Бағдарламасы Астана қаласы, 2010 жыл мазмұны кіріспе 4



бет7/14
Дата04.03.2016
өлшемі1.17 Mb.
#37769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Ішкі саясат

Этникааралық және ұлтаралық келісімді күшейту бойынша Астана қаласы әкімдігінің басты мақсаты ретінде ұлт бірлігін қамтамасыз ету, қоғам бірлігі мен саясат тұрақтылығы демократиялық принциптерін өмірде іске асыруы, азаматтық отаншылығын тәрбиелеу бойынша мемлекеттк саясатын жүргізуі болады.

Осы мақсаттарда үнемі тақырыптық әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі, халықтың кез келген категорияларының идеологиялық және өте қажетті сауалдары зерттеледі, қаланың өмір әрекетінің мәселелі көріністері айқындалады және т.б. Жалпы ретінде 14 әлеуметтік зертеулер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы, Елдің даму стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын нақтылайтын және ашатын құжат ретінде кеңейтілген таныстыру бойынша жұмыс күшейтілген.

Реформа бағыттарын және мемлекеттік саясатын насихаттау мен түсіндіруі басқармамен ақпараттық-насихаттау топтары арқылы (АНТ) жүзеге асырылады. Бүгінгі күнде Астана қаласында 14 АНТ және 93 коммуникатор қызмет етеді.

Олардың келіслген қызметі халықты кең қамтуын қамтамасыз етеді. Шаралар әзірленген жоспарлар мен кестесіне сәйкес: жұмыс орны, оқу орны, тұратын жер бойынша жүргізіледі.

Қоғаммен өзара қатына механизм ретінде АНТ қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатында олардың әдістемелік жұмысына және оқыту семинарларын өткізуге тұрақты назар бөлінеді.

2010 жылда Жолдау бойынша 10 мың дана санында брошюралар шығарылды және таратылды. 508 дәріс, баяндама, кездесулер, «дөңгелек үстелдер» және басқа халықпен жұмыс нысандары өткізілді. Барлығымен Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша 37795 адам қамтылды.

2010-2012 жылдар кезеңінде Әкімдік 118 коммуникатор құрамында 15 ақпараттық – насихаттау тобын құрды.

2010 жылға қалада 300-ден астам үкіметтік емес ұйым есептелді, оның 80 мемлекеттік органдармен белсенді түрде жұмыс жасайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына 300 үкіметтік емес ұйымның 241 жұмыс істейді, аса белсендісі – 60.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдары мен ЖЗҚ араларында негізгі қызмет бағыттарында: денсаулық сақтау, экология, жас, гендерлік саясаты, ғылыми, адам құқығын сақтау, мүгедектерге қолдау көрсету, мәдениет пен өнер, қамқоршылық, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша сенімді қарым-қатынастарды орнату бойынша үнемі кездесулер өткізуін практикасы негізілген.

Қаланың ҮЕҰ мәселелерін шешу мақсатында үнемі түрде Астана қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ бірге ынтымақтастық пен өзара-қатынастар бойынша Консультативтік кеңесінің отырыстары жүргізіледі.

Жалпы ретінде Астана қаласындағы қоғамдық саяси жағдайы тұрақты және болжамды болып қалады. Қала қызметері мен ведомстволармен бірлесіп тұрақты түрде ішкі саясат тұрақтылығын күшейтуге, халықтың саяси мәдениетін қаллыптастыруына, қоғам көзқарасын зерттеуге бағыталған кешендік шаралар жүзеге асырылады.

Астана елдің жас қалалардың бірі болады, жастардың саны 159400 адам болады, немесе халықтың жалпы сананын 27,7% құрайды. Астананың жоғары білім беру жүйесі 14 ЖОО ұсынылған: 2 мемлекеттік, 6 акционерлік қоғамы, 6 жеке меншік түрінде. Студенттердің жалпы саны 41 834 адам. Олардың ішінде қала студенттердің саны 20639 адам (49,3%), басқа қаладан – 12634 адам (32,2%), шетел – 167 адам (0,4%) құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына жастар саны 245 мың адамға жетті немесе жалпы халық санының 31,5 %, оның ішінде 45 мың немесе 18,3% - студенттер.

Жастар мүддесін дәстүрлі жылжытудың негізгі тетігі жастар ұйымдары болып табылады. Сонымен, Астанада жастар құқығын қорғау үшін 2010 жылға 55 жастар ұйымы тіркелді. 2013 жылдың 1 қаңтарына жастар ұйымдарының саны 67 бірлікке жетті.

Жастардың әлеуметтік интеграция мен өзін реттеу саласында қимылды механизм әзірленген және енгізілген, бұл механизм жас ұйымдарын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметті маңызды жобаларға тартуға бағытталған.

Осы саладағы негізгі проблемалар мыналар болып табылатындығын айта кету қажет:

жастарды жұмысқа орналастыру, бұл жұмыс берушілер ұсынатын еңбек өтілі бөлігіндегі жоғары талаптармен негізделеді;

прогрессивті жастар бастамашылығын іске асыру үшін қаржыландыру көлемінің төмендігі;

Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын әзірлеуге жастардың қатысуының төмен деңгейі.

Астана қаласында 2010 жылы 243 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, олардың ішінде 141 БАҚ (84%) мемлекеттік емес кәсіпорындар құрайды. Медиа-рыноктың құрылымында (66,5%) көбісі газеттер мен журналдар құрайды, 24% электрондық және 9,5% - ақпарат агенттіктері. 2013 жылдың 1 қаңтарына тіркелген БАҚ саны 147 бірлікке қысқарды, оның ішінде 126 баспасөз БАҚ (66 газет және 60 журнал), телехабарлар – 10, радиохабарлар – 7, ақпараттық агенттік – 4.

Халықтың отандық БАҚ-на қызығұшылықтың өсу үрдісі байқалады. Ол туралы басылым БАҚ тираждардың ұлғаюы куәландырады, соның ішінде тәуелсіз, сонымен қатар тәуелсіз зерттеу агенттіктердің рейтингтің өлшемдері. 2008 жылда «Астана Ақшамы» аумақтық газетінің тиражы 3000, ал 2010 жылда – 15100 дана құарыды.

Елорданың ішкі саясаты саласында азаматтық қоғамды тежейтін проблемалар қатары бар:

ресми мемлекеттік идеологияны насихаттау саласында: мемлекет саясатының негізгі басымдықтарын насихаттау бойынша жүргізілетін іс-шараларда халық белсенділігінің жеткіліксіздігі; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және пайдалану ережелері бойынша олқылықтарды мерзімінде жоймауын атап айту қажет;

елорданың ақпараттық кеңістіктігін жетілдіру саласында:

мемлекеттік БАҚ-тын төмен материалдық – техникалық базасы және нарықтың шағын сыйымдылығына негізделген ұлттық БАҚ бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.


Қылмыстық

Жалпы ретінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қолдаумен астаналық полиция гонизонымен және жергілікті атқарушы органымен қаладағы қылмыстық процесстерінің дамуына жол берілмеді, сонымен бірге жедел жағдайдың тұрақтылығын сақтауға қамтамасыз етілді.

2007-2009 жылдар бойынша қылмыстарды ашу деңгейі барлық түрлері бойынша 10 пайызға өсті. Басқа аумақтардан миграциялық ағымдарға байланысты қала халықтың санын өсуіне қарамастан қылмыстық деңгейі ауыр қылмыс пен аса ауыр қылмыстардың үлесінің көрсеткіштері тұрақты қалып отыр (10 мың халыққа).

Соңғы жылдары ІІД қабылданып жатқан шаралардың арқасында тіркелген қылмыстардың өсуі толқталғаны байқалады. Бірақ Бас Прокуратурасының және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің 2010 жылдың 20 қаңтардағы №4/22 біріккен бұйрығына сәйкес қылмыстарды жасыру факторларын жою мақсатында және қылмыс туралы арыздары мен хабарлауды 100% тіркеу үшін 2010 жылдың 1 ақпанынан астана қаласының ІІД және оның аумақтық бөлімшілерінде қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздары мен хабарлауларды электрондық тіркеу бойынша алғашқы жобасы жүзеге асыруында. Осыған байланысты тіркелген қылмыстардың саны өткен жылдардың ұқсас кезеңіне қарағанда жоғары болып жатыр.

Қоғам тәртібін сақтау және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ІІД осы стратегиялық бағытындағы жедел қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын мәселелер туындап жатыр.

Жоғары қылмыстықпен қаланың қоғам орындары мінезделінеді. Сонымен қоғам орындарында болған тіркелген қылмыстардың (36,5%) өсуі болыды (2008 жылда осы категориядағы қылмыстардың үлес салмағы 9,8%, ал 2009 жылда – 13,2% құрады).

Мемлекет басшысының талаптарына сәйкес прокуратура органдарымен бірге қылмысты есепке алудың және тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету бойынша қатаң желі жүргізілуде. 2012 жылы 21668 қылмыс тіркелді (2011 жылы - 14539), 2011 жылмен салыстырғанда 49,0% (2011 жылы - 14539).

Осы теріс серпін ұрлық санының өсуімен негізделеді – 13764 (2011 жылы - 9040), алаяқтық – 2492 (2011 жылы - 1508), бұзақылық – 865 (2011 жылы - 605) және орта және аз көлемдегі өзге де қылмыстар, олар осыған дейін тіркеу кезінде әр түрлі жағдайларға душар болған еді.

Тұрмыстық қылмыстардың алдын алуш шаралары тиімсіз қалып отыр. Өлтірушіліктің және денсаулыққа ауыр зиян келтіру жасалғанының үштен бірінде тұрмыстық себебінде, алкоголь түрлерінде жасалады.

Қамелетке толмағандар жасалған қылмыстардың тіркелудің ұлғаюы (+8,9%) байқалады (2008 жылда осы категориядағы қлымыстардың үлес салмағы 2,8%, 2009 жылда – 3,0% құрады). Қылмысқа қатысушылардың жартысы мектептер мен гимназиялардың оқушылары болады.

Сонымен қатар, 2012 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстардың статистикалық өсуінде қылмыстық жағдай қалада тұрақты. Аса ауыр қылмыстар саны – 15 %, ауыр қылмыстар – 20 %, төбелес – 23 %, пәтерлер тонау – 7 % қысқарды.

Шұғыл-тексеру қызметкерлеріне жүктеме ұлғайды, олар еліміз бойынша жоғары деңгейде. Елорда тексерушісіне жүктеме орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе көп.

Соңғы жалдарында апаттардың негізгі көрсеткіштерінің қысқарылуы байқалады. Осымен бірге қаланың жол-көліктік кешені қиын жағдайда қызмет етеді. Автомобиль паркының өсу қарқыны көше-жол желісін даму қарқынан алда болады.

Жол қозғалысы қатысушылардың көліктік дисциплинасы төмен деңгейінде қалып жатыр. Жүргізуші калдрларын дайындау жүйесін жақсартуы маңызды мәселе болып жатыр.

Осы және басқа да кешендік себептер жол-көлік оқиғалар салдарының қиындығын анықтайды.

2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылда тіркелген жол-көлік оқиғалары 2,6% азайды. Сонымен, ЖКО деңгейі (10 мың автокөлік бірлігіне) 200 8жылда 18,9%, 2009 жылда 18,0% құрады. ЖКО жәбірленгендердің деңгейі (100 мың халыққа) 2008 жылда 75,2%, 2009 жылда 65,6% құрады. Көз жұмған адамдардың саны 25,9% төмендеді. Бірақ балалардың қатысуымен ЖКО саны 58,8% ұлғайды, көз жұмған балалардың саны 200,0% өсті. ЖКО көз жұмғандардың деңгейі (100 жәбірленушілерге) 2008 жылда 16,8%, 2009 жылда 13,3% құрады.

Жол полициясы қызметкерлері 2012 жылдың қаңтар – желтоқсанында 216547 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады және алдын алды (2011 жылы - 208282). Бұзақылық жасаушыларға қатысты жалпы сомасы 1 413,5 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл (2011 жылы – 1 413,9 млн. теңге) салынды. Мас күйінде 2973 жүргізуші ұсталды (2011 жылы – 3 104).

Сот орындарының шешімі бойынша Жол жүру ережесін бұзған 3732 адам автокөлікті жүргізу құқығынан айрылды (2011 жылы - 3195).

Қаладағы құқық сақтау жағдайына сыртқы және ішкі факторлары әсерін тигізеді. Қаржы дағдарысқа байланыстыэкономикадағы қиындықтар, халық бөлігінің толығымен жұмыспен қамтуы, қарақшылықтардың, тонаулардың жіне басқа да қылмыстардың себептері болады.

Жедел жағдайын қиындататын негізгі факторы тонау болып табылады. Жалпы қылмыстық құрамында бір неше жыл бойы бұлар жартысын құрайды, олардың үштен бір бөлігі ашылмай қалады.

Жалпы ретінде қылмыстарды ашу деңгейі 2008 жылдың 67,7% қарсы 2009 жылда 69,3% (өсуі 1,6%) болды. Ауыр қылмыстардың үлес салмағы 2009 жыл бойынша 29,2% құрады, аса қауіпті қылмыстардың 3,0%, бөтен мүлкін тонау 39,4% құрады. 2009 жылда ашу деңгейі 67,6% және сәйкес 88,1% құрады.

Елордада қоғамдық тәртіпті, жол және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік режимде 649 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді (2011 жылы - 510). Олардың көмегімен 2012 жылы 214 қылмыс ашылды (2011 жылы - 127), 39394 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (2011 жылы - 26449) және Жол қозғалысы ережесін бұзушылық – 14308 (2011 жылы - 3294).

2012 жылы 191 қылмыстық іс қозғалды (2011 жылы - 221), оның ішінде 112 – есірткі сату фактісі бойынша (2011 жылы - 110).

Заңсыз айналымнан әр түрлі есірткінің 343,3-тен астам килограммы алынды, оның ішінде 7,7 кг «героин» (2011 жылы – 242,8 кг әр түрлі есірткілер, оның ішінде 6,430 кг «героин»).

Астана қаласындағы қылмыспен күресудің негізгі мәселелер:

отбасылық-тұрмыстық, жас өспірім және жас орта саласында құқық бұзушылықты құқықтық және ұйымдастыру қосымша алдын алу механизмдерін анықтаған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдарын қабылдауына қарамастан қалада халыққа және азаматтық қоғамының институттарында тірек болатын тиімді жалпы мемлекеттік жүйе құрылған жоқ;

соңғы жылдарына апаттардың негізгі көрсеткіштерін қысқаруына қарамастан, жол-көлік оқиғалардың салдарының ауырлығы жоғары деңгейінде болады;

учаскелік полиция инспекторлар және кәмелетке толмағандар істері бойынша қызметтері мемлекеттік және қоғамдық институтарының шамалы мамандық потенциалы жағдайында қызмет етеді;

қылмыстың қайталауын алдын алу бойынша жүзеге асрылып жатқан шаралар көбінде бостандығынан айыру жерінен шыққан тұлғаларды әлеуметтік адаптациялау мен ақтау жүйесінің жоқ болуына байланыстыжағымды нәтижелерге келтірмейді;

қаладағы қылмыстық жағдайын қиынтатып жататын заңсыз миграциялық ағымының интенсификациялауы алаңдату туғызып жатыр. Жыл сайын шетел азаматтарымен қылмыстардың маңызды саны жасалады, негізінде бұл пайдақор-зорлық және есерткі қылмыстары болады.




Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

«Төтенше жағдайлар салдарынан болған шығын елордада 2012 жылы 247 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғыдан 16 есеге көп. 2012 жылы елорда аумағында 1 185 төтенше жағдай болды, бұл 2011 жылғыдан 21 %-ға көп. Оның ішінде, табиғи сипаттағы – 23, ірі көлік апаттары – 3, өндірістік апаттар – 92, өмір тіршілігімен қамтамасыз ету жүйесіндегі апаттар – 144, өндірістік және тұрмыстық өрттер – 922. Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бөлімшелері 3 150 шұғыл шақыртуларға барды, орындалған жұмыстар нәтижесінде 185 адам құтқарылды, 2 400 адамға көмек көрсетілді.

Қолданылған шараларға қарамастан, төтенше жағдайларда 75 адам қайтыс болды, 349 зардап шекті, шығын 247 млн. теңгені құрады (2011 жылы – 15,7 млн. теңге). Материалдық шығынның ұлғаюы өткен жылы болған ауданы 300 шаршы метрден артық ірі өрттермен негізделеді, олар: «Әзірет Сұлтан» мешітінде, «Теміртау металлургия комбинаты» АҚ филиалы аумағында; Ж. Досмұхамедов көш., 38/4 мекенжайында орналасқан әкімшілік тұрмыстық кешенде, «Береке» ТК-де болды. Сонымен қатар, 2012 жылы Департаменттің өртке қарсы қызметі бөлімшелері дабыл бойынша 3 105 шақыртуға барды (2011 жылы – 2 492).

Арнайы қорғау құралдарын пайдалануға беру жолымен елордада су басу жағдайларын қорғаудың арнайы қорғау орын-жайларын пайдалануға беру жолымен тұрақтандырылды. Плотина ұзындығы 40 км, және ол өзіне 450 миллион кубметр еріген суды жинақтай алады. Нәтижесінде қала аумағын су басудан 100%-ға сақтайды.

Осы саланың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

қауіпсіздік ережесін және техникасын бұзу, отты дұрыс пайдаланбау және ойластырылған өрттер;

жол қозғалысы ережесін, сондай-ақ, барлық көлік түрлерін пайдалану кезінде ережелер мен талаптарды бұзу;

өнеркәсіп және көлік объектілерінде электрмен жабдықтаудың резервті көздерінің болмауы және қызмет көрсетуші персонал дайындығы және тәжірибелік дағдысы деңгейінің төмендігі;»;



3.2.3 Инфрақұрылымдық кешені
Байланыс және коммуникациялар

Астана қаласында телекоммуникация кешені көрсетілетін қызметттердің кең шоғырымен ұсынылады. Байланыс операторлары ұсынылатын қызметтер шоғырын және сапасын кеңейту мақсатында ақпаратты берудің сандық жүйесіне, жаңа талаптарға сай стандарттарды енгізуге, байланыс түрлерінің желісін жандандыруға көшуді белсенді түрде іске асырады.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту көп жағдайда өңірдің экономикасының әл –ахуалына және өсуіне байланысты, оның жандануына әсерін тигізеді, тұрғындардың байланыс қызметіне деген сұранысын жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.

Астана қаласының телекоммуникация саласындағы ірі кәсіпорын-дарының бірі «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – «Астанателеком» қалалық телекоммуникациялар орталығы (бұдан әрі – «Астанателеком» ҚТО) болып табылады, ол серпінді түрде дамуда және елорда тұрғындары мен қонақтарына телефондау, Интернеттің ғаламдық желісіне қол жеткізу, сандық интерактивтік телевидение, телеграфия, анықтамалық – ақпараттық қызыметтер және т.б. енетін қызмет көрсетулердің толық спекторын ұсынады.

Астана коммуникация нарығындағы «Астанателеком» ҚТО-ның үлесі 83%-ды құрайды және жыл сайын өсуде, компанияның клиент базасы телефон байланысының 214 мың абонентін, 95 мың кең жолақты интернетті және 23 мың сандық телевидение клиенттерін қамтиды.

2013 жылдың 1 қаңтарына «Астанателеком» ҚТО желісіндегі белгіленген байланыс желілерінің саны 209 752 бірлікті құрады, бұл жалпы санның 82% (255,7 мың бірлікті) құрайды. Осы көрсеткіштің өсу қарқыны 2011 жылға 105,5%-ды құрады. 100 үйге телефон қызметін енгізу деңгейі ағымдағы жылдың басында 68,1%-ды құрады.

Жергілікті телефон желісін цифрлау 100% орындалды, сонда Астана қаласына елорда мәртебесін беру кезеңінде жергілікті желіні цифрлау пайызы қалай барлығы 29%-ды құрайды. Қазіргі таңда «Астанателеком» ҚТО толық цифрлық телекоммуникация желісіне ие.

Коммуникацияның кең таралған түрі телефон байланысы болып табылады. Жыл сайын халықтың үй телефонымен қамтамасыз етілуі өсуде. Егер 2007 жылы үй телефондарының саны 100 отбасыға 75,8 дананы құраса, 2009 жылы – 82,9 дана, өсім – 9,4 %. Алайда, республикалық қимада – бұл жоғары деңгейге жатпайды. Бірақ, орташа республикалық деңгейден (100 отбасыға 81,9 бірлік) жоғары болып саналады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 2009 жылы 11 695,4 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл 2008 жылдан 13,1 % төмен.

Байланыс қызметтерінен түсетін кірістер құрылымында халықаралық телефон байланысы қызметтерінен түсетін кірістер ие – 34 % немесе 3 979,5 млн.теңге. Интернеттен кірістер шамамен 30 %, байланыстың өзге түрлері -14,8 %.

Интернет желісі абоненттерінің саны өсуде. Егер 2005-2007 жылдары олардың саны 18,2 % болса, 2007 жылдан 2009 жыл аралығында олардың саны 2,5 есеге ұлғайды және 60,5 мың адамды құрады.

Жалпы қаланың байланыс кәсіпорындары 2012 жылы 19,5 млрд. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл 2011 жылдың деңгейінен 21,1%-ға артық (16,2 млрд. теңге) және 2010 жылдың деңгейінен 6 млрд. теңгеге жоғары.

Байланыс қызметтерінен түсетін кірістер құрылымында аса жоғары үлеске Интернет ғаламдық желісіне қосылудан түсетін кірістер ие – 35 % немесе 6,8 млрд. теңге. Халықаралық телефон байланысы қызметтеріне шамамен 14,4 % немесе 2,8 млрд. теңге, байланыс қызметтерінің өзге түрлерінен 13,8 % немесе 2,7 млрд. теңге.

Қазіргі таңда Астана қаласында ақпараттық коммуникациялық технология (бұдан әрі - АКТ) саласын дамытуға кедергі келтіруші негізгі факторлар ІТ мамандарын дұрыс дайындамау және ІТ - технологияларын трансферттеу және енгізуге байланысты инновациялық саладағы мәселелер болып табылады.


Құрылыс қызметі

Қаланың құрылыс қызметі бірнеше жылдар бойынша инвестициялардың тартылуын, шектес салалардың дамуын, халықтың елеулі бөлігінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, қала экономикасының өсу локомотивы болып саналды. Құрылыс жұмыстарының көлемдері номиналды көрсеткіште жыл сайын орта шамамен 24% өсті, ал 2007 жылы шынына жетті – 375 398,0 млн. теңге.

2008 жылдан бастап көрсеткіштің теріс динамикасы байқалуда. Құрылыс жұмыстары көлемдерінің төмендеуі 2008 жылы 4%, 2009 жылы –18,8% құрады. Бұған ұқсас жағдай тұрғын үй құрылысына түскен инвестициялар көлемі бойынша байқалынады: 2008 жылы – 20,4%-ға, 2009 жылы – 50,9 %-ға төмендеуі.

Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың қаланың құрылыс секторына ықпал тигізуі, тұрғын үй құрылысының өзіндік қозғалтқышы болып саналған және төлеуге қабілетті сұраныстың саласы мен өсуіне арзан капиталды тартқан банк жүйесінің тұрақсыздығымен күшейді.

Үкіметтің Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасымен көзделген қаланың жылжымайтымн мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру іс-шаралар кешенін қабылдаған мемлекеттің белсенді ұстанымы салдарынан тұрғын үй нарғындағы жағдай уақытылы үндестірілді.

Бұл тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға берілу қарқынының ұзаққа созылуына жол берді. 2009 жылы 1,3 млн. шаршы метр ауданы қолданысқа берілді, бұл 2008 жыл өсу деңгейімен салыстырғанда 3,9 % құрады.

2010-2012 жылдар кезеңінде құрылыс секторын салыстырмалы түрде тұрақтандырумен сипатталады. Құрылыс жұмыстары көлемдерінің жыл сайын 256,6-дан 304,8 млрд. теңгеге дейін, құрылыс кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар 1,9 млрд. теңгеден 4,7 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы байқалады. Пайдалануға 4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй берілді.

Қаланың құрылыс секторының негізгі мәселелері:

тұрғын үйге жеткілікті төлеуге қабілетті сұраныстың жоқтығы;

саладағы кәсіпорындардың айналымдағы қаражаттың жетіспеушілігі;

инженерлік инфроқұрылым объектілері желісінің жеткіліксіз даму деңгейі;

бәсекеге қабілетті отандық құрылыс материалдарының жеткіліксіз өндірілуі;

Қазақстанның тұрғын үй заңнамасындағы мәселелер.



Жол-көліктік инфрақұрылымы

2009 жылдың жағдайына Астана қаласында 656 жол бар және 749,5 км ұзындығы жалпы пайдалану көшелер бар. Асфальтбетон төселген жолдар - 56%.

2007-2009 жылдар мерзімі ішінде 73,7 км автомобиль жолдары салынды, 25,7 км автомобиль жолдарының қайта құрылды, 504 ұзындығы бар автомобиль жолдарының жөндеуі жүргізілді, 11 автожол көпірі, 6 көлік шешімдері салынды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қолданыстағы жол ұзындығы 902 км, оның ішінде, асфальтты – бетонды жабынмен 577,3 км, жабыны барлар – 324,7 км. 2010 жылдан 2012 жыл аралығындағы кезеңде 198,9 км салынды, 37,9 км қайта жаңартылды.

Қалалық маршруттық желісінің ұзындығы 2320,5 км құрайды. Есептік мерзімге, 58 маршрутында 769 бірлік көлік құралы жұмыс істейді, соның ішінде таксомотор компаниялардың қызметтері 150 бірлік көлік құралдары бар 4 мамандырылған компаниямен ұсынылған: «Экипаж», «Экипаж плюс», «Ақ жол», «Боз жорға» ЖШС.


Жүк айналымы

млн.ткм

2097,1

2359,3

2772,8

2929,4

3043,9

Жолаушы айналымы

млн.пкм

5946,6

6920,1

7246,1

8173,6

8200,0

Жол-көлік инфрақұрылымның негізгі мәселелер:

қалада тура өтетін және транзитті жолдардың болмағаны салдарынан бөлек көшелердегі үнемі кептелуі;

бөлек көшелердің жобалық өткізу мүмкіндігінен көлік ағымының шындық артыру;

қатты төселген жолдардың жоқтығы (300 км артық);

қолданыстағы жолдардың 418 км-ден 30% қанағаттансыз жағдайында;

жасанды жол құрылыстардың болмағаны (көпірлер, жол өтпесі және көлік шешімдері);

инженерлік желілерін және коммуникацияларды жөндеуден кейін қалпына келтіру жұмыстардың спасыз жүргізуі.


Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

Сумен жабдықтау су бұру.

Астана қаласын сумен жабдықтаудың негізі көзі Астаналық су қоймасы болпы табылады, жобалық көлемі – 410,9 млн м3, падалы беруі – 67,5 млн м3 немесе 184,1 мың м3/күніне.

Қаланың су құбыры желісінің ұзындығы 813 км құрайды, соның ішінде желінің 66% ауыстыруын талап етеді.

2005 жылдан бастап мақсаттық трансферттер мен Жапонияның займы есебі бойынша Астана қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және техникалық қайта жабдықтауы жобасы іске асырылып жатыр.

Аталған жоба шегіде тарату су құбырлардың және кәрәздік құбырларының 126,0 км ауыстыруы мен салуы жүргізілді.

Қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру нысандардың сенімділігін көтеру мақсатында 2007 жылдан бастап «Астана қаласындағы сумен жабдықтау және кәріз» жобасының іске асырылып жатыр.

Аталған жоба мақсатының бірі көп пәтерлі үйлерді жалпы үйлік және жеке су есептегіштерімен жабдықтау, ағымдағы күнге жабдықтаудың дәрежесі 51% құрайды.

2012 жылдың нәтижесі бойынша су жүргізу желісінің ұзындығы 929,3 км, оның ішінде ауыстыруды қажет ететіндер 52% немесе 478,3 км құрайды. Судың ескерілмейтін шығыны өзекті мәселе болып табылады, олар шамамен жылына 20 % немесе 17 мың куб метрді құрайды.

Астана қаласының кәріз жүйесі жалпы сал ағызылған, кәріздік желісінің ұзындығы 413,0 км құрайды, соның ішінде желінің 75% ауыстыруын талап етеді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ұзындық 474,9 км, оның ішінде ауыстыруды қажет ететіндер 50 % немесе 239 км құрады.

Қолданыстағы кәріздік тазалау құрылыстары 1969 жылда пайдалауына берілді. Құрылыстың алаңы Талдық жинаушының жағалау аймағыныдағы 43 га құрайды (көлемі – 65,5 млн м3, жыл сайнғы түсуі 36,5 млн м3). Тазарту құрылыстардың есептік өнімділігі 136 мың м/күніне құрайды.

Кәріздік тазарту құрылыстарын қайта құрылуы 2002 жылдан бастап «Талдық» ағынды сулар жинаушын жою» жобасының шегінде жүщеге асырылады.

Нөсер кәріз желісінің ұзындығы 139 км құрайды, оның ішіде 2005-2009 жылда бойы «Астана қаласының нөсер кәрізін (1,2 кезектері) дамыту» жобасы шегінде 66,8 км магистралдық желісі салынды.


Астана қаласының жылуэнергетикалық кешені

Астана қаласының жылу және электрэнергиясының көздері – ТЭЦ-1 1961 жылы пайдалануға берілген және ТЭЦ-2 – 1979 жылы пайдалануға берілген жылуэлектрорталықтары болып табылады, орталықсыздындару көздері – 200 аса автономдық қазандықтар.

Магистралдық және тарату жылу беру желісінің ұзындығы 520,6 км құрайды. Көздерден электрэнергияны берудің және таратуды қамтамасыз етуі 2667,12 км ұзындығымен 04, 10 және 110 КВ электр желісімен, 21 кіші станциялармен және ТП-10/0,4кВ - 743 ед бірлік қамтамасыз етіледі. Магистралды құбырларында қажетті қысылымды қамтамасыз ету үшін 8 сорғыш станциясы және 3 орталық жылу тарату нүктелері қызмет етеді.

2005-2009 жылдардың мерзімі бойнша ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 энергокөздерінің электро құаты 52% өсті және 372 МВТ/сағатына құрады, жылу беру құаты - 48% өсті және 1 340 Гкал/сағатына құрады.


Астананың жылу және электрэнергиясын тұтыну динамикасы
электроэнергия




2006

2007

2008

2009

ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 және сыртқы көздері, кВтс жылына

1,204

1,686

1,797

1,915

жылу





2006

2007

2008

2009

ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 мың. Гкал жылына

3 058,4

3 495,6

3 861,5

4 062,7

Қаланың электрэнергиясына тапшылығы тұтынылатын энергияның жалпы көлемінен 15% құрайды, бұл сыртқы көздерден толтыруымен іске асырылады. Жылу энергиясының тапшылығы 174,2 Гкал/сағатына.

2009 жылда электрэнергиясын тасымалдау кезінде нормалық шығындардың деңгейі 15,3% құрады (2005 жылмен салыстырғанда 33% өсті – 10,3%), жылу энергиясының - 42% төмендеді.

Қаланың өсіп жатқан тұтынушылығын қанағаттандыру үшін келесі жобалар іске асыруда: станциялардың қолданыстағы жылу қуатын 2014 жылына 1 747 Гкао/сағ дейін, электр құатын –600 МВт дейін болжамдық ұлғайтуымен ТЭЦ-1 қайта құру бойынша; қолданыстағы электржелілерін қайта құру бойынша.

Астана қаласын электрэнергисымен қамту және жылумен қамту бойынша қажеттілігі және сенімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар жағымды шарттар мен астананы дамуына шетел инвестицияларын тарту үшін ТЭЦ-3 салу бойынша жобаны іске асыруы жүргізуде. Жалпы құны 193,7 млрд.теңге құрайды, аяқтау мерзімі 2018 жылы. Жоба бойынша белгіленген қуаты: электрэнергиясы – 240 МВТ, жылу энергиясы – 860 Гкалл/сағ.

Жоба ТЭЦ-3 үш кезеңінде салуын қарастырып жатыр:

1 кезең – суды жулту қазандығын салу (480 Гкал) станцияның инфрақұрылымымен (бағасы – 78,6 млрд.теңге). Енгізу мерзімі: 2015 жылы.

2 кезең – Екі энергоблоктарын салу (240 МВт – электрэнергиялық және 380 Гкалл – жылу энергиясы)(бағасы – 115,1 млрд.теңге). Енгізу мерзімі – 2018 жыл.

2010 жылда республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді, соның ішінде бірінші кезеңінің ЖСҚ әзірлеуіне – 500 млнүтеңге, суды жылыту қазандығын салу басталуына – 1,5 млрд.теңге (құрылыс алаңын дайындау, жер жұмыстары, т/ж құрылуын бастау).

Қолданыстағы Астана қаласының 110 кВ шығарлықтың өткізу қабілеттігін шектеуіне байланысты (қуаты 460 МВт, номиналды жұмыс істеу режимі 380МВт, 2009 жылда жоғары жүктілігі 420-435 Мвт құрады) 2009 жылда шығарлықты құру бойынша ТЭН әзірленді және бекітілді, бұл өткізу қабілеттігін 1200 МВт-дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Құрылыстың жалпы бағасы 42,02 млрд.теңге құрайды.

Осы жобаны іске асыруы үш кезеңге бөлінді:

1 кезең – ОҚТКС-нан «Шығыс» КС –дейін 220 кВ ЭТЖ салу (2х45,8 км), 220 кВ «Батыс» КС, 550 кВ ОҚТКС қайта жөндеу, бағасы – 11,1 млрда.теңге.

2 кезең - ОҚТКС-нан «Шығыс» КС –дейін 220 кВ ЭТЖ салу (2х40,9 км), 220 кВ «Шығыс» КС, бағасы 18,2 млрд.теңге.

3 кезең – «Батыс» КС-нан «Достық» КС-дейін 220 кВ ЭТЖ (2х30 км), «Достық» КС-нан «Шығыс» КС-дейін 220 кВ ЭТЖ (2х39 км) салу, 220 кВ «Достық» КС, құрылыстың бағасы – 12,6 млрд.теңге.

2010 жылда республикалық бюджеттен 2,0 теңге бөлінді, соның ішінде:

жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеуге – 750,0 млн.теңге;

1 кезеңін салуға – 1 250,0млн теңге.

Халықаралық тауар нарығындағы жоғары бәсекелестік жағдайында тез қарқында елорда экономикасын, оның ішінде индустриялық секторды жандандыру қажет. Статистикалық мәліметтерге сәйкес көп энергия тұтынатын сала өнеркәсіп болып табылады, ол 2009 жылы қаладағы барлық таратылған электр энергиясының 23 % тұтынды, сондай-ақ, пәтерлерге жарық беру және халықтың өзге де тұрғын үйлік қажеттіліктері – 17 %».

Өнеркәсіп секторындағы көп энергия тұтыну ескірген технологияны қолданумен және ескірудің маңызды деңгейлерімен құралдарды пайдалану болып табылады. Сондықтан, техникалық паркті жандандыру қажеттілігі бар, себебі, ескірген құралдар және ескі технологиялар энергия жоғалтудың бір көзі болып табылады.

Тұрғын үй кешенінде де жөндеудің жекелеген түрлерін, атап айтқанда: үйдің қасбетін, төбесін, қабырға панельдерінің түйіскен жерлерін, балкондардың, кіреберістердің бекітілімін, сондай-ақ орталық жылыту, ыстық және суық сумен қамту, кәріздің инженерлік жүйелерін өткізу қажет.

Тұрғын үй секторы 20 %-дан артық электр энергиясын және 25 % жылу энергиясын тұтынады. Сараптамалық бағалар бойынша ғимараттардың шамамен 70 %-ы заманауи талаптарға сай келмейтін жылутехникалық сипаттарға ие, осы үшін олар қоршаушы конструкциялар арқылы кейбір жерлерде 30 %-ға дейін және одан жоғары жылыту үшін тұтынылатын жылу энергиясын жоғалтады.»;


Тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымның негізігі мәселелері:

электрэнергиясын тасымалдау кезіндегі нормативтік шығындардың ұлғаюы;

қаланың өсіп жатқан тұтынушылығын жабу үшін болған электр және жылу қуатының жетіспеушілігі;

қаланың өсіп жатқан тұтынушылығына су және кәріздік құбырларын салу және қайта құру қарқынының сәйкес келмеуі;

қаланың эрнергетикалық кешені кәсіпорындарының жылу және электр желілері жабдықтарының төзудің жоғары дәрежесі;

ішетін судың сапасын жақсарту бойынша жаңа технологиялының боламағаны;

кәріздік ағындарын қайта өңдеу және құбырлық суды тазарту бойынша қажетті қуаттарының болмағаны;

Тұрғын үй қорының тиісті күтімнің болмауынан жеделденетін табиғи тозуы тұрғын көппәтерлі үйлердің жылу оқшаулағышы деңгейінің төмендеуіне алып келеді, осының салдарынан тұтынылатын жылудың көп бөлігі қабырғалар, төбе, үй астындағы орын-жайлар, бірінші қабаттың едендері сияқты қоршаушы конструкциялар арқылы жоғалады;

түрғын үйлердің топтық есептеу құралдарымен және ТЭР қамтамасыз етудің нашар деңгейі.
Тұрғын үй қорының жағдайы және көріктендіру.

Қаланың тұрғын үй қоры 9,4 млн ш.м. құралған, соның ішінде мемлекеттік меншігінде – 0,3 млн ш.м., жеке меншігінде – 9,1 млн ш.м., соның ішінде ескі және апатты тұрғын үйлеріне 6,3% жатады.

2009 жылдың жағдайына мемлекеттік тұрғын үй қорынынан тұрғын үйге тапшылығы бар 15 286 азамат есепке түрді, соның ішінде – 7263 кедейлер, халықтың әлеуметтік қорғау категорияларына жататын адамдар, 8023 мемлекеттік қызметте болатындар, бюджет ұйымдарының қызметтері және әскери қызметкерлер.

Халықтың тұрғын үйге қамтамасыз болғаны – 1 тұрғынға - 19,3 ш.м. құрайды. Тұрғын үйдің су құбырымен және кәрізбен тұрмысқа жайлығының дәрежесі 90% құрайды.

Барлығы қалада көп қабатты тұрғын үй секторының 664 ауласы бар. Зерттеленуге жататын мерзім бойынша ішкі кварталдық көріктендіру бойынша жұмыстармен 86% ауласы қамтылды.

Қаланың көріктендіруі Астана қаласының 2030 жылға дейін жасылдандыру кешендік концепциясына сәйкес жүргізілді.

Тұрғын үй секторының және қаланы көріктендірудің негізгі мәселелері:

қаланың ескі орталығында апатты және ескі құрылыстардың бар болғаны;

сапалы төмен тұрғын үйлердің жоғары үлесі;

тұрғын үй жағдайын жақсартуға қабілетті қала тұрғындарының жыл сайын өсуі;

қала шетіндегі мекендердің инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектілерін басқарудағы төмен белсенділігі;

ортақ үй мүлкін күрделі жөндеу үшін ақшалай қаражатты жинаудағы төмен тәжірибе.

3.2.4. Аумақтық (кеңістік) дамуы
Астана қаласының аумағы өзіне 3 ауданды және 15 елді мекенін (кенттерін) қосатын 71 000 га құрайды немесе 710 ш.км.

Астана қаласы аумағының балансы келесі түрде ұсынылған: қаланың жалпы аумағы 71 000 га, құрылыспен алынған жерлерден – 14,9 мың га, өнеркәсіптік нысандармен – 7,2 мың га, саябақтармен және гүл бағыттармен – 0,7 мың га, ауылшаруашылық жермен – 21, 4мың га, орман алқаптармен – 16,5 мың га, су көздерімен – 3,0 мың га және басқа жерлер – 7,3 мы га. Қаланың жалпы жерінен 48,1 мың га мемлекеттік (коммуналдық) меншігінде және жеке меншігінде 22,9 мың га.

Астана қаласының урбанизациялау процессі бұған астана статусын берген күнінен оның халқыны тез өсуімен мінезделген. Қазіргі уақытта Астана елдің ең халқы тығыз орналасқан аумақ болып тұр, 2009 жылға халықтың тығыздығы 913,3 мың адам/ш.км. құрады. Қалада экономикалық кеңістігінің сапа көрсеткіштеінің осуі байқалады.

Кеңістіктің бөліктері мен элементтерін экономикалық байлайтын қарқындылығын анықтайтын қаланың көліктік жағдайы мәселелі ретінде мінезделеді. Көліктік магистралдерінің ең үлкен көптігі қаланың тығыздық оң жағалауында байқалады, бұнда негізгі теміржол магистралдары және қала тораптары, сонымен қатар көліктік-логистикалық нысандар орналасқан.

Астана – елдің негізгі даму желілерінің қиылысында орналасқан Қазақстаннның ірі басқару және инновациялық орталығы. Астана қаласының бәсекелестік артықшылығы оның тиімді географиялық орналасқан жерінде, автомобиль және темір жолдар желісімен елдің аймақтарын және көршілес мемлекетттермен байланыстыратын ірі көліктік торабы ретінде қаланың тарихи құрылған кеңістік ұйымдастыруы болады. Осы сапаларды тіркесуі жақындағы облыстарындағы экономикалық белсенділігін өзінде салатын және елдң басқа да аумақтары үшін локомотиві ретінде шығатын Астананы келешекте қолбасшысы-қаласы ретінде жасайды.

Сонымен қатар қаланың бәсекелестік артықшылығы ретінде қазіргі уақытта қала аумағында істейтін «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы болады. 2007 жылында Индстриалдық саябақтың аумағы «Астана – жаңа қала» АЭА енгізілді.

Инвестицялық жобаларын іске асырушылр үшін саябақтың аумағында салық және кедендік жеңілдіктерін қарастырылатын ерекше құқықтық режимі қарастырылған:

саналған ККС 100% төмендету;

жер салығын есептеу кезінде сәкес келген ставкаларын 0 коэффициентін қолдану;

мүлікке салықты есептеу кезінде салық нысандарының орташа жылдық бағасына 0 коэффициентін қолдану;

өндіріс үшін қажетті тауарларды, материалдарды және жабдықтарды импорттау кезінде кеден баждарынан босаты.

АЭА аумағында қаланың перспективалық жобаларын даму бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр: құрылыс материалдары, тағам өнеркәсібі, медициналық және ғылым технологиялар.

Қазіргі уақытта Индустриалдық саябақтың инфрақұрылымы 88% орындалды. Инфрақұрылымның аяқталуы 2011 жылда жоспарланған.

Инвестициялық жобаларын толтыру мен орналастыру мақсатында үйлестіру кеңесі қызметін жүзеге асырады, оның шеңберінде қазіргі уақытта 170,0 млрд теңге сомасына 39 жобасы келісілді, соның ішінде: 15 жоба – құрылыс материалдарын шығару бойынша, 5 жоба – химиялық және фармацевтикалық өнеркәсібі бойынша, 5 жоба – машина құу мен жабдықтар мен элект құралдарын шығару бойынша, 5 жоба – көліктік логистика бойынша, 5 жоба – тағамдық өнеркәсібі бойынша, 2 жоба – жиһаз жинау бойынша, 1 жоба – құбырларды өндіру бойынша және 1 жоба электржабдықтау үшін құралдарды шығару бойынша. Осы жобалар индустриалдық саябақтың жалпы аумағынан 55% (565 га) орналасады.

Олардың түгелінен 13,1 млрд теңге сомасында 3 жоба іске асырылған, соның ішінде 2010-2014 жылдардың аумақтық ҚР индустриялдық картасына енгізілген:

«Locomotiv Leasing» ЖШС локомотивтерді құрастыру бойынша зауыты, 10,036 млрд теңге (әзірше «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ болып аталады), 2009 жылдаіске асырылды;

«АБК Мақсат» ЖШС темір бетон бұйымдарын жасау бойынша зауты, 27,7 млрд теңге, 2010 жылдың тамыз айында іске ссырылды;

«Кровля НС» ЖШС «сендвич-панельдерді» шығару бойынша зауыты, 375 млн теңге, 2010-2014 жылдардың аумақтық ҚР индустриялдық картасына енгізілген, және 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында іске асырылды.

Оларды іске асыру кезінде бүгінгі күнде 365 жұмыс орны толтырылды, толыққуатына шыға кезнде 1000 жұмыс орнын құруы жоспарлануда.

2011 жылда 12,0 млрд теңге сомасында 4 жобасын іске асырылуы жоспарланды, соның ішінде 8,2 млрд теңге сомасына, 2010-2014 жылдардың аумақтық ҚР индустриялдық картасына енгізілген «Ремлокомотив» АҚ-мен «Жолаушы таситын вагондарды шығару жөнінде зауытты құру» жобасы.

Индустриалдық саябақтың жобалары, жобалық қуатқа жету кезіндегі әлеуметтік экономикалық нәтижесі 6 000 жұмыс орнын ашуын, жылына 105 млрд теңге көлемінде өнімді шығаруын, жылына 5 млрд теңге сомасында салық түсуін қарастырып жатыр.

Арнайы экономикалық аймағында құрылған күнінен 80 инженерлік көліктік инфрақұрылымдар, 68 тұрғын үй, 63 әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігі нысандар, 30 әкімшілік ғимараттар және 15 өндірістік нысандар тіркелді. Есеп беру мерзіміне 160 нысан жұмыс және мемлекеттк комиссиясының актісімен пайдалануға берілген. 96 нысанда құрылыс жалғасуда.

Индустриалдық саябағында іске асыруға келісім берген 39 жобалары бойынша 90% аумағы бөлінді. Қазіргі уақытта Индустриалдық саябақтың инфрақұрылымы 85% орындалды. Инфрақұрылымның аяқталуы 2011 жылда жоспарланған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін аумақтық даму стратегиясына сәйкес Астана аумақтың агломерциялық даму үшін әлеуетті қала болады.Орта мерзімдік келешегінде 2015 жылға дейін Астана қаласының агромерациялық аймағына астаналық шеттері мен Ақмола облысының 3 ауданы кірді: Аршалы, Целиногрда және Шортанды, Астана қаласына жақсы көліктік қол жеткізуде орналасқан, сонымен қатар іргелес аумағынан мятник миграциясын туғызады. Аталған аймақтың шегінде қала сыртындағы дем алу нысандарын орналастыруы, саяжай учаскелерін орналастыруы, қаланың шаруашылығына және тұрғындарына қызмет көрсететін өндірістік, көліктік және өндірістіке жатпайтын инфрақұрылымы, сонымен қатар ауылшаруашылық кешенін дамуымен, аталған мекендерінде, Астананы басқа аймақтармен байланыстыратын қалааралық тас жолының бойында коттедждік құрылысы жүріп жатыр.

Бірақ, қала шеттеріндегі интенсивті қарымен жүріп жатқан құрылыспен бірге, аталған мекендер тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылыммен, көріктендіруімен және жасылдандыруы нашар қамтылып жатыр. Бұл өз кезегінде астананың агломерациялық аймағының келешектік дамуын ұстайтын факторы бола алады.

Қаланың жақсы аумақтық даму факторының бірі халықты қолайлы экологиялық ортамен қамтамасыз етуі болады. Соңғы жылдарда қалада автономдық қазандықтарды орталықтандыру жылу беруге ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Аталған шаралардың экономикалық әсері қала аумағында орналасқан локальдік қазандықтардың санын азайтуында болады. Нәтижесінде көптеген локальді қазандықтардан шығатын кемшілік ықпалының төмендеуі байқалады.

Қаланың қоршаған ортасына антропогендік жүктемесін көрсетеді:

көшпелі және стационарлық ластау көздерінің залалды заттар эмиссия көлемін ұлғайту бойынша ауаға залалды заттардың түсуі. Күн сайын қала автокөліктері ауаға залалды заттардың жалпы эмиссиясынан 55-65% ластайтын заттарды тастайды;

қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарын жиналуы. Қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі жылына 403,6 мың тонна құрайды, бұл Астана – Павлодар тас жолының 6 км орналасқан ҚТҚ полигонында жыл сайын жиналады.

Қаланың аумақтық дамуының негізгі мәселелер:

санитарлық аймақтарын сақтамай селитеб аймақтарында өнеркәсіптік кәсәпорындарының бөлігін орналастыру, бұл қаланың экологиялық тұрақтылығына қатты залалын келтіреді;

қала шеттерінің аумағын нашар инфрақұрылымдық қамтамасыз ету;

қатты тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарының болмағаны.
3.2.5. Мемлекеттік жергілік басқару жүйесі
Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 149/18-V шешіміне сәйкес Әкімдіктің құрылымына 30 мемлекеттік орган кіреді, оның ішінде 3 әкімшілік-аумақтық бірліктер: «Алматы» ауданы, «Есіл» ауданы, «Сарыарқа» ауданы.

Мемлекеттік басқару органдары арасында өкілеттілікті бөлу жұмысы шеңберінде 2013 жылдың шілдесінде жергілікті деңгейде «Астана қаласының Энергетика басқармасы», «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы», «Астана қаласының Еңбек инспекциясы», «Астана қаласының Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарма», «Астана қаласының Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемелері құрылды.

Басымды міндеттерді шешу үшін Әкімдікте құрылысы аяқталған тұрғын үй-азаматтық мәні бар объектілерді пайдалануға қабылдау, үлескерлік құрылысқа қатысушыларға бөлу, тұрғын үй бөлу тәрізді көкейтесті мәселелер бойынша бірқатар комиссиялар мен жұмыс топтары құрылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында Жастар істері жөніндегі кеңес, Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесі, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия жұмыс жасауда.

Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және елорданың экономикасын дамыту үшін Жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес әрекет етеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейі

Астана қаласы мемлекеттік қызметкерлердің мамандығын жетілдіру мақсатында жергілікті атқарушы органының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мамандығы даярлау мен қайта дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Электронды әкімдік

Астана қаласын жедел жаңартылатын ақпараттық коммуникациялық жүйе, инновациялық инфрақұрылымының бар болуы және өндірістегі жаңа технологиялар сипаттайды.

Келесі ақпараттық жүйелер әзірленді және енгізілді:

1.1. Әкім аппаратының және әкідіктің құрылымдық бөлімшелерінде электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі - ЭҚЖ). Ағымды кезеңде Астана қаласы әкімдігінің барлық басқармалары қосылған, пайдаланушылардың саны 529 адам құрайды.

2009 жылдың қорытындысы бойынша электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша келісілген мен бекітліген әкімдіктің ішкі және сыртқы құжаттардың саны құжаттардың жалпы санынан 75% құрады.

1.2. «Халық ДБ» АЖ – қала аумағында тұратын жеке тұлғалардың тіркеу туралы деректілерін көрсетеді; деректілер келуден кейін жаңарады; ДБ аудан әкімдіктегі сайлаушылардың тізімін құрады.

1.3. «Сайлаушылардың электрондық базасын қалыптастыру» ААЖ – сайлаушылардың – азаматтардың қалада тұратын жер бойынша тіркелген нақты және актуалды электрондық тізімін құруын қамтамасыз етеді. Сайлаушылардың электрондық тізімі уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған деректілер базасының негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы анықтайтын деректілерді көздейді.

1.4. «Қызметкерлерді басқару» ААЖ – кадрларды есептеу бойынша міндеттерді шешу үшін, кадрлар құрамын талдау үшін, сонымен қатар кадрлардың жоспарлауы, дайындау мен тұрақтығы қажет. Жүйе басшылықтың кадралар туралы саласында ақпараттандырудың жоғарлатуын, кадрлар туралы ұсынатын ақпараттың нақтылығы мен жеделін, кадрлар туралы ақпаратты қозғау мен сақтау процедураларын реттеуін қамтамасыз етеді.

1.5. «Компьютерлерді есептеу» ААЖ – компьютерлер мен ұйымдастыру техникасы базасын жүргізу, енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуін есептеу, нысандарды жауапты қызметкерлерін жүкте, жеткізуші мен басқа да серіктестіктердің базасын жүргізу үшін қажетті.

1.6. Қаланың геоақпараттық жүйесі – басқару шешімдердің 70% картографиялық ақпаратына талап болғанын еске алып, қаланың біріңғай ГАЖ жер ресурстарын, коммуналдық қызметтерін (су арнасы, жылу беру және т.б.), қала құрылыс кадастрн, экология қызметтерін негізгі бағытары бойынша, сонымен қатар демографиялық, әлеуметтік және де басқа да талдау зертттеулерді және қаланың даму болашағын болжамдауды жүргізу үшін қаланың тиімді басқару үшін қажетті болып табылады.

1.7. Корпоративті интернет-порталы. Корпоративтік интеренет порталы, бұл, ішкі корпоративтік ақпаратты жүйелендіру, сақтау мен өндурі бойынша және қала мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ақпараттық ресурстарына және әкімдіктің жүйелеріне қол жетімділікті регламенттеуді қамтамасыз ету міндеттерін шешуге бағытталған ішкі корпоративтік Web-порталы.

1.8. Әкімдіктің байланыс орталығы. Байланыс орталықтың құру мақсаты – халыққа қала әкімдіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық қызметтерін көрсетуі болады.

1.9. Әкімдіктің жағдайлық орталығы. Әкімдікте қаланы басқару жағдайлық орталығының қызмет етуі іске асырылуда. Жағдайлық орталығы – бір немесе бір неше мамандары үшін жұмыс орнын жүзеге асыратын және қала басшылығымен шешім қабылдауды қолдау үшін қажетті арнайы мультимедиялық бағдарламалы-аппараттық кешені.


Коммуналдық меншікті басқару.

2010 жылдың 1 қаңтарына Коммуналдық мүлік объектілерінің тізімінде жалпы 1831 объекті бар, соның ішінде тұрғын үйлер – 1472 пәтер, ғимараттар мен алаңдар бойынша – 359 объект.

2009 жылдың 31 желтоқсанына түскен мүліктің құны – 19 460 922,6 мың теңгені құрайды.

2009 жыл бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғалардың саны 311 құрады, соның ішінде 129 – мемлекеттік мекеме, 117 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар (ЕМКК - 1), Астана қаласы әкімдігінің қатысуымен 15 акционерлік қоғам, 33 жауапкершілігі шектеулі қоғам.

Бәсекелестік ортада шаруашылық-қаржылық қызметін Астана қаласының коммуналдық меншігінің 65 заңды тұлғасы жүзеге асырады.

2009 жылы Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі объектілерді жалға беру бойынша 296 келісім-шарт жасалып, әрекет етуде. Есеп беру мерзімі бойынша жалға берілген объектілердің жалпы алаңы – 25066,2 шаршы метр құрады. 2009 жыл бойынша коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден жергілікті бюджетке түскен қаражат жыл бойынша түсімдерді 63 720,0 мың теңге деп болжағанда 109 493,9 мың теңгені құрады, бұл жылдық болжамның 171,8 пайызын құрады.

Қаланың коммуналдық меншігінің мүлкін қалыптастыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жаңадан салынған объектілер, орталық мемлекеттік органдар берген мүлік, сондай-ақ өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 394 объект есепте тұр (ғимараттар мен орын-жайлар).

Коммуналдық меншікке берілмеген тарихи-мәдени мұра объектілерін, жерлеу орындарының жер учаскелерін (зират), нөсерлі кәрізін қабылдау жұмысы жүргізілуде.

2012 жылдың басынан қаланың коммуналдық меншігінде:

республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілген мүлік 503,7 млн. теңге жалпы сомасымен 21 объектіні құрайды;

басқа заңды ұйымдар берген мүлік 2 540,8 млн. теңге жалпы құнымен 30 объектіні құрайды;

жергілікті бюджет қаражаты есебінен құрылған мүлік (оның ішінде республикалық бюджеттің) 92 918,2 млн. теңге жалпы құнымен 78 объектіні құрайды.

жылы тұрғын үй қорына құны 15 208,0 млн. теңге болатын 3 571 пәтер қабылданды.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу жүзеге асырылады. Қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы және есепті көрсеткіштерін жинақтау өткізілуде.

2012 жылдың қорытындылары бойынша 49 кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызмет бойынша оң нәтиже көрсетті, пайда сомасы 4264,5 млн. теңгені құрды, 15 кәсіпорын шығынға ұшырады, шығын сомасы 17473,9 млн. теңге.»;



Мемлекеттік жергілікті басқаруды дамытудың негізгі проблемалары:

жергілікті мемлекеттік органдар арасында функциялар мен өкілеттіліктің нақты шектеулігінің болмауы;

мемлекеттік қызметшілердің штат санының жетіспеушілігі;

мемлекеттік заңды тұлғалардың жеткіліксіз тиімді басқаруы;

қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлаудағы осал деңгей және ұйымдардың жоспарланған көрсеткіштерді орындамауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет