Бағдарламасы Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері



бет4/4
Дата09.03.2023
өлшемі54.58 Kb.
#470519
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Ба?дарламасы Аудитті жоспарлау ма?саты мен принциптері

3. Аудиторлық бағдарламалар
300 "Жоспарлау" ХАС-ына сай аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруға қажетті аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек. Сонымен бірге ол аудиттің дұрыс орындалуын бақылау тәсілі болып табылады және онда әр бөлім бойынша мақсаттар және уақытша бюджеттер көрсетілуі мүмкін.
Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:

  • аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;

  • аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;

  • аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, таңдау көлемін және әр сферадағы тандау негізін өзгертуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.

Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.
Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз бойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепте айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.
Аудиторлық жоспарлар аудитты жүргізу кезінде қажеттілігіне қарай қайта қарастырылып отыруы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет