Халықтың тұрмыс деңгейі және халықты әлеуметтік қорғау
2007 – 2009 жылдар бойынша қала халқының тұрмыс деңгейдің бөлек параметрлерін зерттеуі, қарастырылып жатқан параметрлер көрсеткіштер бойынша жақсы динамикасын айқындады. Зерттеліп жатқан мерзімде экономикалық белсенді және жұмыс басты халқының тұрақты, орташа айлық еңбек ақысының өсуі байқалады, жұмыссыздықтардың саны төмендеді.
2009 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздықтың деңгейі 6,6% құрады, бұл жалпы республикалық көрсеткішке сәйкес болады, 2007 жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға төмендеді (2007 жылда – 7,6%). 2012 жылы 2009 жылдың кезеңімен салыстырғанда 0,9 тармаққа төмендеді және 5,7 % құрады.
2009 жыл бойынша номиналды ақшалай табыстары астананың бір тұрғынына 63,4 мың теңгені құрады, және 2008 жылмен салыстырғанда 7% өсті. Күн көріс минимумының көрсеткіштен төмен табыстарын алатын халықтың үлесі 3,9% құрады. 2010-2012 жылдар бойы орташа айлық атаулы еңбекақы 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 50%-ға өсті және 148,3 мың теңгені құрады. Сонымен бірге, күнкөріс минимумынан төмен кірісі бар халықтың үлесі 1,0%-ға дейін қысқарды.
Халықтың жоғары тұрмыс деңгейін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері:
халықтың шындық ақшалай табыстарының және еңбек ақы деңгейінің қаланың әлеуметтік эономикалық дамуына мағынасыз өсуі.
Қаланың даму деңгейі халықтың әлеуметтік қорғау саласының жағдайымен анықталады. Астана – зейнеткерлерге, ҰОС қатысушылар мен мүгедектерге жататын, көпбалалы аналар, соның ішінде 18 жасқа толмаған мүгедек балалар, афгандықтар, чернобыльдіктер, сонымен қатар халықтың басқа да категориялары қалалық жолаушы көлігінде тегін жүру жеңілдіктерін пайдаланатын республикадағы жалғыз қала.
Тұрақты түрде ҰОС қатысушыларға, ҰОС мүгедектерге, оларға жататын тұлғаларға, көпбалалы аналарға, жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға, мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шегінде мүгедектердің әлеуметтік қорғау, олардың тыныс - тіршілігі мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасау үшін мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс атқарылып жатыр:
қазіргі заманғы техникалық жәрдемші (компенсаторлық) құралдарында және қозғалу құралдарында мүгедектердің қажеттілігін қанағаттандыруы;
мүгедектер үшін етене мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын енгізу;
қазіргі уақыттағы сауықтыру және медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың тапшылығын жеңу;
мүгедектерді жұмыспен қамту және мамандардың дайындығын қамтамасыз ету.
Туындаған мүгедектіктің салдарын жеңуге бағытталған медициналық және әлеуметтік сауықытырудың негізгі бағыттарының бірі санаторий курорттық сауықтыру болып табылады. 2009 жылы санаторий курорттық сауықтыруын 350 мүгедек алды.
Қаланың мүгедектері міндетті гигиеналық құралдармен, протез-ортопедия көмегімен қамтамасыз етіледі, сонымен бірге мүгедектер жаңа технологиялар бойынша жасалған протездермен, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі, есту бойынша мүгедектерге ыммен тілдесу мамандардың көмегі көрсетіледі, қозғалысқа мүмкіндігі шектелеген 1 топтағы мүгедектерге, жеке көмекшілердің қызметтері көрсетіледі. Аталған көмек түрлері 2611 мүгедекке көрсетілді.
Осыдан басқа жыл сайын Балаларды қорғау күніне және Мүгедектерді қорғау күніне барлық категориядағы мүгедектерге бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Күн көріс минимумының көрсеткіштен төмен табыстарын алатын халықтың үлесі 3,9% құрады, бұл 2007 жылдың көрсеткішінің 0,7 пайызының нүктесіне жоғарылауы, 2015 жылы 3,2% төмендеуі жоспарланады.
Коммуналдық қызметтердің және тұрғын үйді сақтау шығындары тоқсанда отбасының орташа айлық жалпы кірісінің 10% асатын отбасыларына тұрғын үй көмегі белгіленеді.
2009 жылы тұрғын үй көмегімен 2779 отбасы қамтылды, бұл 2007 жылы аталған көмекпен қамтудың 25,6% асты. Халықтың әл - ауқатының 2012 жылға өсуіне байланысты, аз қамтылған отбасылар саны айтарлықтай қысқарды, нәтижесінде тұрғын үй көмегімен 1956 отбасы қамтылды, бұл 2010 жылдың деңгейінен 30%-ға төмен.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетумен 2009 жылы 414 отбасы 32,9 млн.теңге жалпы сомасында қамтылды, алушылардың саны 2007 жылы 1573 адамға дейін, 2009 жылы 1282 адамға дейін төмендеді. Бұл блоктағы жағдай өткендегіге ұқсас, осыған байланысты, 2012 жылы жалпы сомасы 21,2 млн. теңгеге 241 отбасы қамтылды. Жалпы алушылар саны 2009 жылмен салыстырғанда 1282 адамнан 885 адамға дейін қысқарды.
Бұған жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтардың саны азаюы және халықтың табыстары ұлғаюына (минималды зейнетақы және жәрдемақы, жалақының орташа мөлшері, айлық есептеу көрсеткіші) себеп болды.
2009 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамында еңбекке қабілетті халықтың үлесі 40,3% құрады, бұл 2007 жылдың көрсеткішін 8% ұлғайды.
Осы өсім жұмыс кестесін қысқартылуына, жұмыспен қамтудың уақытша нысандарына, штаттардың қысқартылуына, жұмыс берушілердің өтініштерінің санын азаюына, халықтың бөлек топтарының жұмысқа тұруына қиындықтарына (әйелдер, жастар, этникалық репатрианттары, зейнетке шығар алдындағы тұлғалар, мүгедектер) байланысты.
2015 жылға жұмыспен қамту белсенді нысандарын (жұмысқа орналастыруына көмек көрсету, төлемді қоғам жұмыстарын ұйымдастыру, халықтың мақсаттық топтары үшін әлеуметтік орындарын құру, білім беру ұйымдарын бітірушілеріне жас тәжірибесін ұйымдастыру) қолдану жолымен осы көрсеткішті 30% дейін төмендетуі жоспарланған.
18 жасқа дейінгі балаларды мемлекеттік жәрдемақымен 2009 жылы 1741 отбасы қамтылды, оларда 3479 бала 27,1 млн.теңге жалпы сомасында, 2009 жылы алушылардың саны 2007 жылмен салыстырғанда 2,2 рет ұлғайды, бұл жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтардың құрамының өзгеру, табыстары кедейлік шекарадан жоғары, бірақ азық-түлік себетінен төмен азаматтардың ұлғаюы туралы куәландырады. 2012 жылы әлеуметтік қолдаудың осы түрімен жалпы сомасы 27,7 млн. теңгеге 1251 отбасы қамтылды, сонымен қатар, алушылар саны 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 14,1%-ға қысқарды.
Жұмыспен қамтылған халықтың құрамында жоғары білікті жұмыс күштері үлес салмағының 2007 жылы 38,5%-дан 2009 жылда 41,2%-дейін ұлғаюын байқау қажет. Өсу үрдісі дайындалған білікті кадрларында тапшылығының өсуіне (кез келген бағыттағы инженерлерде, механиктер, медициналық және педагогикалық қызметтерінде, автомобиль жолдарын құру бойынша мамандарында, тең шеберлі мамандарында, қызіргі бағдарламалау тілдерін білетін бағдарламашыларында), сонымен қатар, экономиканың кез келген салалардың дамуына, өнеркәсіптік өндірістің, телекоммуникация, көлік, қызмет көрсету саласындағы кез келген инфрақұрылымдық компаниялардың, белсенуіне байланысты.
Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында жыл сайын тартылатын шетел жұмыс күштерінің құрамында жоғары білікті мамамандардың үлесін ұлғаяды, 2007 жылда 13,5%-дан 2009 жылда 54,2%-дейін. Мамандарды тарту бойынша ұпайлық бағалау жүйесін, білімі мен жұмыс стажы бойынша нақты талаптарын енгізуі шетел жұмыс күштерін тартатын компанияларында қазақстандық мамандардың жұмысқа орналастыру кезінде мүмкіндіктерін кеңейтеді. Нәтижесінде 2012 жылы бұл көрсеткіш 63,2% деңгейінде белгіленді.
Еңбек рыногында болып жатқан жағдай жұмыссыз азаматтардың кәсіби дайындығын одан әрі дамыту және жетілдіру, даярлау және біліктігін жоғарылату қажеттілігін көрсетеді.
2009 жылы кәсіби дайындыққа, қайта даярлау мен біліктігін жетілдіруге 8482 жұмыссыз азамат жіберілді, соның ішінде Жол картасы бойынша 7710 адам, 1335 адам 2010 жылда оқуын жалғастырды, курстарды өтуден кейін жұмысқа орналастырылғанның саны 1601 адам.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы норвегиялық SYSLAB international компаниясымен бірлесіп жоғары білікті жұмыссыздықтарын шағын және орта бизнесінің негіздеріне,сонымен қатар кәсіпкерліктің ежесіне оқытуы бойынша халықаралық жоба іске асырылуда. 2010 жылдан бастап 63 жұмыссыздықтар оқудан өтті, 42 тұрақты жұмысқа орналастырылды, 3 бизнес жобасын аяқтап алдағы уақытта өз істері ашуға дайын.
Төленетін қоғам жұмыстарын ұйымдастыруы уақытша жұмыс орындарын құруын және астананың жұмыссыз азаматтарын қосалқы табыспен қамтамасыз етуін болжайды. 2009 жылда қоғам жұмыстарында 1760 адам қатысты.
209 жылда жұмысқа орналастырудысұраған азаматтардың саны 26109 адам құрады, бұл 2007 жылдың ұқсас кезеңін 3,5 рет жоғары. Тұрақты жұмыс орына 2009 жылда 10 455 адама орналастырылды. Жұмысқа орналастыру индикаторы 2007 жылда 96,8%-дан 2009 жылда 40%-дейін төмендеді. Осы көрсеткіштің төмендеуіне республика экономикасындағы дағдарыс құбылысқа, толық емес жұмыс уақытына көшкен кәсіпорындардың көбею, штаттардың қысқартылуы мен өңталандыруы, сонымен қатар бос жұмыс орындардың болмауымен түсіндіріледі.
Халықтың мақсаттық топтарынан тұлғаларыд жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылған. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты мақсаттық топтардан азаматтарды жұмыс орында, кейін тұрақты жұмыс орнына ауысумен белгілеуі болады.
2009 жылда әлеуметтік жұмыс орындарына 610 адам жіберілді, соның ішінде Жол картасы бойынша 495 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрудың минусы жұмыс берушімен мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жұмыс орындаоын құруға мүмкіндігі жоқ екндігі болады.
209 жылда еңбектік делдалдыққа 127 этникалық репатрианттар (оралмандар) келді, бұл 2007 жылда келгендердің санын 9 рет жоғары көрсеткіш. Репатрианттарды (оралмандарды) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамту деңгейі 2007 жылда 100%, 2008 жылда 61,9%, 2009 жылда – 39% құрады.
Кәсәпорындар мен ұйымдаржұмысшыларының еңбек құқытарын қорғау шегінде жұмыс берушілермен ұжымдық-еңбек шарттарын жасасу бойынша түсіндіру жұмыстыры жүргізіліп жатыр, 2009 жылда қала кәсіпорындарына 1628 ұжымдық еңбек шарттар жасалды, бұл 2007 жылда жасалған шарттардың санын 9 рет асты. Бұл еңбек шарттарын жаңа мерзімге жасаумен, және келісім шартарды жасамаған кәсіпорындарында жұмысын жүргізуімен қол жеткізілді.
Жалғыз тұратын қарттарды және мүгедектерді, сонымен қатар тұрғын үйі анықталмаған тұлғалардың әлеуметтік сауықтыруы астананың медициналық әлеуметтік мекемелері жүргізед.
Астана қаласының әлеуметтік қорғау ұйымдары бес мемлекеттік мекемелермен ұсынған: «Астана қаласының кәрілігі жеткен және мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік мекемесі», қамқорлардың саны 309 адам құрайды, «Астана қаласының балалар психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі», қамқорлардың саны – 181 адам, «Астана қаласының психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі», қамқорлардың саны 183 адам, және «Анықталған тұрғын жері жөқ тұлғалар үшін әлеуметтік адаптациялау орталығы», қамқорлардың саны – 188 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» МКҚК.
Жұмыспен қамту саясаты кедейлікті және халықтың тұрмыс жағдайын көтерудің ең ықпалы шара болып табылад. 209 жылда 17854 жұмыс орны құрылған, 10455 адам жұмысқа орналастырылды. 2009 жылдан 2012 жылдар бойы Астанада 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2012 жылы –экономиканың әр саласында 18024 орын.
Жұмыссыздықтарды әлеуметтік қорғау мақсатынад міндетті әлеуметтік сакталынуы енгізілді және атауыл әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Халықтың әлеуметтік қорғаудың негізігі мәселелер:
жұмыс күштерінің сұранымы мен ұсынысы араларындағы дисбаланс;
халықтың анықталған категорияларды жұмысқа орналастырудың қиындығы;
жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша заңнамамен белгіленген механизмнің болмағаны;
жеткілікті қамтамасыз етілмеген кейбір азаматтардың табысы туралы іс жүзіндегі деректілерін жасыру нәтижесінде болған әлеуметтк төлемдерін алу процесстерін бақылау кезінде, уәкілетті органға келгеннің шындық тұратын жерін анықтауға жол бермейтін халықтың ішкі көші-қон ағымын ашықтыққа жетімсіздік.
Жұмыс орындарын сақтау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша арнайы шараларды іске асырудың оң тәжірибесі, сондай-ақ, халықтың экономикалық белсенділігін көтеруге жаңа тәсілдер әзірлеу 2011 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді қажет етті, оған дағдарысқа қарсы әрекет, еңбек нарығын реттеу тиімділігін көтеру, оның ішінде еңбек нарығын болжамдау және мониторингілеу, аз қамтылған, жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тарту тетіктері енеді.
Есепті кезеңде Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша 627 адам жүгінді. Қатысуға 614 адам өтінім берді, 585 қатысушы әлеуметтік шарт жасасты, оның ішінде 562 жұмыссыз болып табылады, 20 – жалданған жұмыскерлер және 2 аз қамтылған қатысушы.
Еңбек қатынастарын дамыту нақты проблемалар және қиындықтар тудыруда, нәтижесінде, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылық орын алуда. Еңбекақы бойынша берешек мониторингі 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2013 жылдың 1 шілдесі жағдайы бойынша еңбек ақы бойынша жалпы берешек Астана қаласы бойынша 667 млн. теңгеге қысқарды және 22,9 млн. теңгені құрады.
Сонымен бірге, қауіпсіздік нормасын сақтамау фактілері бар, бұл өндірістік жарақат алуға әкеледі. 2010-2012 жылдары өндірісте зардап шеккендер санының талдауы алынып жатқан жарақат саны жыл сайын қысқаруда: 2010 жылғы 181 адамнан 2012 жылы 121 адамға дейін, қайтыс болғандар саны тиісінше 48-ден 36 адамға дейін төмендеді.
еңбек қатынастары саласындағы негізгі мәселелер:
еңбекқыны мерзімінде төлемеу немесе төлемеу;
өндірістегі жарақат алудың жоғары деңгейі, оның ішінде қайтыс болумен;
жұмыскермен еңбек шартын жасамау немесе салықтар бойынша шығыстарды қысқартумен минимальды еңбекақыны көрсетумен еңбек шартын жасау.»;
Мәдениетті дамыту
Елорда мәдениеті мекемелерінің желісі 2010 жылға арналған жергілікті маңызды 62 мекеме мен кәсіпорын ұсынады, соның ішінде 4 мұражай, 6 театры, 23 кітапхана, 1 концерттік ұйымы, 1 цирк, 6 жеке кинотеатры, 1 кинопрокат ұйымы, 4 жеке меншік сүрет галереясы, 7 дем алу және мәдениет саябақтары, 7 мәдениет-дем алу кәсіпорны және басқалар.
2008 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдардың желісі 4 рет ұлғайды.
Астанада 47 жылжымайтын тарихи мен мәдениет ескерткіштері бар, соның ішінде 12 археология ескерткіші, 35 қала құрылыс пен сәйулет ескерткіштері.
Саланың табыстары мен жетістіктері. Жергілікті маңызды Астана қаласының тарихи мен мәдениет ескерткіштердің мемлекеттік тізімі белгіленген. 2009 жылда қазіргі заманғы мұражайдың қорынан 23 сурет және графикалық жұмыстары қалпына келтірілген.
Қала мұражайларында есептеу құжаттамалардың және мұражай ішіндегі заттарды жылжытуды белгілеуідің электрондық рәсімдеуі енгізіліп жатыр.
2009 жылда кітапханалар мемлекеттік тапсырыс бойынша 1840 дана әдебиетін алды.
Астана халқының жаңа ақпараттандыру технологияларын пайдаланып мәдениет құндылықтарына қол жеткізуды кеңейту бойынша жұмыс жүргізуліде. Қаланың орталық кітапханада локальды желі және РАБИС жүйесі енгізілді; пайдаланушыларға қызмет көрсетудің есептеу нысандары енгізілді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде интерент жүйесіне 6 кітапхана қамтамасыз етілген. Кітапханалардың электрондық қызметін пайдаланушылардың саны – 3451 адам. ОКЖ біріккен кітапханалардық кітап қоры 638954 дана, 954 дана – электрондық таспаларда болады, бұл 0,15% құрайды. Электрондық каталогқа кітап қорының жалпы санынан 38988 дана енгізілген, бұл 6,1% құрайды. 2012 жылы мәдениеттің осы саласында Интернет желісіне қосылған кітапханалар саны 8 бірлікке дейін өсті. Сонымен қатар, қолданушылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 349 адамға өсті және 3800 адамды құрады. Кітапханалардың кітап қоры 1000 данаға толықтырылды, электронды нысандағы қор үлесі 0,15%-дан 0,24 %-ға дейін өсті.
Салада қызмет ететіндердің саны жыл сайын өсіп жатыр, және 2010 жылдың 1 қаңтарына 2651 адам құрайды, олардың санынан өнерлік құрамын 1000 адам құрайды. Олардың көпшілігінің (972 адам немесе 97,2%) жоғары немесе орташа мамандық білімі бар, бұл мәдениет мекемелердің құрамындағы жоғары кадрлық құрамын куәландырады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеушілердің саны 2635 адамға дейін ұлғайды, оның ішінде шығармашылық құрам – 1233 адам.
Мәдениет мекемелердің қызметтері. 2009 жылда астана театрлары 1442 спектакльдер көрсетілді, 15 театралды алғашқы қойылымдар жасалды, 23 хореографиялық алғақы қойылымдар мен миниатюралар болды; 1935 мұражай экскурсиялары өткізілді, 236 дәріс өткізілді, 111 жаңа көрме, 460 концерттік шаралар өткізілді, кітапханалар 1145 шаралар өткізді. 4 халықаралық және 2 республикалық фестиваль мен конкурстар өткізілід. Театрлар ұсынатын ойын – сауық қызметтерінің көлемі 2012 жылы сол деңгейінде қалды және 1142 қойылымды, 18 театрландырылған премьераны, 26 хореаграфиялық қойылымдар премьерасын және миниатюраны; 1935 мұражай саяхаттарын құрады, сонымен қатар, ұйымдастырылған көрмелер саны 992 бірлікке дейін ұлғайды, кітапханалар 1574 іс-шараны ұйымдастырды.
Мәдениет саласындағы негізгі мәселелер:
мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;
қала құрылысы және сәулет ескерткіштері қатарының қанағаттандырғысыз жағдайы;
мұражай коллекцияларын толық түрде толықтыру үшін қажетті қаржылық қаражат тапшылығы.
Тіл саясатын дамытуы
Астана қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жүелік жұмыс атқарылып жатыр. Қазақстан халқының тілдерін қолдану мен дамыту үшін шарттар жасалды.
Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдардың қзметкерлерді тегін оқыту мақсатында әкімдіктің жанында екі орталық қызмет етеді: «Руханият» ЖШС және «Зерде» Тілдерді оқыту бойынша инновациялық орталығы» ЖШС. Жыл сайын курстарда өқып жатқан қызмткерлердің саны ұлғаюда. 2007 жылда мемлекеттік тілді оқытуымен 1500 адам қамтылса, 2010 жылда осы көрсеткіш 2600 адам құрады. 2010 жылға арналған тілдерді оқыту бойынша 20 жеке меншіктегі орталық қызмет етеді. Олардың 15 мемлекеттік тілді оқытады. Осымен бірге Астана қаласының мемлееттік қызметкерлер ағылшын тілін оқыту курстарына қол жеткізеді. 2012 жылы жоғарыда аталған орталықтар саны 28 бірлікті құрады.
Мемлекеттік тілде іс жүргізуіне кезеңдік көшуі жүзеге асырылды. Талдауға сәйкес 2009 жылда мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы құжат айналымның жалпы көлемінде 98% құрады. Бірақ, қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі қолданатын еске алуы қажет, ағылшын тілін үйренуге шарттар құрылып жатыр.
Мекемелердің материалдықтехникалық базасы күшейтілген: қазақ тілі кабинеттері қызіргі заманғы құралдармен және қажетті оқу-әдістемелік әдебиетпен жабдықталған; 12 мекемеде мультимедиялық бөлімшелер орнатылды. Мәжілістерді мемлекеттік тілде жүргізу үшін синхрондық құралмен жабдықталған 8 залы бар.
Жыл сайын қазақ тілінде оқытатын бала бақша мен мектептердің саны ұлғайып жатыр. Егер 2005 жылда қазақ тілінде оқытатын 4 бала бақша мен 14 мектеп қызмет етсе, 2009 жылда бұндай бала бақшалардың саны 8-дейін, ал мектептердің саны 19-дейін өсті. 2013 жылғы 1 қаңтарда қазақ тілінде оқытатын балабақшалар саны 8 бірлікке, ал мектеп – 19 бірлікке ұлғайды.
Жалпы қазақ тілін қолдану деңгейі қалада 40% құрайды. 2012 жылы бұл көрсеткіш 77%-ға дейін ұлғайды.
Ономастика саласында да жетістіктерді байқауға болады. 1997 жылдан бастап 2009 жылдар бойы 800 көшелері жаңа атауларын алды және қайта аталған. Көшелердің жаңа атаулыры тарихи, географиялық, әлеуметтік-мәдениет шындығына байланысты.
Тұрақты түрде сыртқы жарнама мен визуалды ақпараттың мәселелері бақылауға алынған. Апта сайын жарнаманың тілдер туралы заңнаманың нормаларына сәйкес келу бойынша рейдттер жүргізіледі. Кәсіпкерліктермен түсіндіру жұмысының нәтижесінде 400-ден аса нысандар қазақ тілінде аталған.
Аумақтың лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында 11 жексенбілік мектептің қызметі қамтамасыз етілген, бұнда қалада тұратын этностардың тілдері үйренуде. Осы мектептерде 400 оқушы бар. 2012 жылы оқушылар саны 560 адамға дейін өсті.
Тіл саясаты саласындағы негізгі мәселелер:
іскерлік сөйлесу, бизнес, ғыыми саласында, сонымен бірге халыққа қызмет көрсету саласында, мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында мемлекеттік тілді қолдануының төмен деңгейі;
тілдер туралы заңнамаларының талаптарын сақтамау факторларының бар болуы;
мемлекеттік тілге оқыту бірығай әдістемесі мен стандарттардың жоқтығы.
Туризм және спортты дамыту
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдардағы өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды кеңейтуіне, бар сұранысқа барынша жақындата отыра жағдай туғызады. Мемлекетіміздің жас елордасы ретінде, қазіргі заманғы кейіпі мен инфрақұрылымды иеленген қалаға деген туындайтын бар қызығушылық туризм саласын сипаттайтын жалпы көрсеткіштермен дәлелденеді.
Бүгінгі таңда қалада 150 қонақ үй қызмет жасайды. Орналасу объектілерінің негізгі көрсеткіштеріне қатысты нөмірлердің саны 4460 бірлікті құрады, 6840 төсек орын. Олардың ішінде «люкс» дәрежесіндегі нөмірлер - 558. Қонақ үйлердің толымдылығы орташа – 28,5% құрады. Төсек орындардың тәуіліктегі орташа бағасы – 11052,3 теңгені құрады.
2013 жылға қарай елорданың туристік инфрақұрылымы 172 қонақ үйге дейін ұлғайды, сондай-ақ, нөмірлер қоры 5124 бірліктен 7162 орынға өсті.
Орналасу объектілерін санат көрсетікіші (жұлдызшалары) бойынша бөлу барысында 5 жылдызды отельдерге – 5 (Radisson SAS Astana, Rixos, Hotel Astana, Ramada Plaza Astana, Selux Otel), 4 жұлдызды отельдерге 7 қонақ үй жатады, 3 жұлдызды отельдерге – 17 қонақ үй жатады, қалған орналасу объектілері 1 және 2 санатқа бөлінеді.
2009 жылы туристік фирмалар мен қонақ үйлермен 322,1 мың туристке қызмет көрсетілді. Соның ішінде кіру туризмі 71,1 мың адамды, шығу туризмі – 17,8 мың адамды құрады. Маңызды бөлігін ішкі туризм алады – 233,2 мың адам (немее 72,4%). 2008 жылмен салыстырғанда қызмет көресітілген туристер көлемі 27, 2 % кеміді, яғни 120,6 мың адам.
Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген адамдар саны
мың адам
Туризмнің түрі
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
Кіру
|
92,4
|
75,7
|
71,1
|
Шығу
|
26,3
|
41,5
|
17,8
|
Ішкі
|
336,5
|
325,5
|
233,2
|
Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкерлер 2009 жылы 31,9 мың адамға қызмет көрсетті, соның ішінде туристік фирмалармен 28,7 мың адамға, жеке кәспкерлермен 3,2 мың адамға қызмет көрсетілді. 13,1 мың жолдама сатылды. Туристік фирмалармен сатылған жолдама бағасы – 847,4 млн. теңгені құрады.
Ұсынылған жұмыстардың жалпы көлемі (туристік фирмалар, жеке кәсіпкерлер, қонақ үйлер) – 8439,7 млн.теңгені құрады.
2012 жылдың қаңтар – желтоқсанында қызмет көрсетілген келушілер саны 637410 адамды құрады.
Туристер көбінесе іскер мақсаттармен (63,4%), демалу мақсатында (туристердің жалпы санының 31,0%) және өзге де мақсаттармен саяхат жасады.
Туристік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 15688399,5 мың теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 3888545,9 мың теңгені құрады. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шығу туризмінің туристік ағыны 78%-ға ұлғайды, бұл 55184 адамды құрайды.
Есепті кезеңде 225 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 45 жеке кәсіпкер 80780 келушіге қызмет көрсетті, ол 2011 жылдың қазан- желтоқсанынан 67,9%-ға көп.
2009-2012 жылдар қимасында салыстырмалы талдау
мың адам
Туризм түрі
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Кіру
|
71,1
|
96,5
|
120,4
|
132,4
|
Шығу
|
17,8
|
21,5
|
24,2
|
27,3
|
Ішкі
|
233,2
|
346,4
|
409,5
|
450,5
|
Ауе көлігі қызметін 16026 адам тандады, яғни жалпы қызмет көрсетілген туристердің 55,8 %, қала аралық автобустарға 38,5 %, теміржол көлігіне 5,5 %.
Өткен жылы елордаға 71101 шетел азаматтары келді. Қонақтардың маңызды бөлігін ТМД елдері алады – 31,7 % (бұл 2008 жылмен салыстарғанда 24,6 % аз). Қонақтардың ен көбі Ресейден (72,6%), Украина (11,5%), Өзбекістан (4,7%), Беларусиядан (2,4%) келеді.
ТМД басқа елдерден келген туристер (олар – 47499 адам), әсіресе Түркия азаматтары (18,4%), Кытай (14,35), АҚШ (9,7%), Германия (6,4 %), Ұлыбритания (5,8%).
Шығу туризмнің ең өнімді түрі әдеттегідей іскерлік туризм болып саналады. 68 мың адамнан астам Астананы түрлі көрмелер, конференциялар мен семинарларға қатысу үшін, яғни іс бабында келді, шығу туризмнің жалпы көлемінен 77,9% құрайды.
Көптеген саяси, экономикалық, мәдени іс-шаралардан басқа ұлтаралық, республикалық туристік және спорт шаралары, сондай-ақ Астана күнін тойлау қаладағы туризмнің дамуына зор ықпалын тигізеді. Астана ғана емес бүкіл ел тойлайтын мереке қаланың бренді болуы тиіс.
2009 жылы Астана қаласында 146 астам әлем елдерінің өкілдері қатысқан ЮНВТО Бас Асамблеясы өткізілді, бұл астана үшін айтарлықтай маңызды оқиға болып саналады. Айта кететін жай, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Саммитін (2010 жылғы 1-2 желтоқсан аралығында) және 7-ші Қысқы Азиада ойындарын өткізу көзделуде (2011 жылғы қаңтар-ақпан аралығында). Бұл іс-шараларды өткізу шығу туризмі көрсеткіштерінің арттыруына ықпалын тигізеді және болашақтағы астана имиджінің нығайтылуы мен оның жаңа халықаралық деңгейге жылжуына жол береді.
Туризм саласындағы негізгі мәселелер:
саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
туристерді тарту үрдісінде Қазақстан Республикасының туристік имиджінің тартымдылығын көтеруге бағытталған ақпараттық сүйемелдеудің төмен деңгейі;
Астананың туристік компанияларының «кіру» және «ішкі» туризм бағыттары бойынша жұмыс істеуді, Астананы туристік бағыт ретінде жылжытуды қаламаулары;
туристік кластер қатысушыларынан әрбіреуінің қызмет көрсету сапасының төмендігі.
Астана қаласында 2010 жылдарға 464 спорт құрылыстары қызмет етеді, оның ішінде 170 спорт залдары, 19 жүзу әуіті, 13 спорттық (дене шынықтыру мен денсаулық) кешендері, 1500 және артық орын бар 4 стадионы, 3 спорт сарайлары, 5 спорт манеждері, 1 шаңғы және 1 есу базасы, 21 ату тирі, 1 атыс алаңы, 1 ескіш каналы, 2 эллинг, 22 теннис корты, 45 салынған залдар, 16 хоккей корттары, 3 ипподром, 137 жазықтық спорт құрылыстары пайдалануға берілді, соның ішінде велотрек, коньки тебу стадионы, олимпиада резервінің орталығы. 2 500 оыр бар Ұлттық теннис орталығы, 30 000 орынға жабық футбол стадионы қызмет етеді.
2013 жылдың 1 қаңтарына елордада жұмыс істейтін спорт ғимараттарының саны 525 бірлікке дейін өсті, 2 500 орынға арналған «Дәулет» спорт комбинаты, 30 000 орынға арналған «Астана Арена» жабық футбол стадионы, 9 000 орынға арналған «Сарыарқа» жабық велотрегі, 8 000 орынға арналған «Алау» мұз алаңы және 1000 орынға арналған «Барыс» спорт кешені пайдалануға берілді.
Балалар-жастық спорт мектептердің тәрбиелінушілердің контингенті өсіп жатыр. 2009 жылда 7801 адам құрады (2008 жылда олардың саны 6630 құрады). 2012 жылы контингент 12267 тәрбиеленушіге дейін ұлғайды.
Астана қаласының спорт шеберлерін дайындауға бағытталған бөлінетін қаражат елдің ұлттық құрама командасымен бірге мықты қазақстан спорт шеберлерінен тәжірибесі мен шеберлігін алып оқу-жаттығуда қатысуға мүмкіндік береді. Бұл дайындық Астанадан республиканың құрамасында санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Егер 2008 жылы Ұлттық құрама команда мүшелерінің саны кез келген спорт түрлері бойынша 464 спорт шебері болса, 2009 жылда Ұлттық құрамаға түскен мүшелерінің саны 618 адмға дейін өсті, олардың ішінен 548 жызғы олимпиада және олимпияда емес түрі бойынша, ал 70 қысқы спорт түрлері бойынша.
2009 жылы Астанада 400 спортық бақаралық және сауықтыру шаралар өткізілді, бұнда 120 мың адам қамтылды (2008 жылда 360 шаралар және 98 мың адам сәйкес). 2012 жылы Астана қаласында 495-тен астам спорт – көпшілік және сауықтыру іс-шаралары өткізілді.
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда (433 бірлік) спорт нысандардың саны ұлғайды (464 бірлік).
2009 жылы «Халықаралық топтағы спорт шебері» атағын 31 спорт шеберлеріне берілді (2008 жылда - 6), Қазақстан Республикасының спорт шеберлері 77 спорт шебері болып танылды (2008 жылда - 47). 2012 жылы «Халықаралық санаттағы спорт шебері» атағы 21 спортшыға берілді, 82 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберлері атанды.
Спортты дамыту саласындағы негізгі мәселелер:
қаланың спорт мекемелерінің жеткіліксіз нығайтылған материалдық – техникалық базасы;
жаттықтырушы құрам біліктілігінің төмен деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |