Бағдарламасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды»



бет8/9
Дата10.02.2024
өлшемі4.28 Mb.
#491543
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11 А кл билет тарих

Атқа міну мәдениеті
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі...
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.
https://e-history.kz/ru/projects/show/23300 сайтынан алынған


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи үдерістерге тигізген әсерін түсіндіріңіз.
Көшпелілердің ұлы қоныс аударуы
Батысқа бет алған ғұндар жол бойындағы халықтарды да қосыла көшуге мәжбүрледі. Сөйтіп, ғұндардың көші Еуразия даласындағы этникалық құрамы әртүрлі көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағын басып, батысқа қарай жылжыған әлемдік қоныс аударуды тудырды.
Ғұндардың батысқа қарай көшуінің екінші легі жыл санауымыздың ІІ ғасырынан басталады. Қоныс аудару кезінде кейбір тайпалар ғұндармен одақтасса, енді бірі қуғын көрді. Ғұндардың бұл көші-қон үдерісі Қазақстан мен Орталық Азияны жайлаған халықтарға тұтас қозғау салып, қоныс аудару үш жүз жылдай жүрді. Еуропаға жеткен ғұндар Шығыс Рим империясын талқандап, қазіргі Венгрия жерінде Батыс ғұн империясын құрды.
https://e-history.kz/kz/news/show/33857/ сайтынан алынған


Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Түрік қағанатының құрылуы Еуразия кеңістігіне қандай өзгерістер әкелгенін түсіндіріңіз.
«Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларында этникалық өзгерістер орын алды. Бұл аймақтағы үстемдік біртіндеп түркітілдес тайпалардың қолына өтті. Әлеуметтік даму және аймақтық-саяси бірігу үрдісі қарқын алып, І мыңжылдықтың екінші жартысында түркітілдес тайпалар Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказ аймақтарында бірқатар ірі мемлекеттердің (қағанаттардың) негізін қалады... Бұл кезеңді ежелгі түркі дәуірі деп атайды».
С. Кляшторный. «Еуразия далаларының халықтары мен мемлекеттері» еңбегінен. 2009 ж.


Ортағасырлық ғұлама Әл-Фарабидің «ізгіліктің қаласы» туралы ілімі негізіндегі қоғамдық-саяси идеяларды түсіндіріңіз.


Орталық Азия өркениеттерін зерттеудегі қазақстандық археологтардың қол жеткізген жетістіктерін сипаттаңыз.


Орталық Азияның ежелгі отырықшы-егіншілік өркениетінің Сырдария, Жетісу ошақтарының негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз.


Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі мәдениетін зерттеуде номадистика мен этнографияның рөлін сипаттаңыз.


Отырықшы және көшпелі халықтардың экономикалық байланыстар жүйесіндегі шаруашылық қызметінің рөлін сипаттаңыз.


Суреттер және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақ халқы қолөнерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.













https://el.kz/k-shpeli_khaly-ty-_-ol-neri_turaly_ne_bilemiz_40129/ сайтынан алынған


Суреттер мен тарихи білімдеріңізді қолдана отырып, ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы білім беру реформаларының жетістіктері мен кемшіліктерін талдаңыз.













https://bilimdinews.kz/?p=120196 сайтынан алынған


Суреттерді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, дала өркениетінің белгілі тарихи-мәдени ескерткіштерін салыстырып, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.















Сызбаны және тарихи білімдеріңізді қолдана отырып, Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымының Ұлы Дала көшпенділері мемлекеттерімен сабақтастығын түсіндіріңіз.





Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. –Астана: «Фолиант», 2003


Сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың қызметін түсіндіріңіз.





Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. –Астана: «Фолиант», 2003




Сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы қола дәуіріндегі Андрон мәдениетінің ерекшеліктерін талдаңыз.

















Сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың ру-тайпалық құрылымының қалыптасу үдерістерін талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет