Қаланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің негізгі проблемалары:
шетелдік инвесторлар тарапынан әлемдік қаржылық дағдарыс үрдісіне байланысты жоғары белсенділіктің жеткіліксіздігі;
экономика мен инфрақұрылымның жеке салаларын дамытуға бағытталған капитал салымдары көлемінің жеткіліксіздігі;
салалық инвестициялық белсенділіктің теңсіздігі;
шетелдік инвесторларды Астананың инвестициялық тартымдылығы туралы ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіздігі.
Инновациялық қызмет
2007-2009 жылдардағы қаланың өндірістік кәсіпорындарымен шығарылған инновациялық өнім көлемі 2005-2006 жылдардағы өндіріс көлемдерімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Бұл бағыт жалпы республикалық бағыттармен жалпыдай ұқсас, бірақ қаланың облыстағы инновациядағы белсенділікпен салыстырғанда бірнеше жылдар бойы елдегі орташа көрсеткіштен артта қалушылық байқалуда.
2012 жылы технологиялық инновацияларға күрделі шығыстар бойынша 1 орынға қарамастан 104,7 млрд. теңге көлеммен (91,4 млрд. теңге үлкен бөлігі технологиялық инновацияларға байланысты құралдарды сатып алуға бағытталды)» Астанада инновация саласындағы кәсіпорындар белсенділігінің төмен деңгейі байқалды, олар 7,5 %-ды құраса, республика бойынша 7,6 %-ды құрады.
Өңірлермен салыстырғанда Астана 8 орында, сонымен қатар, елордада ғылыми санаты бар (ғылым докторлары) және инновациялық қызметпен айналысатын жұмыскерлердің аздаған санаты – 186 адам.
Инновация саласындағы қызметті жүзеге іске асыратын барлық кәсіпорындар 3116,9 млн. теңгеге өнімді іске асырды (2011 жылы – 1653,0 млн. теңге), бұл өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінің 1,5% құрайды.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктің маңызды үлесін қаралып отырған бар кезеңі ішінде жаңадан енгізілген немесе соңғы үш жылдары ішінде маңызды технологиялық өзгерістерден өткен өнім қалыптастырды.
Қаланың инновациялық ортасының негізгі мәселелері:
инновациялардың экономиканың нақты секторынан алға кетуі: өткізіліп отырған қолданбалы әзірлеулердің коммерциализация және өндіріске енгізу түріндегі жалғасы жоқ.;
технологиялық жаңа енгізулерді кіргізу және оларды нарыққа шығару қазіргі кездегі механизмдерінің жоқтығы;
шағын инновациялық кәсіпкерліктің соңына дейін дамымауы;
озық технологиялар мен өндірістік жаңа енгізулерге сұраныстың ішкі төлеуге қабілетті тұлғаларға сұраныстың жоқтығы;
қала кәсіпорындарының орташа республикалық деңгейден инновациялық белсенділік деңгейі бойынша артта қалуы;
бюджет қаражатының бірнеше жылдар бойы зерттеу мен әзірлеулерге бөлінген ішкі шығындарында басым болуы.
Қазақстандық қамтуыдың дамуы
«Ұйымдар және мемлекеттік мекемелермен сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығын орындау барысында өндірушілерден тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық қамтуды дамыту іс-шаралары өткізілуде.
Астана қаласы әкімдігімен тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулары жоғарыда аталған Қаулы негізінде қазақстандық қамтуға мониторинг жасалуына жататын ұйымдар тізбесіне Астана қаласының 22 кәсіпорны енгізілді. Олардың ең ірілері: «Экотон» АҚ, «Алкон+» фирмасы» ЖШС, «Apple City Bild» ЖШС, «Апрель» ЖШС.
2009 жыл қорытындылары бойынша қаланың тауар өндірушілерімен ниет-хаттамалары (меморандумдар) жасалды - 3, 9 млрд. теңге сомасындағы 11 меморандум, соның ішінде: ұлттық компанияларымен - 3,5 млрд. теңге сомасындағы 7 меморандум, жүйе қалыптастыратын кәсіпорындармен 0,4 млрд.теңге сомасындағы 4 меморандум, сонымен қатар 4,7 млрд. теңге сомасындағы 2 контракт жасалды.
2010 жылдан бастап меморандумдар жасалған жоқ бірақ та меморандумдарды жасасу жұмысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнес субъектілерінен мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу үлесін анықтау үшін, ай сайын шағын бизнес субъектілерінен өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарына мониторинг жасалады.
Астана қаласы әкімдігінің барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындары бойынша 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде жалпы сомасы 4 113,3 млн.теңгедегі 5 660 шарт орындалды тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық қамтуны 2 557,5 млн. теңгені құрады - 62,18%.
Сонымен қатар, тауарлардың мемлекеттік сатып алуы 1 021,7 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, тауарларды сатып алудың жалпы көлемінен қазақстандық сатып алу көлемі 281,6 млн. теңгені құрайды – 27,56%.
Жұмыстарға мемлекеттік сатып алулары 1 520,6 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, соның ішінде отандық жеткізушілерден сатып алу сомасы 1 039,4 млн. теңгені құрады - 68,36%.
Көрсетілетін қызметтерге мемелекеттік сатып алулар 1 570,9 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды, қызметтерді сатып алулардың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтуы 1 236,4 млн. теңгені құрайды - 78,70 %.
2012 жылы жалпы сомасы 73 771 млн. теңгеге 25 283 шарт орындалды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді қазақстандық қамту 49 753,8 млн. теңгені құрады – 67,44 %».
Бұл ретте, тауарлар сатып алу 11 968,7 млн. теңге көлемінде, сатып алулардың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту 2 624 млн. теңгені – 21,93 % құрады. Жұмыстарды сатып алу 30 394,6 млн. теңгеге іске асырылды, оның ішінде жұмыстарды отандық жеткізушілерден сатып алулар сомасы 23 334,7 млн. теңгені – 76,77 % құрады.
Қызметтерді сатып алу 31 407,6 млн. теңге сомасында іске асырылды, қазақстандық қамту сатып алудың жалпы көлемінде 23 794,3 млн. теңгені – 75,76% құрады.
Қазақстандық қамтуы көлемдері жөніндегі ақпарат www.goszakup.gov.kz. веб-порталы арқылы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ұсынылған деректері негізінде қалыптасты. Астана қаласы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жоспарлары кәсіпкерлерге ақпарат беру жұмысы өткізілетін www.astana.kz сайтында ұсынылған.
«Самрұқ-Қазына» АҚ компания топтарының Астана қаласында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулары «Самрұқ Қазына Контракт» ЖШС 2010 жылдың 9 ай ішіндегі ақпараты бойынша 847 547,0 млн. теңге сомасындағы келісім-шарттар жасалды, қазақстандық қамтуын үлесі – 69 % құрады.
Қазақстандық қамтуы мониторингіне кіретін Астана қаласының жүйе қалыптастыратын кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алулары бойынша 2010 жылдың 9 айы қорытындыларында салып алулардың жалпы көлемі 4 014,2 млн. теңгені құрады, қазақстандық қамтуын үлесі - 65,4 %.
Соның ішінде тауарларды сатып алу көлемі 3 112,7 млн.теңге сомасына, қазақстандық қамтудың үлесі - 59,6 %, жұмыстар көлемі - 39,8 млн. теңге, қазақстандық қамтудың үлесі – 99,7 %, қызметтер көлемі - 861,6 млн. теңге сомасына, қазақстандық қамтудың үлесі – 84,7 % құрады.
2012 жылы тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша мониторинг жүргізуге жататын 3 жүйе құраушы кәсіпорын, сатып алудың жалпы көлемі 14281,2 млн. теңгені құрады, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді қазақстандық қамту 10593,8 млн. теңгені немесе 74,2 % құрады.
Бұл ретте, тауарларды сатып алу көлемі 12927,2 млн. теңге сомасына іске асырылды, қазақстандық қамту үлесі – 73,3 %; қызметтер 1342,8 млн. теңге сомасына, қазақстандық қамту үлесі – 82,1%, жұмыстар 11,1 млн. теңге сомасына немесе 100 %.
Жүйе құраушы кәсіпорындарда тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамтудың төмен көрсеткіші тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді жеткізушілердің көбінде СТ-KZ стандарты сертификатының жоқтығымен түсіндіріледі.
Астана қаласы бойынша импорт жеткізулері 2009 жылы 2 248,1 млн. АҚШ долларын құрады және 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36 % төмендеді, ал 2010 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша 1 788,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Импорттық түсімдерден басым көпшілігі машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптар мен аппараттарды шеттен әкелуі болып қалады.
Мемлекеттік органдар, ұлттық және жүйені қалыптастыратын компаниялардың сатып алудың жалпы көлеміндегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қазақстандық қамтудын ұлғайту және тауар өтімін кеңейту мақсатында шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің тізімімен Астана қаласы тауар өндірушілерінің каталогы қалыптастырылды.
Бұл Каталогта тауар өндіруші жөніндегі барлық қажет ақпарат, соның ішінде нарық қатысушылары үшін қолайлы баға, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сертификатталуы және халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті ұсынылып беріледі.
Қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілуде: Отандық тауар өндірушілердің республикалық форумдары, семинарлар, «Қазақстанның ен үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстары, жол жүретін кеңестер.
Жалпы қазақстандық қамтуын үлесін арттыру жұмысына тұрақты мониторинг жасалуда.
Мәселелер, тәуекелдер, бәсеке артықшылықтары мен мүмкіншіліктерінің кешенді сипаттамасы:
Өңірдің жүйені қалыптастыратын өндіріс кәсіпорындарының тауарларды сатып алулардағы қазақстандық қамтуын деңгейінің төмендігіне келесілер септігін тигізеді:
өндіріс кәсіпорындарға қажет тауарлардың (шикізаттың) кейбір түрлерінің жоқтығы;
кәсіпорындардың негізгі үлесін жүйені қалыптастыратын кәсіпорындарға жатпайтын шағын және орта кәсіпорындар алады, қазақстандық қамтуын даму бойынша ақиқаттағы көріністі бермейді;
өндруші секторы өнімінің төмен деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі, бұл мәселе ен алдымен кәсіпорындардың төмен технологиялық деңгейі және құрал-жабдықтардың моральді ескіруіне байланысты пайда болған;
отандық кәсіпорындары инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.
Сонымен қатар, өндіріс кәсіпорындарының маркетинг қызметтерінің төмен деңгейі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуіне ықпалын тигізеді.
Техникалық реттеу және метрология
Қазіргі кезде Астана қаласының кәсіпорындарында тауарларды өндіру және оларға қызмет көрсету барысында Техникалық регламенттер басшылыққа алынады. Қала кәсіпорындарындағы стандартизация бойынша нормативтік құжаттарды пайдалануына жасалған талдау отандық өнімге әсіресе Қазақстан Республикасының стандарттары мен мемлекетаралық стандарттарды қолданатынын көрсетті.
Бейімделу және техникалық регламенттер мен стандарттарын енгізу мәселелері бойынша мәжілістер, дөнгелек үстелдер өткізілуде.
Жыл сайын стандартизация жоспарлары әзірленіп отырады. Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізуіне мониторинг тұрақты негізде өткізілуде.
2010 жылдың басынан 10 сынау зертханалары аккредитацияланды, олар қаланың көптеген негізгі өнім түрлері бойынша сынауларды өткізуге жағдай туғызады.
2010 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша Астана қала бойынша аккредитацияланған субъектілер тізілімінде 51 сынау зертханасы тіркелді, сертификацияны растау бойынша 25 орган, 16 тексеру зертханалары, 2 калибрлеу зертханалары. Бірақ, қазіргі кезде машина жасау өнімін сынау зертханасын құру қажеттілігі бар.
Осыған байланысты, қазіргі кезде бұл қажеттілікті шешу және ТЭН әзірлеу барысында бұл зертханаларды қосу мүмкіндігі мәселелері әзірленуде, бұл болашақта осы мәселелердін шешілуіне жағдай туғызады.
Шығарып отырған өнім сапасын жақсарту мақсатында өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігігін арттыру бойынша жұмыс өткізілуде, бұл мақсаттарға өндіріс кәсіпорындарымен ИСО, OHSAS, SA, ХАССП сериядағы менеджмент жүйелерінің халықаралық стандарттарын (бұдан әрі – МЖС) енгізу насихатталуда.
ИСО, OHSAS, SA, ХАССП талаптарына әйкес менеджмент жүйелерін қаланың кәсіпорындарында енгізуіне жасалған мониторингке сәйкес 2010 жылдың 3 тоқсан қорытындылары бойынша Астана қаласының сертификатталған кәсіпорындар саны 262 бірлікті құрады. Халықаралық МЖС енгізу өндіріс саласы мен сауда және қызмет көрсету саласында да жүзеге асырылуда.
Солардың ішінде, қаладағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша - 4 ұйым, ақпараттық коммуникациялар – 9, өнім мен қызметтерді сертификаттау – 1, жеңіл өндіріс – 5, машина жасау – 9, құрылыс материалдары және құрылыс – 117, азық-түліктерінің технологиясы – 3, ағаш технологиясы – 2, теміржол техникасы – 8, мұнайды іздестіру және қайта өндеу технологиясы және шектес салалар – 4, энергетика және жылу техникасы - 3, агроөндірістік кешені -2, денсаулық сақтау -6, білім беру қызметі – 9, көлік – 2, барлық қызметтер – 73, басқа салалар – 5.
Қалада отандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға өту дайындылығын анықтау бойынша Менеджмент жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі жұмысшы тобы қызмет жасайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйақысын алуына талаптану конкурсы туралы» №194 өкіміне сәйкес және «Алтын сапа» республикалық көрме конкурсында жыл сайын сапа салысынағы өңірлік көрме конкурстары өткізіліп отырады. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары сапа саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсында қатысады.
3.2.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық жағдай.
Астанада соңғы жылдарда туған демографиялық жағдай халықтың тұрақты ұлғаюын көрсетіп жатыр, бұл табиғи өсіммен және ішкі миграциялық көшкінге байланысты. Астана қаласы халқының саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 649,5 мың адам. 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда астананың жалпы саны 75,1 мың адамға ұлғайды, бұл басты түрде ішкі және сыртқы миграция есебінде болды.
Бала туу деңгейін өсуі жалғасуда. 2009 жылда туу динамикасы 16113 бала құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3602 балаға артық. 2007 жылдан бастап халықтың жалпы өлімінің төмендеуі байқалады. 2009 жылы өлімнің коэффициенті 5,0 құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,2 рет төмен.
2009 жылы бойынша астанаға 49875 адам келді, кеткендердің саны 17967 адамды құрады (миграция қалдығы + 31908 адам). Миграцияның жақсы қалдығы ішкі миграция негізінде болды (+32194 адам). Сыртқы миграция бойынша нашар қалдығы байқалады (-286 адам).
Соңғы үш жылда көші – қон жағдайы өзгеше болды – егер 2010-2011 жылдары қала халқы санының өсуі көші – қон есебінен қамтамасыз етілсе, 2012 жылы халықтың табиғи өсуі есебінен болды. Сонымен, 2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2010 жылға 128,7 мың адамға өсумен 778,2 мың адамды құрады. Бұл ретте, көші – қон сальдосы 2010 жылғы 33808 адамнан 19 239 адамға дейін төмендеді. Сондай-ақ, халықтың табиғи өсуі 13929 адамнан 15926 дейін өсті.
Халықтың табиғи қозғалысындағы позитивті өзгерістер халықтың тууының 2010 жыл деңгейімен салыстыру бойынша 13,8 %-ға ұлғаюына әкелді, өлім коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 4,68 жағдайға дейін төмендегенін көрсетеді.
Келіп жатқан халықтың өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан елорданың негізгі демографиялық проблемасы реттелмеген көші – қон ағыны болып табылады.
Білім беру
Елорданың білім беру жүйесін 2010 жылға 247 білім беру ұйымы құрады, оларда 115 мыңнан астам бала оқытылады және тәрбиеленді. Қаланың білім беру жүйесінде 9220 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімімен – 7873 адам, яғни, 85,4 %, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 46,27% құрайды. 2010-2012 жылдар кезеңінде білім беру мекемелерінің 33 бірлікке ұлғаюы есебінен оқушылар контингенті ұлғайды және шамамен 150 мың баланы құрады, білім беру жүйесі қосымша 1922 білікті педагогтармен толықтырылды.
Астананың мектепке дейінгі желісін 104 мекеме ұсынады, бұл өзіне 56 мемлекеттік бала бақшаны, 5 «Мектеп – бала бақша» мемлекеттік кешендерін және 2 - ден 6 жасқа дейін 18,6 мың бала контингенті бар жеке меншік нысандағы 22 бала бақшаны, 1 ведомстволық бала бақша, 5 мини орталық құрайды.
Мектепке дейінгі мекемелерде 1615 педагог жұмыс істейді, соның ішінде 513 жоғары және бірінші категориясына ие болады (2007 жылы 970 педагог, соның ішінде жоғары және бірінші категориялы – 341 педагог).
Туу мен көші-қонға байланысты қаланың 0 ден 7 жасқа дейін бала халқы маңызды ұлғайды: егер 2000 жылда 27457 бала болса, ал 2009 жылда балалардың саны 76 180 құрады.
2010 жылдан бастап балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру басталды. Оны іске асырудан бастап балабақшалар саны 46 бірлікке ұлғайды (23 мемлекеттік және 23 мемлекеттік емес)», сондай-ақ, шағын орталықтар – 17 бірлікке, балаларды мектепке дейінгі қамту 62%-ды құрады.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы жылдан жылға өсуде және 2012 жылдың соңына 32 мыңға өсіп, 71 мың орынды құрады. Балабақшаларда орын кезегінің өсу тенденциясы еліміздің барлық өңірлерінде байқалады, орта есеппен жылына 5-7%-ды құрайды. Сонымен қатар, зерттеулерге сәйкес республика бойынша әрбір үшінші бала қалалық жерде бала бақшаға барса, Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 2 еседен артық.
2015 жылға дейін Қаланы дамыту бағдарламасына сәйкес бюджет есебінен 39 бірлік мектепке дейінгі мекемені салу жоспарлануда, бұл балаларды тәрбиемен қамтудың 62,8% дейін ұлғаюына мүмкіндік береді.
Жыл сайын жаңа білім беру нысандарын пайдалануға беру және жаңадан ашуына байланысты орта білім беру ұйымдардың желісі ұлғайып жатыр.
Мемлекеттік жалпы білім беру жүйесі өзіне 79 жалпы орта білім беру мектептерін құрайды. Даму мен оқуда мүмкіндіктері шектелген балалар үшін 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернат, 1 кешкі мектебі, 1 Астана қаласының балалар үйі қызмет етеді. Қалада 13 мемлекеттік емес мектеп қызмет етеді.
Жалпы білім беру мектептерінде 4693 педагог жұмыс істейді, соның ішінде 2572 жоғары және бірінші категориясына ие болады (2007 жылда 3968 педагог, соның ішінде жоғары және бірінші категориялы – 2132 педагог).
2010-2012 жылдар кезеңіндегі мектеп оқушыларының контингенті ұлғайды және 86,6 мың адамды құрады, жұмыс істейтін педагогтар саны 5609 адамды құрады, оның ішінде жоғары және бірінші санатқа 3077 мұғалім ие. Мемлекет есебінен қосымша 4 жалпы білім беру мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орта білім беру желісін 71 мемлекеттік және 12 мемлекеттік емес мектептер құрайды.
Астана қаласы бойынша апатты жағадайында болатын және көріктендіру түрлерісіз мектептер жоқ.
Білім беру сапасын жоғарылату – 12 жылдың білім беру енгізуінің маңызды міндеті. Астана мектептері соңғы нәтижеге бағытты қызмет етеді. Оқушылар жыл сайын барлық бағыттар бойынша жоғары нәтижелерді көрсетіп жатыр.
Бұқаралық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді ұйымдастыру мақсатында барлық оқыту дәрежедегі мұғалімдерін кәсіби оқытуы жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге, 12 жылдық білім беруге көшу үшін мектептің материалдық базасын толығымен жарақтандыру қажет. 12 жылдық оқытуға көшу үшін талаптарға сай мектептер үлесі қазіргі таңда 32,8%-ды құрайды.
Астана қаласының білім беру басқармасы қаланың әр бір мектеп бойынша оқушы орнының бар болуы талдау жасалды, оқыту үшін шартарды жасау мәселелер шешілуде.
Жыл сайынғы орта білім берудің жаңа объектілерінің салынуына қарамастан мектептердің артығымен толығу проблемасы және оқушылар орны тапшылығының болуы сақталады. Сонымен, 2010 жылға тапшылық 14 683 оқу орнын құрады, ал 2012 жылдың қорытындысы бойынша – 15728 орын немесе 15 орта білім беру мекемесін құрайды.
Қазіргі таңда 33 жалпы білім беру мектебінде және 1 балабақшада инклюзивті оқыту үшін жағдай жасалды, оларда 583 мүгедек бала оқиды. Бұл ретте, оқуды қалайтындарды қамту деңгейі 100%-ды құрайды. Инклюзивті білім беруді дұрыс деңгейде дамыту үшін осы салада нормативтік базаны жаңарту қажет.
Кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне 37 оқу орны құрайды: 7 ПЛ, 5 мемлекеттік, 25 жеке меншік колледжі. Оқушылардың контингетнті – 29867 оқушы: 2484 ПЛ, 27383 – колледждерде (2007 жылда ТжКБ желісі – 5 ПЛ, 22 жеке меншік колледжінен құрады). Оқушылардың контингенті 31338: 3119 – ПЛ, 28 219 – колледждерде, 9 459 мемлекеттік, 18 760 жеке меншік. 2012 жылдың қорытындысы бойынша студенттердің жалпы контингенті 30729 адамға дейін, жеке алғанда ТжКО мемлекеттік мекемелерінде 12422 адамға дейін ұлғайды.
ТжКБ ұйымдарында 1490 педагог жұмыс істейді, соның ішінде 570 жоғары және бірінші категориясына ие болады (2007 жылда 1064 педагог, соның ішінде жоғары және бірінші категориялы – 531 педагог). Оқушылар контингентінің 2012 жылы ұлғаюынан педагогтар саны 1832 оқытушыға дейін ұлғайды, оның ішінде жоғары және бірінші санатты –50,6 %.
Техникалық және кәсіби білім беру желісін кеңейту мақсатында:
800 орынға арналған кәсіби лицейін (құрылыс профиль бойынша);
800 орын бар кәсіби лицейін (байланыс пен энергияжабдықтау профильдер бойынша);
«Промышленный» ж/м ауданында 800 орын бар колледжді (аграрлық және құрылыс профильдері бойынша) салу қарастырылуында.
Кәсіби білі беруінде әлеуметтік серіктестігі дамыған. Ағымды кезеңде кәсіби лицейлер әлеуметтік серіктестіктермен 73 келісім шарт жасады (2007 жылда – 59 келісім шарт). Осы жұмыстағы оң тәжірибе 2010-2012 жылдары жалғасты, нәтижесінде, жасалған шарттар саны 100 бірлікке дейін өсті.
Білім беру басқармасы жанында «Жас директор мектебі» және «Жетекші кеңесі» қызмет көрсетуде.
Оқушылар санының және осыған сәйкес класс-толымын, мектепке дейінгі топтардың өсуімен, жаңа білім беру мекемелерін ашылуына байланысты кадрларда тапшылық туындап жатыр.
2010-2012 жылдар бойы жаңа үлгідегі барлық мектеп алдын ала кәсіби және кәсіби дайындыққа көшті, олардың мақсаты негізгі және орта мектептер оқушыларына әрі қарай білім беру бағытын анықтау болып табылады. «e-learning» электронды оқыту жобасын іске асыру 32 білім беру ұйымында басталды. Сингапур басқару менеджментінің жүйесі ойдағыдай енгізілуде. Осы жаңашылдықтың нәтижесі білім беру сапасын жақсартудың оң тенденциясы, оқу үрдісін бақылаудың қалыптасқан жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беруді дамыту жолымен мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жүйесі жетілдіруде.
Балалардың құқығын қорғау және заңды мүдделерінің жалпы жүйесін қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық кестесі қалыптастырылды, мемлекеттік құрылымдардың, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимыл тетігі әзірленді. Қалада Әкелер кеңесі құрылды, Ата – аналар қоғамы ассамблеясы жұмыс істейді, талқылаулар, конференциялар, психологиялық ойындар, семинарлар, тренингтер, отбасылық қонақ үйлер, құқықтық жалпы оқытулар, оның ішінде интерактивті режимде өткізіледі.
2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана қаласында ата – ана қамқорлығынан айрылған және жетім балалар саны 1072, олардың 496 қамқоршылыққа алынған, 82 бала патронатты отбасыларында, 67-Мамандандырылған балалар үйінде, 64-Балалар психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеде, интернат үлгісіндегі мекемелерде 363 бала тәрбиеленуде. Бұл ретте, осы мекемелерде тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің 85 % әлеуметтік жетімдер болып табылады.
Қаланың білім беру және балалар құқығын қорғау саласындағы негізгі мәселелер:
елордадағы мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы мен балалар санының көптігі (кезекте 71 мың бала немесе 38 %);
қаланың жалпы білім беру мектептерінде оқу орындарының тапшылығы (15 мыңнан астам немесе 18,2%);
12 жылдық білім беруге 100 % көшуді есепке алып, мектептердің материалдық базасын қосалқы жабдықтау қажет, 2012 жылы 32,8 % болғанда;
инклюзивті білім беру бойынша нормативтік базаның жетілдірілмеуі;
әлеуметтік жетімдік;
балаларға әлімжеттік көрсету, балалар еңбегін пайдалану орын алады;
кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, бетімен кетушілік.»;
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі маңызды өзгеріске ұшырады:
2007 жылы 4 жаңа АЕК пайдалануға берілді, осыған байланысты халықтың «бір отбасы – бір дәрігер» принципі бойынша амбулаториялық қызмет көрсетуге бөлінді, 2008 жылы 3 медициналық мекеме шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК деңгейіне өзгертілді, 2009 жылы мемлекеттік мекеме деңгейінде болған 6 ұйым мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар деңгейіне ауыстырылды.
2010 жылы «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүйесінде 34 медицина ұйымы жұмыс істеді.
2010-2012 жылдар бойы 4 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға берілді. 2013-2015 жылдары 8 объектіні пайдалану беру жоспарлануда. Жалпы қолданыстағы және пайдалануға берілетін объектілер есебімен халықты алғашқы медициналық – санитарлық көмекпен қамту шамамен 950 мың адамды құрайды.
Осымен бірге қала халқына 8 республикалық маңызды клиника қызмет көрсетеді: Ұлттық ғылыми ұлттық медициналық орталығы, Ұлттық ғылыми зерттеу травмотология мен ортопедия институты, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Ұлы Отан Соғысы мүгедектері мен ардагерлері үшін орталық клиникалық госпиталь, Республикалық ғылыми жедел жәрдем медициналық көмек көрсету орталығы, Республикалық диагностика орталығы, Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы және 5 ведомстволық медициналық ұйымдар.
Мемлекеттік медициналық ұйымдармен бірге медициналық көмекті 120 медициналық ұйым көрсетеді.
2010 жылы жалпы дәрігерлік практиканы енгізу бойынша жұмыстың бірінші кезеңі іске асырылды. Қалада ЖПД 70 учаскесі қызмет етеді. Бұндай учаскелерде қызмет көрсетілетін тұрғындардың үлес салмағы 1,5 рет ұлғайды және халықтың жалпы санынан 25,4% құрады. Аралас қабылдау 1 учаскеде орташа 2295 адам болады.
АМСК ұйымдарында стационарды ауыстыратын технологияларды одан әрі дамыту жалғасуда, оның нәтижесінде амбулаториялық-емханалық ұйымдары жанындағы ұйымдарында күндізгі стационарда емделген ауруларды саны 7,4 рет ұлғайды, бұл тәулік стационарларда орындарды тиімді пайдалануға жол берді.
Қаланың медициналық ұйымдарын жоғары технологиялық медициналық құралдарымен жабдықтауы жалғасуда. Барлық ведомстволық медициналық ұйымдарында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) енгізу мен сүймелдеу бойынша жұмыс жалғасуда және оны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспардың іске асыруы басталды.
Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға жүргізіліп жатқан медициналық ұйымдарын аккредитациялау мен ішкі аудит жүйесін енгізуі жағымды әсерін көрсетеді.
Соңғы бес жыл ішінде ана өлімі көрсеткіштердің төмендеуі байқалуда, бұл 2005 жылдың 40,5 қарсы 2009 жылы тірі туғанның 100 мыңына 30,4 құрайды.
Нәресте өлімінің көрсеткіші тірі туғанның 1000-ға 2007 жылдың 11,0 қарсы 2009 жылда бірнеше өсіп 14,08 құрайды.
Осы көрсеткіштер бойынша бекіген оң тенденция 2010-2012 жылдары да байқалады. Сонымен, өлім көрсеткіші 2012 жылы 100 мың тірі туған балаға шаққанда 4,7 құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 1,4-тармаққа (6,1) төмен. Бала өлімі де серпін бойынша төмендеді және 2012 жылы 100 мың тірі туған балаға 2010 жылғы 11,36 қарсы 10,5 құрады.
Соңғы жылдар ішінде Астанада жүрек-тамыр патологиясының деңгейі өсіп жатыр. 2009 жылдың қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесінің алғашқы аурулары 17,7% өсті және 2007 жылдың 100 мың халқына 1743,8 қарсы 2 051,7 құрады.
Аурулар құрылымында жоғары қан қысымын сипаттайтын аурулар алда, олардың саны жыл сайын өсуде.
Жаңадан пайда болған қатерлі ісікпен (ЖҚІ) ауыратындар көрсеткішінің өсуі 2005-2009 жылдар кезеңінде (2005 жылғы 179,5-тен 2009 жылғы 191,3-ке дейін) 2010-2012 жылдары төмендеумен (2010 жылғы 187,5-тен 2012 жылғы 169,4-ке дейін) ауысты.
Сонымен қатар қалада қатерлі ісік ауруларының көрсеткіші ұлғайып жатыр, бұл 2005 жылдың 179,5 қарсы 2009 жылы 191,3 құрады, республикалық орташа көрсеткішпен салыстырғанда сәйкес 100 мың халыққа 182,6 және 192,5.
Туберкулез бойынша қиын эпидемологиялық жағдайы сақталуда. Туберкулездің алғашқы ауру көрсеткіштері 2009 жылы 100 мың халыққа шаққанда 191,8 дейін төмендеуіне қарамастан, Меморандум бойынша оның мақсаттық шектеуден асуы (100 мың халлықа 100,0) байқалады және 2005 жылмен салыстырғанда өсуі, сол кезде ол 100 мың халықты 111,7 құрады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ауру коэффициенті 2005 жыл деңгейіне жетті және 100 мың халыққа шаққанда 111,7 құрады.
Тағы бір қала үшін маңызды мәселенің бірі жарақаттанушылық, қайғылы оқиға мен улану болып табылады, екінші көрсеткіш және соңғы 5 жыл ішінде 1,2 рет өсті (2005 жылда 3719,4-тен 2009 жылда 4359-дейін). Бірақ жарақат және қайғылы оқиғалар мен улану салдарынан болған өлімнің төмендеу үрдісін көрсетті және 2005 жылдың 143,9 қарсы 2009 жылда 100 мың адамға 84,18 құрады, және бұл Астанада өлімнің себептері бойынша екінші орында тұр.
Соңғы жылдарында Астанада ВИЧ-инфекциясы жағдайының өсуі байқалады. 2009 жылы бойынша ВИЧ инфекциясының 86 жағдайы тіркелген (2007 жылда – 63, 2008 жыл – 62), 100 мың халыққа көрсеткіш 13,0 құрады (2008 жыл – 9,98) бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,3 есе жоғары. 2012 жылы осы теріс серпін сақталуда – көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 13,5 құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 1,2 есеге (11,0) жоғары.
Аурулардың жоғары деңгейін анықтайтын және емделушінің өмір салтын мінездейтін нақты патология ретінде қант диабеті болады, жаңа оқиғалар күн сайын өсіп жатыр. Астана қаласы бойынша алғашқы ауру саны 2009 жылы республикадағы орта көрсеткіштерін асып 100 мың халыққа 140,8 құрады (ҚР бойынша – 148,3). 2010-2012 жылдары алғашқы ауру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 144,1-ден 157,4-ке дейін өсті.
2008 – 2009 жылдары Астана қаласында жалпыда санитарлық эпидемилогиялық жағдайының тұрақтандыруы байқалады. Оған қарамастан Астанада ауытқу өкпе қабынуы, құс тұмауы, Н1N1 тұмауларын, 71 энтеровирустық инфекциясы және басқа да инфекциялық ауруларды әкелуімен байланысты эпидемиологиялық жағдайдың қиындатуы қауіптілігі сақталуда.
Медициналық ұйымдары мен Астана қаласының СӨС қалыптастыру орталығымен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша, темекіге қарсы заңнамаларды сақтау бойынша және әлеуметті маңызды аурулардың алдын алу бойынша белсенді ақпараттық-коммуникциялық жұмыс жүргізіліп жатыр, сектораралық өзара қатынастар және бүкіл Қазақстан қоғамын салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс жөндетілген. Қаланың барлық медициналық мекемелері «Темекі түтінінен бос аумағы» деп жарияланған. АМСК қалалық ұйымдар жанындағы 6 жас денсаулық орталығы қызмет етеді, олардың негізгі қызметінің бағыттары медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық қызметтері, әлеуметті маңызды ауруларды, зиянды әдеттерді алдын алу, тәуелді тұлғаларды еңбек сауықтыру бойынша болады.
Соңғы жылдары бойынша Астана қаласының денсаулық сақтауға шығындар жан басына шаққанда маңызды ұлғайды және жыл бойынша динамикада 2006 жылы 13613 теңге, 2007 жылы – 19934 теңге, 2008 жылы – 21656 теңге және 2009 жылы – 23565 теңгені құрады (бұл 3 жыл ішінде 73%), соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілденген көлемді қаржыландыруы 2006 жылы 10486 теңгеден 2009 жылы 20143 теңгеге дейін өсті (92% өсуі). 2010-2012 жылдары 39,8 млрд. теңге бөлінді.
2009 жылдың екінші жарты жылдығынан қала стационарлары үшін емдік дәрі-дәрмектерді бірыңғай дистрибьютер жүйесін енгізілуі басталды, бірыңғай дистрибьютормен сатып алынатын дәрі дәрмектердің көлемі 2010 жылы 70% құрады, бұл 2009 жылдың дәрі-дәрмек жалпы тізілімнен 1,6% қарсы болады. Халықты дәрі-дәрмектермен қамсыздандыруын фармацевтика қызметіне лицензиялары бар 635 нысан жүзеге асырады. Денсаулық сақтау басқармасы жүргізген амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамсыздандыруды талдау бойынша бұйрыққа сәйкес қамсыздандыруы 50-60% аспайтынын көрсетті.
Медициналық ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін негізгі бөлімі маман кадрлар болады. 2005 жылдан бастап қаланың денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлердің саны 1,6 рет ұлғайды. 2009 жылдың соңына қалалық денсаулық сақтауда 9085 медициналық қызметкер болды, соның ішінде: дәрігерлер – 4059, орта медициналық қызметкерлер – 5026. Дәрігерлермен қамсыздандыру көрсеткіші - 27 % ұлғайды (10 мың халыққа - 2005 – 54,3-тен 2009 жылда 73,5). Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдардың дәрігерлермен толықтыруы 89,4% құрайды, ал орта медициналық персоналмен – 80,4%. 2010-2012 жылдары дәрігерлер саны 1,6 есеге ұлғайды, 2012 жылдың соңына денсаулық сақтау ұйымдарында 7598 медицина қызметкерлері есепке алынды. 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 5,8%-ға (10 мың адамға шаққанда 31,5-тен 37,35-ке дейін) және медбикелермен – 14,94 % (10 мың адамға шаққанда 48,7-ден 63,63-ке дейін) өсті. Сонымен қатар, жаңа объектілерді енгізуге байланысты, денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарын жинақтау 2009 жылдың деңгейінде – 89,6 % сақталынды. Алайда орта медициналық персоналмен жинақтау 91,3 %-ға дейін өсті.
Елімізді орнықты әлеуметтік – демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту мәселелері 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму стратегиясын және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауын (бұдан әрі - Жолдау) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулығын сақтауды дамытуды 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделеді.
Кейбір денсаулық сақтау саласындағы жағдайларды жақсартумен қатар, өңірлік, сондай-ақ, жалпы республикалық маңызды проблемалар қатары бар.
Жалақының төмен деңгейі, медициналық қызметкерлердің кетуінің жоғарылығы, соның ішінде олардың енгізілген республикалық кластеріне кетуі қазіргі уақытта қалалық медициналық ұйымдардағы медициналық кадрлардың жетіспеушіліктің негізгі себебі болып тұр.
Жаңа денсаулық нысандарын қолданысқа беруі, астана халқының өсуі және медициналық қызметтеріне сұраныстың өсуі маман медициналық кадрлардың тапшалығының ұлғаюына әкеліп соқты.
Еңбек ақысына дифференциалды тәсілдің болмауы проблемасы, білікті кадрлар тапшылығы еліміздің өңірлерінде байқалады және халықты медициналық қызметтермен қамтамасыз етудің қиындығына әкеледі.
«Өркениет ауруларының» деңгейін және қауіп факторлардың бұдан әрі жоғарлауы кардиологтар, аллергологтар, эндокриногтар, онкогематологтар және т.б. тар шеңберлі мамандарларына тапшылықтың өсуіне келтіреді, бұл сонымен қатар қазіргі болған медициналық қызметкерлердің әлеуметтік қорғанудың жеткісіз және маман кадрлардың тапшылығы кезінде медициналық ұйымдардағы кадрлық тапшылығын тереңдетеді.
Сонымен қатар, соңғы жылдары халық денсаулығын қорғау саласында азаматтардың өз денсаулықтарына әлеуметтік жауапкершілігін енгізу қажеттілігі туындады. Жолдауда салауатты өмір салты және адамның өз денсаулығына жауапкершілігі принципі денсаулық сақтау саласындағы және күнделікті өмірдегі мемлекеттік саясаттың бастысы болып табылуы қажет, ол үшін өз денсаулығын сақтау бойынша әр азаматтың жауапкершілігінің іс-қимыл тетігін әзірлеу қажет.
Қаланың денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалар:
амбулаторлық-емханалық ұйымдардың толуы және жеткіліксіз саны;
медицина кадрларының жеткіліксіздігі және біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі (2012 жылдың нәтижесі бойынша денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарын медицина кадрларымен жинақтау 89,6% құрады);
халықтың әлеуметтік маңызды аурулармен ауыруының жоғары деңгейі (2012 жылы 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,8 % өсті);
жол - көлік оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмектің қажетті көлемінің толықсыздығы және мерзімінде көрсетілмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |