БАҒдарламасы алматы, 2015 Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ. д., профессор Каймулдинова К. Д



жүктеу 324.06 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі324.06 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





Жаратылыстану және география

институтының директоры

____________Х.Н. Жанбеков

«_____» _____________2015 ж.


6D060900 – география мамандықтары бойынша қабылдау емтиханның
БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015
Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ.д., профессор Каймулдинова К.Д.

............................................................ ф.ғ.к., унив. профессоры Буламбаев Ж.А.

г.ғ.к., аға оқытушы Боранқұлова Д.М.
Елтану және туризм кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі:

___________

Каймулдинова К.Д.


ЖГИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________

Мукатаева Ж.С.

Бағдарлама Жаратылыстану және география институтының Ғылыми Кеңесінің отырысында мәжілісінде талқыланды.

«___»____2015 ж., хаттама №____

ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ҮЛГІЛЕУ
Модель – географиялық зерттеу әдісі.

Үлгілердің түрлері: логикалық, физикалық, математикалық, имитациялық үлгілер. Тюнен үлгісі. Сипаттаушы, түсіндіруші үлгілер.



Географиядағы математикалық үлгілеудің мәні.

Қазіргі заманғы географияның математикалануы. Математикалық-географиялық үлгілеудің кезеңдері



Статистикалық-математикалық үлгілерді ақпаратпен қамтамасыз ету.

Рангтерге жіктеу әдістемесі. Матрицаны өңдеу. Жіктеу үлгілері. Географиялық деректер матрицасын жасау.



Географиялық болжаудың түрлері.

Географиялық болжаудың өзара байланысқан кезеңдері. Географиялық болжаудың жіктемесі. Болжамдарды аспектілік белгілері бойынша  жіктеу

Қоршаған орта өзгерістерін болжау концепциялары.

Географиялық ахуал концепциясы. Аумақ пен аумақтық ресурстар концепциясы. Аудандастыру міндеттеріне қатысты үлгілер.



Елді мекендерді үлгілеу заңдылықтары. Елді мекендерді орналастыру схемасы.

Елді мекендердің кеңістік орналасу үлгілері. Қалалар орналасуының мінсіз үлгілері. А. Леш, Лоури, Кристаллер, Дж.Кольба үлгілері

Қалалардың құрылымдық үлгілері. Қалалардың зоналануы.

Қала аумақтарының негізгі кеңістіктік үлгілері. Қалалардың фукционалды зоналары және олардың орналасу үлгілері. Қала халқы тығыздығын үлгілеу.



Географиядағы торлық үлгілер.

Елді мекендер иерархиясы. Ципф ережесі. Вебер үлгісі. Шеффленің гравитациялық үлгісі



Өнеркәсіпті орналастыру инерциясы және оның көшіп-қонуы. Тинберген үлгісі.

Өнеркәсіпті орналастыру факторлары. Рикардоның салыстырмалы басымдылық заңы. Тинбергеннің өнеркәсіпті орналастыру үлгісі.



Мультипликатор үлгісі. Инновациялар диффузиясы

Р.Канның мультипликатор ұғымы. Мультипликатор үлгісі. Инновациялар диффузиясының кеңістікте таралу типтері.



Ауыл шаруашылығының кеңістік үлгілері Ауыл шаруашылығы өндірісін құрылымдық тұрғыдан үлгілеу. Блок-сызбалар. Карталар.

Ауыл шаруашылық әлеуетіне факторлық талдау

Агроклиматтық карталар. Ауыр шаруашылығы дамуының факторларын үлгілеу. Ауыл шаруашылық жүйелердің үлгілері



Табиғи жүйелерді үлгілеудің теориялық негіздері.

Физикалық-географиялық зерттеулердегі үлгілеу міндеттері. Редукциялау және интеграция принциптері. Вербалды, графикалық, матрицалық үлгілер.

Физикалық географиядағы баланстық және иерархиялық үлгілер

Корреляциялық талдау. Факторлық талдау. Баланстық үлгілер. Геожүйедегі иерархиялық байланыстарды үлгілеу.



Табиғи факторларды бағалау мен болжаудың принциптері.

Функциялық, даму, эволюция, апатты және қалпына келу сукцессиялары. Тренд – жалпы бағыт, тенденция.


Емтихан сұрақтары

  1. Үлгілеу географиялық зерттеу әдісі ретінде

  2. Үлгілердің негізгі түрлері

  3. Иоганн Генрих фон Тюнен жасаған үлгілер

  4. Қазіргі заманғы географияның математикалануы

  5. Математикалық-географиялық үлгілеудің кезеңдері

  6. Географиялық объект сипаттамасын ақпараттық үлгілер арқылы көрсету

  7. Рангтерге жіктеу әдістемесі және оның географиялық зерттеулердегі маңызы

  8. Географиялық деректер матрицасын жасау

  9. Географиялық болжаудың өзара байланысқан кезеңдері

  10. Географиялық болжаудың жіктемесі

  11. Табиғат ресурстары даму факторы ретінде

  12. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстарын жіктеу

  13. Географиядағы болжау принциптері

  14. Өсімдік жамылғысының өзгерістерін географиялық болжау негізінде зерттеу

  15. Қазақстандағы мұздықтардың динамикасын географиялық болжау

  16. Таңдап алынған ел (аймақ) мысалында елді мекендердің кеңістік орналасуын үлгілеу

  17. Елді мекендердің орналасу үлгілері: біркелкі, агломерациялық және сызықтық

  18. Шахматтық, радиалды-сақиналық, сызық тәрізді үлгілердің ерекшеліктері

  19. Жұлдыз, жапырақ тәрізді және ретсіз үлгілердің сипаттамалары

  20. Елді мекендер иерархиясы мен Ципф ережесі, оның қолданбалы маңызы

  21. Шеффленің гравитациялық үлгісі

  22. Мультипликация эффектісі және мультипликатор үлгісі

  23. Демографиялық процестерді үлгілеу (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  24. Вербалды, графикалық, матрицалық үлгілер

  25. Баланстық үлгілер

  26. Геоморфологиялық карталардың мазмұндық жүктемесі

  27. Климаттық карталардың мазмұндық жүктемесі

  28. Геологиялық және тектоникалық карталардың мазмұндық жүктемесі

  29. Гидрографиялық объектілерді үлгілеу әдістемесі және болжау

  30. Рекреациялық объектілерді үлгілеу әдістемесі

  31. Ғылыми зерттеулерде үлгілерді пайдалану (диссертация тақырыбы мысалында)

  32. Географиядағы үлгілеудің таңдаған сала бойынша ерекшеліктері

  33. Табиғи ортадағы айналымдар және оларға адам ықпалын болжау

  34. Географиялық процесстерді үлгілеудегі ГАЖ мүмкіндіктері

  35. Болжамдарды аспектілік белгілері бойынша жіктеу

  36. Географиялық болжауды жетілдіру жолдары

  37. Географиялық ахуал концепциясы

  38. Аумақ пен аумақтық ресурстар концепциясы

  39. Табиғи ортаны өзгертетін антропогендік әрекет түрлері

  40. Қоршаған орта мониторингі және оның деңгейлері

  41. Қазақстанның аймақтарындағы (таңдау бойынша) табиғи орта өзгерістері

  42. Географиялық болжаудың климат өзгерістерін зерттеудегі маңызы

  43. А. Леш, Лоури, Кристаллер, Дж.Кольба үлгілері

  44. Қалалардың фукционалды зоналарын үлгілеу (таңдап алынған қала мысалында)

  45. Альфред Вебердің үлгісі және оның мәні

  46. Өнеркәсіпті орналастыруға қатысты алғашқы үлгілер (Адам Смит, Давид Рикардо) және олардың маңызы

  47. Тинберген үлгісі және оның мәні мен маңызы

  48. Экономикалық географиядағы диффузиялық үлгілер

  49. Инновациялар диффузиясының кеңістікте таралу типтері

  50. Физикалық-географиялық зерттеулердегі үлгілеу міндеттері

  51. Картографиялық үлгілер мен профильдер

  52. Физикалық географиядағы корреляциялық талдау және үлгілеу

  53. Физикалық географиядағы факторлық талдау және үлгілеу

  54. Геожүйедегі иерархиялық байланыстарды үлгілеу

  55. Физикалық-географиялық үлгілерді болжау жасауға пайдалану

  56. Геожүйелерді үлгілеу принциптері, мысалдар арқылы түсіндіру

  57. Табиғи апаттарды болжау мен картографиялық үлгілеудің маңызы

  58. Географиялық ақпараттық жүйелер және үлгілеу

  59. Сейсмикалық жағдай мониторингі және болжау жасау

  60. Климат өзгерістеріне болжау жасаудың маңызы

  61. Географиялық ақпарат негізінде блок-сызба құрастырып, оларға түсінік беру

  62. Диссертация тақырыбы бойынша Microsoft Word бағдарламасында құрастырылатын үлгілер

  63. Таңдау бойынша алған елдерді көрсеткіштері бойынша рангтерге жіктеу

  64. Ғылыми зерттеулерде математикалық үлгілеуді пайдалану

  65. Диссертация мысалында деректерді математикалық өңдеуге сипаттама беру

  66. Сандық деректер негізінде карталар құрастыру әдістемесін сипаттау

  67. Шетел (таңдау бойынша) қалалары мысалында Шеффленің гравитациялық үлгісін жасау

  68. Қалалар иерархиясын Ципф ережесі негізінде үлгілеу

  69. Алматы қаласы мысалында жер нарығын үлгілеу әдістемесін сипаттау

  70. Белгілі бір аумақтағы (таңдау бойынша) көлік қатынасы мен көлік тораптарын үлгілеу

  71. Қызмет көрсету (таңдап алынған сала мысалында) саласын жүйелі үлгілеу

  72. Географиялық қабықтағы макроайналымдарды зат айналымы мысалында үлгілеу

  73. Географиялық қабықтағы макроайналымдарды үлкен және кіші су айналымдары мысалында үлгілеу

  74. Табиғи жүйе ретінде көлді үлгілеу: элементтер, байланыстар, факторлар, салдарлар

  75. Табиғи жүйе ретінде өзенді үлгілеу: элементтер, байланыстар, факторлар, салдарлар

  76. Табиғи жүйе ретінде таудағы биіктік белдеулілікті үлгілеу

  77. Табиғи-антропогендік жүйе ретінде шағын аумақты үлгілеу: элементтер, байланыстар, факторлар, салдарлар

  78. Болжау түрлерін немесе кезеңдерін көрсететін блоктық үлгілер жасау әдістемесі: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  79. Табиғи объектілер бойынша жүйелік құрылымды бейнелейтін блоктық үлгіні құрастыру: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  80. Табиғи процесстер бойынша блоктық үлгіні құрастыру: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  81. Нақты мысал негізінде профиль құрастыру әдістемесін кезеңдер бойынша түсіндіру

  82. Географиялық қабықтағы зоналылық заңдылықтарды: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  83. Географиялық қабықтағы ырғақтылық заңдылықтарды үлгілеу: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  84. Географиялық қабықтағы біртұтастық заңдылықтарды үлгілеу: нақты үлгі құрастыру негізінде түсіндіру

  85. Көші-қон процестерін үлгілеу (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  86. Демографиялық процестерді үлгілеу (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  87. Сыртқы сауда (экспорт, импорт) бағыттары мен ағындарын үлгілеу

  88. Экономикалық процесстерді диффузиялық үлгілер арқылы көрсету (нақты мысалдар негізінде сипаттау)

  89. Қара металургія мысалында өнеркәсіпті орналастырудың кеңістік үлгісін жасау

  90. Химия өнеркәсбі мысалында өнеркәсіпті орналастырудың кеңістік үлгісін жасау


Әдебиеттер:

Heгізгі:



        1. Лапко А.В., Крохов С.В., Ченцов С.И., Фельдман Л.А. Обучающиеся системы обработки информации и принятия решений. - Новосибирск: Наука, 1996. -284 с.

        2. Дж. Чорли, П. Хаггет. Модели в географии. - М.: Прогресс,1971.- 374 с.

        3. Образцов А.С. Системный метод: применение в земледелии. - М.: Агропромиздат, 1990. -303 с.

Косымша:

          1. Клейнен Дж. Статистические методы в имитационном моделировании. - М.: Статистика, 1978. -218 с.

          2. Рыжова И.М. Математическое моделирование почвенных процессов. М.: Изд-во МГУ, 1987. -86 с.

          3. Стотланд Д.М. Математическое моделирование влажностного режима в оттаивающих почвах и торфяниках // Почвоведение, 1996, N 9. -С. 1124­1133.

          4. Пегов С.А., Хомяков П.М. Моделирование развития экологических систем. Л.: Гидрометеоиздат, 1991. -217 с.

          5. Хомяков Д.М., Хомяков П.М. Основы системного анализа. М.: Изд-во мех.-мат. ф-та. МГУ, 1996. -107 с.

          6. Зейлигер А.М., Тамари С. Способы формального представления гидрофизических характеристик водоудерживания и влагопроводности почв. // Почвоведение, 1995, N 2. -С. 192-199.

          7. Пачепский Я.А. Математические модели процессов в мелиорируемых почвах. -М.: Изд-во МГУ, 1992. -85 с.

          8. Пачепский Я.А. Математические модели физико-химических процессов в почвах. -М.: Наука, 1992. -120 с.

          9. Базилевич Н.И., Гребенщикова О.С., Тишков А.А. Географические закономерности структуры и функционирования экосистем. -М.: Наука, 1986. -296 с.



ЖЕР БЕДЕРІН ЖҮЙЕЛІ ТАЛДАУ
Жүйелі талдаудың негізі. Геоморфологиядағы жүйелі әдіс. Геоморфологиялық жүйелер, олардың қасиеттері. Геоморфологиялық жүйелердің жіктелуі: Ұстанымдар, таксономдық бірліктері. Флювиальдық геоморфологиялық жүйелер. Негізгі қасиеттері, байланысы, табиғаттық басқа жүйелерімен қарым-қатынасы. Флювиальды жүйелердің түрлері: Өзен аңғарлары, уақытша су ағындарының аңғарлары, уақытша су құламаларының аңғарлары, флювиальдық жүйелердің эволюциясы. Эолдық геоморфологиялық жүйелер.Түзелу ерекшеліктері,геологиялық және климаттық жүйелермен байланысы. Эолдық жүйелер динамикасы. Қазақстанның эолдық жүйелері. Мұздық жүйелер. Мұздықтар жүйесінің құрлысы. Жер бедері мен климаттың рөлі. Қлиматтық ғаламдық жылу жағдайында мұздықтар жүйелерінің эволюциясы. Карстық геоморфологиялық жүйелер, олардың қасиеттері. Жер беті және жер асты (спелеологиялық) жүйелердің қалыптасуының жеке ерекшеліктері, олардың басқа жүйелермен қарым-қатынасы. Өзендік және теңіздік геоморфологиялық жүйелер, түзілу жағдайлары, жалпы және айрықша ерекшеліктері. Қазақстанның Еуразиялық зонасындағы ішкі континенттік аридті теңіз жүйелерінің эволюбциясы. Жүйелердің өзіндік қалпы. Геоморфологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыс жағдайында дамуы ме,н сақталуы. Әр түрлі динамикалық тепе- теңдіктегі геоморфологиялық жүйелердің кеңістікте таралуының заңдылықтары.

Геоморфологиялық жүйелерді зерттеудің методикалық тәсілдері. Жер бедеріне техногендік әсерді анықтаудағы жүйелік көзқарастың рөлі.


Емтихан сұрақтары

  1. Жербедерін жүйелі талдаудың негізі

  2. Флювийлік геоморфологиялық жүйе, оның негізгі қасиеттері

  3. Эолдық геоморфологиялық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері

  4. Мұздық (гляциалдық) геоморфологиялық жүйе, оның құрылысы

  5. Карстық геоморфологиялық жүйе, оның қасиеттері

  6. Көлдік геоморфологиялық жүйе, оның қалыптасу жағдайы

  7. Қазақстан аумағындағы геоморфологиялық жүйелердің қалыптасуы мен қазіргі динамикалық жағдайы

  8. Геоморфологиялық жүйе зерттеулерінің құрылымы мен әдістері

  9. Антропогендік геоморфологиялық жүйе, оның негізгі қасиеттері және басқа да табиғи жүйелерден өзгешелігі, байланысы мен әрекеттесуі

  10. Жербедерге тигізетін антропогендік және техногендік әсерлерді анықтаудағы жүйелі көзқарастың рөлі

  11. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу жағдайында геоморфологиялық жүйенің дамуы

  12. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу жағдайында геоморфологиялық жүйенің қорғалуы

  13. Геоморфология ғылымына жүйелі көзқарас

  14. Геоморфологиялық жүйелер, олардың қасиеттері

  15. Геоморфологиялық жүйелердің жіктелуі: жіктеудің ұстанымдары мен таксонометриялық бірліктері

  16. Қазіргі геоморфогенез факторлары: эндогендік, экзогендік, антропогендік.

  17. Флювийлік геоморфологиялық жүйе, оның басқа да табиғи жүйелермен өзара байланысы мен әрекеттесуі

  18. Флювийлік жүйенің типтері: өзен аңғары

  19. Флювийлік геоморфологиялық жүйенің дамуы

  20. Эолдық геоморфологиялық жүйенің геологиялық геожүйемен өзара байланысы

  21. Эолдық геоморфологиялық жүйенің динамикалық жағдайы

  22. Қазақстанның эолдық геоморфологиялық жүйесі

  23. Жер бедер мен климаттың өзара байланысы

  24. Климаттың ғаламдық (глобальды) жылыну жағдайында мұздық геоморфологиялық жүйенің дамуы

  25. Көлдік және теңіздік геоморфологиялық жүйелердің жалпы, ерекше қасиеттері

  26. Еуразияның аридтік белдеміндегі ішкі құрлықтық теңіздер жүйесінің дамуы

  27. Теңіздік геоморфологиялық жүйелер мен олардың қалыптасу жағдайлары

  28. Жерасты (спелеологиялық) жүйе қалыптасуының дербес ерекшеліктері. Оның басқа табиғи жүйелермен өзара байланысы

  29. Жерүсті (спелеологиялық) жүйе қалыптасуының дербес ерекшеліктері. Оның басқа табиғи жүйелермен өзара байланысы

  30. Флювийлік жүйенің типтері: уақытша ағын сулардың аңғары

  31. Эолдық геоморфологиялық жүйенің климаттық геожүйемен өзара байланысы

  32. Өзен арнасын жүйелі талдау және оны зерттеуде қолдану

  33. Қазіргі геоморфологияның дамуындағы негізгі бағыттар

  34. Геоморфологиялық зерттеулердегі "жүйе" және "жүйелі талдау" ұғымдары

  35. Геоморфологиялық зерттеулердегі жүйелі талдаудың орны, рөлі және міндеттері

  36. Геоморфологиялық жүйенің ұйымдасқандығы (организованность)

  37. Геоморфологиялық жүйенің инженерлік қасиеті

  38. Геоморфологиялық жүйенің экологиялық қасиеті

  39. Геоморфологиялық жүйенің эстетикалық қасиеті

  40. Геоморфологиялық жүйенің өзіндік ұйымдастырылуы (самоорганизация)

  41. Аридтік бедержаралу эволюциясы

  42. Геоморфологиялық болжау

  43. Жербедерін жүйелі талдау және табиғатты тиімді пайдалану мәселелері

  44. Жербедердің рекреациялық қасиеті

  45. Жербедердің қазіргі динамикасын зерттеу

  46. Жербедерін морфоқұрылымдық талдаудың мәні мен мазмұны

  47. Жербедердің рекреациялық-геоморфологиялық қасиеті

  48. Қазақстанның рекреациялық-геоморфологиялық ресурстары

  49. Рекреациялық-геоморфологиялық жүйе

  50. Жербедерін талдау - табиғатты тиімді пайдалану мақсатында

  51. Геоморфологиялық жүйелердің өзара және қоршаған орта жүйелерімен байланысы

  52. Геоморфологиялық жүйе тұрақтылығы

  53. Геоморфологиялық жүйені талдау: негізгі түсінік

  54. Антропогендік морфолитожүйе

  55. Арал маңының кепкен теңіз түбінде эолдық геоморфологиялық жүйесінің қалыптасуы

  56. Геоморфологиялық карталарды жүйелі талдауда қолдану мүмкіншілігі

  57. Аймақтың техногендік игерілу жағдайында геоморфожүйенің дамуы және қорғалуы

  58. Антропогендік геоморфологиялық жүйені зерттеудің маңыздылығы

  59. Солтүстік-Шығыс Каспийдің теңіздік геоморфологиялық жүйесі

  60. Геоморфологиялық сфера

  61. Ғаламдық геоморфологиялық жүйелер

  62. Аймақтық және жергілікті геоморфологиялық жүйелер

  63. Геоморфологиялық шекара туралы түсінік

  64. Геоморфологиялық жүйелердегі элементтердің қатынасы

  65. Жербедерін өзіндік ұйымдастыру механизмі

  66. Геоморфологиялық жүйелердің қазіргі динамикалық жағдайы

  67. Геоморфологиялық жүйелердің қасиеттері

  68. Геоморфологиялық жүйе типтері

  69. Жербедер құрылымы және оны талдау

  70. Геоморфологиялық жүйе иерархиясы

  71. Геоморфологиялық жүйе – күрделі, ықтималдық жүйе

  72. Геоморфологиялық талдау жүйесінің мәселелері

  73. Ақпараттық геоморфологиялық жүйелердің мәні

  74. Геоморфологиялық жүйелердің тура және кері байланыстары

  75. Н.А. Флоренсовтың геоморфологиялық формациялары. Оларды жүйелі позиция тұрғысынан зерттеу

  76. Таулы аймақтың флювийлік геоморфологиялық жүйесі

  77. Солтүстік Тянь-Шаньның мұздық геоморфологиялық жүйесі

  78. Маңғыстау аймағының карстық геоморфологиялық жүйесі

  79. О.В. Кашменскаяның геоморфологиялық жүйесы, оның негізгі категориясы

  80. Жербедерін «заттау» концепциясы

  81. Жербедерін «геометризациялау» концепциясы

  82. Қазіргі геоморфологиядағы морфодинамикалық концепция

  83. Геоморфология саласында «Жүйелі талдаудың» қалыптасу тарихы, қазіргі жағдайы мен болашақ дамуы

  84. Жербедердің дискреттілік қасиеті

  85. Жербедердің континуальдық қасиеті

  86. Геоморфологиялық жүйелердің картографиялық модельдері. Олардың қолданбалы маңызы

  87. Антропогендік-геоморфологиялық жүйелердің қалыптасуы мен өзіндік реттеу механизмі

  88. Аридті геоморфологияның проблемалары

  89. Аридті геоморфологияның ғылыми негіздері

  90. Аридті геоморфология, оның мазмұны мен мәні


Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. -Алматы, 2006.

  2. Э.А. Лихачева, Д.А. Тимофеев. Геоморфологические системы и их организованность // Геоморфология. -2007. №1. -3-9 бб.

  3. Ласточкин А.Н. Системно- морфологическое основание наук о Земле (геотопология, структурная география и общая теория геосистем). – СПб., 2002.

  4. Макарова Н.В., Суханова Т.В. Геоморфология. -М.: Университет, 2009. - 413 c.


Қосымша:

  1. Системный подход в геоморфологии. -М.: Изд-во МГУ, 1988. 107 c.

  2. Проблемы системно-формационного подхода к познанию рельефа (основные направления в развитии геоморфологической теории). Новосибирск, "Наука", Сибирское отделение. 1982.152 с.

  3. Методологические проблемы системного исследования. -М.: "Наука", 1980. 342 с.

  4. Кашменская О.В. Теория систем в геоморфологии. Новосибирск: Наука, 1980.120с.

  5. Симонов Ю.Г. Анализ геоморфологических систем. // Актуальные вопросы теоретической и прикладной геоморфологии. -М.: ГО СССР, 1976. С.69-92.

  6. Тимофеев Д.А., Трофимов А.М. О сущности и месте системного подхода в геоморфологии. Геоморфология, 1983, № 4. С. 37-41.

  7. Кашменская О.В. Хворостова З.М. Место системного анализа в геоморфологической теории. Геоморфология. 1986, № 2. С. 30-32.

  8. Берталанфи Л. Общая теория систем: Критический обзор// Исследования по общей теории систем. М.: Прогресс, 1969. С.23-85.


ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮРДІСІНДЕ
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды экономикалық өсуге бағытталған құбылыс қоршаған ортаға айтарлықтай кері әсерлерін тигізеді. Адамзат күннен күнге өсіп бара жатқан өз қажеттіліктері мен бұл қажеттіліктерді қамтамасыз етуге шамасы келмейтін биосфера арасындағы қарама-қайшылыққа тап болады. Табиғат байлықтары. Оның қоғам дамуын қолдау мүмкіндіктері мен қайта қалпына келуі шектеулі. Экономиканың бұл қуаты биосфера мен адам үшін қиратушы күш. Тұрақты дамуға өту әлеуметтік-экономикалық даму және қолайлы қоршаған орта мен табиғат ресурстары потенциалын сақтау бүгінгі және болашақ ұрпақ сұраныстарын қанағаттандыру проблемаларын салмақтап шешу перспективасын қамтамасыз ету.

Тұрақты даму – заманның объективті талабы. Елдің орнықты дамуы дегеніміз қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қатер төндірмейтін даму болып табылады. Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу аса қажеттілік болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму неғұрлым озық тетіктерді талап етеді. Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшуінің осы тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет. ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады. Қазақстан Республикасы орнықты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.

Тұрақты дамуға өтудің міндеттері, бағыттары, және жағдайлары. Қазақстан Республикасының көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларының негізінде елдің ресурстарды өндірумен салыстырғанда оларды тепе-тең тұтынбау жағдайындағы тарихи қалыптасқан теңгерімсіздік жатыр. Егер елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін энергетикалық пайдалы құндылық – гигаватпен (ГВт) өлшенетін қуатты өлшеу негізінде жалпы өлшем бірлігіне негіздесе, онда қазіргі ысырапты бағалау мүмкін болады. Қазақстан Республикасы орнықты дамудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің неғұрлым дамыған елдерінен артта қалып келеді. Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы негізгі құрамдас бөліктермен: өмір сүрудің ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейімен және қоршаған ортаның жай-күйімен айқындалады. Тұрақты дамудың аймақтық аспектісі. Қазақстан Республикасы өңірлерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін даму субъектісі ретінде тек әкімшілік бірліктерді ғана емес, сондай-ақ тиісті экологиялық жүйелерді де қарастыратын экожүйелік (алаптық) қағидатты енгізу қажет. Қазақстан Республикасының аумақтық деңгейдегі орнықты дамуы Қазақстан жағдайында табиғат, оның ресурстары мен экожүйелері анық трансөңірлік сипатқа ие болғандықтан, тек әкімшілік-аумақтық бөлініс субъектілері аясында ғана жүзеге асыруға болады. Осыған байланысты алаптық қағидат бойынша орнықты экожүйелік дамудың мынадай сегіз аймағына арналған орнықты дамуға көшу жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарларын әзірлеу көзделеді: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Атырау, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас.

Шешім қабылдау критерийлері мен тұрақты даму көрсеткіштері. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін орнықты даму саласында мынадай міндеттерді іске асыру қажет. Орнықты дамудың бірінші міндетін іске асыру: экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық және шикізаттық емес салалардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз технологиялардың экономикалық өсімдегі үлесін ұлғайтуға; елді дамытудың негізгі макроэкономикалық өлшемдерін реттеудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге; ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыра, ғылыми және білім беру ұйымдары нысандарының алуан түрлерін кеңейте, зияткер қауымның беделін арттыра, инновацияларды мемлекеттік қолдай отырып, оның ішінде экономика салаларын кластерлік дамыту, материалдық-техникалық базаны түбегейлі жаңарту және ғылым-білім беру саласын ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру және осының негізінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелес тұғырларға қол жеткізуі, елдің экспорттық әлеуетін дамыту аясында ғылым мен білім беруді басымдықпен дамыту есебінен технологиялық озуды қамтамасыз етуге; табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау және өзге де салалар арасындағы теңгерімді сақтауға; өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізуге; көліктің орнықты жүйелерін дамытуға; елдің тиімді инфрақұрылымын құруға негізделетін болады. Орнықты дамудың екінші міндетін іске асыру: әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізуге; халықты қолайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге; халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу мен оны азайтуға; кедейшілікпен күреске, Джини индексінің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге; жолдағы, тұрмыстағы және өндірістегі жарақаттануды азайту жөніндегі шараларға; кенеулі тамақтану стандарттарын ынталандыруға, нутриционалдық тапшылықты жоюға (кальций, йод, селен және өзге де бағалы микроэлементтер); отбасын нығайтуға, бала тууға деген экономикалық ынталандыру жасауға, ана мен баланы қорғау жүйесін түбегейлі жақсартуға негізделетін болады. Үшінші міндетті іске асыру: Қазақстан өңірлерінің орнықты даму бағдарламаларын іске асырудың экожүйелік трансөңірлік қағидатын енгізуге; үздік қолжетімді технологияларға көшу мерзімдері мен тетіктерін айқындай отырып, барлық ірі өнеркәсіптік және энергетикалық объектілер үшін орнықты дамудың нысаналы өлшемдерін белгілеуге; шөлейттенуге қарсы күреске; экологиялық жүйелерді, ландшафттар мен биологиялық әралуандықты сақтауға; қоршаған ортаны қорғаудың, оның ішінде неғұрлым таза өндіріс стратегиясын жылжыту мақсатында неғұрлым тиімді экономикалық тетігін енгізуге; балама энергетика нысандарын дамытуға; қазақстандық өнеркәсіптің экологиялық өлшемдерін жақсартуға қаражат тарту үшін халықаралық келісімдердің негізгі қағидалары мен тетіктерін қолдануға («жасыл инвестициялар»); ел аумағын «тарихи ластанулардан» тазартуға, қалдықтар менеджментінің жүйесін ынталандыруға негізделетін болады. Төртінші міндетті іске асыру: орнықты даму идеясының төңірегіне саяси күштерді топтастыруға; тарихи біртұтас Қазақстан халқының, оның ішінде болашақ ұрпақтың мүдделерін білдіретін ел ішінде қоғамдық қозғалыстарды құруға қолдау жасауға; елде халықаралық орнықты даму аймағын құру мүмкіндіктеріне; Қазақстанның халықаралық ұйымдарға белсенді және нақты қатысуын, Қазақстан Республикасының қамқорлығымен бірқатар ірі халықаралық форумдар өткізуді қамтамасыз етуге; жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін дамытуға негізделетін болады.

Қазақстан және дүниежүзілік қоғамдастықтың тұрақты дамуға өтуі. Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Ол үшін орнықты дамудың әр кезеңіне арналған белгіленген өлшемдер анықталады. Дайындық кезеңі (2007- 2009 жылдар) – орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Бірінші кезең (2010-2012 жылдар) – Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету. Екінші кезең (2013- 018 жылдар) – өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Үшінші кезең (2019-2024 жылдар) – орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.

Қазақстанның тұрақты дамуға өту кезеіңдері. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін институционалдық қамтамасыз етуді Орнықты даму жөніндегі кеңес, орнықты даму саласындағы уәкілетті орган, даму институттары, ғылыми ұйымдар, үйлестіру орталықтары және азаматтық қоғамның басқа да институттары жүзеге асыруға тиіс. Орнықты дамуға көшу саласындағы мемлекеттің міндетін іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі орган орнықты даму қағидаттарын мемлекет және қоғам өмірінің барлық салаларына енгізуге жәрдемдесуге тиіс Орнықты даму жөніндегі кеңес (ОДК) болып табылады. Орнықты даму, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету, ғылыми негізделген демографиялық саясатты әзірлеу мен жүргізу мәселелерінде барлық мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру функцияларын іске асыру үшін орнықты даму саласындағы уәкілетті органды белгілеу туралы мәселе қарастырылуы тиіс. Даму институттарының қызметі бірыңғай мақсатты көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу жөніндегі инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған орнықты даму басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Тұрақты даму саласындағы ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін үйлестіру үшін орнықты даму мәселелері жөніндегі орталық құрылуға тиіс.
Емтихан сұрақтары


  1. Тұрақты даму – заманның объективті талабы

  2. Қазақстан ХХІ ғасырдың басында

  3. Тұрақты дамудың аймақтық аспектілері

  4. Шешім қабылдау критерийлері және тұрақты дамудың көрсеткіштері

  5. Қазақстан және дүниежүзілік қоғамдастықтың тұрақты дамуға өту жағдайы

  6. Қазақстаның тұрақты дамуға өту кезеңдері

  7. Жаһандану жағдайындағы жоғары білім берудегі тұрақты дамудың ғылыми негіздері

  8. Саяси мәдениет - Қазақстан қоғамының тұрақты дамуының факторы ретінде

  9. Қазақстан Республикасының тұрақты даму жағдайындағы экологиялық қауіпсіздігі

  10. Жаһандану мен тұрақты даму жағдайындағы жоғары білім берудің проблемалары

  11. Ұлттық білім жүйесінің тұрақты даму жағдайындағы педагогикалық мамандарды дайындаудың проблемалары мен перспективалары

  12. Білім берудегі мәдениеттің көптүрлілігі - Қазақстан қоғамының тұрақты дамуының факторы ретінде

  13. Еуразиялық идеялар - тұрақты дамудың факторы ретінде

  14. Экологиялық мәдениеттің гумандық мәні

  15. «Даму шегі» теориясынан «тұрақты даму» концепциясына өтудегі экомәдениеттік детерменизм

  16. Тұрақты даму тұжырымдамасы - адами құндылықтың негізі

  17. Биосфера мен ноосфера жайында В.И. Вернадскийдің философиялық аспектісі

  18. Қазақстан Республикасының жағдайындағы табиғат пен қоғам әрекеттесуіндегі тұрақты дамудың іргелі стратегиялық бағыттары

  19. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуындағы экологиялық проблемалардың рөлі мен орны

  20. Орта білім берудегі этнодәстүрлермен экологиялық мәдениетті қалыптастыру - тұрақты дамудың факторы ретінде

  21. Дүниежүзілік экологиялық көзқарас

  22. Экологиялық мәдениет туралы түсінік

  23. Дүниежүзі қауымдастықтығы үшін Рим клубының рөлі мен маңызы

  24. Тұрақты даму концепциясының қалыптасу себеп-салдары

  25. Қоршаған орта жөніндегі Рио-де-Жанейро (1992ж.) дүниежүзілік конференциясының рөлі мен маңызы

  26. «Өмір сапасы» туралы түсінік

  27. Адам мен табиғаттың ерте замандағы қарым-қатынасы

  28. Адам мен табиғаттың орта ғасырдағы қарым-қатынасы

  29. Қазіргі заман және табиғат

  30. Ноосфера туралы ілім

  31. Тұрақты дамуға өту жағдайларының міндеттері

  32. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі 

  33. Тұрақты даму ұғымы шығуының тарихи алғышарттары

  34. Тұрақты даму және дүниетану түсінігі

  35. Тұрақты даму индикаторлары

  36. Тұрақты даму факторлары: экономикалық фактор

  37. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар

  38. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі

  39. Әлемдік азық-түлік проблемасы, шешілу жолдары

  40. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері

  41. Тұрақты даму феноменінің экономикалық қыры

  42. Халық саны - тұрақты дамудың маңызды өлшемі

  43. Даму көрсеткіштері ұғымы

  44. Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану – тұрақты дамудың бір аспектісі

  45. Энергетикалық дағдарыс және оны шешу жолдары

  46. География ғылымының қалыптасуы және дамуы

  47. Тұрақты даму кеңістіктері

  48. Сапалы білім – тұрақты даму кепілі

  49. Тұрақты дамудың басым бағыттары

  50. Биосфера мен ноосфера жайында В.И. Вернадскийдің географиялық аспектісі

  51. Тұрақты даму феноменінің экологиялық қыры

  52. Қоршаған ортаның тұрақты даму

  53. Көлік кешенінің тұрақты даму мүмкіндігі

  54. «Табиғат-қоғам» жүйесiн ұйымдастыру шеңберiнде географиялық зерттеулер

  55. Тұрақты даму мүддесінде білім беру ұстанымдары

  56. Тұрақты дамудың географиялық алғышарттары

  57. Білім беру – жеке тұлғаның тұрақты даму факторы

  58. Энергетика – тұрақты даму мүмкіндігі

  59. Тұрақты дамуға көшудің басымдықтары

  60. Тұрақты даму индикаторлары

  61. Тұрақты дамудың негізгі өлшемі - өмір сүру сапасының деңгейі

  62. «Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы

  63. Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор

  64. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера және атмосфера ресурстары

  65. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі

  66. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы

  67. Табиғи ресурстарды басқару

  68. «Адам- табиғат» жүйесінің заңдылықтары

  69. Табиғатты қорғау және тұрақты даму қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері

  70. Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары

  71. Тұрақты даму феноменінің әлеуметтік қыры

  72. Географиялық табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде

  73. Табиғатты қорғау және тұрақты даму

  74. Қазақстан ғылымының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар

  75. Даму процесін бағалауда көрсеткіштер енгізудің қажеттілігі

  76. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін құру – тұрақты дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі

  77. Ресурстық дағдарыс, себептері мен салдарлары, шешілу жолдары

  78. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму

  79. Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі

  80. Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар

  81. Табиғи-антропогендік геожүйелердің тұрақтылығы

  82. Тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастық

  83. В.Шелофордтың толеранттық заңы

  84. Тұрақты даму саласындағы ғаламдық бастаулар

  85. Қазақстандағы қауіпті аймақтардың жағдайы

  86. Тұрақты даму факторлары: әлеуметтік фактор

  87. Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері

  88. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі

  89. Тұрақтылықтың қауіпсіздік бағасы және көрсеткіштері

  90. География ғылымында тұрақты дамудың басым бағыттары


Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Программа действий: Повестка дня на ХХІ век и другие документы

  2. конференции в Рио-де-Жанейро. М., 2001

  3. Буламбаев Ж.А. Экокультурные детерминанты перехода от теории «пределов роста» К концепции «Устойчивого развития». В к. н.: «Жизни вечное продленье», Алматы, 2007ж., бет 30-42.

  4. Гулешев Л.Н. Ритмы Евразии. М., 1993

Қосымша:

  1. ГизатулинХ.Н., Троицкий В.А., Концепция устойчивого развития: Новая социально-экологическая парадигма // общественные науки и современность. 1998,№5

  2. Кеннеди П. Вступая в ХХІ век М., 1997

  3. Гор А. Земля на чаше весов. М., 2003

  4. Гирусов Э.В., Платонов Г.В. Мир в поисках концепции устойчивого развития. // Вестник МГУ. Сер. 7 Философия. 19996, №1

  5. Виноградов А.П. Технический пргресс и защита биосферы // Наука жизнь 1993, №10

  6. Рогожина Н. В поисках ответов на экологический вызов // Мировая экономика и международное отношения. 1999, №9

  7. Дрейер О.К., Лось Б.В. Глобальные проблемы и «третий мир». М., 2001

  8. Фомин Б., Житницкий Е. Глобальное изменение климата и экономика: современное состояние и проблемы // Мировая экономика и международное отношения. 1999, №9


ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ГЕОГРАФИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дүние жүзінің саяси картасындағы маңызды өзгерістер. XXI ғасырдың бас кезіндегі аймақтық және жекелеген алдыңғы қатардағы мемлекеттер мен Қазақстандағы экономика саласындағы өзгерістер. Маңызды экономика салаларының қалыптасуына әсер етуші факторлар. Дүние жүзінің және Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географияның өзекті мәселелері. Табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау. Қазақстандағы қазіргі демографиялық үрдістер мен демографиялық жағдайлар. Қазақстан халықтарының көші-қоны: жағдайы, мәселесі мен келешегі. Қазақстандағы экологиялық- демографиялық мәселелер. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы географиялық ақпараттық жүйе. Экономикалық, географиялық және әлеуметтік-географиялық зерттеудің инновациялық әдісі және үрдістері. Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің экономикалық-географиялық мәселелері.



География ғылымдарының қазіргі заманғы маңызды салалары-геоэкономика, геодемография, геоурбанистика, неогеография, геосаясат. Қазақстан көліктерінің логистикалық ерекшеліктері мен дамуы. Этнодемографиялық жағдай.
Емтихан сұрақтары

  1. Пәннің мақсаты, міндеттері

  2. Экономикалық және әлеуметтік географиядағы кеңістіктік талдау

  3. Халықты аумақтық ұйымдастырудың заманауи бағыттары және олардың экономикалық-географиялық аудандауға әсері

  4. Аумақтың экономикалық әлеуеті, мәселелері мен келешегі

  5. Индустриалды кеңістікті ұйымдастыру

  6. Сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды үлгілері

  7. Табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі аспектілері: құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық, ақпараттық

  8. Табиғатты қорғау туралы заңнама негіздері: қазіргі жағдайы, құрылымы, реттеу әдістері

  9. Табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық әдістері

  10. Әлеуметтік мәселелер және тіршілік ету ортасының мәселелері

  11. Халық санының өсуі мен қалалардың даму мәселелері

  12. Еңбек нарығы және халықты еңбекпен қамтамасыз ету мәселесі

  13. Халықтың ұдайы өсуі: типтері, факторлары, мәселелері

  14. Халықтың туу көрсеткіштерінің негізгі факторлары

  15. Қазіргі жаһандық геосаяси мәселелер: құрылымы, тұжырымдамалары, үрдістері, үлгілері

  16. ҚР трансшекаралық өзендерін шаруашылықта қолданудың геосаяси аспектілері

  17. Саяси оқиғалардың әлемдік шаруашылық географиясына, ғаламдық және аймақтық деңгейдегі көші-қон үрдістеріне әсері

  18. Табиғатты пайдалануды басқару мәселелері

  19. Дамушы елдердегі азық-түлік дағдарысының табиғаты, оның әлеуметтік мазмұны мен салдарлары

  20. Миграция мен халықтық қартаю мәселелері

  21. Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан пайдаланудың проблемалары

  22. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары

  23. Қазақстанның қазіргі кездегі геосаяси жағдайы

  24. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен
    құралдары

  25. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

  26. Дүние жүзінің саяси картасындағы маңызды өзгерістер

  27. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары

  28. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану 

  29. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қалыптасуы

  30. Дүние жүзілік экономиканың қалыптасу және қаржылық жаһандану

  31. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның заманауи мәселелері

  32. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді кеңістіктік үлгілеу (И.Тюнен, А.Вебер, А.Леш, В.Кристаллердің еңбектері)

  33. Экономикалық-географиялық аудандаудың негізгі мәселелері

  34. Экономикалық өсім факторлары

  35. Энергетикалық және шикізат мәселелері

  36. Табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау

  37. Табиғат ресурстары үшін төлемдер

  38. Табиғи ресурстар кадастры

  39. Дәстүрлі емес энергия көздері

  40. Демографиялық ерекшеліктері мен инфрақұрылымының дамуы ескерілген өмір сапасының әлемдік үлгілері

  41. Еңбек көші-қоны: мәселелері мен келешегі

  42. Халықтың көші-қоны: түрлері, себептері, бағыттары

  43. Демографиялық саясат

  44. Ұлттық мемлекеттер шегіндегі тұрақтылық пен саяси өзгерістерді зерттеу

  45. Әлемнің мұнай ресурстарын барлау, өңдеу және тасымалдаудың геосаяси мәселелері

  46. Әлемнің дағдарыс аймақтарының конфликтогенді факторларын саяси-географиялық тұрғыдан зерттеу

  47. Халықтың өмір сапасының негізгі индикаторлары

  48. Халықты жұмыспен қамту мәселелері мен еңбек нарығы

  49. Жаһандық мәселелерді топтастырудың қазіргі заманғы жолдары

  50. Жаһандық азық-түлік мәселесінің кешендік сипаты және оның әлеуметтік-экономикалық мәні

  51. Әртүрлі мемлекеттердегі демографиялық дағдарыс көріністерінің әлеуметтік-экономикалық аспектілері

  52. Аштық пен кедейлікті жою мәселелер

  53. Табиғи ресурстарды кешенді пайдаланудың экономикалық тиімділігі

  54. ҒТП-ң ресурстарды пайдаланудағы жаңалықтар

  55. Азық-түлік дағдарысы, оны шешу жолдары

  56. Дүниежүзілік геосаяси циклдердің теориялық мәселері

  57. ҚР экономикалық қауіпсіздік мәселесі және оны шешу жолдары

  58. География ғылымдарының қазіргі заманғы маңызды салалары (геоэкономика, геодемография, геоурбанистика, неогеография, геосаясат)

  59. Саяси тұрақтылық – қоғам жаңғыруының негізі

  60. Қазақстан Республикасындағы және аймақтарындағы еңбек нарығының ерекшеліктер

  61. Қазақстан көліктерінің логистикалық ерекшеліктері мен дамуы

  62. Аумақты кеңістіктік ұйымдастырудың қазіргі жағдайы мен аумақтық дамытуды ұйымдастырудың түрлері

  63. Нарықтық қатынастар кезеңіндегі экономикалық-географиялық аудандаудың міндеттері

  64. Экономикалық қауіпсіздік

  65. Мемлекеттің инвестициялық саясаты және халықаралық экономикалық қатынастар

  66. Экономика дамуының технологиялық және инновациялық әлеуеті

  67. Табиғат пайдалануды басқарудың нарықтық әдістері

  68. Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік реттеудің негізгі механизмдері

  69. Қоршаған ортаның сапасын нормалау

  70. Халықтың өмір деңгейі мен табыстар серпіні

  71. Урбанизация мәселелері

  72. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдері

  73. Өмір ұзақтығының қысқаруы және ұлттың қартаюының мәселелері

  74. Әлемнің геосаяси үлгілері

  75. Геосаяси және геоэкономикалық үрдістердің өзара байланысы

  76. Әлемнің жоғары дамыған елдердің геосаяси мәселелері

  77. Дамушы елдердің геосаяси мәселелері

  78. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер

  79. ҚР халқының өмір сүру деңгейі және табыстар серпіні

  80. Жұмыссыздық: негізгі себептері және оны қысқарту жолдары

  81. Қазіргі уақыттағы геодемографиялық мәселелер. Этнодемографиялық жағдай

  82. Демографиялық үрдістерді зерттеудегі географиялық ақпараттар технологиялар

  83. Жаһандану үрдісінің себептері, қарқыны және перспективалары

  84. Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері

  85. Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі

  86. Еңбектің әлемдік нарығы және халықаралық миграцияның тиімділігі мәселелері

  87. Азық-түлік өндірісіндегі ҒТП рөлі; «жасыл революция», «биотехнология» және жаһандық экология

  88. Жер шары маңы ғарыштық кеңістігін пайдаланудағы халықаралық байланыстар

  89. Дүние жүзіндегі экономикалық, демографиялық және әлеуметтік-мәдени дамудың салдарлары

  90. Ғарыш кеңістігін игеру - жаһандық мәселе ретінде


Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. Ердавлетов С.Р. Учебное пособие по курсу ''Экономическая и социальная география Казахстана''. – Алматы: Казак университетi, 1998.

  2. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире (экономико-географический очерк) Алматы: Каржы-Каражат,1998.
  3. Жумасултанов Т.Ж., Ибраев А.Т. Население Казахстана с древнейших времен до наших дней. Алматы, 2000.



  4. Кузебаев Н.К. Основы территориальных экономических пропорций суверенного Казахстана. Алматы: Гылым, 1996.

  5. Кунхожаев Н.Р. Экономика современного Казахстана: состояние и развитие. Алматы, 1998.

  6. И.А. Родионова Экономическая и социальная география мира Углубленный курс. М.Издательство Юрайт, 2012 – 693 с.

  7. Нургалиев А.Т. и др. Экономика Казахстана. Алматы, 2009г.

  8. Население Казахстана: Итоги переписи населения, 1999. Алматы, 2000.

  9. Монография в 3-х томах «Пространственная организация территории и расселения населения Республики Казахстан до 2030 года. Под ред. С.Н. Нугурбекова., Е.У. Темирханова., Ж.К. Бопиевой., С.М. Касымова., Ш.М. Надырова – Астана, АО «Институт экономических исследований». Т.1 Концепция пространственного развития и расселения населения Республики Казахстан, 2008. - 292с. Работа выполнена под научным руководством и авторством д.э.н. Касымова С.М. и д.г.н. Надырова Ш.М.

  10. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. / Под ред. д-ра геогр. наук, проф. С.Б. Лаврова, канд. геогр. наук, доц. Н.В. Каледина. – М.: Гардарики, 2002. – 928 с.

  11. Социально-экономическая география зарубежного мира. / Под ред. В. В. Вольского. - М.: КРОН-ПРЕСС, 1998.


Қосымша әдебиет:

  1. Абдуллин А.А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. «Гылым», Алма-Ата, 1994.

  2. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.А. Физическая география СССР. Часть 2. М., «Просвещение», 1989.

  3. Гвоздецкий Н.А., Николаев В.А. Казахстан. М., «Мысль», 1971.

  4. Климат Казахстана. Под ред. А.С.Утешева. Л., 1959.

  5. Глазовская М.А. Почвы Казахстана. Алма-Ата, 1952.

  6. Гельмгольц Н.Ф. Горно-долинная циркуляция в предгорной зоне. М., 1961.

  7. Гельдыева Г.В, Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. «Гылым», Алма-Ата, 1992.

  8. Казахстан. Из серии "Советский Союз". М., 1970.

  9. Вилесов Е.Н., Науменко А.А. Географы ХХ века на казахстанской орбите. Алматы, КазНУ, 1997.

  10. Республика Казахстан. Природные условия и ресурсы. Алматы, 2006.\

  11. Ердавлетов С.Р., Рутковский О.О. Занимательная география Казахстана. Алма-Ата: ''Мектеп'', 1989.

  12. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский. Алма-Ата: ''Кайнар'',1989.

  13. Есенов Ш., Кунаев Д., Мухамеджанов С. Недра Казахстана. Алма-Ата: ''Казахстан'', 1968.

  14. Есназарова У.А. Физическая география Казахстана. Алматы: “Дэуiр”, 2001.

  15. Казахская Советская Социалистическая Республика. Энциклопедический справочник. Алма-Ата: КСЭ, 1981.

  16. Маслов Е.П., Двоскин Б.Я. Казахская ССР. М.: ''Просвещение'', 1971.

  17. Ердавлетов С.Р., Рутковский О.О. Занимательная география Казахстана. Алма-Ата: ''Мектеп'', 1989.

  18. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский. Алма-Ата: ''Кайнар'',1989.

  19. Есенов Ш., Кунаев Д., Мухамеджанов С. Недра Казахстана. Алма-Ата: ''Казахстан'', 1968.

  20. Есназарова У.А. Физическая география Казахстана. Алматы: “Дәуiр”, 2001.

  21. Казахская Советская Социалистическая Республика. Энциклопедический справочник. Алма-Ата: КСЭ, 1981.

  22. Маслов Е.П., Двоскин Б.Я. Казахская ССР. М.: ''Просвещение'', 1971.

  23. Гладкий Ю.Н., Чистобаев А.И. Регионоведение: Учебник. - М.: Гардарики, 2003. - 384 с.

  24. Агеева Р.А. Страны и народы: происхождение названий. - М.: Наука, 1990.

  25. Африка в цифрах. Статистический справочник. - М., 1985, 1992.

  26. Болотин Б.М., Шейнис В.Л. Экономика развивающихся стран в цифрах. - М.: Наука, 1988.

  27. Бунакова Т.М., Родионова И.А. Пособие по географии для поступающих в ВУЗы. - М.: Просвещение, 1993.

  28. Болысов С.И., Гладкевич Г.Н. и др. Пособие по географии для поступающих в ВУЗы. - М., 1995.

  29. Витвер И.А. Южная Америка (Т. 10 Всемирной экономической географии). - М.- Л., 1930.

  30. Витвер И.А. Историко-географическое введение в экономическую географию зарубежного мира. - М.: Государственное издательство географической литературы, 2 изд., 1963.

Елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі Каймулдинова К.Д.








©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет