Дінтану дін туралы
Діннің анықтамасы. Анықтаманың түрлері: теологилық түсіндірме (Э. Трельч, Р. Отто, П.А. Флоренский, П.Л. Бергер, Т. Лукман және басқалар.) философиялық (Б. Спиноза, И. Кант, Ф.Гегель, Л. Фейербах және басқалар.), социологиялық (М.Вебер, Б.Малиновский, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс және басқалар. ) биологиялық және психологиялық (У. Джеймс, Л. Леви-Брюль, З.Фрейд, Э.Фромм, К.Г. Юнг және басқалар.), этнологиялық бағыт. Әлеуметтік гуманитарлық ой тарихындағы дін: методологиялық аспектілері. Дінді ғылыми тұрғыда танудың принциптері.
Дінтанулық зерттеулердің негізгі категориялары
Дінтануда жалпы философиялық және әлеуметтік-философиялық категориялар қолданылады: «болмыс, сана, таным, көрініс, символ, ақиқат, адасу, қиял, елес, қоғам, материалдық және рухани өндіріс, мәдениет, жаттану» және сол сияқтылар. Логикадан, этикадан, эстетикадан кірген ұғымдар және терминдер,: «белгі, мән, мағана, ұят, жауапкершілік, мейрімділік, жанашырлық, сұлулықа» және т.б.. Жалпы ғылыми ұғымдар: «жүйе, мазмұн, қызмет, рөль, заң» және т.б.. Жеке ғылыми ұғымдар: «ғасыр, құқық, елес, вера, сезім, көңіл-күй, азап, араласу, тіл, өмір, өлім» және т.б.. Арнайы дінтанулық ұғымдар мен терминдер: «дін, теология, діни культ, шіркеу, конфессия, храм, дұға» және т.б.. Ғылымда дінге қарағанда мағаналары басқаша түсіндірілетін «Құдай, періште, тозақ, жұмақ, Бодхисаттва, аян берілу, карма» сияқты ерекше орынға ие ұғымдар мен терминдер. Діндегі өзгерістер процессін көрсететін ұғымдар классы: «даму мен эволюция, сакрализация, секуляризация, детеологизация, демифологизация, модернизация» және т.б.
Дінді топтамалау мәселесі
Дінді әр түрлі белгілерінің негізінде сараптаудың нәтижесінде топтамалау мәселесі. Политеистік. Монотеистік, өлі, тірі, жазбалы, жазуы жоқ. Ф. Г.В. Гегелдің дін топтамасы. Тайпалық, ұлттық және әлемдік діндер. Дінтанудағы салыстырмалы-тарихи парадигма. П. Пикардің «Әлемнің барлық халықтарының діни ғибадаты мен марапаттары» («Религиозные обряды и церемонии всех народов мира»). XVIII ғасырдағы салыстырмалы дінтану. ХIХ ғасырдағы салыстырмалы дінтану. XХ ғасырдағы салыстырмалы дінтану.
Достарыңызбен бөлісу: |