр зиратына, Беркімбай қалпе, Мәмбет әулие, Мырзабай ахун сынды аталарымыздың басына жыл сайын ас беріліп, келушілер қатары артқан. Олар баба басына құран бағыштаумен қатар олардың ілімдерімен, аңыздарымен сусындап қайтады. Қармақшы ауданындағы Марал ишан, Қалқай ишан, Сейтпенбет әулиелерге, Арал ауданындағы Бегім ана мұнарасына, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр кесенесіне, Шиелі ауданындағы Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулиелерге де ұрпақтары, осы өңірдегі тұрғындармен қатар, шет мемлекеттерден келіп құран бағыштап, алладан тілек тілеп, әулиелерімізге мінәжат етіп қайтады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының екінші кезеңі бойынша шығарылатын «Қасиетті Қазақстан» кітабының ІІІ томына біздің облыстан жал­пыұлттық тізімдегі 12 ескерткіш, өңірлік қасиетті нысандар тізіміндегі 60 нысан және көрікті орындар тізіміне 16 нысан, барлығы 87 нысан енгізіліп жарыққа шықты. Аталған кітаптың тұсаукесері алдағы уақытқа жоспарланып отыр.
Осы ретте айта кету керек, мемлекет қорғауына алынған ескерткіштерге, киелі орындарға баратын халықтың және туристердің саны күннен күнге артып ішкі, сыртқы туризмнің өркендеуіне, өскелең ұрпаққа ұлт тарихын ұлықтауға, құрметтеуге жол ашылатынына сенімдіміз.
Ендігі кезектегі міндетіміз – нысандарды жас ұрпаққа, мектеп оқушылары мен студенттер арасында насихаттау, туристік нысанға айналдыру бағытындағы шараларды кешенді түрде ұйымдастыру. Осы мақсатта облыстық тарихи-өлкетану музейі тарапынан өңірдің қасиетті орындары – Қорқыт ата ескерткіш кешеніне, Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қышқала, Қорасан ата, Оқшы ата кесенелеріне экскурсия, пресс-турлар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуда.
Облыс әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Жобалық кеңсе» аясында 2018 жылы қасиетті орындарды сандық форматқа көшіру және әлеуметтік желі қол­данушыларына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2 жоба – Қызылорда облысы бойынша киелі жерлердің 3D форматтағы интерактивті картасы енгізілген сайт (virtualmap.xyz) ашылса, 150 тарих және мәдениет ескерткішіне QR-код орнатылды.
Аталған жұмыстардың бар­лығы қастер тұтқан киелі орындардың маңызын ашып, жас ұрпақтың бойында патриотизмнің қалыптасуына өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Сыр бойында алып шаһарлармен қатар бабаларымыздың мәңгілік мекен тапқан қаншама кесенелері, пантеондары бар. Қазақ халқы қашанда ол орындарды қасиетті санайтыны анық. Қанша ғасыр өтсе де, қабырғалары сақталып, Ұлы жібек жолының дамуына өз үлестерін қосқан қалашықтар ел мұрасы екендігі даусыз. Оларды зерттеу Отан тарихындағы келелі міндеттердің бірі болса, материалдық-рухани құндылықтарымызды айшықтайтын киелі орын екені белгілі. Халық кие тұтқан бабалар мұрасын біз де келер ұрпаққа ұғындырып, аманаттауға борыштымыз деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет