|
Оң әсер
|
Теріс әсер
|
Сыртқы орта Ішкі орта
|
Күшті жақтары:
-
Аймақтың тиімді географиялық орналасуы, негізгі көліктік коридрһор өтеді;
-
Табиғатының ір түрлілігі, флора және фаунасының бай болуы мәдени тарихи және сәулеттік тарихи іскерткіштердің көп болуы
Мүмкіндіктер
-
АІӨ күтіліп отырған артуы қолайлы жағдай, саяхаттау құштарлықтарының артуы Қазақстан және дамушы сыртқы нарықтағы сұраныстардың артуы;
-
Қазақстанда ірі оқиғалы шаралар өткізу ЭКСПО-2017, Универсиада;
-
ББ «Бизнестің жол картасы 2020»;
-
Аймақаралық байланысты қалыптастыру;
-
Визалық режимді жеңілдету.
|
Әлсіз жақтары:
-
экологиялық және ауылдық туризімді дамыту үшін ауылда білікті қызметкерлердің болмауы (гид-аудармашылар, экскурсоводтар және қызмет көрсетушілер);
-
шұғыл континенталды климат, жылдың көп уақытында суық болады осыған байланысты кейбір туризм түрлері мерзімі қысқа. Облыс аумағы кең және туристік нысандар арасы алыс ол суық уақытта жетуді қиындаталды.
Қауіптер
-
әлемдік қаржылық дағдарыс туристік ағымның төмендеуінен болып отыр;
-
төтенше оқиғалар;
-
туристердің бару туризімен деген сұраныстарының артуы;
-
туристік жағдайы күрделі облыстарда туристік ұсыныстар дестинациясының артуы.
|
|
|
| 2.1.2.7.2. Туризм дамуының өзекті мәселелері
- туристік инфрақұрылымның нашар дамуы, шалғай орналасқан туристік нысандарға апаратын жолдардың сапасыздығы;
- туризм саласындағы басқару және қызмет көрсету ісінде кәсіби білікті мамандардың жетіспеушілігі;
- өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің әлсіз жүргізілуі;
- көрсетілген туристік қызметтер сапасының бағасына сәйкес келмеуі;
- туристік фирмалардың капиталдың сыртқа кетуіне жол ашатын сыртқы туризмге мамандануы;
- қонақ үйлер, пансионаттар, демалыс орындары мен курорттық-сауықтыру орталықтарының материалды-техникалық базасының нашар дамуы.
2.1.2.8. Үш тілді дамыту
2011-2020 жж. арналған ҚР тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру бойынша жүйелік жұмыстар жүргізілуде:
Тілдерді дамыту мен насихаттау бойынша іс-шаралар өткізіледі (2014 жылы өзге ұлттың өкілдері арасындағы «Тіл – достықтын тірегі», үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» облыстық форумдары, Ғ. Мұстафин атындағы жас прозаиктер байқауы, жас ақындар мен жазушылардың әдеби-көркемдік сайысы, мастеров публицистики им. А.Сейдімбеков атындағы публицистика шеберлерінің жарысы, т.б. сияқты 500-ге жуық әртүрлі ісшаралар өткізілді).
Мемлекеттік тілдер саясатын дамытуға, мемлекеттік тілді оқытуды насихаттауға, өңірдің лингвистикалық капиталын сақтап қалуға ерекше үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында облыс әкімінің жыл сайынғы «Тіл жанашыры» сыйақысы беріледі.
Өңірдің өкілдері республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Соңғы үш жылда (2012-2014 жж.) 4 адам «Гран-при», 4 адам бірінші орын, 2 адам үшінші орын алды.
Тілдерді дамыту мен насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында тек қана 2015 жылдың бірінші жартысында ғана осы жылдың атаулы күндеріне арналған 2 фестиваль, 2 жарыс, 2 тілдік олимпиада, 1 мүшәйра өткізілді. Өзге ұлттың жастары арасындағы «Абай оқулары» Абайдың 170-жылдығына, «Аңыз дала – Абыз дала» облыстық мүшәйрасы – Қазақ хандығының 550-жылдығына, «Славян жазуы мен мәдениетінің күндері» фестивалі – Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналды.
«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында «Біз қазақша білеміз» фестивалі өткізілді. Үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» фестивалі және жастар арасындағы «Ой сана» тілдік олимпиадасы жылдың барлық атаулы даталарын қамтыды. Мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтардың басқа топтарын оқыту үшін облыста 6 тілдер орталығы жұмыс істейді: ҚМКК «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы», Балқаштағы ҚММ «Тілдер орталығы», Жезқазғандағы ҚММ «Тілтану оқу-әдістемелік орталығы», Шахтинсктегі ҚММ «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы», Теміртау қаласындағы ҚММ «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы», Саран қаласындағы ҚММ «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы», сондай-ақ Сәтбаев, Приозерск, Қарағанды, Қаражал және Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаровск аудандарында 8 тілдерді оқыту курстары бар.
Қарағанды облысында мемлекеттік тілді меңгергісі келетіндердің қатары артып келеді.
2013 жылы тілдерді оқыту курсымен - 1615 адам, 2012 жылы– 1279, 2014 жылы – 1972, ағымдағы жылдың бірінші жартысында 1025 адам қамтылған.
Мемлекеттік тілді игеру деңгейін анықтау үшін 2013-2014 жылы облыстың мемлекеттік қызметкерлері «Қазтест» жүйесінен өтті. Тест нәтижесі мынаны көрсетіп отыр, 4197 қатысушыдан қазақ тілін қарапайым деңгейде 548 адам біледі (13%), базалық деңгейде – 2102 адам біледі (50%); орташа деңгейде - 1119 (27%); жоғарыдан төмен деңгейде - 406 (10%) адам біледі: жоғары деңгейде - 22 (0,5%) адам біледі.
Тұрғындарды қазақ тіліне жаппай тарту мына жұмыстар арқылы бағытталып отыр:
Оқыту телебағдарламасы «Тілашар», ол «Сарыарқа» оқу әдістемелік кешен негізінде дайындалған «Қазақстан-Қарағанды»каналында беріледі;
Телеоқыту «Тілтану» (34 сабақ жылына) «1-й Карагандинский» каналында;
20 телебағдарлама «Мәңгілік тіл» және 4 видеоролик;
Жаңа телебағдарлама «Кешкі ертегілер» (2015ж.);
Облыстың мемлекеттік органдар сайттары тілдік саясаттың ақпараттық орталығы рөлінде.
Болашақта мемлекетік тілді дамыту бойынша бірнеше шаралар жоспарланған: орталық желілерін және оқыту курстары санын арттыру, апқараттық –техникалық құралдармен жабдықтау, барлық оқығысы келетіндерді қазақ тіліне оқыту мемлекеттік емес ұйымдарда «Тілдер туралы» Заңның сақталуын бақылауға алу, БАҚ мемлекеттік тілде жүретін танымдылқ бағдарламалар санын арттыру.
Мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері БАҚ кең талқыға салынады. Мемлекеттік тілдік саясатты насихаттау БАҚ баспасы арқылы жүзеге асырылады. Қазақ тілі медиа-кеңістікке енгізіліп отыр.
Облыста іс жүргузуді мемлекеттік тілге ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шығыс және кіріс құжаттарын құжат айналысына мониторинг жасалады. Сараптамасы құжат айналысының көпшілік бөлігі мемлекеттік тілде екенін көрсетіп отыр ол көрсеткіш 2013 жылы - 93%, 2014 жылы - 94%, І жартыжылдықта 2015 жылы - 94,2%. Мемлекеттік тілде іс жүргізу қарқыны артып отыр. іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыруға көмек ретінде семинарлар, курстар өткізіледі аудармашылар курстары өткізіледі.
Мектепке дейінгі және мектептерде мемлекеттік тіл тартымдылығы артыпи келеді. Қазақ тілінде оқитын балалр саны 50,5%. Қазақ мектептерінде 1460 өзге ұлт өкілдері оқып жүр. Мектеп алды дайындықты қазақ тілінде 42 мектеп жүзеге асырып отыр. 52% бала қазақ тілінде тәрбие алып жүр. 2014 жылы қазақ тілінде тәрбие беретін балалар мекемесі 22% артқан. 1233 өзге ұлт өкілдері қазақ топтарында тәрбиеленіп жатыр.
Жалпы алғанда аймақта қазақ тілін білетін тұрғын санының артуы байқалады. 2012 жылы - 52%, 2013 жылы - 58%, 2014 - 62%, І жартыжылдықта ағымдағы жылы -67,9% болды.
Облыста тілді дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. тілдерді оқыту курстары ұйымдастырылған, облыста тұратын этностардың ана тілін оқуына көңіл бөлінеді тілді дамытуға ықпал ететін әр түрлі форматтағы шаралар өткізіледі 2013-2015 жылы этностардың қатысуымен облыстық деңгейде 7 конкурс, 6 фестивал, 4 тілдік олимпиада, 3 семинар 2 форум өткізілді.
Облыста 24 областық этномәдени бірлестіктер қызмет етеді, 11 (демалыс күнгі мектептер) ана тілін оқу ұйымдастырылған. Ана тілін оқуды қолдау үшін әдістемелік көмек беру жұмыстары жүргізіледі, этникалық диаспоралардың дәстүрін салтын насизаттау жұмыстары жүрнгізіледі. Жалпы білім беру мектептері базасында пльша тілін, татар, корей тілін оқыту бойынша курстар факультатив ашылған. Ана тілін 560 астам этникалық топ өкілдері оқып жатыр.
Облыста ұштілді игеру бойынша шаралар өткізіледі. Осы мақсатта мемлекеттік қызметкерлерді ағылшын тіліне оқыту курстары ұйымдастырылған. Ағылшын тілі курстарында 2012 жылы - 388 адам, 2013 жылы – 534 адам 2014 жылы – 546 адам оқыды.
Ономастикалық қызметті қамтамасыз ету үшін тарихщылармен ьірге, ғалым филологтармен бірге, өлкетанушылар мен бірлесіп Қарағнды облысының топономикасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |