БАҒдарламасы арал қаласы, 2012 ж. Арал аудандық мәслихатының



бет3/9
Дата13.06.2016
өлшемі2.43 Mb.
#131379
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мәдениет

Арал ауданы бойынша 70 мәдениет мекемесі бар, олардың ішінде: 1 аудандық мәдениет үйі, 1 қалалық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйі, 22 ауылдық клуб, 2 жылжымалы мәдени-кешен, 39 кітапхана (оның ішінде 33 кітапхана ауылдық жерде), 1 аудандық тарихи өлкетану музейі халыққа қызмет көрсетеді.

Арал ауданы бойынша мәдениет ошақтары





2008ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Арал ауданы бойынша мәдениет ошақтары

Аудандық мәдениет үйлері мен клубтар

28

29

29

30

Кітапхана

38

39

39

39

Тарихи өлкетану музейі

1

1

1

1

Барлығы




67

69

69

70

2011 жылы Арал қаласының орталығында типтік жобадағы 300 орындық Аудандық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 10,1 млн теңге, аудандық бюджеттен 11,7 млн теңге қаржы қаралып, аудандық мәдениет үйіне автобус көлігі, сахналық киімдер алынды. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 33,693 млн теңге қаржы қаралып, қалалық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қоры 554267 дана кітап қоры құрады. Кітап қоры 14880 данаға толықты, оның ішінде 10364 дана кітап ауылдық кітапханаларға толықтырылды. Мемлекеттік тілде 12152 дана, ауылдық жерге 8506 дана. Аудандық бюджеттен кітап қорын толықтыруға 727720 теңге бөлініп, оған алынған әдебиет 644 дана.
Кітапхананың негізгі көрсеткіштері





2008

2009

2010

2011

Кітап қоры

544654

546423

548946

554267

Кітап берілімі

693968

687135

693066

694278

Оқырман

33376

33413

33960

34066

Келушілер саны

249962

248074

254196

256600

Кітап оқылым

20,0

20,0

20,0

20,0

Кітап айналым

1,2

1,2

1,2

1,2

Мәдени шара

900

706

710

721


Тілдерді дамыту

Арал ауданы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатындағы барлық іс шаралар Қазақстан халқының бірлігі мен өңірлік лингвистикалық капиталды сақтауға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

Ауданда іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу 2001 жылдан бастап қолға алынды. 2009 жылы мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуі 98% болды, орыс тілі іс-қағаздарында қажеттілігіне қарай қолданылды. Аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің барлығы қазақ тілін еркін меңгерген. Аудандық статистика басқармасының 2009 жылғы мәліметі бойынша ауданда 105 өзге ұлт өкілдері тұрады.

Ауданда өткізілетін ресми іс-шаралар, жиындар, байқаулар мемлекеттік тілде өткізіледі.

Аудандағы 2 БАҚ-тың 2-уіде қазақ тілінде шығарылады. Жыл сайын «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» сайысы өткізіледі.

Білім жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану жүйесі кең өріс алуда. 2010 жылы 52 орта білім беру мекемесінің 1-уі орыс тілінде, мектеп жасына дейінгі мекемелер саны 19, оның ішінде 1-уі аралас тілде жұмыс жасайды.

Ауданда қазақ тілін меңгеру деңгейі 100 % құрайды.

Ауданда ономастикалық комиссия жұмыс жасайды. Аудан әкімдігі жанынан мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 2011 жылы аудандық бюджеттен 1,340 млн теңге қаржы бөлініп, тілдерді дамыту шаралары іске асырылды.



Дене шынықтыру және спорт

2008 жылы ауданда 57 денешынықтыру ұйымдары жұмыс жүргізеді, оның ішінде: 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 51 жалпы білім беретін мектептер, 2 кәсіптік лицей (№2 КЛ, №16 КМ), 2 әсіпорын («Аралтұз» АҚ мен КРЭК филиалы) бар. Оларда 4448 адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Оның 4192-і мектеп оқушылары (аудан бойынша барлық мектеп жасындағы балалардың 27,4 % ).

Ауданда 213 спорт объектісі есепке алынған. Оның: 24-i спорт залы, 12-і спорттық ату тирі, 50-і ыңғайластырылған спорт бөлмелері, 127-і стандартты емес ашық спорт алаңдары.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде футбол, бокс, еркін күрес, қазақ күресі, баскетбол, волейбол және таэквондо бөлімдері жұмыс істеп, онда штаттық кесте бойынша 15 жаттықтырушы еңбек етеді. 570 бала осы жеті бөлімде жаттығады. Олар үшін 2 спорт зал, 3 спорт алаңы, 1 тренажер бөлмесі, 2 душ жұмыс жасайды.

2011 жылы облыстық бюджеттен ауданға 9 әмбебап ашық спорт алаңдары салынды. Арал қаласынан 4-уі қалғаны Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері мен Шижаға, Қамыстыбас және Бөген елді мекендеріне салынып пайдалануға берілді.

2011 жыл көлемінде аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 124 спорттық іс-шара, оның 7-уі қалааралық, 8-і облыстық, 86-і аудандық, 23-і кент, ауылішілік, 22 спорттық іс-шара ауылдық жерлерде өткізілді. Бұл іс-шарларға барлығы 24410 адам қатысты, оның ішінде ардагер мен мүгедектер 266, ерлер және әйелдер 4430, 20 жасқа дейін 6958, 6-17 жасқа дейінгі 12756.

2011 жылға «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен 7152,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде спорттық іс-сапарларға бару мен спорттық жарыстар өткізуге 5465,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар 1266,0 мың теңге қаржыға аудан құрама командаларына спорттық киімдер мен спорттық құрал-жабдықтар алуға бөлініп игерілді.
Көліктік инфрақұрылым

Арал ауданының автомобиль жолының желісі 941 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолы 213 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдар жалпы ұзындығы 728 шақырымды құрады. Қазіргі таңда, 728 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 122,5 шақырымы асфальтталған, 168,5 шақырымы қиыршық тасты және 437 шақырымы топырақты жолдар.

Жол жағдайына жүргізілген соңғы зерттеулерге сәйкес аудандық маңызы бар жолдардың 116,5 шақырымы жол қалыпты жағдайда, 14 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 597,5 шақырымы - қанағаттанарлықсыз жағдайда, олар негізінен ауылдық елді мекендерге баратын қиыршық тас төселген және қара жолдар болып табылады.

Соңғы жылдары жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру көлемі біршама артып, ол автомобиль жолдары жағдайының сапалы түрде жақсаруына әсерін тигізді.

2008 жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып, осы бағыттағы автомобиль жолының Бөген елді мекеніне дейінгі (21-68 км) жалпы ұзындығы 37 шақырымды құрайтын аралығын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 353,483 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы толық игеріліп, автомобиль жолы пайдалануға берілді.

2009 жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 315649,5 мың теңге қаржы бөлініп, Арал ауданының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтатын болсақ, бөлінген қаржының 169743,2 мың теңгесіне жергілікті маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент»-«Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автомобиль жолының 0-15 шақырымдар аралығына орташа жөндеу жүргізілген болса, 116263,3 мың теңгеге жергілікті маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент»-«Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» автомобиль жолының 0-10 шақырымдар аралығына орташа жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ, 29643,0 мың теңге қаржыға жергілікті маңызы бар Арал ауданының «Қосжар елді мекеніне кіре-берісі» автомобиль жолының 0-3 шақырымдар аралығына орташа жөндеу жүргізілді. Барлық бөлінген қаржылар толығымен игерілді, жұмыстар тиісті дәрежеде атқарылды. Жоғарыда аталған нысандар бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып, аудан бойынша жалпы саны 112 адам жұмысқа тартылды.

2009 жылға аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттерден барлығы 70,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент»-«Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» (15-19, 20-25 км) автомобиль жолының 9 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына 41920,0 мың тенге, сондай-ақ жергілікті бюджеттен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және Арал қаласы көшелерінің автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге 28 200,0 мың тенге қаржы бөлініп игерілді, аталған жұмыстар толығымен орындалды.

2009 жылы Аманөткел ауылдық округіне қарасты Хан елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне салынған понтон өткелін сатып алуға 12,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Мемлекеттік «Жол картасы» аясындағы жұмыстар 2010 жылы да оңтайлы жалғасын тауып, республикалық бюджеттен тиісті көлемде қаржылар бөлінді. Атап айтсақ, Арал ауданының жергілікті маңызы бар «Қызылжар елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолының 0-9 шақырымдар аралығын орташа жөндеуге 82774,0 мың тенге бөлініп игерілсе, «Қамыстыбас елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолының 0-2 шақырымы аралығын орташа жөндеуге 21471,0 мың тенге бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Арал ауданының жергілікті маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент-Сексеуіл» автомобиль жолының 3-10,5 шақырым аралықтарын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 105730,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

2010 жылы облыстық бюджеттен Арал ауданына субвенция ретінде 30 740,0 мың теңге бөлініп, Арал қаласы көшелерінің автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы Арал ауданының жергілікті маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент-Сексеуіл» автомобиль жолының 10,5-22,8 шақырымдары аралығын, яғни ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын жол учаскесін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 165458,0 мың тенге қаржы бөлініп, 100 пайызға игерілді.

2012 жылға аталған жолдың ұзындығы 12,2 шақырымды құрайтын 22,8-35 шақырымдары аралығын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 161605,0 мың теңге қаржы қаралды.

Сондай-ақ, 2011 жылы Арал қаласы (8,7 км) және Сексеуіл кенті (5,1 км) көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 145000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сексеуіл кенті көшелерінің жалпы ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары жөнделді, бөлінген 49800,0 мың теңге қаржы 100 пайызға игерілді. Жөндеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссиясымен қабылданып пайдалануға берілді.

Ал, Қызылорда қаласындағы «Жібек Жолы Евразия» ЖШС арқылы Арал қаласының 8 көшесіндегі жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, алайда мердігер мекеме тарапынан аталған жұмыстарды жүргізу мезгілі кешіктіріліп, ауа-райының суытуына байланысты, жөнеу жұмыстарын биыл 2012 жылы жалғастыру көзделуде. Жөндеуге бөлінген 86132,426 мың теңге қаржының 81825,8 мың теңгесі, яғни 95 пайызы игерілді.

2012 жылға Арал ауданы Сексеуіл кенті көшелерінің жалпы ұзындығы 8,0 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 140000,0 мың теңге қаржа қаралды.

2011 жылға бөлінген субвенция көлемі 32892,0 мың теңгені құрады. Арал ауданының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және Арал қаласы көшелері жолдарын ағымдағы жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) құру жұмыстарына аудандық бюджеттен 36443,0 мың теңге бөлініп, Арал қаласындағы жалпы ұзындығы 10,4 шақырымға жуық жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілді. Бөлінген қаржы 100 пайызға игерілді.

Жалпы аудан көлемінде жүргізілген жол жөндеу жұмыстары облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 наурызындағы №268 шешімінде «2006-2012 жылдардағы Облыстағы және аудандағы (қалалық) маңызды автомобиль жолдарын дамыту Бағдарламасы» және «Жол картасы» аясында атқарылды.
Аудан экологиясы.

Арал ауданы экологиялық апат аймағы болып саналады.

Ауданның экологиялық жағдайы негізінен Арал теңізінің тартылуы, көрші орналасқан Байқоңыр кешені, қоршаған ортада тазалық сақталмауы, өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселесінің шешілмеуімен байланысты болып отыр.

Ауданның әуе бассейні жағдайына өндіріс, жылу энергетика, сондай-ақ жылжымалы құралдардың ластанған қоспаларды көптеп тастауына байланысты болып отыр.

Арал ауданында үлкен өндіріс орындары аса көп болмағанымен (Аралтұз АҚ, Қамқор локомотив ЖШС басқа), сарапталып отырған мерзім ішінде автокөліктер саны артқан. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы ауданда бірнеше әлеуметтік, әкімшілік, кәсіпкерлік нысандарының артуын көрсетеді. Бұл жерлерде жылжымалы және зиянды заттар шығаратын тұрақты көздер қызмет атқарады, әсіресе Арал қаласында олардың саны өте көп.
БАҚ

Арал ауданында 2 баспа бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) жұмыс жасайды. Мерзімді басылымдар бағыттарын сараптау мынаны көрсетті: олар аймақтық және аудандық ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси бағыттарды қамтиды.

Таралу аумағы бойынша жұмыс істеп тұрған газеттер 100% Арал ауданын қамтиды.

Қазіргі кезде аудан көлемінде телеарналар жүйесі бір жүйелендірілген. Олар «Қазақстан» теле арнасы, «Хабар» телеарнасы, «Еларна» телеарнасы және облыстық «Қазақстан Қызылорда» телеарнасы. Сонымен қатар, «Отау ТВ» телеантенасын құру жөнінде аудан тұрғындарына кеңінен насихаталып, осы орайда отандық арнану көруге ниет білдірген азаматтар 48 пайызды құрады.

2009 жылдың қыркүйегінен Арал ауданы әкімдігінің ресми веб-порталы жұмыс істейді .kz.
Аудандық бюджет

Арал ауданының бюджеті барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің маңызды түрде өсуімен сипатталады.

2011 жылы аудан бюджетінің көлемі 6251,6 млн.теңге болды, бұл 2007 жылғы аудан бюджетімен салыстырғанда 2,3 есе көп. Оның ішінде мақсатты трансферттер 1,1 есеге, субвенциялар 4 есеге.

2011 жылы республикалық бюджеттен түсетін трансферттер үлесі 83,9% құрады (2007 жылы-80,1%), өз кірістер үлесі 16,1%.(2007 жылы-19,8%).


2007-2011 жылдардағы аудан бюджетінің құрылымы

млн.теңге









2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1.

Өз кірістер

541,9

501,1

495,0

874,2

1000,5

2.

Мақсатты трансферттер

1099,0

872,4

1886,9

2694,0

1166,7

3.

Субвенциялар.

1091,9

2226,9

2695,2

3286

4084,4

4.

Жинағы:

2732,8

3600,4

5077,1

6854,2

6251,6

«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №599 қаулысымен бекіген жалпы мазмұндағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес нысаналы трансферттер жергілікті бюджеттер базасына қосылады. Осыған байланысты 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы мақсатты трансферттер көлемінің азайғандығы байқалады.







2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Салықтық түсімдер.

558784,6

506624,0

547112,7

859097,3

949680

Салықтық емес түсімдер.

1451,5

2313,5

2406,0

5574,1

8253

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.

5207,2

5723,2

22032,8

9381,2

42759

2007-2011 жылдардағы аудан бюджетінің өз кірістерінің түсуі

Шаруашылық жүргізу құқығындағы ірі кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық тұрақсыздығынан, әлемдік дағдарысқа байланысты және 2009 жылдың 1 қаңтарынан ҚР жаңа салықтық кодексінің енгізілуі шикізаттық емес экономика секторына салықтық салмақтың төмендеуіне орай 2008-2009 жылдары өз кірістерінің түсу қарқыны бәсеңдегені байқалады. Соңғы 4 жылда аудан бюджеті шығындарының атқарылуы 2,4 есеге өсті және 6251,6 млн.теңгені құрады.

Сарапталып отырған мерзім аралығында шығындар бөлігінің құрамын дағы көрсеткіштер қатынасында өзгерістер болды. Аудан бюджетінің әлеумет тік бағыты қаржыландыру 2010 жылы 2007 жылға қарағанда 1,7 есеге өскен.


2007-2010 жылға арналған аудан бюджеті шығындары өзгерісінің динамикасы

млн.теңге









2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

1.

Әлеуметтік сала шығындары

2194,5

2433,6

3120,9

3829,7

3561,0

2.

Барлық шығындар

2732,8

3600,4

5077,1

6745,2

6251,6

2008 жылдан бастап аудан бюджеті тұтыну шығындарын бағалауға байланысты қалыптастырылып іске асырылды, формулалық схема бойынша бюджеттік қызметті тұтынушылар санына шығындар деңгейінің әртүрлі болуына себепкер: обьективті факторларды есепке алу, демографиялық құрам, халықтың орналасу тығыздығы, климаттық жағдайлар, қолжетімдік және т.б.

2007-2011 жылдардағы Арал ауданы бойынша бюджеттік шығындар

млн. тенге




Атауы


2007 ж

2008 ж

2009 ж.

2010 жыл

2011 жыл

Сомасы


Облыс бойынша үлестік салмағы %

Сомасы

Облыс бойынша үлестік салмағы %

Сомасы

Облыс бойынша үлестік салмағы %

Сомасы

Облыс бойынша үлестік салмағы %

Сомасы

Облыс бойынша үлестік салмағы %

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Арал ауданы

2702,5

5,0

3620,3

4,5

4992,3

4,8

6745,2

6,4

6251,6

5,0

2011 жылы ағымдағы бюджет шығындары бойынша шаралар қабылданды, онда шығындарды оңтайландыру, инвестициялық жобаларды іске асыру, бастаған жаңа жобаларды аяқтау және оның іске асырылуының ұзап кетуіне жол бермеу қарастырылды. Облыстың бюджеттік саясаты өңірдің қабылдаған барлық міндеттерін толық және уақытылы іске асыру үшін қаржылық ресурстарды жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталған. Бірінші кезеңде бұл әлеуметтік міндеттер, сонымен бірге, жанама түрде облыс тұрғындарын әлеуметтік қорғауға әсер ететін іс-шаралар, оның ішінде жұмыспен қамту саласы да бар.

Сонымен, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды және шығындарды жоспарлаудағы негізгі приоритет әлеуметтік қорғау, денсаулық және білім беру болып табылады, сонымен бірге облыс экономикасының дағдарыстан кейін сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау.
Электронды әкімият базалық компоненттерін жасау және дамыту

Байланыс.

Қазіргі кезде ауылдық жерлерді жаңа технологиядағы сымсыз телефонмен қамту барысында CDMA-450 базалық станциясы арқылы аудан бойынша барлық елді мекендер толығымен телефондандырылды. Сымсыз байланыс арқылы 123 телефон нүктесі кабелдік желісі 414 телефон нүктесі орнатылды. Аудан бойынша 2011 жылы 10919 телефон нүктесі болса, қазіргі таңда 11104 телефон нүктесі бар.


  1. Арал аудандық байланыс желісін жаңартуда қазіргі таңға АТС станциялары толығымен сандық АТС-ке ауыстырылған.

  2. Кең жолақты қатынауда 736 абонентке мегалайн қызметі орнатылды.

  3. Ауылдық елді мекендер бойынша 5591 телефон нүктесін ауылдық жердің тұрғындары пайдаланып отыр.

  4. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 67 пайызы мобильдік байланыспен қамтамасыз етілген.

Мемлекет саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту

Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

Халыққа қызмет көрсету орталығының Арал аудандық бөлімінің 2011 жылы жеке және заңды тұлғалардан 71 қызметтің 42 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 39659 өтініш қабылданды

Мемлекеттік қызмет түрлері 2011 жылдың 12 айында қабылданған 39659 өтініштің бас тартылғаны 72 және кері қайтарылған 524 құжат болса, мерзімі бұзылған құжаттар саны – 342.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.01.2007 жылғы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» №1 Қаулысында көзделген мемлекеттік қызмет түрін жандандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Уәкілетті органдармен бірлескен бұйрықтар жасалып, филиал қызметкерлері іс-тәжірибеден өтті, біріккен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Жалпы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тұрғындар үшін, орталықтан шалғай тұратын азаматтар үшін қызмет көрсетуінің айқын көрінісі - бұл оңтайлы топтардың жұмыс істеуі деуге болады.

Қызметті қажет еткен азаматтар, оның ішінде мүгедектер мен басқа да мұқтаж азаматтардың өтініштерін қабылдауда оңтайлы топтың орны ерекше.

Бөлім қызметкерлерінен құрылған оңтайлы топ аудан әкімдігімен келісілген кестеге сәйкес, аудан көлеміндегі ауылдық округтерді аралап, барлығы 7027 өтініш қабылданды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Арал аудандық филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыл бойына 49 семинар-кеңестер өткізіліп, ресми басылымдар 113 түсіндірме мақалалар жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында филиал қызметкерлерінен біліктілігін арттыру мен анықтау үшін 65 сынақ алынды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары – бұл мемлекеттік органдардың азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейін дамытуға, жетілдіруге өз үлесін қосуда.
2.3 Арал ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама
Соңғы жылдардағы Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына жасалған сараптамаға сай ауданға инвестициялар салу үшін белгілі бәсекелестік артықшылықтары бар деген қорытынды жасауға болады.

Ауданда пайдалы қазбалар кен орны бар: шыны өнеркәсібі үшін жоғары саналы кварцты құмдар. Арал ауданында бірегей жоғары сапалы кварц кен орындарын негізге ала отырып (түрлі бағалау бойынша баланстың қор көлемі 7,5-20 млн. тоннаны құрайды) аймақта жоғары дамыған шыны өндірісін дамытуға болады. Осы саланы дамытқан жағдайда аудан елімізді шынымен 100% қамтамасыз ете алады. Бұдан басқа, шыны өнеркәсібі мультипликативті жер жасайды, яғни, қосымша өндіріс салалары ашылады (шыны өнімдері, изоляторлар және т.б.). Сала тиімділігін арттыру үшін кварцты құмды байытатын, байыту фабрикаларын салу керек.

Кеңінен тараған металл емес пайдалы қазбалар негізінде: кірпішті саздар, құрылыс тастары, әк және т.б. негізінде ауданда құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту пайдалы, ол осы өнімдерге деген ауданның тұтыну талаптарын қамтамасыз етеді.

Ауданның минералды және аграрлық ресурстарын игеру базасында өңдеу өнеркәсібін көтеру, АӨК өнімдерінің бәсекеге қабілетті түрлерін дамыту, тамақ өнеркәсібін, құрылыс материалдары және шыны өнімдерін шығару, сонымен бірге ауданның транзиттік потенциалын жүзеге асыру. Бұл аудан экономикасының секторға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді, жаңа жұмыс орындары ашылады және жергілікті бюджетке қосымша салықтық түсімдер түседі.

Аудандағы өндіріс құрылымында елеулі дисбаланс байқалады - өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібінен басым түсуде.

Жақын онжылдықта мұнай-газ өнеркәсібі елімізде экономикалық өсуді басты жылжытушы болып қалады. Болашақтағы аймақтың басты міндеті жетекші салалардағы дамудың индустриалдық және инновациалық импульстерін экономиканың басқа салаларына және әлеуметтік өміріне тиімді трансляциалау, жергілікті тауарлар мен қызметтерді тұтынудағы олардың ролін арттыру, халықты жұмыспен қамту мәселесі болып табылады.

Осыған байланысты мұнай және газ өндіруді көбейту үшін ауданда масштабты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа кен орындарында көмірсутекті шикізатты өндіруді бастау мүмкіндіктерін зерттеу қажет.

Өсімдік шаруашылығы дақылдарын өсіруге негізгі су ресурсының жетіспеушілігіне қарамастан ауданда мал шаруашылығын дамытуға жақсы мүмкіндіктер және перспективалар бар.

Агроөндірістік кешеннің дамуы қой және ешкі мал басын қайта қалпына келтіруге бағыттауы тиіс. Бұдан басқа, АӨК дамуы түйе шаруашылығына басты назар аударады, осы шаруашылықтан алынатын өнімдерді (жүн, шұбат және т.б) өндіруге бағытталады.

Мал шаруашылығы сапасын тиімді дамыту мақсатындағы жұмыстар:

- тұқымдық базаны дамыту, ғылыми жетекшілік жолымен және мал шаруашылығындағы ірі масштабты селекцияны іске асыру арқалы малдың және құстың генетикалық потенциялын жоғарылату;

- тұрақты жем базасын жасау, малды толық бағалы және баланс жасалған жеммен тамақтандыру,ол үшін мал азықтық егіс алқаптарын көбейту, мал азақтық тұқым себу айналымын еңгізу, жайылымдарды және шөп шабуды рационалды түрде пайдалану;

- мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлы өндірісті қалыптастыру процестерін қолдау, оны өнеркәсіптік негізге айналдыру;

- жаңасын салу және қолда бар мал өндірістерінің қуатын қазіргі технологияларға негіздей отырып өсіру.

- мал өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін жетілдіру.

Осыған байланысты, бұрын ауданда болған мал азықтық заттарды, макарон өнімдерін өндіруді қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыру дұрыс болады.

Өсімдік шаруашылығы шығыны жоғары жер өңдеу аймағында тұрғанымен, өсімдік шаруашылығындағы артықшылық суармалы жер өңдеуді қайта қалпына келтіру болып табылады.

Қазіргі уақытта, Аралдың Қазақстандық бөлігінде Сырдария өзенінің ағысын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау, «Фаза-1» жобасын жүзеге асыру аяқталды, жобаның екінші фазасын жүзеге асыру басталды.

Осы жобаны іске асыру Арал ауданында балық кластерін жасауға мүмкіндік берді, оның компоненттері төмендегідей:

- көлдер жүйесін суландыру, балық қорларын қорғау және тиімді пайдалану, балық питомниктерін

көбейту.

- өнеркәсіптік аулау және балық өнімдерін қайта өңдеу, дайын өнімді сату бөлімдерін ашу.

- шыны пластикалық қайықтар жасау.

- ғылыми потенциалды кадрларды дайындау.

Потенциалды пайдаланудағы стратегиялық міндет аудан территориясы арқылы өтетін автомобиль және теміржол жол торабтарын дамыту, тасымалдың инфраструктурасын дамыту. Алайда, ауданда бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелері бар, осы бағдарлама соларды шешуге бағытталған. Ауданның әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай отырып, жалпы мәселе, бұл материалдық –техникалық базаның әлсіздігінде екенін атап айтқан дұрыс, оны дамытуға, жетілдіруге және нығайтуға, жаңа обьектілер салуға бюджеттік қаржыландыру көлемі қысқартылған. Балалар үшін әлеуметтік-реабилитациялық мекемелер торабы дамытылмаған. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы шешілмеген мәселеге айналды.

Жыл сайын аудан тұрғындарының мәдени және ақпараттық талаптар және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық өсіп келеді. Мәдениет саласындағы индустрия баяу дамуда. Ауыл клубтарының басым бөлігі жаңадан салуды және күрделі жөндеуді қажет етеді. Кейбір ауылдарда клубтар жоқ. Ауданның коммуналдық шаруашылығындағы мәселелер шиеленісе түсуде.

Тұрғындар есебінен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлем ақы төлеу осы саладағы құрылымдық өзгерістерге жалғасып жатқан жоқ, көрсетілетін қызмет сапасы төмен, негізгі қорлар маңызды түрде жаңартылмайды. Салада ресурстарды тұтыну және баға құрудың механизмдік шығындары жалғасуда, энергиялық тиімді ресурстарды қорғаушы моделдер өте жәй еңгізілуде.

Ауданның еңбек рыногы жағдайындағы бұл мәселелердің ең бастысы: еңбек рыногындағы көп сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы, ауданның кәсіптік-техникалық мектептеріндегі материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы. Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерекше жоғары.

Болашақта жұмысшы күші тапшылығы туындайды деген болжам бар, әсіресе техникалық мамандар сұранысына байланысты. Ірі экономикалық міндеттерді шешуге және ауданда инновациялық процестерді дамытуға ғылыми потенциал толық шамада қатыспайды. Нақты өнім шығаруға экономиканың бағытталуы өте әлсіз. Аудан экономикасы құрылымдарының жоғары диверсификациялануына қарамастан өнеркәсіпте шикізат салалары басымды роль атқарады, олар аралық өнімдерді шығарады. Электроэнергетика үлесі өте жоғары, оның өнімдері шикізат және тұтыну тауарлары арасындағы аралық жағдайда.

Кіші бизнес белсенділігі жеткіліксіз, аудан экономикасын және әлеуметтік саланы дамытудағы оның үлесі өте аз. Ауданның қалаласы және елді мекендеріндегі 1000 адамға кіші кәсіпорындардың саны бойынша және жергілікті бюджеттен түсетін салық түсімдері үлесіндегі үлкен дифференциация сақталуда.

Көліктік қызметтерге, электроэнергияға, жер және үй арендасына тарифтерді өсіру жағымсыз жағдайларды туындатады. Банктердің несие ресурстарын көптеген кіші кәсіпорындар ала алмайды.

Ауданда автожолдардың қанағаттанғысыз жағдайда. Автомобиль жолдары бойынша аудан орталықтарымен байланысы жоқ ауылдық елді мекендер бар. Құрылымды кадр тапшылығы байқалады. Жоғары жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде техникалық мамандық және ауылшаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кадрлар тапшылығы байқалады. Ауданның оқу орындарында еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды жеке кәсіп бойынша дайындау жеткіліксіз немесе мүлдем жоқтығына байланысты қиындықтар бар. Негізінен бұл ауылшаруашылық мамандары.

Ауданның туризм қарымының қолайлы факторларының болуына қарамастан Арал ауданының туристік рекреациондық кешенінің бірегей мүмкіндіктері жеткілікті шамада пайдаланылмай отыр.

Туризм құралдарының материалдық базасын орналастыру және басқа инфрақұрылымдары жетілдіру мен дамытуды қажет етеді. Сыртқы және ішкі туризм әлсіз дамыған. Ақылы қызметтің жалпы көлеміндегі туристік-саяхат қызмет үлесі жоқтың қасы.

Арал ауданы экологиялық апат аймағы болып табылады. Арал өңірінде шешілмеген экологиялық қиындықтар жеткілікті: Арал теңізінің кебуі, топырақтың эррозияға ұшырауы, жердің шөлейттенуі мен азуы, судағы минералды тұздар мазмұнының жоғарылылығы, су ресурстарының ластануы және тартылуы т.б.Атмосфераға ласзаттек қалдықтары көлемінің өсуі, Арал теңізінің кебуі, автокөлік сандарының көбеюі, автокөлік жанар-жағармай сапасының төмендігі, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының, өндіріс қалдықтарын қадеге жарату шарттарының сақталмауынан орын алып отыр.

Аудан дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы оның дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуындағы шектеулер мен мүмкіндіктерді анықтайтын SWOT- талдауда көрінеді.



Күшті жақтары:

1. Ауылшаруашылығын дамытуда қолайлы-климаттық жағдай жасау;

2. Азия өңірі, Таяу және Орта Шығыс пен Еуропа мемлекеттері арасын байланыстыратын транзитті теміржол және автомобиль көлігі бағыттары үшін тиімді географиялық орналасуы;

3. Пайдалы құрылыс материалдары өндірісін, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін пайдалы қазба және минералдық ресурстар, жергілікті шикізаттық кен орындарының байлығы;

4. Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінің сансалалығының жоғары жеткілікті дәрежеде дамуы;

5. Экспорттық бағдарланған өндірістің болуы

6. Еңбек ресурстары, өнеркәсіп, құрылыс инженерлік – техникалық саласы мамандарын және т.б. көпсалалы мамандарын дайындау бойынша жоғары оқу орындарының барлығы;

7. Назар аударарлық тарихи және мәдени құндылықтардың бар болуы, флора және фауна байлығы;

8. Кіші және орта бизнес секторын дамыту;

9. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде ішкі және сыртқы нарықтың болуы;

10. Қолайлы инвестициялық климат;.

11. Өндіріліп жатқан өнімнің техникалық қауіпсіздігін реттеуді талап ету;

12. Электр энергиясына деген сұраныстың тұрақтылығы;

13. Қайта жаңғырған электр энергиясы әлеуетінің артуы;

14. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды тұрақты түрде республикалық, облыстық және аудан бюджеттерінен қаржыландыру;

15. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің артуы және жандануы;

16. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсететін түрлі қызмет орындарының жұмысын ретке келтіру;

17. Бос жұмыс орындарын жәрмеңке өткізу;



Әлсіз жақтары:

1. Халықтың әлеуметтік-маңызды ауру түрлерімен жоғары деңгейде сырқатануы;

2. Сапалы ауыз сумен аз қамтылуы: Арал ауданында – 27 (47,4% жалпы елді мекен саны).

3. Ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесін төмендету

4. Төмен деңгейлі инфрақұрылым саласы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, трактор паркі мәшинелерінің тозуы;

5. Жоғары қарқынды ана мен бала өлімі, кәсіби біліктілігі бар кадрлар және медициналық құрал-жабдықтар жетіспеушілігінен, әсіресе ауылдық жерлерде.

6. Шет қалған аймақтардың жүйелі түрде дамуының тұрақсыздығы;

7. Аудандағы энергоресурстар тапшылығы

8. Су құбырларының қанағаттанарлықсыз жағдайы, жылу тораптарының мерзімді пайдалану және капитал салымының жетіспеушілігі

9. Әлеуметтік сала көрсеткішнің төмендігі, жекелеп айтар болсақ: аурухана, балабақшалар, мектептер, спорт клубтары, санаторийлер жетіспеушілігі

10. Аграрлық сектордағы ұсақ тауар өнімдерінің басымдығы;

11. Арал қаласында бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейде болуы.

12. Туристік инфрақұрылымның дамымағандығы;

13. Жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейлілігі;

14. Жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы;

15. Монополияландыру;

16. Ескірген және тозған технологиялар;

18. Анти-бәсекелестікте келісілген әрекеттің болуы;

20. Желілік шаруашылық дамуының жеткіліксіздігі, электр беру желілерінің өткізгіштік қабілетінің шектеулігі;

22. Генерациялау жабдықтарының тозуы;

23. Капитал сыйымдылығы;

24. Электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымының жоқтығы;

27. Жастар саясатын дамыту бойынша жастардың өзінің тарапынан бастамалар деңгейінің төмендігі;

28. Жастар қоғамдық ұйымдарының арнаулы ғимараттарының жоқтығы;

29. Жастар қоғамдық ұйымдарының техникалық базаларының әлсіздігі;

30. Жастарды дайындау біліктілігі мен кәсібиліктің төмен деңгейлігі;

31. Қала және ауылдық жерде жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

Қауіп-қатер:

1. Көрші мемлекеттер мен басқа өңірлерден қуат көзі мен су жабдықтарына тәуелділіктің күшеюі;

2. Ішкі және сыртқы нарықты импорттық тауарлар пайдасына жоғалту, азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп;

3. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша заманауи қуаттылықтың жоқтығына, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгуге, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің төменгі деңгейіне байланысты экологиялық жағдайдың нашарлауы.

4. Арал теңізінің құрғауы, кәсіпорындар қалдықтары мен көлік құралдарынан атмосфераға бөлінген ластаушы заттар салдарынан эпидемиялық жағдай нашарлап, экологиялық қауіп-қатер туындауда.

5.Ауданның минералды-шикізат қорын үнемді пайдаланбағандықтан, таусылуы қауіпі туындауда.

6. Энергиятапшылығы

7. Жастардың енжарлығы

8. Бағдарламалардың жеткілікті қаржыландырылмауы, мамандар тапшылығы

9. Жастар саясаты саласында уәкілетті органның болмауы



Мүмкіндіктер:

1. Ауданның энергетикалық тәуелсіздігіне энергияның балама көздерінің (жел, күн) жаңа энергетикалық қуаттылықтарын құру жолымен көз жеткізу;

2.Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін көлік-логистикалық терминал құру

3.Кластер қалыптастыру және дамытуға жағдай жасау; құрылыс индустриясы, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу;

5.Ауданның жоғары транзиттік потенциялын, темір жол, автомобилді көліктері арқылы халықаралық көлік дәлізіне ену мүмкіндіктерін пайдалану;.

6. «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ базасында ауданның экономикалық және экологиялық қиындықтарын шешуге ықпал ететін техно парк, бизнес-инкубатор жасау жолдарымен инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту.

7. Экологиялық мәселелерді шешуде, табиғатты дұрыс қолдана білу әдістерінде, табиғи кешендерді қалпына келтіру және алдын-алуда жаңа технологияларды қолдану;

8. Туристік инфрақұрылымның дамуы, соның ішінде экотуризм саласы, зиярат және аңшылық туризмі салалары;

9.Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы ауылшаруашылығы өнімінің, құрылыс материалдарының бәсекеге қабілеттілігін артыру;

10. Өндіріс, құрылыс, ауылшаруашылығы өнімін өңдеу және көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту;

12.Электр энергиясының генерациясы саласында баға құрылымының жаңа механизмін ендіру;

13. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;

14. Жастар қоғамдық ұйымдары жайлы Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау

15. Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен бірлесе әрекет ету

16.Жас азаматтардың өмірлік мәселелерді шешуде әлеуметтік-құқықтық қорғау және жанұя институтын нығайту,

17.Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту


2.4 Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау
Мемлекеттік саясат Арал ауданының қолданысындағы аудандық бағдарламалар арқылы жүзеге асады.
2010 жылы 4 аудандық бағдарламаны жүзеге асыру аяқталды.

-Арал ауданының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы;

-Арал ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы;

-Арал ауданындағы білім беру мекемелерінің 2007-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы;

-Арал ауданының ауылдық аумақтарды дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған «Ауыл» бағдарламасы.

Аталған бағдарлама бойынша жоспарланған міндеттер мен индикаторды сараптау дәрежесі бағдарламаның орташа дәрежеде орындалғанын көрсетеді.

2011 жылы Арал ауданында 1 аудандық бағдарлама жұмыс жасауда, оның ішінде:

Арал ауданы бойынша білім мекемелеріндегі 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмыстарының кешенді бағдарламасы.

Қолданыстағы аудандық бағдарламалардың мақсаты мен міндеті ауданның 2015 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының Стратегиялық жоспарында көрсетілген мақсаттарға сай келеді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттің реттеудің қолданылыстағы саясатына талдау


Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінен қаржыландырылғаны/қаржыландыруды қажет етпейді

Орындалғаны

Қалыпты жүзеге асуы

(50 % -дан жоғары

орындалуы)


Нашар жүзеге асуы

(20-50 %


орындалу)

Орындалмағаны

(20 %-дан аз

орындалу)


Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінен Қаржылық әдісті игеру

%


1.Арал ауданы бойынша білім мекемелеріндегі 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмыстарының кешенді бағдарламасы

Барлық пункт 43

Оның ішінде: қаржыландыруды қажет етпейді 43 пункт



43 пункт

100,0% немесе 43 пункт

-------

--------

100%

Жалпы алғанда облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыруда орындалған шаралар Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағытының жағымды жақтарын сақтауға мүмкіндік берді.

Өндіріс және ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі ұлғайды, автомобиль жолдарының техникалық жағдайы жақсарды, аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді, жаңа әлеуметтік инфраструктуралық обьектілер, пайдалануға берілді, ресми түрде жұмыссыздық және тұрмысы төмен халық саны т.б азайды.

Өткен жылдар талдауы көрсеткендей, аудандық бағдарламалардың көбі 2007 жылы жұмыс жасады – 11 бағдарлама.

2008 жылдан бастап, ҚР Үкіметінің жаңа аудандық бағдарламаларды жасауға мараторий жариялағанынан бастап 2010 жылы олардың саны 5 дейін азайды.

Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес экономика саласының дамуының негізгі бағыттары және ауданның әлеуметтік өрісі Арал ауданының 2011-2015 ж. даму бағдарламасындағы жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық даму жоспарында көрсетіледі


3. АУДАН ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Арал ауданы таза экологиялық және жоғары технологиялық өнімімен агроөнеркәсіп, құрылыс кластері салалары арқылы бәсекеге қабілетті орталығына айналмақ, инфрақұрылым және транзиттік дәлізі дамыған, өмір сүру сапасы жоғары және мол мүмкіндіктерге ие өңір болмақ. Арал ауданының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы экономиканы тұрақты дамытуды қалыптастыру мен халықтың өмір сүру жағдайлары мен сапасын орта мерзімді болашақта жоғарылатумен байланысты қиындықтарды шешуге бағытталған. Бұл бағдарлама Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіндегі Қазақстан Республикасы 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарын, Мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыру инструменті болып табылады.

Арал ауданының 2011-2015 жылдардағы дамуы кординатты үш сценарилі жүйесінде қалыптасады және сыртқы-ішкі факторлардың үйлесімділігіне тәуелді.

Даму жоспары мыналар:

1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық инерциялық дамуының беталысы

2. Энергетикалық-шикізаттық (жаңа индустрияландыру жоспары), ауданның дамуға арналған инвестициялық жобалары энергетика саласында іске асады;

Алынған және көзделген табиғи ресурстар қайта өңдеу салалары, инновациялық сектор және инновациялық мүмкіндіктер

3. Инновацияланған (теңгерімділік дамуы жоспары) ауданның экономикалық артықшылығына арқау болған, табиғи-ресурстық және транзиттік әлеуеті, тұрақты түрде ауданда экспорттау бәсекелестігіне ие өнім өсіру, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, адам әлеуетін дамыту, өнім деңгейін жоғарылату, ішкі сұранысты қанағаттандыруға арналған бағыт және импортты алмастыру.

2015 ж дейінгі болашақтағы ауданның дамуы мен экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін оңтайлы жағдайлар жасауда мына бағыттар басым болып табылады:

Экономикамен әлеуметтік саланы жетілдіру үшін инновациялық техникалар жасау және енгізу.

Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін, салалардың әртараптандырылуымен ауыл халқын жұмыспен қамтуды жоғарылату мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

Ауданның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін дамыту;

Адам капиталының сапасын дамыту және жоғарылату.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет