Оқуға түсушілерге арналған емтихан түрі: - ауызша-жазбаша аралас емтихан түрі. Емтихан тапсырушы жауап парақшаларына емтихан билеттерінің сұрақтарын жазады, емтихан комиссиясының алдында ауызша жауап береді. Апеляция жағдайында комиссия қарауына берілетін негіз ретінде жауап парақтарындағы жазбалар болып табылады.
Білім беру бағдарламасының пререквизитттері
Пререквизиттер қатарына кіреді: «MR 6201 Дінтану методологиясы» - 3 кр», «SRP 5207 Дінтанудың қазіргі заманғы мәселелері - 3 кр», «FRDv 6202 ХХ ғасырдағы дін философиясы - 3 кр».
Пән «Дінтану методологиясы»
Дінді түсіндірудегі ғылыми бағыттың қалыптасу ерекшеліктері
Дінтану өз пәні мен методы бар жеке ғылым саласы. Методологиялық негіздемелері. Дін туралы ғылым және діндер тарихы. Дінді түсіну мен оқуды антропологиялық, этнологиялық, әлеуметттік және т.б. зерттеу әдістерімен өзара байланыс ретінде қарастыру. Дін туралы ғылыми білім. Және атеизм. Діни сана эволюциясының тарихына қатысты ғылыми бағыттар. .(Э.Б.Тэйлор, Дж.Фрэзер)
Діни дүниетаным және ғылыми түсінік.
Әлемді діни тұрғыда қабылдауға ғылымның ықпалы. Дін психологиясы зерттеулері: сенімнің субъективтік мотивтерінің сараптамасы (У.Джеймс) - методологиялық бағыттардың қалыптасуы. Философиядағы ықпалды бағыттардың көзқарастары бойынша.
Қазіргі дін философиясының қалыптасуының алғы шарттары (методологиялық негіздері). Қазіргі дінтанудың дін философиясы мен философиялық теологиядағы діни сенімдердің философиялық-ғылыми сараптамасы. Қазіргі дін философиясының пәндік саласы, діни сенімдердің ақиқаттылығы және рациональдығы, діни тіл ерекшеліктері.
Дінтанулық таным методы
Дінтану методы ұғымы. Дінтану методының топтамасы. Дінтанудағы басқа ғылым салаларында да қолданылатын жалпы философиялық, әлеуметтік-философиялық, арнайы жалпы ғылыми және жеке ғылыми, теориялық және эмперикалық методттар және олардың мінездемелері. Жалпы ғылыми бағыттар. Жүйелі бағыт бүтін оъбектілерді зерттеудің әдіснамасы ретінде. Таза дінтанулық бағыттар. Мазмұндау принциптері және мінездемелері. Қазіргі адамдар үшін дінтанулық әдіснамалар туралы түсініктердің мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |