2.2 Пайда мен шығындар туралы есеп
Кірістер дегеніміз қаржының келуі немесе акитвтер құнының өсуі,не болмаса пссивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін.
Шығындар – бұл шаруашылық жүргізуші субъктіге тиесілі келісімшарттар және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қспағанда субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқиғалар мен жағдайларнәтижесінен капиталдың азаюы.
Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкесөлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс – есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе пайдаланылуы түріндегі азаюына әкелетін қарыздардың пайда болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен ерекше болады.
Кесте 4. 2018-2019жж. Пайда мен шығын туралы есеп.
көрсткіштер
|
3 кв.2018
|
4 кв.2018
|
1кв.2019
|
2кв.2019
|
3кв.2019
|
Изм. с нач.
года, %
|
Түсім
|
41 764
|
52 969
|
11 925
|
28 876
|
48 982
|
17%
|
Өзіндік құн
|
-24 436
|
-33 188
|
-7 539
|
-17 480
|
-28 479
|
17%
|
Жалпы табыс
|
17 328
|
19 781
|
4 387
|
11 396
|
20 503
|
18%
|
Өткізу шығындары
|
-10 256
|
-10 363
|
-2 061
|
-5 303
|
-8 865
|
-14%
|
Жалпы және әкімшілік шығындар
|
-3 799
|
-4 863
|
-1 164
|
-2 540
|
-3 795
|
0%
|
Операциялық табыс
|
3 273
|
4 556
|
1 162
|
3 553
|
7 843
|
140%
|
Қаржыландыру шығындары
|
-1 451
|
-1 850
|
-540
|
-1 117
|
-2 012
|
39%
|
Шығын/(табыс) курстық айырмадан
|
185
|
782
|
-585
|
-772
|
-339
|
-283%
|
Инвестициялық табыстар, нетто
|
107
|
184
|
94
|
185
|
325
|
205%
|
Басқа табыстар
|
1 151
|
964
|
59
|
609
|
577
|
-50%
|
Салық салуға дейінгі табыс
|
3 264
|
4 636
|
190
|
2 459
|
6 395
|
96%
|
Табыс салығының шығындары
|
-283
|
-952
|
-124
|
-196
|
-306
|
8%
|
Есепті кезеңдегі таза пайда
|
2 982
|
3 684
|
66
|
2 263
|
6 088
|
104%
|
Басқа жиынтық кіріс / (шығын)
|
-60
|
129
|
-54
|
-69
|
34
|
157%
|
Есепті кезеңдегі жиынтық табыстың жиынтығы
|
2 922
|
3 813
|
11
|
2 194
|
6 122
|
110%
|
10 000
8 000
6 000
4 000
2 000
0
Сурет 11.Жалпы пайда динамикасы (кумулятивтік әсерсіз)
4 000
3 000
2 000
1 000
Сурет 12.Таза пайда динамикасы (кумулятивтік әсерсіз)
2019 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104% - ға артып, жалпы пайданың 18% - ға 20 503 мың теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 6 088 мың теңгені құрады. Операциялық пайда 7 843 мың теңгені құрады және бір жыл ішінде 140% - ға ұлғайды, оған өткізу бойынша шығыстардың 14% - ға 8 865 мың теңгеге дейін төмендеуі ықпал етті.
2.3Қаржылық коэффициенттерді ішкі талдау
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің ақпараттық көздері бар.
Әлемде тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру [5, 58б].
Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратн өнімдердіңжеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жақдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі. [6,118б].
Кесте 5.
2018-2019жж.Іскерлік белсенділік коэффициенттері.
Іскерлік белсенділік коэффициенттері
|
3 кв. 2018
|
4 кв. 2018
|
1 кв. 2019
|
2 кв. 2019
|
3 кв. 2019
|
Қорлардың айналымдылығы
|
1,99
|
4,49
|
3,83
|
3,35
|
3,92
|
Күн саны
|
184
|
81
|
95
|
109
|
93
|
Дебиторлық берешектің айналымдылығы
|
19,64
|
28,12
|
32,15
|
29,26
|
30,83
|
Күн саны
|
19
|
13
|
11
|
12
|
12
|
Кредиторлық берешектің айналымдылығы
|
2,28
|
4,68
|
4,48
|
3,84
|
4,57
|
Күн саны
|
160
|
78
|
82
|
95
|
80
|
Жұмыс капиталының айналымдылығы
|
11,47
|
14,97
|
20,92
|
12,17
|
7,44
|
Негізгі құралдардың айналымдылығы
|
1,39
|
2,29
|
2,38
|
2,48
|
2,36
|
Активтердің айналымдылығы
|
0,68
|
1,11
|
1,13
|
1,08
|
0,97
|
Өтімділік коэффициенттері
|
|
|
|
|
|
Ағымдағы өтімділік, 2-норматив
|
1,10
|
1,20
|
1,14
|
1,26
|
1,45
|
Жедел өтімділік, норматив 0,7 - 0,8
|
0,62
|
0,76
|
0,68
|
0,75
|
1,01
|
Абсолюттік өтімділік, норматив 0,1-0,2
|
0,16
|
0,26
|
0,04
|
0,48
|
0,92
|
Төлем қабілеттілігінің коэффициенттері
|
|
|
|
|
|
Қарыздар / жалпы капитал
|
0,54
|
0,56
|
0,54
|
0,55
|
0,59
|
Қарыздар / Капитал
|
1,18
|
1,28
|
1,17
|
1,20
|
1,41
|
Қарыздар / Активтер
|
0,40
|
0,42
|
0,39
|
0,40
|
0,45
|
Міндеттемелер / Капитал, норматив 7
|
1,92
|
2,03
|
2,03
|
1,97
|
2,10
|
Рентабельділік коэффициенттері
|
|
|
|
|
|
ROA
|
6,01%
|
7,71%
|
7,64%
|
7,90%
|
10,90%
|
5 кестенің жалғасы
|
ROE
|
18,01%
|
23,56%
|
23,68%
|
24,82%
|
32,88%
|
Жалпы түсім маржасы
|
43,98%
|
21,90%
|
36,79%
|
41,35%
|
45,30%
|
Операциялық пайда маржасы
|
13,08%
|
11,45%
|
9,74%
|
14,11%
|
21,34%
|
Таза пайда маржасы
|
7,21%
|
6,27%
|
0,55%
|
12,96%
|
19,03%
|
2019 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша іскерлік белсенділік коэффициенттері жақсарды(қорлардың айналымдылығы, дебиторлық және кредиторлық берешектің айналымдылығы).Өтімділік көрсеткіштері орташа нарықтық мәндер шегінде. Рентабельділік коэффициенттері өсімді көрсетті, ROA 6,01 – ден(2018 жылғы 3-тоқсан) 10,90% - ға дейін (2019 жылғы 3-тоқсан), ROE-18,01% - дан (2018 жылғы 3-тоқсан) 32,88-ге дейін(2019 жылғы 3-тоқсан) өсті. Борыштық жүктеме коэффициенті міндеттемелердің капиталға оңтайлы арақатынасын көрсетеді (2,10) және реттеуші органның нормативтік деңгейіне сәйкес келеді. [4]
Достарыңызбен бөлісу: |