Этникалық және әлеуметтік процестер
|
Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер.
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код - ұлттың негізі.
Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Қазақтардың ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы. "Ауызша тарихнама", "шежіре", "ру", "тайпа", "ата-жұрт", "атамекен", "ел" ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлі.
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі.
|
Этникалық процестердің сабақтастығын зерттеу.
|
Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдаланады;
Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындайды, сипаттайды.
|
2) Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының біріктіруші ролін анықтау.
|
Қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа ", "жүз", " ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдаланады;
Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарын атайды.
|
3) Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін қазақ хандығының саяси-экономикалық дамуымен байланыстыру, бағалау.
|
Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдаланады;
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін сипаттайды, ерекшелігін айқындайды.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |