БАҒдарламасы қарағанды, 2005 ж. Мазмұны: Бағдарлама төлқұжаты 4 Кіріспе 6


Әкімдіктің электрондық қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру



бет7/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#123962
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.4.Әкімдіктің электрондық қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру


Тұрғын халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының АКТ пайдаланудағы тепе-тең емес мүмкіндіктері «е-үкіметтің» бастамаларын іске асырудың негізгі кедергілерінің бірі болып табылады.

Осы бағдарламаның шеңберінде ақпараттық тепе-теңсіздікті жоюға, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындарды оқытуға іс-шаралар әзірленетін болады.

Е-әкімдік бойынша оқу курсының, облыс әкімінің электрондық порталымен жұмыстың, мемлекеттік қызметшілердің квалификациясын арттыру үшін электронды құжат айналымын жүргізу бойынша бағдарламалар әзірленетін болады.

Тұрғын халықты орталық және жергілікті атқарушы органдармен электрондық қарым-қатынас жасаудың ақпараттық технологиясының негіздеріне үйрететін аймақтық орталықтар құру жоспарланып отыр. Облыстың модельдік кітапханалары осындай орталықтардың базалары бола алады, олар тиісті техникалық жарақтанған және дайындалған мамандары бар, сол сияқты АКТ саласында жұмыс істейтін ірі жеке фирмалармен әріптестікке дайын. Тұрғын халықтың кең бөлігіне жергілікті теледидар арналарында компьютер сауаттылығының TV-сабақтары ұйымдастырылады. Жергілікті БАҚ айдарларында Интернет сабақтар сериясының жарияланымдары ұйымдастырылатын болады.

Бұдан басқа, тұрғын халықтың мемлекеттік органдардың электрондық қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғындарға төменгі пайыздық ставкамен және қайтарудың жеткілікті ұзақ мерзімімен компьютер техникасын кредитке сататындай жағдай жасау керек. Бұл үшін АКТ, үкіметтік емес ұйымдар саласында жұмыс істейтін, әріптестікке дайын фирмаларды тарту керек (Инновациялық қор, Шағын бизнесті қолдау қоры, «Атамекен» бірлестігі, Технопарк), басқа да мүдделі ұйымдар.

Е-қызметке қоғамдық қолжетімділікті дамыту облыстың аумақтық-әкімшілік бірліктерінде тарамдалған бөлімшелер желісі бар облыстың модельдік кітапханалары мен ұйымдарының базасында ақылы, тегін және жеңілдіктер негізінде е-қызметтерге қолжетімділік пункттерін, Интернетке сымсыз қолжетімділік нүктелерін құру жолымен іске асырылатын болады (мысалы, «Қазпочта» ААҚ).

«Ақпараттық тепе-теңсіздікті» жою бойынша орындалатын іс-шаралар мониторингін іске асыру мақсатында тұрақты әлеуметтік сауалнамалар өткізу ұйымдастырылатын болады.

5.5.Аймақтағы мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету


Мемлекеттік органдардың е-қызметті ұсынуы ақпаратты қорғауға бекітілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады, бұл е-қызметті қорғаудың жоғары деңгейі мен пайдаланушылардың сенімін қамтамасыз етеді.

Облыстың мемлекеттік органдарының инфрақұрылымының сапалы және сенімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің нормативтік актілерге, ақпараттық қауіпсіздік концепциясының талаптарына сәйкестігінің сертификациясы өткізілетін болады.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйені әзірлеудің техникалық тапсырмаларының бірыңғай тәртібі белгіленетін болады.

6.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық өндірісті дамыту


Инновациялық өндіріс құру, бәсекелестік ортаны оңтайландыру, жинақтаушы және шығыс материалдарына бюджет шығысын төмендету мақсатында басушы және көшіруші техника үшін шығыс және жинақтаушы материалдарды қайта өңдейтін және қалпына келтіретін кәсіпорын құру қажет (бірінші кезең), ал перспективада оларды жинау өндірісін жолға қою қажет (екінші кезең). Бұған қоса, сапа сертификациясына және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуді қамтамасыз ететін етін компьютерлер жинақтау өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Бұл жұмысқа АКТ, ҮЕБ (үкіметтік емес бірлестіктер) саласында жұмыс істейтін мүдделі фирмаларды тартқан орынды. (Инновациялық қор, Шағын бизнесті қолдау қоры, «Атамекен» бірлестігі, Технопарк және басқалар), басқа да мүдделі ұйымдар. Бұл шара облыста инновациялық технологияны дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке қосымша кірістер алуға ықпал ететін болады.

7.Бағдарламаны іске асыру тетіктері және ұйымдастырушылық қолдау


Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды басқару үшін әкімдік жанынан Ақпараттандыру жөніндегі комиссия құрылады, оған облыста жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізуге, ақпараттық ресурстарды басқаруға жауапты әкімдіктің жоғары рангалы өкілі жетекшілік жасайды.

Аймақта ИКТ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жұмыстардың тікелей орындаушысы облыс әкімдігі жанынан құрылатын Ақпараттық-аналитикалық орталық болып табылады, ол өз қызметін осы тақылеттес республикалық және аймақтық құрылымдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады. (АҚ «НИТ», облыстық басқару органдары жанындағы ақпарат орталықтары мен бөлімшелер және тағы басқалар).

Бағдарламаны іске асыру 2 Қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспары бойынша жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын облыс бюджетінде Бағдарлама іс-шараларын қаржыландыруға арналған қаржы қарастырылатын болады.Бағдарламаның 2 Қосымшасына іс-шараларды іске асыру нәтижелеріне жету бойынша түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бағдарламаның жекелеген іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде меморгандардың аумақтық бөлімшелері мен облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Бағдарлама бағыттары бойынша жеке құрылымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтары құрылатын болады.

Негізгі орындаушылар Бағдарламаның жекелеген іс-шараларының бастамашылары ретінде орындалған жұмыстардың техникалық тапсырмалары мен актілерін тиісті кезеңдерде келіседі, жұмысты орындаушылардың мүмкін құрамы туралы ұсыныстар енгізеді, жұмысты орындаушыны анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысына қатысады.

Аймақта ақпараттық технологияны дамыту мен қолдауға бюджеттен тыс қаржыны кеңінен тартуға ықпал ету тетіктерін құруға ерекше көңіл бөлінеді.

Бағдарламаға қатысушыларды үйлестіру мен іс-әрекетін, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз етуді түзбей, сол сияқты оны қоғамның қолдауынсыз Бағдарламаны іске асыру мүмкін емес.

Бағдарламаға қатысушылар мен оны орындаушыларды үйлестіру мен бірлескен іс-қимылын қамтамасыз етуге мынандай міндеттерді шешу кіреді:



  • ақпараттандыру жөніндегі жұмысты басқару тетіктерін жетілдіру, оған жұмыстың жоспарларын әзірлеу мен жұмыстың мақсатты қаржыландырылуы, қызмет спецификасын ескере отырып, конкурстық негізде құрал-жабдықтар алу мен басқа ұйымдар қызметіне тапсырыс беру кіреді;

  • Бағдарламаның орындалу барысы мен нәтижелерін, облыста, Қазақстан мен басқа елдерде ақпаратты-коммуникациялық технологияның даму мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау шараларын ұйымдастыру, сол сияқты қоғамдық назарды Бағдарламаға аудару;

  • Бағдарламаны орындау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мен дамытуды қуаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет