МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Пәннің сипаттамасы: Профессор-оқытушылық құрамның жетекшілігімен
өтетін АР 5301 «Арнаулы пән» (Домбыра) 1,5 жылдық курсы магистратура
оқу мерзімінде концерттік-орындаушы қалыптасуындағы, жоғары оқу орнынан
алған орындаушылық бағыттары нақтаудағы бірден-бір алғы шарт болып
есептелінеді. Концерттік орындаушылық қырындағы
сахналық еркіндігін
тәрбиелеуге; концерттік репертуар таңдау, жинақтау, құрастыруға;сахналық
мәдениет тұрғысында тындаушымен
қарым-қатынасты сезінуге; әртістік
қасиеттерді игеруге мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты: Жоғары деңгейдегі күрделі шығармаларды концерттік
эстрадада орындау мәселелері; –
орындаушылық қызметпен қатар, Қазақстан
өнерін халықаралық деңгейде көрсетуге бағытталған коммуникативтік
тәсілдерді тәжірибелеу. Болашақ домбырашы- күйшінінің орындаушылық
тәжірибеге
жоғары деңгейлі, жанжақты мамандануы, шығармашылық,
орындаушылық тәрбиесін жандандыру, жетілдіру болып саналады.
Пәннің міндеттері:
-болашақ музыка мұғалімінің жеке тұлғалық
кәсіби- педагогикалық
ерекшеліктерін дамыту;
-музыкалық жұмыстарды тәжірбиелік әдістемесінде, творчествалық ізденуіне
жағдай жасау;
Күтілетін нәтижелер:
Білуі: Сахналық мәдениеттің негізгі амалдарын білуге;
концерттік-
орындаушылық репертуар ауқымын тақырыпты, техникалық мазмұнды таңдай
алады;әйгілі орындаушылардың әдістемелік ұстанымдарына сүйене өзінің жеке
тұлғалық қасиетін қалыптастыруға мүмкіндік алады.
Меңгеруі: Көркемдік-эстетикалық талғамын тәрбиелеу және дирижерлық,
әншілік, аспапта орындаушылық
шеберлігін, шыңдау.
Дағдысы: Күйшілік мектептерінің орындаушылық машықтарын меңгеріп
практика жүзінде қолдана алады. Күрделі формадағы шетел шығармаларын
құрылымдары мен стиліне сараптама жасай біледі. Өнер және мәдениет
дамуының негізгі тарихи
деректерінен хабардар болуға, орындаушылық өнер
ғылымынан, сонымен қатар оның үрдістерін пайдалануға, шығарманы әр түрлі
орындаушылардың орындауында салыстыруға; шертпе күй мектептерінің
орындаушылық ерекшеліктеріне баға бере отыра
өз орындауында қолдануға
мүмкіндік туады. салыстыруға; шертпе күй мектептерінің орындаушылық
ерекшеліктеріне баға бере отыра өз орындауында қолдануға мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: