Бағдарламасы қазақстан тарихы (пән атауы)



бет8/11
Дата05.09.2023
өлшемі77.44 Kb.
#476650
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ЖМБ.ҚГБ.Қазақстан тарихы. ТУП

Саяси-құқықтық процестер

Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы.
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII-XX ғасырдың басы). Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдері. Қазақстандағы қалалардың полиэтникалық құрамының қалыптасуы (XIX ғасырдың екінші жартысы және XX ғасырдың бас кезі). Қазақстанда ұйғыр және дүнген, өзбек, татар диаспораларының қалыптасуы.


Кеңестік кезеңдегі Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлері. Қазақстанда славян диаспорасының қалыптасуы. Кеңестік уақыттың көші-қон ағындары. Қазақстанда неміс және корей диаспорасының қалыптасуы. Соғыс жылдары Кавказ және Қара теңіз жағалауы халықтарын депортациялауға байланысты Қазақстан этникалық картасының өзгеруі. Кеңес өкіметінің ұлттық саясаты(1920-1940 жылдар). Кеңес өкіметінің ұлттық саясаты (1950-1980 жылдар). КСРО ыдырауы қарсаңындағы және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық саясат. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты.. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты.


Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты.
Демографиялық даму және Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтары.


Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі.

1) Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қараудың маңыздылығына пікір білдіру.

  1. Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін анықтайды;

  2. Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін түсіндіреді;

  3. Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін айқындайды.




2) Мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау.



  1. Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының себептерін, негізгі бағыттары мен басымдықтарын көрсетеді.

  2. Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының маңызын дәлелдеу;

  3. Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет