БАҒдарламасы арал қаласы, 2012 ж. Арал аудандық мәслихатының



бет2/9
Дата13.06.2016
өлшемі2.43 Mb.
#131379
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Инвестициялық жұмыс

Соңғы жылдарда Арал ауданына тартылған инвестиция көлемі жақсы қарқында.


Инвестициялық жұмыстың негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштің аты

2008ж.

2009ж.

2010 ж.

2011 ж

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. тенге

15999,7

10139,3

4923,1

5361,3

өткен жылмен салыстырғанда, %

9,7 есе

56,6

48,6

108,9

2011 жылы ауданда негізгі капиталына 5,4 млрд.теңге инвестицияланды. Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында, бұрынғыша шетел қаражаты басым.

Инвестицияның салалық құрылымында үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары ең жоғары – 82,4%, машиналар, жабдықтар, аспаптар, мүкәммалдар үлесі 1,5%, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар үлесі 16,1%.

Инвестиция құрылымын бөліп талдағанда, оның елеулі үлесі Арал қаласына келеді. 2008-2011 жылдары үлкен инвестициялар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға бағытталды.

2011 жылы мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға 5000,0 мың теңге республикалық бюджеттен және аудандық бюджеттен 45000,0 мың теңге қаржы қаралып, 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысына бөлінген инвестиция көлемі бойынша қарқынды өсу байқалады: 2008 жылы – 302,1 млн теңге, 2009 жылы – 329,0 млн теңге, 2010 жылы 420,6 млн теңге, 2011 жылы 459,4 млн теңге.


Кіші және орта кәсіпкерлік

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала болып бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының, тауар мен қызметтің кең профилінің қалыптасуының, салықтың елеулі үлесінің бюджетке түсуінің едәуір пайызын қамтамасыз етеді.

Ауданда 2012 жылдың 1 қаңтарына барлығы 2215 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар 180, жеке кәсіпкерлер – 1718, шаруа қожалығы – 317 бірлік.
2009-2011 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру серпіні



Көрсеткіштердің аты

2009

2010

2011

Тіркелген субъектілер саны

1927

2071

2215

Белсенді субектілер саны

1882

2025

2170

оның ішінде, заңды тұлға

174

177

180

Белсенді субъектілер саны, бірлік

129

131

135

Шаруа қожалықтары

298

310

317

Жеке тұлғалар

1455

1584

1718

Салық түсімі (млн.теңге)

180

200,4

266,8

Өнімді шығару

999,1

1050,5

1077,1

Барлық жұмыспен қамтылған адам саны

3593

3658

3658

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кіші және орта кәсіпкерлікке қолдау жасалады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының басты мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу.



Халықтың еңбекпен қамтылуы және халықтың өмір сүру деңгейі

2011 жылы Арал ауданындағы халықтың экономикалық белсенділігінің көлемі 35,2 мың адамды құрады немесе 48,9% жалпы халық саны.


Арал ауданындағы еңбек нарығының негізгі индикаторы


Көрсеткіштің аты

2008ж.

2009ж.

2010 ж.

2011

Экономикалық белсенді халықтың саны, мың. адам, соның ішінде:

34,6

34,9

35,3

35,2

Экономикада қамтылғандары

33,2

32,6

33,7

32,9

жұмыссыздар

2,4

2,3

2,2

1,9

Арнайы тіркелген жұмыссыздар саны, мың.адам

1,0

2,4

2,1

2,1

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі %

0,7

0,5

0,6

0,6

Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздар деңгейі %

7,2

6,9

5,9

5,6

Халықтың еңбекпен қамтылу қарқынында маңызды нәрсе соңғы жылдардағы жұмыссыздықтың жалпы санының азаюы.

Жыл сайын ашық еңбек нарығында жұмыссыздықтың деңгейі төмендеуде - 2008 жылы 7,2 %-дан 2011 жылы 5,6% дейін.

Халықтың еңбекпен қамтылуының салалық құрылымы өндіріс пен құрылыста – 3,1%, білімде – 4,1%, денсаулық сақтауда – 2,7% және басқа салаларда – 3,6%.

Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы негізінен 2010 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының іске асырылуынан болып отыр. 2011 жылы аудан орталығында Халықты жұмыспен қамту орталығы ашылды. Бұл шараға республикалық бюджеттен 11,498 млн теңге, жастар тәжірибесіне 10,92 млн теңге қаржы қаралып игерілді.
Арал ауданы бойынша халқының еңбекпен қамтылу құрылымы


Көрсеткіштің аты

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Экономикада қамтылғандары, барлығы соның ішінде:

14,4

14,7

14,9

15,5

Өндіріс пен құрылыс

3,1

3,1

3,2

3,3

Ауылшаруашылығы, аңшылық, орман шаруашылығы, балық аулау, балық шаруашылығы

1,0

1,2

1,4

1,5

Сонымен қатар, басқа да:

10,3

10,4

10,5

11,6

Білім

4,0

4,1

4,3

4,5

Денсаулық сақтау

2,7

2,7

2,9

3,1

Басқа салалары

3,6

3,6

3,8

4,0


Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласына 2009-2011 көрсеткіштері төмендегі кестелер арқылы сипатталады:







2009

2010

2011

Онкология

91-124,3

88-11,8

81-110,6

Наркология

112-153,0

125-170,8

1167-161,3

Сахарный диабет

75-102,4

56-76,5

61-78,5

2009-2010 жылдардағы негізгі көрсеткіштер


Көрсеткіштер

2009

2010

2011

Бекітілген халық саны

73180

74312

72346

Емхананың жоспарлы қуаты

400

400

600

Емхананың нақты қуаты

481

488

627,7

Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда

1883-25,7

1872 -25,2

1824-25,2

Өлім жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда

403-5,5

412-5,6

433-5,9

Табиғи өсім 1000 адамға шаққанда

1480-20,2

1460-19,6

1391-20,8

Сәби өлімі 1000 адамға шаққанда

53-28,1

40-21,3

40-21,8

Ана өлімі 100000 тірі туылғанға шаққанда

-

-

-

Жалпы аурушаңдық 1000 адамға шаққанда

12671-173,1

89132-1199,4

91830-2169,3

Алғашқы рет аурушаңдық 1000 адамға шаққанда

10625-145,1

56488-760,1

49818-688,4

Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 100000 адамға шаққанда

104-142,1

102-139,2

81-110,6

Туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші 100000 адамға шаққанда

10-13,6

6-8,1

7-9,5

Туберкуездің асқынған түрлерінің көрсеткіші, пайызы

2-1,9

1-0,9

-

Қатерлі ісіктің аурушаңдық көрсеткіші 100000 адамға шаққанда

91-124,3

88-118,6

102-141,3

Қатерлі ісіктің асқынған түрлерінің көрсеткіші , пайызы

14-15,3

6-8,0

14-14,1

Жынысытық жолмен таралатын жұқпалы аурулар көрсеткіші 100000 адамға шаққанда

  • Мерез

  • Соз

18-24,5


-

9-12,1


3-4,0

16-22,1


4-5,5

Алдын ала медициналық тексерумен қамту, №219 бұйрық бойынша, пайыз

95,5

96,8

96,4

Дәрігерлер саны

34

79

80

Біліктілік санаты бар дәрігерлер саны, пайызы

17-50,0

31-39,2

31-38,7

Орта буынды медицина қызметкерлер саны

75

344

368

Біліктілік санаты бар орта буынды медицина қызметкерлер саны , пайызы

28-37,3

108-31,3

173

Емханаға келіп қаралғандар саны (№039/е нысаны бойынша)

146440

411130

380254

1 дәрігерлік лауазымға шаққандағы қаралғандар саны

4307,0

5204

5,2

Қабылдауда 1 сағатта қаралған аурулар саны

5,0

5,8

5,6

Науқас бойынша қаралғандар саны (№039/е нысаны бойынша)

68972-47,0

199276-48,4

186992

Алдын ала медициналық тексерулер бойынша қаралғандар саны (№039/е нысаны бойынша)

77468-52,9

211854-51,5

193262

Үйде қаралғандар саны

1555

57810

60240

Мамандандырылған кабинеттер саны

24

24

25

Дәрігерлік қабылдаулар саны

30

30

30

Еңбекке жарамсыздық жағдайының көрсеткіші 100 адамға шаққанда

3409-29,3

4331-35,7

4561-31,6

Бірінші рет мүгедекке шығу 10000 адамға шаққанда

137-31,7

121-26,0

113-26,0

Күндізгі стационарда емделгендер саны

578

3754

4851

Күндізгі стационардағы төсек саны

20

135

220

Күндізгі стационарда орташа жату күні

10,0

7,6

7,5

Флюорографиялық тексеру көрсеткіші, пайызы

37467-93,8

34344-83,5

37351-91,4

Маммографиялық тексеру көрсеткіші, пайызы (№607 бұйрық бойынша)

1074-77,4

1375-99,6

1291-98,1

Цитология (№607 бұйрық бойынша)

2238-100

1798-102,1

1842-101,1

№607 бұйрық бойынша АГ, ИБС

92,6

5750-98,7

5695-98,5

Қақырықты бактериоскопиялық зерттеу

818/45-5,5

907/61-6,7

5070


Білім

Мектепке дейінгі білім.

Қазіргі уақытта 77 мектепке дейінгі ұйымдар (2007 жылы 10 мектепке дейінгі ұйымдар) 3496 мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде (2007 жылы 1027 бала) – аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамтуы 2010 жылы 1 қыркүйегінен 45% қамтыды, 2011 жылы 1-6 жас аралығындағы 68,2 % қамтыды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 30 % жоғары. Білім мекемелерінде 2010 жылы мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту 22 %, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5 жоғары.

Мектепке дейінгі 3-5 жастағы 3212 бала үйде тәрбиеленуде.Аудан бойынша 1202 бала мектепке дейінгі мекемеде кезекте тұр,бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1601 балаға өскен.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекеме және балабақшаға қол жеткізу қиын болып отыр,оған себеп табыс денгейінің төмен болуы. Әсіресе,елді мекендерге бұл мәселе күрделі.

Мектепке дейінгі білім мекемелерінде 366 педагог жұмыс жасауда, оның ішінде жоғары білімді 169 маман, арнаулы орта білімді 197 маман болса, жоғары санаттысы 0, бірінші санаттысы 16 және екінші санатты 67 маман қызмет атқаруда.

Орта білім.

Орта білім жүйесіндегі материалдық-техникалық , оқу әдістеме базалары әлсіз, сондықтан, қолдағы бар мәліметтерді және оқу әдістемесін жаңалау қажет.

2011 жылдың 1 қыркүйегінен ауданда 52 жалпы мемелекеттік күндізгі білім беретін мектеп жұмыс жасап, онда 14914 оқушы білім алуда, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1 мектепке көбейген және 486 оқушыға азайған.Жалпы мектептер саны 52,оның ішінде типтік ғимаратта орналасқан 21 мектеп (40,3 %),бейімделгені 31 мектеп (59,7%),14 мектеп апатты жағдайда (26,9%). Білім берудің негізгі мәселесі апат жағдайын самандық, каркастық мектептерді жою.Өткен ғасырдың 50-60 жылдары тұрғызылған мектептерді есепке алсақ, қазіргі таңда осы мектептердің тозығы жеткен, апаттық жағдайдағы осындай құрылыстар мектептердің санын көбейтіп, орта есеппен бір жылда 10-15 бірлікке жетуде. 43 мектепте асхана бар. Мектеп асханасында құрал жабдықтардың 52% тозған, 48,1 % мектепте спортзалдары жоқ.

Білім жүйесінде шағын комплекті мектептер жалпы мектептердің 34,6% (18 мектеп) құрайды.

2011-12 оқу жылында 2-ші ауысымда 6020 оқушы, 3-ші ауысымда 378 оқушы оқиды (№231, №248, №14, №265). Жоғары мамандырылған мұғалімдер, I және жоғарғы санаттылар 2011 жылы жалпы мұғалімдердің 46,3 % көрсетіп отыр, жас мамандармен толығу 1,5% құрайды. Білім саласындағы қызметкерлер арасында гендерлік теңсіздік байқалуда (мұғалімнің 80% - әйелдер). Балаларды қосымша білім берумен қамту 13,3 % құрайды.Спорттық үйірмелер 9,9 % құрап отыр.

Жалпы балалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 2011 жылы ауданда 19,47% құрап отыр, 2007 жылмен салыстырғанда жоғарылаған. Инклюзивті білім беруге бағытталған білім беру ұйымдары 2011 жылы 0,8% құрады. Педагог қызметкерлердің саны қалыпты деңгейде. Зейнетке шыққан мұғалімдердің орны жас мамандармен толықтырылуда. Аудандағы 1981 мұғалімнің 1016 толық жүктемемен жұмыс жасайды.

Педагог қызметкерлердің саны 11 бірлікке өсті, немесе 0,55%. Ауданда 2010 жылы бір мұғалім жүктемесі орташа болған.2011 жылы мұғалімдердің жүктемесін толықтыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Аудандағы 31 мектеп мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған (2005 жылы- 5 мектеп, 2006 жылы-3 мектеп, 2007 жылы – 4 мектеп, 2008 жылы -5 мектеп, 2009 жылы – 7, 2010 жылы – 4 мектеп, 2011 жылы – 3 мектеп).

Физика кабинеттерімен - 12 мектеп (16 пайызы), химия кабинеттерімен – 4 мектеп (9 пайызы), биология кабинеттерімен – 14 мектеп (31,8 пайызы) қамтамасыз етілген. 2011 жылы Арал ауданындағы жалпы 42 мектеп интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Интерактивті кабинеті бар мектептер арнайы кесте бойынша апта сайын интерактивті сабақтарға қатысып келеді. Мектептерді компьютерлендіру жыл сайын тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазір аудан мектептеріндегі 1 компьютерге 2009 жылы – 18 оқушыдан келсе, 2010 жылы – 16 оқушыдан, ал ауыл мектептерінде 1 компьютерге 15 оқушыдан келетін арақатынасқа қол жеткізілді.Мектептердің 95% -ы Интернет желісіне қосылды.

Ауданда 93 жетім бала бар, олар 0-мен 18-ге дейінгі жалпы балалардың 0,38% құрайды.Осы балалардың 93 тәрбиеге алынған, 29 бала қазақ азаматтарының патронаттық тәрбиесіне алынған. 2010 жылмен салыстырғанда жетім балалар саны 7 балаға азайған. Ауданда балалардың құқықтарын қорғау барысында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың санын азайту, қадағалаусыз және қорғансыз қалған балалардың пайызын төмендету, үйсіз жасөспірімдерге тұрғын үй беру проблемаларын шешу үшін жұмыстар жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет