Қазіргі уақытта қоймалардың жүктілігі 30-32% құрайды.
Азық түлік және өңдеу өнеркәсібі саласындағы басты мақсаты өңдеуші өнеркәсібінің тұрақты даму принципінде бәсекелестік қабілеттігін жоғарлатуы болады.
Осыған байланысты шығарылып жатқан өнімдердің сапасын жоғарылату және кәсіпорындардың халықаралық стандарттарына көшу бойынша жұмыс атқарылып жатыр, қазіргі уақытта ИСО мен ХАССП халықаралық стандарттарында негізделген сапа менеджмент жүйесіне. Қазіргі уақытта Астана қаласында саладағы 10 кәсіпорындар оны енгізді, СМЖ әзірлеу мен енгізуге өндіру дайындықта – «Ақ бидай Астана» ЖШС.
Қаланы көкөніс өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін 2012 жылы 15,8 мың тонналық 3 көкөніс сақтау қоймасы енгізілді, сондай-ақ, жалпы сақтау көлемі 24,0 мың тонна 3 жоба бойынша құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде, қосымша осындай 13,8 мың тонналық 3 жоба жобалануда.
Астана қаласы маңындағы тағамдық аймағын құру.
Астана халқын отандық өнім шығарушылардың сапалы және жас тағамдарды қол жетімді бағасы бойынша тұрақты қамтамасыз ету және импорттық өнімдерін ығыстыру мақсатында, тағамдық аймақтың қатысушыларын таңдауы қаладан 300 км радиусында жүзеге асырылады.
№
|
Өнімнің атауы
|
Жылына 1 адамға іс жүзіндегі тұтыну, кг
|
Жалықтың бәрі іс жүзіндегі тұтыну, тонна
|
күніне
|
айына
|
жылына
|
1
|
Нан мен на-тоқан өнімдері
|
95
|
170,2
|
5 175,7
|
62 108,7
|
2
|
Ет пен ет өнімдері
|
68
|
121,8
|
3 704,7
|
44 456,8
|
3
|
Сүт пен сүт өнімдері
|
341,7
|
612,0
|
18 616,3
|
223395,3
|
4
|
Өсімдік май
|
16,3
|
29,2
|
888,1
|
10 657
|
5
|
Қант
|
35,4
|
63,4
|
1 928,6
|
23 143,7
|
6
|
Шай мен кофе
|
1,8
|
3,2
|
98,1
|
1 176,8
|
7
|
Тағамдық тұз
|
5,8
|
10,4
|
316,0
|
3 791,9
|
8
|
Балық
|
5,9
|
10,6
|
321,4
|
3 857,3
|
9
|
Жұмыртқа
|
12,2
|
21,9
|
664,7
|
7 976,0
|
10
|
Картоп
|
152,4
|
273,0
|
8 303,0
|
99 635,5
|
11
|
Пияз
|
21,6
|
38,7
|
1 176,8
|
14 121,6
|
12
|
Қырыққабат
|
22,1
|
39,6
|
1 204,0
|
14 448,4
|
13
|
Сәбіз
|
23,9
|
42,8
|
1 302,1
|
15 625,2
|
14
|
Қияр
|
17
|
30,4
|
926,2
|
11 114,2
|
15
|
Томат
|
33,5
|
60,0
|
1 825,1
|
21 901,5
|
16
|
Алма
|
9,4
|
16,8
|
512,1
|
6 145,5
|
17
|
Қызылша
|
6,7
|
12,0
|
365,0
|
4 380,3
|
|
|
Қаланың әлеуметтік экономикалық мәртебесін және оның жыл сайынғы әл - ауқатын өсуін еске алып, сәйкес халық санының өсуін болжамдап, бұл да тағамдардың тұтынуын өсуіне келтіреді.
Аумақ ретінде Астана қаласы ерекшелігіне байланысты негізгі тағам өнімдері бөлігіндегі өз өндіруі жоқ, қалада өндірілетін тағамдарды шығару үшін шикізат сырттан әкелінеді (астанаға жақын Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан).
Елдің басқа аумақтарынан жеткізуді есепке алып Астана қаласындағы тағамдарды тұтыну мен өндіру талдаудың қорытындысы қазіргі күнде қала толығымен ұнмен, нанмен, нан-тоқаш өнімдерімен және басқа да тағамдармен қамтамасыз етілгенін куәландырады.
Қаланың тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ішкі базарларын толтыру бойынша шаралар атқарылып жатыр.
Халықты қол жетімді бағалар бойынша тағамдармен қамсыздандыру үшін Астана қаласында апта сайын Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының жеткізуші мен өндіруші қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Ветеринария. 2010 жылдың 1 қазанына Астана қаласында 2315 үй ауылшаруашылық және жануарларын идентификациялауы жүргізілді.
Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру үшін 2010 жылы жергілікті бюджеттен 14303 мың теңге қаржы бөлінді. Ауланған бақылаусыз және қаңғыбас жануарлардың жалпы саны 4517 бас болды.
Эпизоотикалыққа қарсы шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1630 мың теңге бөлінді.
Негізгі проблемалар:
шикізат сатып алу және қаланың өндеуші кәсіпорындарын жандандыру үшін айналым қаражатының жетіспеуіне байланысты ауыл шаруашылығының материалдық – техникалық базасының төмен деңгейі;
мал шаруашылығы саласы инфрақұрылымының болмауы;
көкөніс өнімдерін өңдеу бойынша жеке өндірістердің болмауы;
өнеркәсіптік өңдеуге қажетті шикізаттың жеткіліксіздігі;
жемдеу базасының төмен болуы және оған байланысты мал және құс өнімдерінің аз болуы;
сауда - логистикалық жүйенің дамымауы, жұмыс істеп жатқан компаниялар қызметінің қымбат болуы.
Шағын кәсіпкерлік
2010 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 74 718 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, олардың – 24 335 заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер – 50 383. 2008 жылдың ұқсас кезенімен салыстырғанда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны 112,5% құрады, соның ішінде заңды тұлғалардың өсу қарқыны 106,9%, жеке кәсіпкерлердің өсу қарқыны – 115,4% құрады.
2007-2009 жылдардағы шағын бизнеспен айналысатын адам саны 2% төмендеді – 106,1 адамнан 104,0 мың адамға дейін. Төмендеудің себебі дағдарысқа дейінгі кезеңде Астана қаласының бестен бір бөлігін құраған қаланың құрылыс саласындағы мәселелермен түсіндірілетін қала экономикасының жалпы төмендеуі болып саналды. Әсіресе, құрылыс саласындағы белсенді шағын кәсіпорындардың елеулі бір бөлігі 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда – 29,4%-дан 14,1%-ға дейін шамамен екі рет қысқарды.
2010-2012 жылдары белсенді субъектілер саны 36,2%-ға ұлғайды және 47,8 мың бірлікке жетті, оларда жұмыспен қамтылғандар саны 7,8 %-ға - 165,0 мың адамға дейін жетті.
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 6 қарашасындағы № 1039 қаулысына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 14 наурыздағы № 55/9-IV шешімімен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру үшін жергілікті бюджет қаражатынан 150 млн. теңге көлеміндегі қаражат бөлінді, сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп қаржыланыру көзделді. 2009 жыл қорытындылары бойынша қаражаттар игеріліп, 7 жоба толығымен қаржыландырылды.
«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ III траншы шеңберінде 22,9 млрд. теңге сомасындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру іс-шараларын өткізген, 302 қарыз алушыларға несие берілді.
Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылық қолдау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін несиелік қаражаттармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің деректері бойынша 2009 жылы екінші деңгейдегі банктармен шағын және орта бизнес субъектілеріне 47,1 млрд. теңге сомасындағы кредит берілді, 2008 жылдың ұқсас кезенімен салыстырғанда төмендеу 35,0 % құрады.
Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шегінде пайыздық ставканы субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, объектілерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша және т.б. мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді оқыту бойынша курстар жүргізіледі, бизнесті енгізу бойынша кеңестік және консалтингтік қызмет көрсетулер түрінде сервистік қолдау көрсетіледі.
Қаланың шағын бизнесіндегі негізгі мәселелер:
қолданыстағы рұқсат беру рәсімдерінің күрделі механизмі;
шағын бизнестің несие ресурстарына қол жеткізудің төмен деңгейі (несие ресурстарын ұсыну барысында банк құрылымдарының жоғары талаптары нәтижесінде);
инновациялық экономикадағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жеткіліксіз қатысуы, яғни бизнесті жүргізу барысындағы жаңа ғылыми әзірлеулер мен технологияларды нашар пайдалану және енгізу.
меншік иесі және қызметкерлерде тәжірибенің жетіспеушілігі, білікті кадрлардың тапшылығы;
сауда саласындағы шағын бизнестің тиімділігі.
Сауда, қызметтер, штаттан тыс айналым
Зерттеліп отырған кезеңдегі сауда саласы қаланың ЖӨӨ маңызды үлес қосылуын қамтамасыз етті (19,4%). 2007-2009 жылдар кезеңі ішінде қаланың бөлшекті тауар айналымы 1,5 рет өсіп, 2009 жылы 239 629,7 млн. теңгені құрады. 2010-2012 жылдар кезеңінде тауар айналымы 277,7-ден 429,1 млрд. теңгеге дейін өсті.
Азық-түлік емес тауарлары бойынша өсудің ең жоғары қарқыны байқалады, соның ішінде сауда кәсіпорындар үлесі 71,1 %, өндірістік, өндірістік емес, аралас нарықтар мен жеке кәсіпкерлер - 28,9 % құрады.
Көтерме тауар айналымы құрылымында ұқсас кезен ішінде азық-түлік тауарлары біраз артты (5,2 %-дан 6,6%-ға дейін), бірақ негізгі үлесі әдеттегідей өндірістік-техникалық бағыттағы тауарларға жатқызылды.
Жалпы 2007-2009 жылдар кезеңі ішінде көтерме тауар айналымының көлемі 4,2 % төмендеді, 2009 жылы 924 104,1 млн. теңгені құрады. 2010-2012 жылдары көтерме тауар айналымының көлемі 1108,8-ден 1637,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Қала экономикасындағы жалпы экономикалық түсім қаладағы сауданың дамуына ықпалын тигізді. 2008-2009 жылдары сауда саласындағы жалпы өнімнің шындықтағы қарқынының қысқаруы байқалынды, бұның себептері тұтынушы белсендігінің тапшылығы болып саналады: халық табысының қысқаруы салдарынан тауарлар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуі пайда болды.
Қаралып отырған кезең ішіндегі көрсетілген қызмет көлемі 16,8% асып өсті (қолданыстағы бағалар) және 2005 жылдан бастап тұрақты жоғарылап отырды. Қызмет көлемі құрылымындағы елеулі орынды жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер, сәулет саласындағы қызметтер, инженерлік іздеулер, техникалық сынаулар және талдау орын алды. Талданып отырған кезең ішінде жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер 15,7% өсті және 2009 жылы 60 339,1 млн. теңгені құрады.
Қаланың сыртқы сауда айналымы талдау өткізілген кезені ішінде 3,2 млрд. АҚШ долларына азайды, 2009 жылы экспорт үлесі - 56,4%, импорт - 43,6% құрады.
2009 жыл ішінде қаланың экспорттық өнімнің негізгі тұтынушылары алыс шет елдері болып саналады (93,5%). Импорт көлемдері бойынша ТМД елдерінің және алыс шет елдерінің үлесінің болмашы айырмашылығы анықталды (43,5 және 56,5% тиісінше).
Экспорттық өнімі құрылымына минералдық өнімдер, жер үсті, ауа құралдары, су көлігі олардың бөлшектері мен заттары, сондай-ақ өсірілетін өнімдер жатты; импорт құрылымына - машиналар, құрал-жабдықтар, көлік кұралдары, аспаптар, асыл емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар, минералдық өнімдер жатты.
Биржа саудасы. 2009 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша жасалған мәмілелер айналымы 55,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жыл деңгейінен төрт рет артады. Жасалған мәмілелер көлемі 1,7 рет артты.
Тауар биржасында сатылатын негізгі тауар бидай болып саналады, бұл жасалған барлық мәмілелердің 85,7% құрайды.
Биржа тауарларының ұйымдастырылған нарығын дамыту сататын тараптар үшін бәсеке ортаны қалыптастыру мақсатында 2010 жылы қалада «Астана» әмбебап тауар биржасы құрылды.
Биржадағы сауда-саттық келесі мәміле түрлері бойынша жүзеге асырылады:
спорт тауарлары бойынша мәмілелер - мемлекеттік сатып алу бойынша;
сату бойынша – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатып алынса;
экспорт – импорт бойынша (халықаралық іскери операциялар бойынша);
фьючерстік мәмілелер;
опциондық мәмілелер;
қойма операцияларына қатысты құқықтар мен міндеттемелер өзара берілетін мәмілелері.
Сауда, қызмет көрсету саласындағы негізгі проблемалар:
ұсынылатын сервистік қызметтер және саудалық қызмет көрсету саласында сапа деңгейі жеткіліксіздігінің жоғары болуы;
кеңінен пайдаланылатын импорт тауарлары үлесінің жоғары болуы.
Бәсекелестікті дамыту
Астана қаласындағы бәсекелестікті дамыту қаланың әлеуметтік экономикалық даму стратегиясының бөлігі болады.
2008-2010 жылдардың бөлек тауар рыногындағы бәсекелестік деңгейін талдау қала тауар рыногындағы бәсекелестік ортасы өзгерген жоқ екендігін көрсетті.
Қаланың экономикалық қызметінің соңғы нәтижесі шамалы болып жатыр – жалпы аумақтық өнім өндірудің көлемі.
Шағын және орта кәсіпкерлік дамуының талдауы шағын және белсенді орта кәсіпкерліктің шамалы санын көрсетті.
Шағын және орта бизнесті қолдауға несие ресурстары бөлінген жоқ (2009 жылдың қорытындысы бойынша).
Сол уақытта экономикада жұмыспен қамтылғанның жалпы санында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғанның ең үлкен үлесі байқалады.
Астана қаласының экспорттық потенциалы жоғары бағаланды (экспорттың өсуі).
Қызметтегі заңды тұлғалардың бірлігіне есептегенде негізгі капиталға салу жағымды динамикасы байқалады.
Бәсекелестікті дамытудың маңызды көрсеткіші үстем немесе монополиялық жағдайға ие кәсіпорындардың динамикасы болады, сонымен қатар тауар рыногының концентрациясы деңгейін бағалауы индикатор болады.
Бұған қоса жүргізілген талдаулардың қорытындысы рыноктардың жоғары үлесі жоғары шоғырлану түріне жатады, бұл бәсекелестіктің төмен деңгейін растайды.
Бұл экономикалық (өтімділіктің ұзақ мерзім кезінде маңызды қаржы салымдары) және әлеуетті бәсекелестік рыногына кіру үшін әкімшілік (рұқсат беру процедуралары) кедергілер, қызмет етіп жатқан рынок субъектілерінің рыноктың басқа субъектілеріне рынокқа кіруге әрекет стратегиясының бар болуына байланысты.
Одан басқа, қаланың шағын кәсіпкерлігі нашар диверсификациялауда, төмен инновациялық белсендігі қалғаны танылады, бұл қала рыногындағы қажетті бәсекелестік ортаны құруға қиындық туғызады.
Астана экономикасының ерекшіліктерін және анықталған салалардың әлеуметтік маңыздылығын еске алып, жергілікті атқарушы органмен рыноктардағы бәсекелестіктерді дамыту бойынша шараларды іске асыруы дұрыс және жоғары деңгейде тиімді болатын бірнеше тауар рыноктары бөлінген:
азық-түлік тауарлары;
қатты тұрмыс қалдықтары;
электр энергиясы;
фармацевтика өнімдері.
Азық-түлік тауарлар рыногы.
Осы рыноктың даму деңгейі қаланың өмір сапасына тікелей және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді. Осыған байланысты астанадағы азық-түлік тауарлардың рыногын дамытудың оңтайландыруы жергілікті билік органдарының басым бағыты болып танылады.
Азық-түлік тауарлар рыногына қызмет ететін барабар инфрақұрылымның бар болуы оның жағымды және баланстандырылған дамудың маңызды шарты болады. Олардың аралсындағы алмасуды қамтамасыз ететін жинақ салалары болуы қажет.
Астана қаласындағы азық-түлік рыногында жағымды экономикалық шарттарын құру үшін биліктің аумақтық органдары орталық мемлекеттік органдарымен бірлесіп:
нарықтың инфрақұрылымын құру үшін қаржыландыру;
сауда кәсіпорындарының құрылымын оңталандыру (сауда-қойма операцияларын механизациялауға қол жеткізетін ірі сауда дүкендерінің саны мен үлесін ұлғайту, сауда құралдарын, тоңазытқыш қондырғыларын және кассалық жабдықтарды модернизациялау);
жаңартуларды енгізу (жаңа сапалы тауарлардың келуі, оларды таратудың жаңа тәсілдерін, сұранымды ынталандырудың жаңа тәсілдерін);
маркетинг орталықтарын, жарнама агенттіктерін, тұрақты қызмет ететін жәрмеңкелер мен көрмелерді, ақпарат құралдары мен байланысты қосатын ақпараттандыру инфрақұрылымын жетілдіру;
статистикалық зерттеудің жаңа тәсілдерін енгізу (статистикалық жүйесін басқаруды жетілдіру, персоналды дайындау және есептеу құралдарын қайта жабдықтау ақпаратты тиімді сақтау, алмасу мен тарату);
осы рыноктың субъектілер қызметтерінің ерекшіліктерін еске алатын сәйкес келген инвестициялау-несие ұйымдар құрылымның бар болу шараларын әзірлейді.
ҚТҚ рыногы. Рыноктық шоғырлану индексін есептеуі қаладағы ҚТҚ жерлеу рыногы жоғары рыноктың жоғары шоғырланған түріне жататынын көрсетеді. Соынмен қатар, көрсетілген тауар рыногы монополиялық жағдайға ие болатын 100 % мемлекеттің қатысуымен құрылған субъектісімен монополияланған.
Қазіргі уақытта осы рынок оны бәселекестік ортаға беру қажеттілігі туындап жатыр, бұл үшін әкімдіктің қызметі сәйкес келген нормативтік құқықтық базасын және жағымды инвестициялық климатын жетілдіру үшін әзірлеуге және қажетті ұсыныстарын енгізуге бағытталады.
ҚТҚ шығару рыногында бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар ретінде ӘКК құрылымында ҚТҚ шығару бойынша қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорындарды құру мәселесі қарастырылып жатыр.
Электр энергиясын бөлшектеп тарату рыногы. Электрмен жабдықтау саласын талдауы осы рынок бәсекелестікті шектейтін факторларымен монополияланғанын көрсетіп жатыр:
маңызды бастапқы капиталдық салымдарында болатын экономикалық шектеулер;
электр энергиясын сатып алу шығындары, электр энергиясының залалдары мен шығындары;
электр энергия саудасының ашықтылығының болмауы;
әкімшілік кедергілер (лицензияны алу үшін мамандық талаптарын орындауға бағытталған шараларды орындаудың қиындығы);
энергия компанияларының үлкен мөлшері мен нарықтық билігі бәсекелестіктің дамуын ұстап жатыр.
Фармацевтика өнімдерінің рыногы. Осы тауар рыногының бәсекелестігінің дамуына фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуының инновациялық моделіне көшуі болады:
отандық фармацевтика өнеркәсіптің экспорттауға бағытталған деңгейіне дейін өндіріс қуаттарын технологиялық қайта жабдықтау;
Бәсекелестікті дамыту мақсатында, әлеуметтік маңыздылығын және тарифтер өсуінің қауіптілігін есепке алып, ЖЭК қызметтерінің бәсекелестік түрлерін бәсекелестік ортаға беру мәселесі қарастырылып жатыр («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 77 - бабы»).
Жергілікті атқарушы органдары құзыретті мемлекеттік органдарымен бірлесіп келесі шаралар қабылдады:
«Жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» (бәсекелестік қатынастарын дамыту үшін жағымды шарттарды жасау) субиндексін жақсартуға мүмкіндік туғызатын Әлем экономикалық форумының (ӘЭФ) Жаһандық бәсекелестікке қабілеттігі индексінің (ЖБҚИ) шегінде шараларды әзірлеу және іске асыру.
Соның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы (ӘКК) және мемлекеттік жеке серіктестігі (МЖС):
кәсіпкерлік қызметіндегі мемлекеттіктің қатысуын қысқарту;
басымдық салаларындағы тауар рыногының инфрақұрылымын дамыту;
бизнеске артықтау жүктілігін алып тастау үшін, соның ішінде рұқсат беру құжаттарын аліды жеңілдету (алып тастау) кәсіпкерлік саласындағы әзірленіп жататын нормативтік құқықтық актілерін монополияға қарсы органымен келістіру;
жаңа бизнес субъектілерін тарту мақсатында аумақтық рыноктар, тауарлардың және қызметтердің қажеттілігі туралы ақпаратты жинау, талдау және жариялау.
Сонымен қатар рыноктарға еркін кіру үшін бәсекелестік жоқ салаларда шағын және орта бизнесін несиелендіру бағдарламаларын әзірлеуі жоспарланған.
Қаланың инвестициялық тартымдығы
2007-2009 жылдары ішінде қала кәсіпорындарының негізгі капиталындағы инвестициялардың көлемі 13,2% кеміді (қолданыстағы бағаларда) және 2009 жылы 368 248,2 млн. теңгені құрады (бұл 2008 жылмен салыстарғанда 18,9% төмен), олардың 83% құрылыс-монтаж жұмыстары жатады.
Инвестициялар құрылымында экономикалық қызмет түрлері бойынша қаралған кезең ішінде құрылыс инвестицияларының елеулі үлесі төмендеді – 16 пайыздық көрсеткішке, қаржы қызметі инвестициялары – 0,3 пайыздық көрсеткішке, жылжымайтын мүлік операцияларына инвестициялар - 3,5 пайыздық көрсеткішке төмендеді. Үлестің ұлғаюы өндіріс инвестициялары бойынша – 2,0 пайыздық көрсеткішке, білім беру – 4 пайыздық көрсеткішке, сондай-ақ көлік және байланыс - 4,9 пайыздық көрсеткішке байқалынды
2007-2009 жылдары ішіндегі инвестицияларды қаржыландыру көздері бойынша өзіндік қаражаты есебінен инвестиция үлесінің күрт қысқаруы белгіленді (2007 жылы 46,4%-дан 2009 жылы 21,2% -ға дейін). Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар үлесі манызды өсті. 2009 жылы бұл Астана қаласы бойынша негізгі капиталға барлық инвестициялардың 53,9% құрады, ал 2007 жылы 37,8% жоғарыламаған еді.
Кейінгі 3 жылда инвесторлар басымдылығы көліктік қызмет көрсету және қоймалау салаларын (инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесті салмақ 2010 жылғы 22,6%-дан 2012 жылғы 40,9 % дейін өсті), ойын – сауық және демалу объектілерін (2010 жылғы 7,5 %-дан 2012 жылғы 9,2 %-ға) дамыту жағына өзгерді.
Жеке қаражаттың үлесті салмағы 50,5%-дан 54,4%-ға дейін ұлғайды.
Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 2001 жылдан бастап елорда аймағында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қызмет жасайды, оған жаңа әкімшілік –іскери орталығы мен Индустриалдық паркі кіреді.
АЭА аймағы 2009 жылы 5900,9 га құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 5,5 рет өсті (1052,6 га). Бұл кезең ішінде АЭА аумағының инженерлік инфроқұрылыммен (электр қуатымен-, сумен-, жылумен жабдықтау), сондай-ақ көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі анағұрлым артты.
Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан – аумағы 5 302,5 га құрайды, Индустриалдық парк қаланың өндірістік бөлігінде орналасқан – аумағы - 598,4 га құрайды.
АЭА дамуының оң көрсеткіштері ағымдағы кезенде Индустриалдық паркіне бизнес-құрылымдары тарапына деген ықыластың өсуімен сипатталады, бұл АЭА аумағындағы жеңілдетілген тәртіпті құру және Индустриалдық парк ауданын елорданың әкімшілік-іскерлік орталығы құрылысына инвестицияларды жеделдете тарту үшін кеңейтілу қажеттілігін туғызады.
Бүгінгі күні АЭА аумағында барлығы 257 объекті тіркелген:
80 инфрақұрылым объектісі;
68 тұрғын үй ғимараттары;
63 әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер;
30 әкімшілік ғимарат.
Индустриалдық парктың 16 өндірістік объектісі.
Олардың мемлекеттік актілерімен 163 объектісі енгізілді, 94 объектінің құрылысы жүзеге асырылуда.
АЭА аумағына тартылған инвестициялар көлемі 2002-2009 жылдары 976,5 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде жеке инвестициялар 571,7 млрд. теңгені құрады (60% игерілді), мемлекеттік инвестициялар - 444,9 млрд. теңге (80% игерілді). АЭА аумағына тартылған инвестициялардың маңызды көлемі 2006-2007 жылдары байқалынды. Инвестициялардың көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88% ұлғайды, инвестициялардың көлемі 2007 жылы 2006 жылмен салыстарғанда 14% артты. Бірақ, 2008-2009 жылдары туындаған қаржы дағдарысы салдарынан инвестициялар көлемінің төмендеуі белгіленді. 2009 жылы инвестициялардың көлемі 82,9 млрд. теңгені құрады, 2008 жылмен салыстырғанда 27% төмендеді.
2010-2012 жылдары АЭА аумағында 852,2 млрд. теңге инвестицияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |