Алдын-ала жоспарлау
Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңдерін қамтиды:
Клиентті тандау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау;
Аудитті орындау үшін персонал тандау;
Жұмыс жағдайларын келісу;
Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру.
Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау. Жаңа клиенттерді тандау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды:
Көзделген клиент беделін, оның қаржылық жағдайының нақтылығын және оның алдыңғы аудиторлық фирмамен өзара қатынастарын бағалау;
Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.
Тексеруді бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін оны жүргізу мақсаттары мен масштабтары анықталады. Көптеген аудиторлық фирмалар клиенттің салалық ерекшелігіне бейімделген тексеру жоспарының өзіндік ішкі стандарттарын даярлайды.
Аудитті жүргізу үшін персоналды таңдау. Аудит тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны жүргізетін персоналды дұрыс таңдау аса маңызды. Аудитты сәйкес техникалық дайындығы бар және қажетті кәсіби кабілетке ие адамдар жүргізу керек. Аудиторлық міндеттемелердің кең масштабы кезінде тексеруге басшылары бірнеше қызметкерлер сонымен бірге заң, салық мәселелері бойынша мамандар қатыса алады. Масштабы аздау аудит үшін әдетте бір-екі штаттың қызметкері жеткшікті болады.
Жұмыс жағдайларын келісу. Клиент пен аудитор арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңының 4-бабына сай шарт негізінде құрылады. Кез келген шартты құрмас бұрын алдын ала келіссөздер жүргізіледі. Жұмыс жағдайын клиентпен келісу кезінде аудиторға клиенттің қажеттіліктері мен талаптарын, сонымен қатар аудитты жүргізумен байланысты негізгі ұйымдық сұрақтарын анықтау қажет. Бұл үшін клиент аудиторлық фирма атына аудит және соған сәйкес қызметтерді көрсету туралы ресми өтініш жібереді. Ұсыныс ерікті нысанда жасалады. Әдетте ол жерде аудитты жүргізудің шамамен берілген мерзімі, аудитты жүргізуге деген қажеттілік, өз шешімін күтетін мәселелер, қаламақының мүмкін көлемі және басқа сұрақтар көрсетіледі. Келісім хатты алған аудиторлық фирма аудиттің алдын ала жоспарлауын жүргізеді.
Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:
аудит жұмысының көлемі;
тапсырылатын аудит қорытындысының үлгісі;
жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;
аудит жұмысының төлем ақысы, гонорары.
Шартта тапсырыс берушінің аудиторлық фирмаға алдын ала ақша төлеуін көрсету қажет. Себебі, жұмыс басталмай тұрып төленген ақша - аудит процессіндегі аудитордың қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, клиент тарапынан аудит үшін сыйақыны төлемей қою мен қорқыту арқылы болатын "қысымдар" жасалмайды. Әдетте, аудиторлық фирмалар талап ететін алдын ала ақша төлеу 50%-дан 100%-ға дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |