БАҒдарламасы ақтөбе, 2010 мазмұНЫ мазмұны 2 бағдарламаның паспорты 3 АҒымдағы ахуалды талдау 8



бет2/26
Дата24.02.2016
өлшемі3.54 Mb.
#12197
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ





    1. Өңірдің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамына ықпал етуін бағалау

Ақтөбе облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, денсаулық сақтау, бiлiм және халықты әлеуметтiк қорғау салаларында оң серпінмен сипатталады.

Аумақ және тұрғындар. Ақтөбе облысы Қазақстаннның аумақ үлкендігі бойынша екінші облыс болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша өңір 12 ауданға, 139 ауылдық (селолық) және 2 кенттік әкімшілікке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала бар, оның ішінде: 7 шағын қала Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі) және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 410 ауылдық елді мекен.

Ақтөбе облысының халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша 757,7 мың адам құрады. Алайда облыста Қазақстан Республикасы бойынша ең төмен халық тығыздығы байқалады.



Ақтөбе облысының ресурстық әлеуеті. Ақтөбе облысының жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнек және тас түсті шикізат, табиғи әрлеу материалдары, мұнай-битум тектілер және табы басқа пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Бұның салдарынан өңірде тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі, ферроқұймалар өндірісі және т.б. айтарлықтай дамуда. Тау-кен кәсіпорындарының мейлінше үлкен бөлігі Мұғаждар ауданында шоғырланған. Мұғаждар таулары никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға ай. Кемпірсай аумағында Хромтау, Никельтау шахталары ашылды, хромиттік және никель көздері Батамша кентінің жанынан табылды. Мергел әктасы бор кезеңінің соңында пайда болды және ол цемент өндірісінде пайдаланылады. Оңтүстік Мугоджар құмдарынан әйнек жасалады. Ақтөбе өңірінің орталық бөлігінде және оңтүстігінде мұнай мен газ өндіріп алу дамыған, мысалы, мұнай-газ конденсатының кен орындары Жаңажол, мұнай-газ кенорны Кенқияқ-тұз асты, мұнай кенорны Кенқияқ-тұзүсті, және т.б. табылды. Өңірде хром бірігулерінің, ферроқұймалардың рентген аппаратураларының және машина жасаудың, химия комбинатының және өзге зауыттар қызмет етеді.

Қазақстан дамуындағы Ақтөбе облысының ахуалы. Ақтөбе облысы Қазақсатнның индустриалды дамыған өңірі болып табылады. алайда әлемдік қаржы нарығындағы жағдайдың нашарлауы Ақтөбе облысының бірқатар өндірісінде 2009 жылғы көрсеткіштердіңтеріс жай-күйіне ықпал етті. Республиканың жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлеміндегі өңір үлесі 8,6% құрады. 2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 695,2 млрд. тенге құрады. Негізгі сауда серіктестіктері болып табылатын елдерде экономиканың бәсеңдеуі экспорт өніміне – ферроқұймаларға, хром тұздарына сұраныстың қысқаруына әкелді.

Табиғи ресурстарға негізделетін өңір экономикасының құрылымында күрделі алға жылжулар соңғы жылдары анықталған жоқ. жалпы алғанда экономика үшін салалық теңгерімсіздік тән: өндіріс пен инвестиция көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің өсімі, шағын бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі. Ақтөбе облысы экспорттайтын негізгі өнім минералды шикізат (67,2%) болып табылады, ал азық-түлік тауарлары 1,3%, химия өнімі және өзгелері 2,4%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар - 29,1%.

Бұған қарамастан әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтандылырған және оң өсім серпініне ие. Жақсару демографиялық салада байқалады, туу өсімі мен қайтыс болу деңгейінің төмендеуі атап өтіледі. Облыс халқының тетіктік қозғалысы айтарлықтай төмендеді. Халықтың өмір сүру деңгейі артуда, орташа айлық жалақы өсуде. Халық кедейлігі индексі 5,6%-ға төмендеді. Ақтөбе облысы аталған көрсеткіш бойынша 9 тармаққа көтеріліп, Қазақстан облыстары арасында 3-орынға шықты.

Өңірдің көлік әлеуеті өте жоғары. Облыста теміржол, автомобиль, әуе, сондай-ақ құбыр тасымалдау түрлері қызмет етеді. алайда көлік инфрақұрылымының сапасы мен тығыздығы жеткілікті дамымаған болып қалып отыр.



Адами әлеуеттің даму индексі. Ақтөбе облысында 2003 - 2008 жылдар аралығында адами даму деңгейі бойынша оң үдерістер байқалады.

Адами даму индексі (АДИ) 2008 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ бойынша есептегенде 2003 жылдың деңгейінен 0,53 тармаққа басым болды. Қазақстанның өзге облыстары арасында Ақтөбе облысы 6-орын алады.

Ақтөбе облысы адами даму индексі бойынша жан басына тұтынуға пайдаланылатын бойынша есептегенде 2003 жылғы 8 орыннан көтеріліп, 2008 жылы республикада 5-орын алды.

Ақтөбе облысы тұрғылықты халқының кедейшілiк индексi көрсеткiші бойынша Қазақстан өңірлері арасында 2003 жылғы 12 орыннан 2008 жылы 4-орынға ауысты, республикалық индекс 17,8% болғанда, 16,9% мәніне ие болды. Кедейлiк индексiнiң төмендеуіне 60 жасқа жетпеген халық үлесінің 33, 6%-дан 26, 6%-ға дейін төмендеуі; табысы күнкөріс минимумы (тұтыну бойынша) биіктігінен төмен халық үлесінің 9,7%-дан 6,4%-ға дейiн азаюы; жұмыссыздық деңгейiнiң 19,0%-дан 7,0%-ға дейiн төмендеуі ықпал етті.



Инвестициялық қызмет. 2003-2009 жылдар аралығындағы кезеңде инвестициялар көлемiнiң серпіні жыл сайынғы өсімнің оң үдерісіне ие. Ақтөбе облысының негізгі капиталына 2009 жылы 312,5 млрд. тенге инвестиция жасалды, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 2,7 есе артық.

Өңір инвестициясының үштен екі бөлігі (66,6%) облыс өнеркәсiбiн дамытуға бағытталған, онда тау-кен өндіру өнеркәсібі инвестициялары ең кпитал сыйымды инвестициялар болып табылады. Облыс көлемде тау-кен өндiру саласының меншікті салмағы 58,2%-ды құрайды. Мұнай және табиғи газ өндіріп алу (37,3%), көлiк және байланыс (14,8%), жыжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету (9,3%), өңдеу өнеркәсібі (2, 4%) басым салалар болып табылады.

Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданы мейлінше инвестицияланатын аудандар болып табылады. Олардың үлесіне сәйкесінше 23,4 % және 22,8%-дан келедi. Минералды немесе отын-энергетикалық шикiзаттың бар болуы аудандардың инвестициялық тартымдылығының басты факторы болып табылады. Ойыл ауданы мейлінше аз инвестиция жасалатын аудан болып табылады, оның үлесі 0, 3% құрады.

Өңірлік банктiк институттар сипаттамасы. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында коммерциялық банктердiң 16 филиалы тiркелген. Қарастырылатын мерзімде Ақтөбе облысында екiншi деңгейдегi банктер берген несие сомасы 98698,2 миллион теңгеден 104309,6 млн. теңгеге артты. Ақтөбе облысындағы ЕДБ беретін несие серпіні 2003-2009 жылдары аралығында бiрдей емес. Негiзiнен шағын кәсіпкерлікті дамытуға жалпы соманың 55,4% берілді. Дегенмен, шағын кәсiпкерлiктi несиелеудің сомасы номиналды тұлғалауда төмен болып табылады. Өңірде ипотекалық несиелеу 2006ж басталды, алайда 2009 жылы ипотека күрт төмендедi.

Егер несие портфелiнiң сапа сипаттамасына назар аударатын болсақ, мерзiмiнен кешіктірілген қарыз өсімінің жоғары қарқынын байқауға болады. Сондай-ақ проблемалық несие көлемi өсімінің қарқыны берілген несиелер көлемi өсімінің қарқынынан айтарлықтай жоғары.



2.2. Аумақтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет