Қарағанды облысының «электронды әкімдігін» құру бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» түзудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын орындау үшін әзірленді.
Ақпараттандыру дегеніміз – жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамыту жөнінде қажетті жағдайлар жасау процесі, азаматтардың жергілікті ақпараттық ресурстарға қолжетімділік құқығын іске асыру, ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолданудың негізінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаның негізгі ережелерін ескерген және жергілікті басқару органдарының мемлекеттік басқару мен экономикада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тарату мен енгізудегі іс-әрекеттерін үйлестіруге бағытталған.
Жергілікті атқарушы орган (әкімдік)
|
-
|
әкім басқаратын және өзінің өкілеттігі шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын коллегиалық атқарушы орган;
|
Атқарушы орган
|
-
|
әкімдіктің уәкілдігімен жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыратын және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
|
Мемлекеттік органның
аумақтық
бөлімшесі
|
-
|
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асырушы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі;
|
Е-қызмет
|
-
|
ақпараттық-коммуникациялық технология жабдықтарымен жүзеге асырылатын қызмет;
|
Е-үкімет
|
-
|
Ақпаратты-коммуникациялық технологияны кеңінен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға барынша мол қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың қызмет істеу механизмі;
|
Е-әкімдік
(электронды әкімдік)
|
-
|
Ақпаратты-коммуникациялық технологияны кеңінен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетуге арналған жергілікті атқарушы органдардың қызмет істеу механизмі;
|
Мемлекеттік қызмет
|
-
|
Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін және әкімшілік рәсімдерді орындауға бағытталған қызметі;
|
Ақпараттандыру
|
-
|
Заңды және жеке тұлғалардың ақпарат қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды қолданудың негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді түзуге және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
|
Ақпараттық ресурстар
|
-
|
Ақпараттық жүйелерде болатын, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпараттық қолданушыларға қызығушылық тудыратын электронды жүйеленген ақпарат (мәліметтердің ақпараттық базалары);
|
Ақпараттық жүйе
|
-
|
Ақпараттық процестерді іске асыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желілер мен олардың бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің жүйесі;
|
Ақпараттық теңсіздік
|
-
|
АКТ пайдаланудағы тұрғын халықтың әртүрлі топтарының білім деңгейі мен ақпаратқа қолжетімділігіне қарай тең емес мүмкіндіктері;
|
Е-қызметті көрсетушілер
|
-
|
АКТ жабдықтарымен қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер;
|
Е-қызметті
тұтынушылар
|
-
|
азаматтар, мемлекеттік органдар, ұйымдар және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер;
|
Е-қызмет регламенті
|
-
|
ақырғы нәтижесі е-қызметті көрсетушілердің функциональдық мақсаттарына жету болып табылатын, әкімшілік және басқа процестерді жүзеге асыруға бағытталған жүйелі іс-қимылдар жиынтығы;
|
АКТ
|
-
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
|
МБ
|
-
|
Мәліметтер базасы;
|
ААЖ
|
-
|
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
|
АТО
|
-
|
Ақпараттық-талдау орталығы;
|
ЖБ
|
-
|
Жергілікті бюджет;
|
РБ
|
-
|
Республикалық бюджет.
|