Бағдарламасы Баспа №1 «Қалааралық жүк тасымалдары»



бет4/4
Дата08.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#185801
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Сабақтың мақсаты: Жедел анализ нәтижелерін өңдеу бойынша берілген есептерді шешуді студенттерге үйрету.

Бақылау сұрақтары:

1. Жүктер топтарын тасымалдау бойынша жоспар орындалу деңгейі қалайша анықталады?

2. Автомобильдің орташа жұмыс істеуі қалай анықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


22-практикалық сабақ. Халықаралық жолдарда қозғалмалы құраманың қозғалысын ұйымдастыру.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Қалааралық байланыста автомобильдің (автопоездың) айналу уақытын есептеу

2. Тура және кері бағыттағы қозғалыс уақытын есептеу

Сабақтың мақсаты: Қалааралық жолдарда қозғалмалы құрамның көлікті қолдану кәсіпорнын анықтау

Бақылау сұрақтары:

1. Қалааралық байланыста қозғаламалы құрама қозғалысын ұйымдастырудың негізі есептері қандай?

2. Қозғалысты ұйымдастырудың негізгі принципі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


23-практикалық сабақ. Халықаралық жолдарда қозғалмалы құраманың қозғалысын ұйымдастыру.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Жүкті тиеу және түсіру операциялары кезіндегі бос тұру және ақырғы пунктте жіберу графигіне сәйкес жіберуді тосу уақытын анықтау

2. Негізгі АКҰ-да жоспар бойынша техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу кезінде бос тұру уақытын анықтау

Сабақтың мақсаты: Қалааралық жолдарда қозғалмалы құрамның көлікті қолдану кәсіпорнын анықтау

Бақылау сұрақтары:

1. Жүргізушілердің демалу немесе ауыстырылуына байланысты регламенттелген бос тұрудың уақыты қалай анықталды?

2. Базалық АКҰ-дан келесіге тасымалдау жұмысын орындау үшін баруы және одан тура осындай циклды қайталау үшін шығуы нені береді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


24-практикалық сабақ. Автомобильді жолдарда қозғалмалы құраманың жұмысын және қозғалысын ұйымдастырудың негізгі жүйелері.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Жолда техникалық қажеттіліктермен бос тұруды есептеу

2. Жүкті тиеу және түсіру операциялары кезінде бос тұру уақыты

Сабақтың мақсаты: Қалааралық жолдарда қозғалмалы құрамның техника қолдану жарамдылығын анықтау

Бақылау сұрақтары:

1. Жанармай толтырудың аралық пункттерінің саны қалай есептеледі?

2. Ақырғы пукттегі техникалық қызмет көрстеудің және жанармай құюдың нормативтік ұзақтығы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


25-практикалық сабақ. Автомобильді жолдарда қозғалмалы құраманың жұмысын және қозғалысын ұйымдастырудың негізгі жүйелері.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Негізгі АКҰ-да бос тұру уақыты

2. Айналу уақытын пайдаланудың коэффициенті

Сабақтың мақсаты: Қалааралық жолдарда қозғалмалы құрамның техника қолдану жарамдылығын анықтау

Бақылау сұрақтары:

1. Жүргізушілердің демалу уақыты неден құралады?

2. Қозғалмалы парктің тәуліктік жүру бірлігі қалай анықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


26-практикалық сабақ. Автомобильді жолдарда қозғалмалы құраманың жұмысын және қозғалысын ұйымдастырудың негізгі жүйелері.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Тұтас қозғалыс жүйесін есептеу

2. Учаскелік (иықтық) қозғалыс жүйесін есептеу

Сабақтың мақсаты: Қалааралық жолдарда қозғалмалы құрамның техника қолдану жарамдылығын анықтау

Бақылау сұрақтары:

1. Тұтас қозғалыс жүйесінде қандай артықшылықтар мен кемшіліктер бар?

2. Учаскелік қозғалыс жүйесінің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


27-практикалық сабақ. Қозғалмалы құрамада тұтынуды есептеу және қозғалыс графигін тұрғызу.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Қозғалмалы құрамның типін таңдау

2. Тұтас қозғалыс кезінде қажетті болатын автомобильдер санын анықтау

Сабақтың мақсаты: Қозғалмалы құрам қажеттіліктерін және қалаарылық жолдардағы қозғалыс графигін құрау есептеулеріне студенттерді үйрету

Бақылау сұрақтары:

1. Әрбір маршрут бойынша күнделікті жіберілетін қозғалмалы құрамның бірлігін қандай формуламен есептейді?

2. Учаскелік қозғалыс кезінде қозғалмалы құрамның саны неге байланысты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


28-практикалық сабақ. Қозғалмалы құрамада тұтынуды есептеу және қозғалыс графигін тұрғызу.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Транзитті жартылай тіркемелердің санын анықтау

2. Қозғалмалы құрам қозғалысынң жедел графигі

Сабақтың мақсаты: Қозғалмалы құрам қажеттіліктерін және қалаарылық жолдардағы қозғалыс графигін құрау есептеулеріне студенттерді үйрету

Бақылау сұрақтары:

1. Тартылыс иығы жүйесі бойынша қозғалысты ұйымдастыру кезінде участок ұзындығы қалайша анықталады?

2. Қозғалмалы құрамның қозғалысының графигін не үшін салады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


29-практикалық сабақ. Қозғалмалы құрамада тұтынуды есептеу және қозғалыс графигін тұрғызу.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Бірдей интервал болғандағы қозғалыс графигін салу

2. Әртүрлі инткрвал болғандағы қозғалыс графигін салу

Сабақтың мақсаты: Қозғалмалы құрам қажеттіліктерін және қалааралық жолдардағы қозғалыс графигін құрау есептеулеріне студенттерді үйрету

Бақылау сұрақтары:

1. Қозғалыс графигіндегі еңкейген сызықтар нені белгілейді?

2. Қозғалыс графигіндегі горизонтальді сызықтар нені белгілейді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.


30-практикалық сабақ. Қозғалмалы құрамада тұтынуды есептеу және қозғалыс графигін тұрғызу.

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Қосымша уақытты есепке алғандағы қозғалыс жылдамдығын есептеу.

2. Көліктік үрдістің барлық элементтерінің уақыттарын қосқандағы құрылған қозғалыс графигінің дұрыстығын тексеру

Сабақтың мақсаты: Қозғалмалы құрам қажеттіліктерін және қалаарылық жолдардағы қозғалыс графигін құрау есептеулеріне студенттерді үйрету

Бақылау сұрақтары:

1. Қозғалыс графигінде жеткізіп берудің техникалық жылдамдығын қалай көрсетеді?

2. Қалааралық тасымалдауда жұмыс істейтін жүргізушілердің қозғалысының кестесін кім құрастырады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Грузовые автомобильные перевозки: Учебник / Под ред. Н. Б. Ост­ровского. - М : Транспорт, 1986. - 307 с.

2. Таранов А. Т. Перевозка грузов автомобильным транспортом: Учеб. пособие. - М.: Транспорт, 1972. - 189 с.

3. Б.Л. Тростянецкий. Автомобильные перевозки. Задачник. Москва «Транспорт», 1988 г.



3. Курстық жоба
3.1. Курстық жобаның тақырыбы «Қалааралық жолдарда қозғалмалы құраманың жүрісін ұйымдастыру».

Берілген жоба 5 бөлімнен тұрады, ол бүкіл курстың барлық оқу материалдарын қамтиды.

1. Аналитикалық бөлім.

2. Автомобильдердің жұмыстарының техника қолдану жарамдылығын есептеу.

3. Қозғалмалы құрама жүрісін ұйымдастыру

4. Экономикалық бөлім (қозғалмалы құрманы қолдану бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу)

5. Экологиялық бөлім (жүк тасымалы кезіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау).
3.2. Курстық жобаны орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.

3.2. 1 Теориялық (аналитикалық) бөлім

Теориялық бөлімде студентке келесілерді беру қажет:


  • Жоба тақырыбы бойынша жобалауға қажет шарттар сипатын талдау;

  • Тасымалдау ұйымындағы жеткіліксіздіктер мен қолданылмаған резервтер саны, жаңа тасымалдауларға бөгет жасайтын;

Жүк лектері, жүк айналымдары, тасымалдар көлемі ұғымдарын беру қажет.
3.2.2 Қозғалмалы құрама жұмысының техника қолдану жарамдылығын есептеу.

Бұл бөлімде қозғалмалы құрама жұмысының көрсеткішін есептеу қажет және оны кестеге толтыру қажет.

3.2. 3 Қозғалмалы құрама жүрісін ұйымдастыру

Қозғалмалы құраманың жүрісін ұйымдастыру жүк лектерін қалыптастыру және бөлу бойынша нақты мәліметтермен негізделеді. Осының негізінде студенттер қозғалыстың жиілігі мен аралығын есептейді.

3.2. 4 Экономикалық бөлім.

Курстық жобаның экономикалық бөлімінің негізгі міндеті болып технологиялық бөлімде қарастырылатын жұмыстардың орындалуымен байланысты барлық экономикалық көрсеткіштерді есептеу табылады.

4.2. 5 Техника безопасности и охрана труда при грузовых перевозках.

Еңбекті қорғау - бұл әлеуметтік-экологиялық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралар мен құралдар, денсаулықты сақтау және еңбек үрдісінде адамның жұмысқа жарамдылығын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заңнамалық актілер. Қазіргі заманғы өндіріс әртүрлі қауіптіліктермен және зиянды факторларға толы.

Еңбекті қорғаудың міндеті – қозғалмалы құраманың жүргізушілерінің мертігіп (және кондукторлардың) немесе ауырып қалуының алдын алу және сонымен қатар еңбекте қолайлылықты қамтамасыз ету.
3.3. Курстық жобаны орындаудағы әдістеме.

3.3.1. КЖ – ны орындауға арналған мәліметтер 3.1 кестесінде көрсетілген.

Кесте 3.1. КЖ – ны орындауға арналған мәліметтер

Рет саны

КЖ тапсырмалар (бастапқы мәліметтер)

1

Бастапқы қалааралық маршрут (нұсқаға сәйкес)

2

Автожолдар сызбасы және бастапқы, аралық және соңғы жүк пунктерінің арақашықтығы.

3

Жүру түрі

4

Тасымалдар көлемі (тура және кері)

5

Қозғалыс жүйесі (нұсқаға сәйкес)


3.3.2. Жұмыстың есептілік бөлігін орындаудағы реті

Курстық жоба, заты бойынша болашақ маманның бірінші өзіндік жұмысы болып табылады (Көлік бакалавр), жобаны шешудегі қабылданған дұрыстықтарға байланысты, оның квалификациясы анықталады.

Курстық жоба курстағы пәнді оқудың соңғы кезеңі болып табылады, және сондықтан орындаудың сапасы көбінекей студенттің алған білімін практикада қолдануды үйрету.

Курстық жобаны жобалау кезінде студент жобаланатын жұмысты зерттеуге ерекше көңіл бөлуі тиіс. Анықтамалық, технологиялық нормативтік материалдар жинау ғана емес, және де оларды критикалық талдаудан өткізу керек.

КЖ – ны жобалау кезінде студент белгілі көлемдегі графикалық жұмысты орындайды. Графика - техника тілі. Сондықтан курстық жобаны жобалауда графикалық өңдеуде көп назар аударады.

Курстық жобаның есептілік бөлімінің негізгі тапсырмасы болып барлық көрсеткіштердің есептемесі болып табылады, жұмысты орындаумен байланысты, жобаның техникалық бөлімде анықталған.

Осыған орай курстық жобаның есептілік бөлігін келесі пункттерге бөлуге болады:


  1. Жүкті тасымалдауға арналған көліктің экономикалық негізделген түрін таңдау екі нұсқаның теңестіру жолымен орындалады;

  2. Нұсқалардың әрбір түрінен шығынның сомалық түрі анықталады, жөнелту қоймасынан алушы қоймасына дейін жүкті жеткізумен байланысты;

  3. Тасымалданған жүктің 1т. көрсетілген шығының бағасы;

  4. Портқа келген жүктік теплоходтың(Т), баржи(Б), вагондарды беру(П) өңдеудің оптималдық ретін орнату;

  5. Порттағы кемелермен вагондардың өңдеу реті өзгермегенін екенін анықтау, егер 1 сағат тұрғандар шығындар вагондарды беру және жүктік теплоходтың – 35%; + 50% схемасы бойынша ауысса;

  6. Көліктік бірлікті өңдеудегі техникалық графиканы ерекшелеу;

  7. Реттеу жүйесін есептеу , жүктік фронттардағы автомобильдерді орналасуы туралы информацияны сақтау және жинауды қамтамасыздандыру, жүктік фронттардағы тиеу-түсіру механизімінің жағдайы;

  8. Жүктік фронттарды автомобильдер арқылы қызмет көрсету кезеңдерін құру;

3.3.3. Алынған қорытындылардың әдістемелік анализі.

Барлық жобаның элементтері өндірістік талаптарға сай орындалуы тиіс.

Жобаны орындаудағы жұмысты барлығы студенттер мойынына жатады, жобаның жетекшісінің нұсқаулары мен кеңестерін қолдана алады. Студент өз жұмысына ұқыпты қарауы тиіс, жоба жетекшісі оның қатесі түзейді деген үміті болмауы керек. Садықтан жобаны жобалау кезіндегі қабылданған шешімді ойланып және оның дәл рационалды екеніне көз жеткізу керек.

Студент барлық графикалық жұмысты және анықтамалық хатты уақытында бітіруі тиіс. Сызба беті және анықтамалық хат мұқият тексеріліп және орындаушы және жобаның жетекшісінің қолы қойылып, тапсырылуы тиіс, содан кейін курстық жобаны қорғауға дайындалуына болады.



3.3.4. Түсіндірмелік хаттың толтырылу реті

Студент курстық жұмыс жазғанда назарын оның мағынасына ғана емес, жобалық құжаттаудың толтырылу ретіне аударуы қажет.

Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы екі бөлімнен тұрады: түсіндірмелік хат және сызба. Курстық жұмыстың техникалық құжаттауы 1-2 А1 форматтағы сызба мен 20-30 беттік түсіндірмелі хаттан тұрады.

Курстық жобаға кіретін сызба қарындашпен орындалады немесе жақсы сызба қағазында (ватманда), плоттерде сызылады. Ереже бойынша А1 форматтағы қағаз алынады. Бұл форматты қолдануда және оны бірнеше ұсақ форматтарға (А2, А3, А4 және т.б.), сондай-ақ қосымша форматтарды қолдануда бөлу сызығы ЕСКД-ға сәйкес өлшемде орындалады.

Сызбаның әрбір форматында рамка болуы қажет: сол жағынан 20, оң, төменгі, жоғарғы жағынан 5 мм болу керек.

Әрбір беттің оң жақ төменгі бөлігінде бұрыштық мөр (негізгі жазба) басылады. Сызбадағы барлық жазбалар мен сандар сызылуға қатысты стандартта жазылуы керек, сонымен қатар сандар мен әріптердің қалыңдығы, қисаюы, әріптер, сөздер және жолдар арасындағы арақашықтығы стандартқа сәйкес болуы керек. Студент сызбада жазу жазғанда оқулықтарда, анықтамаларда және «Сызбалар және машинажасау» жинағындағы ГОСТ-да берілген қаріптердің үлгісін қарастыруы керек.

Сызбаларды сәйкес инженерлік программаларда орындау ұсынылады: "AutoCad", "Компас"," CorelDraw " және т.б.

Қорғауға ұсынылған барлық сызбаларда студенттің және жоба жетекшісінің қолы қойылуы қажет.

Студенттің түсіндірмелік хаты 210 X 294 мм (А 4 форматта) өлшемдегі қатты қағазда орындалуы керек. Мәтін беттің тек бір жағында жазылады.Беттің сол жағынан 20мм, оң жағынан 5мм қалдырылады.

Тақырыптар үлкен қаріппен теріледі. Хат сауатты жазылуы керек. Сонымен қатар хаттың әдебиеттік стиліне көңіл аудару қажет. Хатта қысқарған сөздер болмауы керек.

Түсіндірмелік хат жобаның негізгі техникалық құжаты болып табылады. Онда жобаның барлық бөлігінің есептемелері мен түсіндірмелері болуы керек.

Түсіндірмелік хаттағы материалдың құрамы мен орналасу ретін мынадай түрде ұсынуға болады:



  • Титулдық бет;

  • Курстық жоба тапсырмалары ;

  • Алғы сөз (мазмұны);

  • Кіріспе;

  • Теориялық (аналитикалық) бөлімі;

  • Техникалық бөлімі;

  • Экологиялық бөлімі (еңбекті қорғау және кәсіпорындардың техникалық қауіпсіздігі);

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  • Қосымша;

  • Жобаның ведомості.

Түсіндірмелік хат компьютерде 14 қаріппен теріледі, интервал – біржарым.

Курстық жобалау тапсырмалары қосымшада келтірілген бланк түрінде беріледі.

Алғы сөз жобаның бет нөмірі бойынша көрсетілген бөлімдердің тақырыптарын қамтиды.

Кіріспе көлемі бойынша көп болмауы керек (1-2 бет). Онда жобаның негізгі мақсаттарымен есептері көрсетіледі. Кіріспе мазмұны міндетті түрде курстық жобаның жұмысына қатысты болуы керек. Егер кіріспеде тарихи мәліметтер,қандайда бір сандар берілсе ол жобаға қатысты болуы керек.

Қолданылған әдебиет тізімдері жобалау кезіндегі студенттің пайдаланылған негізгі кітаптары мен журналдардағы мақалаларының, сондай-ақ Интернет сайттарынан тұрады. Тізімде қолданылған кітап аты, автордың аты-жөні, баспа мен шыққан жылы көрсетілуі керек. Журнал мақалаларында мақала авторы, шыққан жылы, журнал нөмірі жазылады.

Түсіндірмелік хаттар кестелерінде, графиктерінде және сызбаларында есептеулер мен әртүрлі сандық мәліметтер қолданғанда студент бірлік өлшемді көрсетуді ұмытпауы керек.

Хат аяқталғаннан кейін және студент пен жетекшінің ұқыпты тексеруінен кейін барлық беттер арнайы папкаға тіркеледі. Папкаға жобаның орындалған жылы, группасы, фамилиясы, студент аты-жөні және курстық жобаның тақырыбы көрсетілген жазба жабыстырылады. Осыдан кейін түсіндірмелік хатқа студент пен жетекшінің қолдары қойылады.

3.4. Кеңестерді жүргізу әдістемесі

Студент міндетті түрде жоба жетекшісінің кеңесіне келуі керек. Әрбір кеңеске қатыспау сабаққа қатыспау ретінде қаралуы қажет.

Курстық жоба бойынша кеңес оқу жоспарының көлемінде және сабақ кестесіндегі жоба жетекшісінің сағаттарына сәйкес өткізіледі.

График-жоспар бойынша курстық жоба жетекшісі әрбір студенттің жобаны орындауын қадағалау керек. Кредиттік оқудағы студенттер үшін семестр бойы 2 рет аттестация өтеді.



3.5. Курстық жобаны қорғау реті

Курстық жобалаудың барлық ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстары кафедра меңгерушісіменде қадағаланады. Кафедра меңгерушісі мен жоба жетекшісі дипломдық жоба бойынша тәжірибесі және білімі бар маман болуы керек.

Кафедра меңгерушісі курстық жобалауға жалпы жетекшілік етеді, сондай-ақ:


  • Курстық жобалаудың жетекшісін тағайындайды;

  • Курстық жобалаудың тапсырмаларын бекітеді.

Кафедра меңгерушісі міндетті:

  • Курстық жобалауды, кеңестің жүргізілуін және студнттердің қатысуын қадағалауға;

  • Курстық жобаны дайындауды ұйымдастыру мен өткізуді бақылау және орындалған жұмыс көлемінің көрсетілген тапсырма графигімен сәйкес келуін қадағалауға.

Курстық жобаның жетекшісі міндетті:

  • Курстық жоба тематикасының қалыптасуына қатысуға;

  • Курстық жобалаудағы студенттерге тапсырмалар құрастыруға және беруге;

  • Курстық жобамен жұмыс жасауға студенттерге негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімін беруге;

  • Диплом алдындағы практикада студенттердің үйренетін және зерттейтін негізгі сұрақтарын құрастыруы керек;

  • Курстық жобалау сұрақтары бойынша кеңес өткізу бекітілген графикке сәйкес келуі қажет;

  • Түсіндірмелік хатты бөлімдерінің дайындығы мен мазмұнын және жабаның графикалық бөлігін және бекітілген график бойынша жүргізілген жұмыстарды тексеруге;

  • Курстық жобаның сапасын тексеруге және дайындығын бақылауға қатысу;

  • Жобаның жалпы бағытын анықтауға, тапсырма көлемінің сәйкестігін және әдістемелік көрсеткіштер мен нормативтердің орындалуын қадағалауға.

Курстық жұмыспен уақытта студенттерде үлкен жауапкершілік, тәртіптілік және жұмыс істегіштік қасиеттермен ерекшелену керек. Күн тәртібі режимін қатаң қадағалау, жобамен жұмыста мақсатты жүйелік бағыттылық, үнемі кеңестерге қатынасу – курстық жобаны қазіргі заманғы сай және дұрыс дайындалуының, студенттің жобаны жақсы қорғауының маңызды шарттары.

Курстық жоба үшін әр оқу орнында арнайы жабдықталған кабинет болуы қажет, онда қатаң орнатылған график бойынша жетекші кеңестер жүргізу қажет. Кабинет жұмысына бақылау және кеңесберушілердің кезекшілік графигі бойынша келуін кафедра меңгерушісі қадағалайды

Студент тапсырмалармен орнатылған мерзімде (қорғауға 5-7 күнен кеш емес) толық көлемде курстық жобаға қол қояды (түсіндірме хатқа және графикалық бөлімнің әрбір бетіне) және жоба жетекшісіне өткізеді.

Жоба жетекшісі курстық жоба бойынша қорытынды береді, онда студенттің дайындық деңгейі және оның практикалық тұрғыдан есептерді шеше алуы бағаланады, сонымен қатар курстық жобаға жалпы баға қойылады.

Жоба жетекшісінің қорытындысында студенке мінездеме болады және оның жобасына келесі сұрақтар бойынша:


  • Жобаның барлық бөлімдері бойынша жобаның орындалуының сәйкестігі (жобаның әлдеқайда нашар және әлдеқайда толық жақтарын көрсету арқылы);

  • Студенттердің жобада есепті шешулерінің технологиялық бағасының дұрыстығы;

  • Студент білімінің теориялық дайындығы және оны практикалық есептерді шешуде қолдануы;

  • Жобада алдыңғы қатарлы өндірістік және ғылыми тәжірибелерді қолдануы және есепті шешуге өзінше жзасаған қатынасы.;

  • Жобада қабылданған ұйымдастырушылық-техникалық шешімдердің экономикалық негізделуі;

  • Түсіндірме хатты және графикалық материалдарды өңдеудің сапасы және есептерді шешудің дұрыстығы;

  • Жобаның практикалық бағалығы жәе оның өндірісте қолданылуы;

  • Курстық жобаның бес балдық жүйедегі жалпы бағасы.

Курстық жобаны студенттер оқу орнында курстық және дипломдық жобалар бөлмесінде қорғайды.

10-15 минут аралығында студент жобаның мақсаты мен міндеттерін нақты және қысқаша айтып беру қажет, жобалау объектісіне сипаттама беру қажет, онымен қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігі мен негізділігін баяндау және проектінің практикалық мақсаттылығын және экономикалық тиімділігі туралы қорытындылау қажет

Баяндамадан кейін жоба жетекшісі өз қорытындысын айтады және студенке қойылған сұрақтар мен ескертулерге жауап беру үшін сөз беріледі.

Комиссия мүшелері жобаға қатысты және басқа да көлік бакалавры мамандығына қатысты сұрақтарды қоюына болады. Жалпы бағаны жоба жетекшісі қояды және студенке жарияланды.


4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

4.1 Студенттердің өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Оқушылардың өздік жұмыстары СОӨЖ және СӨЖ ден тұрады.

СОӨЖ ретінде оқытушының студентпен аудиторияда жүргізетін тапсырмалары қарастырады. Жалпы түрде СОӨЖ сабақтарында жоғарыда мазмұндалған курстық жобалар қарастырылады.

Өзіндік үй жұмыстары (СӨЖ) дәріске, семинар сабақтарына дайындықты қарастырады, сонымен қатар рефераттар, баяндамалар жазу және ғылыми-практикалық конференцияларға қатынасуды қамтиды.



    1. Студенттер білімін тексеруге арналған рефераттар мен бақылау тапсырмаларының тақырыптары




темы

Сабақ тақырыбы, негізгі сұрақтар



Мемлекеттің бірыңғай көліктік жүйесінің құрылымы



Нарықтық экономика шарттарындағы көлік



Әртүрлі көлік түрлерінің негізгі көрсеткіштері



Жердегі көлік түрлерінің ерекшеліктері



Су және әуе көлік түрлерінің ерекшеліктері



Өндірістік көліктің ерекшеліктері



Арнайы және дәстүрлі емес көліктердің қызмет ету аясы



Қазіргі заманғы қала жағдайындағы көлік



Қала территориясында жолаушылар легіне қызмет көрсету үшін транспорт түрлерін таңдау қағидалары



Біріңғай көліктік жүйеде көліктік үрдістерді ұйымдастырудың ерекшеліктері.



Көлік және көліктік шығындарды жұмсауды анықтау



ҚР көлікте мемлекеттік бақылаудың ерекшеліктері.



ҚР көлікте құқықтық қатынастардың ерекшеліктері



Көліктің ғылыми және экономикалық проблемалары



Көлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ерекшеліктері



Аудиториялық сабақтарға есептеулерді, графиктерді және сызбаларды орындау

4.3 Оқу-әдістемелік материалдар тізімі

1 «Қалааралық жүк тасымалдары» пәнінен дәріс курсы.

2 «Қалааралық жүк тасымалдары» пәнінен курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік құрал.

3 «Қалааралық жүк тасымалдары» пәні бойынша курстық жоба тапсырмалары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет