Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан
|
Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер
Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары.
Ұлы Дала көшпенділерінің империялары.
Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Ұлы Түрік қағанатының қалыптасуы мен дамуы. Түркі империясының мұрагерлері. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы түркі империясының рөлі.
Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Шыңғысханның әлем тарихындағы рөлі. Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуы. XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер етуі.
Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет
Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі. Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақ хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі.
Қазақ хандығының саяси институттары. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Бабаларымыздың ұлан-ғайыр аумақты қорғап сақтаудағы рөлі. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуы. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.
Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы
Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі. XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі.
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі.
Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтары.
Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі – тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламалары.
|
1)Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін талдау.
|
Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттерді атайды;
Мемлекеттердің географиялық-аумақтық құрылымы мен шекаралас мемлекеттерді картадан көрсетеді; Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін анықтайды;
Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымы туралы дереккөздерінен мәліметтерді саралайды.
|
2) Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлі туралы қорытынды жасау, бағалау.
|
Түркі мемлекеттерінің қалыптасуының кезеңдерін және оның ерекшеліктерін негіздейді;
Түркі империясының географиялық-аумақтық құрылымын картадан көрсетеді, шекаралас мемлекеттерді анықтайды;
Түркі империясының саяси-экономикалық даму ерекшелігін түсіндіреді.
|
3)Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуының маңызы туралы тарихи фактілер негізінде тұжырымдау.
|
XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттайды;
Орта ғасырдағы мемлекеттердің Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтайды;
Мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтайды.
|
4)Қазақ хандығының құрылуындағы Ақ Орда мемлекетінің орнын айқындау.
|
Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін мен ерекшеліктерін сипаттайды;
Қазақ хандығының географиялық-аумақтық құрылымын картадан көрсетеді;
Қазақ хандығының құрылуының себептерін анықтайды.
|
5)Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі екенін дәлелдеу.
|
XVғ. Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің Қазақ хандығының құрылуына ықпалын түсіндіреді;
Қазақ хандығының саяси институттарының хандықтың дамуындағы орны туралы дереккөздерден алынған ақпараттар негізінде қорытынды жасайды.
|
6)Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресінің маңызы туралы логикалық бірізді аргументтер келтіру.
|
Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын, себептерінің және ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды;
Ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсіндіреді;
Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын басқа ұқсас тарихи құбылыстармен салыстырады;
Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттейді.
|
7)Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау.
|
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "Қазақ АКСР", " Қазақ КСР", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдаланады; Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктерін атайды және қайшылықтарын сынайды.
|
8)Қазақстан Республикасының даму бағдарларын бағалау және Қазақстан Республикасының саяи-экономикалық дамуын болжау.
|
Ұлттық мемлекеттті жаңғыртудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлін зерттейді;
Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын айқындайды.
|
|
|