Бағдарламасы ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"



бет13/22
Дата04.04.2024
өлшемі370.41 Kb.
#497674
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері

62. Тақырыптық түйінді сөздер Келтірілген сөздердің қайсысы ________________________________ жатады?
Сөздер банкісі Біздің тақырып

Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырыңдар.


Негізгі сөздер осы жерге ауыстырылуы тиіс.



63. Ойлан, Бірік, Бөліс
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
64. Бірге ойлаймыз
Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтер/1 адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі.
1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.
2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.
Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.
65. Тыңдайтын үшбұрыштар
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).
66. Ақпараттағы ақаулық
1-ші оқушыда ақпараттың 50 пайызы жазылған парақ бар. Ақпараттың қалған бөлігі 2-ші оқушыдағы парақта. Жұптағы екі оқушы бір-біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді (оны қағаздан көрсетпестен). Жұптар сыныппен кері байланыс орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет