БАҒдарламасы қазақстан Республикасы Президентінің



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ

2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

 Жарлығы

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 01 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзір­лесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін;

2) жарты жылдың қорытындылары бойынша 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №32, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын.



5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 7-сі.

№ 1118

 

Қазақстан Республикасы



Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 1118 Жарлығымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

 

1. Бағдарламаның Паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;

«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақст ан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мақсаты

Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бағдарламалық мақсаттар

білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

педагог мамандығының беделін көтеру;

білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;

білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу;

қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;

еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;

өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру

Міндеттері

сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту;

білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру;

білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;

оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;

мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;

12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;

шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) проблемаларын шешу;

мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;

экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;

экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;

ТжКБ-да оқудың беделін арттыру;

еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;

жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету;

білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау;

өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;

жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру

Іске асыру мерзімдері (кезеңдері)

2011 – 2020 жылдар

Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:

бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;

екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.

Нысаналы индикаторлар

ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізілген;

педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 52 %;

білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестер құрылған;

білім беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен;

орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады;

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100 %-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілген;

12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған;

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны – 20;

жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі – 70 %;

қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелері:

оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) – 40-45 орын, 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 10-12 орын, «Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерделеу» (PIRLS) – 10-15 орын;

мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің үлесі – 70 %;

қатысушылардың жалпы санына шаққанда жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі – 80 %;

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың үлесі – 80 %;

ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі – 30 %;

жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО) бітірушілердің оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі – 80 %;

жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған бітірушілердің 80 %-ы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан;

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны – 2;

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі – 65 %;

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі – 30 %;

отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі – 5 %;

соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі – 5 %;

барлық жастағы адамдар үшін білім берудің әртүрлі нысандары мен типтері енгізіледі;

жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын болады.

Қаржыландыру көздері

мен көлемі

Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландырудың қосымша көлемі 461,1 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

 

 

2. Кіріспе



 

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мер­зімді Стратегиясының маңызды ба­сым­дықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Бі­лім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капи­талға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қо­ғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнім­ді жұмыс күшін құру үшін аса қа­жет. Болашақтың табысты эконо­микасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттілік­тер­ге жұмсалатын шығындар ретінде ға­на емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Білім беру мен экономикалық өсуді бай­­ланыстыратын көптеген дәлелдер бар:

макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;

зерттеулер білім беруді дамытуға жұм­­салған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.

Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың – аза­мат­тардың көп үлесінің қатысуымен құ­рал­ған, әлеуметтік бірлігі мен интегра­ция­сы жоғары, құқық бұзушылық дең­гейі төмен қоғамның қалыптасуына ық­пал етеді. Жастайынан білім алу әлеу­мет­тік, эмо­ционалдық және басқа да өмір­ге қажетті дағдыларды қалыптас­тыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осын­да. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын ин­вестицияны айтарлықтай және тұрақты ұл­ғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақ­стан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоға­ры жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Білім беру саласындағы Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік саяса­тын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыр­тудың жалғастырылуын қамтамасыз ете­тін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­ма­сы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру саласындағы мем­лекеттік саясаттың ұйымдас­тыру­шы­лық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйым­дастырушылық нысандарының жә­не қаржы-экономикалық тетіктерінің құ­ры­лымындағы, мазмұны мен техноло­гия­ларындағы өзгерістерді қамтитын ре­сурстары мен мерзімі бойынша бір-бірі­мен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.

 

 

3. Ағымдағы жай-күйді талдау



 

Қазақстан Республикасында ел бас­шы­лығының адами капиталды дамыту­дың қажеттілігі мен маңыздылығын тү­сі­ніп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

2005 жылдан бастап Қазақстан Рес­публикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнін­дегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.



Дарынды жас қазақстандықтарға әлем­­нің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықара­лық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау сала­сын­дағы негізгі халықаралық құжаттарға қа­тысушы болып табылады. Бұл – Жал­пыға бірдей адам құқықтары деклара­циясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халық­ара­лық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім беру­дің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Ха­лық­аралық білім берудің стандартты жік­теуішіне сәйкес келтірілді. Оқыту­дың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш дең­гейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D док­торы. Маман­дықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоға­ры және жоға­ры оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.

Тәуелсіз сыртқы бағалау элемент­терін қамтитын (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірың­ғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі – МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б.) Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі құрылды.

Республиканың барлық өңірлерінде білім беру сапасын бағалаудың облыс­тық жүйесін енгізу басталды.

Білім беру ұйымдарының материал­дық базасы нығайтылуда.

2009 жылдың өзінде мектептерде 640 биология кабинеті, 536 – лингафондық мультимедиалық кабинет (бұдан әрі – ЛМК), 10 физика кабинеті, 78 химия кабинеті жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивті тақталармен толықтырыл­ды. Қазіргі уақытта 3450 мектептің лингафондық мультимедиалық кабинеттері бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге көбейіп отыр.

Білім беру сапасы арттырылуда.

Инклюзивті білім дамуда.

Орта мектептің балаларын тегін та­мақ­тандыру және жеткізу мәселелері баяу шешілуде.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы 35425-ке артты.

Білім саласын ақпараттандыруды да­мыту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы аталған көрсеткіш 41-ді құраған, оның ішінде 36-сы – ауылдық жерлерде.

Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ның кең жо­л­ақты интернетке шығуға мүмкіндігі бар.

Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстыр­малы зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жараты­лыстану бойынша 11-орынды иеленді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бө­ліну­де. Орталық және жергілікті ат­қару­шы органдарда, республика өңір­лерін­дегі жоғары оқу орындары жанынан қа­зақ тілін оқыту орталықтары құрыл­ды, мін­детті оқыту курстары енгізілді, қа­зақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту енгізілді.

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мек­теп­тердің желісі құрылды. Қазіргі уа­қытта республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді.

6 Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды.

Ұлттық жоғары мектепте білім беру­дің әлемдік деңгейіне жету жөнінде шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропа­лық білім кеңістігіне енді, Болон Дек­ларациясына қосылды, Астана қала­сын­да әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны – «Назарбаев Университеті» құрылды.

Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының ака­демиялық еркіндігі кеңейтілді: таң­дау бойынша компонент бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға және докторантурада 70 %-дан 80 %-ға дейін ұлғайтылды.

Сапалы жоғары білім алуға ынталы студенттердің саны өсіп келеді. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алады. 3 мыңға жуық «Болашақ» халық­аралық стипендиясының стипен­диаты әлемнің 27 елінде оқиды.

Шетелдіктер үшін еліміздің жоғары оқу орындарында білім алудың тартым­дылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдануда. Рес­публиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім алуда.

Дегенмен қазақстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйінде қалып отыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру жалпы әлемдік үр­діс­тер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бо­йынша Қазақстанда мектепке дейінгі тәр­биемен және оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өскен және балалардың 40 %-ын ғана құ­райды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100 %-ға жетіп отыр.

Туу деңгейінің есебінен балабақ­ша­лардағы орын тапшылығы елімізде орта есеппен жыл сайын 5 – 7 %-ды құрай­ды. Сонымен қатар 5 өңірде туу фак­торы мен көші-қон әсерінен бұл көр­сеткіш 11,1 %-ды құрайды: Оңтүстік Қа­зақстан облысында – 8,1 %, Қызыл­орда – 11,8 %, Жамбыл – 10,7 %, Ал­маты қаласында – 11,3 %, Астана қаласында – 13,6 %.

Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келеді, қалаларда – 120. Қалалық жерлерде әрбір үшінші бала, ауылдық жерлерде 100 баланың 5-уі ғана балабақшаға барады.

Инклюзивті білім беру қажетті дең­гейде дамымаған. Қазіргі кезеңде мүм­кіндіктері шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе 19,5 %-ы – мектеп жа­сына дейінгі балалар. 37 арнайы бала­бақ­шада және 240 арнайы топта 10 мың­дай бала мектепке дейінгі тәрбие­мен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана құрайды.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым­дармен қатар жекеменшік балабақ­ша­лар да ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса, 2010 жылы 284 болып отыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығыс­тары­ның үлесі соңғы жылдар ішінде іш­кі жалпы өнімнің (бұдан әрі –ІЖӨ) шамамен 0,1 %-ын құрайды. ЭЫДҰ елдерінде – ІЖӨ-ден 1 %-дан 2 %-ға дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет