Бағдарламасы «Қазақстандағы психология ғылымы»


Практикалық және семинар сабағының сұрақтары



бет3/3
Дата10.06.2016
өлшемі224 Kb.
#126909
түріБағдарламасы
1   2   3

3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

«Қазақстандағы психология ғылымы» курсына кіріспе.

Әл-Фараби (870-950) және оның қазақ психологиясы тарихындағы орны.

Қазақ фальклорындағы психологиялық ойлар.

XY-XIX ғ.ғ. қазақ жыраулары мен оқымыстыларының психологиялық ойлары.

XIX ғ. 2-жартысындағы психологиялық ойлар (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев).

Ғылыми психологияның негіздерінің құрылуы (1900-1920).

Ғылыми психологияның қалыптасуына алғашқы қадамдар (Х. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және т.б.).

Қазақ ғалымдарының (Ш. Әлжанов, А. Сытдықов,С. Қожахметов, Т. Тәжібаев және т.б.) педагогикалық психологиядағы мәселелері.

Советтік Қазақстандағы соғыстан кейіггі жылдардағы психологияның қалыптасуы (1945-1990).

Психология мамандығы бойынша алғашқы ғылыми кадрларды дайындаудағы қадамдар. Қазақстанда қорғалған психологиялық диссертациялар.

Психология салаларының құрылуы және дамуы.

Посткеңестікдәуірден кейінгі Қазақстанда психология ғылымының дамуы (1991-2001).

Қазақстандағы этнопсихологиялық зерттеулердің міндеттері мен негізгі мәселелері.

Қазақстанда психология ғылымы дамуының болашағы мен міндеттері.

4. Студенттердің өздік жұмысы.

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.



Студенттердің өздік жұмыс тапсырмаларын орындауға

әдістемелік нұсқау

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.


Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


СӨЖ тақырыптарының тізімі




ОСӨЖ

СӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

1

2

3

4

1

Қазақ және шетел психологиясының тарихын салыстыру.

Психологиятарихына шолу жасау.

Аннотация

2

Этнопсихологияның Қазақстанда зерттелу тарихы.

Әл-Фараби зерттеулері.

Реферат

3

Қазақстандық ЖОО-дағы психология кафедраларының қызметтері.

Қазақстандағы алғашқы психология мамандығының құрылуы.

Хабарлама

4

Қазақстандағы психология ғылымының аса маңызды бағыттары.

Психологияның негізгі бағыттарына талдау.

Салыстырмалы анализ

5

Психология тарихын зерттеудегі патриотизм мен космополитизм арақатынасы мәселесі.

Намысшылдық қасиеті- қазаққа тән ерекшелік.

Баяндама

6

М. Мұқанов зерттеулеріндегі қабілеттілік мәселесі.

М.Мұқановтың еңбектері.

Талдау

7

Қазақ психологиялық терминологиясының өзекті мәселелері.

Психологиялық терминдер диктанты.

Сөздікпен жұмыс

8

М. Мұқановтың педагогикалық психология саласындағы зерттеулерінің маңызы.

Қазақстандағы педагогикалық психология саласындағы зерттеулер.

Әдебиеттермен жұмыс

9

Студенттердің тарихи ойлауын қалыптастыру жолдары.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясына талдау.

Технология сипаты

10

Қазақстандық психологтар шығармаларындағы этнопсихология мәселелері.

Қазақстандағы этнопсихология саласына үлес қосқан ғалымдар.

Реферат

11

М. Мұқановтың этнопсихология саласындағы зерттеулері.

Қазақ этнопсихологиясына тән қасиеттер

Хабарлама

12

Т. Тәжібаев зерттеулеріндегі психология тарихы мәселелері.

Т.Тәжібаев көрнекті қазақ психологі.

Реферат

13

Қазақстандық ғалымдар еңбектеріндегі танымдық іс-әрекет психологиясының зерттелу деңгейі.

Танымдық іс-әрекетке сипаттама.

Хабарлама

14

Қазақ ғалымдарының психология тарихын зерттеу жұмыстарына шолу.

А. Құнанбаев шығармашылығындағы психологиялық ойлар.

Баяндама

15

Отандық психология ғылымдарындағы әдіснамалық-теориялық ізденістер.

Қазақстандағы психология ғылымының дамуы.

Талдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет