Бағдарламасы Баспа №2 «Жүк тасымалдау ережелері»


Дәріс 9,10 МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҮК ТИЕГІШТЕР, ТІРКЕМЕЛЕР, КӨТЕРГІШТЕР ЖӘНЕ ҚАТАР ҚОЙҒЫШТАР



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі369.5 Kb.
#125389
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Дәріс 9,10

МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҮК ТИЕГІШТЕР, ТІРКЕМЕЛЕР, КӨТЕРГІШТЕР ЖӘНЕ ҚАТАР ҚОЙҒЫШТАР

Дәріс жоспары

  1. механикалық жүк тиегіштер туралы жалпы мәліметтер және оның классификациясы

  2. Шанышқылы электрлі жүк тиегіштердің және электрлі қатар қойғыштардың құрылғылары

Механикалық жүк тиегіштер – бұл иілгіш кабель бойынша сыртқы ортадан немесе аккумуляторлы батареядан қоректенетін электродвигательдің приводы бар немесе ішкі жану двигателінен приводы бар, өз бетімен дөңгелекті немесе шынжырлы жүрістегі машиналар.

Приводтың энергияны алу көзіне байланысты жүк көтергіштерді электрлі жүк көтергіштер және авто жүк көтергіштерге бөледі, ол негізгі жұмыс органының құрылысына байланысты-механизмі және ожаулы деп бөледі. Шанышқылы жүк көтергіштерде негізгі жұмыс органы болып шанышқылар табылады, олармен даналап алынатын жүктердің орынын ауыстырады, ал ожаулынікі грейферлер және т. б. алу құрылғылары жатады.

Бір ожаулы жүк көтергіштерде ожау негізгі құрылғы болып табылады, ал басқа құрылғылары қосымша болып келеді.

Шанышқылы электро және авто жүк көтергіштер әмбебап жалпы қолдануға арналған және арнайы жүк көтергіштерге бөлінеді.

Жалпы қолдануға арналған шанышқылы жүк көтергіштер нормалы және маневрлі өте жоғары – аз габаритті болып жасалынады. Норма түріндегі жүк көтергіштер тұрақты және оларда бұрылу радиусы үлкейтілген, ол машинаның және жүкті көтерудің жылдамдығын арттырады, олар жүкті үлкен биіктікке көтереді.

Аз габаритті маневрі өте жоғары шанышқылы жүк көтергіштері қойма кішкентай болған жағдайда және жүктерді жабық вагондарда тиеу-түсіру кезінде қолданылады. Бұл жүк тиегіштер жүкті көтеру және қозғалыс жылдамдықтары аз болып келеді.

Сыртқы цилиндр рамасының тірегі шектеулі жоғарғы подъемы қарастырылады. Жүкті түсірген кезде оның қайта жүйеліліктері пайда болады. Золотниктің тұтқасын жіберген кезде оның бейтарап жақтары құралып, цилиндрдің 2 жолағын жабады, сонымен қатар электродвигательдің насосын тоқтатып және блокқа түсіреді.

Жүк тиеуші қозғалыс механизмі мыналарды табады: РТ-135 типті тартылыс электродвигательдің 3кВт қоздырғыш күші 40% ін қосқанда және 1200 айн/мин.; басты берілістің 2 тісті дөңгелегі; алдыңғы мосттың диффенциалы; толық тиелген иілу моментінің жарты осьі және 2 жүру дөңгелегі (65сур) Басты беріліс және механикалық диффериенцалда 7 жалпы корпус орналасқан; жүргізуші мост картерге бекітілгне 11. Цилндрлік тісті дөңгелек 10-шы электродвигательдік валдық 9 тісті дөңгелектің айналуына әкеледі,8 конус валының дөңгелектерге орнығуы, спиральді тістері бар. Ақырғы 5-ші дөңгелектің ілгегінде орналасқан , ол дифференциалды корпуста бекітілген. 3 осьтің жөнделген корпусында тісті дөңгелектердің сателлиті конустың еркін айналуы дифференциалды корпустың ішіне енгізілген 6. Жартыосьтің сыртында фланц орналасқан, олар 15 ступуц біздерінің жүретін дөңгелектеріне 13 бекітілген. Ступуц болттарына массивті резиналық шиналар жапсырылған 14. Әрбір жүргізуші дөңгелектер 2 конусты роликоподшипниктерімен айналады, олар жарты осьте орналасқан. Фланц картерінің жүргізуші мостына тормоз діскілері бекітілген.

Электродвигательдің айналу моментінен редуктор арқылы жүргізуші дөңгелектерге беріледі. Түзусызықты қозғалысты жүк тиеуші конусты тісті дөңгелек дифференциалы оның корпусымен бірге айналады. Жүк түсіргенде дөңгелек бұрылыста доға бойынша радиустан аз сырғанаса тоқтатылады, дөңгелек оңға және солға айналу моменті әртүрлі, сонымен қатар тісті дөңгелек конусы корпус дифференциалына қарағанда аз жиілікте айналады. Соның салдарынан саттелиттер дифференциал осьіне айналады және 2 ші конустық тісті дөңгелек корпус дифференциалына қарағанда үлкен жиілікте айналады. Сондықтанда дөңгелек сырғанауы үлкен доға радиусында тайғанау болмайды. Негізгі (колодочный) тормоз (66 а сур) жүргізу дөңгелегін тоқтату мына щиттерден тұрады: Тормоздың негізі 3, тормоздық цилиндр 7, рычаг9 және пружина 8. Тормоздық цилиндр М-20 және ГАЗ-21 автокөлігінде пайдаланылады. Темір цилиндр корпусында 2 поршень итергіштерімен орналасқан 5. Поршендардың ортасында қысқыш пружина бар 6. Цилиндрдің екі жағы резинамен жабылған 4. Неіздің (колодок) төменгі қабырғасын қисайтып тірейді және пружинамен оған қымтап бекітеді 2. Цилиндр корпусының үстіңгі бөлігі клапанмен бұралған, ол тормоз сұйықтығының гидравликалық жетекке (привод) ауа толғанда соны жою үшін қолданады.



Гидравликалық жетектің жүргізуші дөңгелектерінің негізгі тормозыда «Москвич -403» автокөлігі сияқты. Басты цилиндр тормозы бачок-резервуары 9 цилиндр және тормоздық сұйықтан тұрады. гидравликалық жетек тормозы жүйесінде керекті қысымды келтіреді. (66 б сур).

Штуцер 7 және резиналық прокладканың көмегімен цилиндр корпусы 2 резервуарға жалғанған. Резервуар қақпақпен жабылады 10. Тормоздық пеальды басқанда итеруші поршень араластырады 3, пружинаны қысып 5, бір жағы пружинаны манжетке қысып, ал басқасы шеңбер (обойма) дөңгелекті қатайтады 6 . Шеңбер ішінде резиналық жіберуші клапаны орналасқан 4. Жіберуші саңылау (отверстие) манжетаны жабқанда , цилиндр ішінде қысым пайда болады және саңылау шеңберінде сұйықтық арқылы резиналық клапан жиегін (кромка) сығады , штуцер саңылауы және цилиндрлік тормоздың дөңгелегі арқылы өтеді 7. (66 а сур). Педаль бұрынғы қалпына келгенде цилиндр поршеньі итеруші пружинаға араласып, ал тнегізгі тормоздық пружина әсерінен барабаннан кетіп , қысушы (стягивающей) пружина өз қалпына келеді 8. Сонымен қатар жүк тиеушінің (погрузчик) қолмен келтіретін негізгі тормозы болады оны автотұрақта қолданады. Жүк тиеушінің рольді басқару жүйесі автломобильдің типтік кесілген (разрезной) трапециясы болады. Рульдік дөңгелекті айналу вал арқылы беріледі ішінде 2 колонка орналасады редуктор 3 глобоиды червякты беріліспен беріледі. (67 а сур) Рульдік механизмнің сошкасын айналдырды 4 және рульдік тарту күшін алдыға – артқа қояды 5. Шарнирдің артқы жағы маятниктік рычагқа бекітілген 6, түзу осьті айналады және артқы мостқа тіреу болады. Тең иінді рычаг 9 және10 топсаның оң және солт жақ көлденең рульдік тартылысқа жалғанған 7және 8. Екінші жағы маятник рычагының 2 топсалы иінінде орналасқан 6, үшінші иін жетек тартылысына байланысты. Вилкалық электрлі жүк тиеуші 4004 және 4004 А бұрынғы кезде жасалынған жүк көтергішті моделі 0,75 және 0,2; 0,4 және 1,5 жүккөтергіштік құралы бар. ЭП-103 аналогиялық жүктиеуші параметрларымен ерекшеленеді. ЭП 201 және ЭП 202 вилкалық электрожүккөтергіштің 2 т –қ жүккөтергішінің жүргізу бөлімі 4 тіректі схемада дайындалған, сонымен қатар жүргізу дөңгелектері қосақталып келеді, ал басқару дөңгелектері атр жақта орналасқан. Негізгі (колодочный) тормоз «Волга» автокөлігінде қолданады; басты тормоз цилиндрі және рольдік басқару –ГАЗ 51 автокөлігінен алынады. Азгабаритті 3 тіректі вилкалық электрлік жүк тиеушілер ЭП-0601,0801,1003,1201; ЭПК -0805 және 1205 модельдерімен жасалынады, сәйкесінше 0,63;0,8;1;1,25;0,8 жүккөтергіштігі және де бұрылыс радиусы 1,1 ден 1,34мөге дейін. Бұл жүк –көтергіштік үшін өту кеңдігі 90 град. Бұрышты қиып өтсе, онда 1,65-н 1,75 мөге дейін талап етеді, ал жүк штабилировкасының 90 град. Бұрылса -2,33 тен 2,71 м болады. Сол уақыттағы төрттіректі вилкалы жүктиеушінің жол кеңдігін 3-3,5 метрге дейін талап етеді. Жүк тиеушінің вилкалық 3 тіректі (68а с) жүккөтергіштік және гидроцилиндрдің көтерілуі 10 біржақты әректі 2 дөңгелектің арасында орналасқан. 3 жүктиеуші корпусы жүккөтергішпен иген (наклон) кезде гидроцилиндр бекітіледі, ал шток басы жүккөтергіштің сыртқы рамасына. Жүккөтергіштің гидроприводы шестеренчатты насоспен үрленіп, электродвигательді қозғалысқа келтіреді 4. Алдыңғы дөңгелектері бөлек жетекті иемденеді және екі қатарлы редуктор арқылы 7,8 тартылыс электродвигателін қозғалысқа келтіреді. 68 б суретте бөлек жетектің жүргізу дөңгелектері көрсетілген. Электордвигательді валы ішкі шлиц ұяшықтарын иемденеді сондай ақ ол шлицтің төменгі валына кіреді 8, Бірінші қатар беріліс үзілмелі шестернада 2 , картер редукторына бекітіліп 4 маймен толтырылады; екінші қатар алдыңғы дөңгелек дискілеріне бекітіліп шестерлі цилиндрді жүргізіп сонымен қатар шлицтік валды орындайды 7, бірінші қатарлы шестернаға жалғанады. Редуктор картері жүктиегіш шасси қабырғасына болтпен бекітіледі. Екінші қатарлы беріліс 5 консульдік осьтің 6 жетек дөңгелегінің қақпағына тығындалып және оған тормоз 9 винтіне бекітіледі. Жүктиеушінің қозғалыс жылдамдығы контроллердің командасының жетек педальымен жүзеге асады. Жүктиеушінің рульдік басқармасы (68 в сур.) мыналардан тұрады: 3 рульдік дөңгелектер орнатылған, 2 және 4 беріліс валы, 7 және 8 шарнирлі муфты біріктіреді, бір пар цилиндрлі шестерн редукторы төмендетіледі және тартылыс муфтасының иілгіштік берілісі 6.

ЭПК-0805 және ЭПК-1205 вилкалық электрожүктиегіштігі темір жолдағы жабық вагондарда және үлкен контейнерлерде жүкті тиеу-түсіру тасмалдауында қолданады. Қозғалмалы жүккөтергіштік алға және артқа бағытталады және шасси мен балок арақашықтығы 600мм ге дейін болады. Жүкті алғанда жәе қойғанда электраштабелераның массасымен теңестірілуі қажет.

Айналу радиусын және көлемділігін азайту жабық вагондардағы, тар қойма бөлмелеріндегі жұмыс кезінде олардың маневрлігін жоғарылатады. Арнайыларға, ұзын келетін, үлкен көлемді жүктерді қайта тиеу және тасымалдау үшін, түрмелерде жұмыс істеу үшін, жүкті контейнерге тиеп түсіру, жүкті үлкен 6 м және одан да жоғары биіктікке орналастыру, жүкті үлкен 100 м және одан да жоғары қашықтыққа арнайы тасу үшін қолданылатын айырлы тиегіштер жатады. Транспортты айырлы тиегіштерде үлкейтілген дөңгелекті негіз; пневмошиналы дөңгелектері; жоғарылатылған қозғалыс жылдамдығы; жоғары қуатты қозғалтқышы бар.

Айырлы тиегіштер жүк көтергіштің жұмыс органы орналасуына байланысты және жүкті қайта тиеу операциясының орындалу әдісіне байланысты жұмыс органы алдында орналасқан – фронталды және жұмыс органы жанында орналасқан – бүйірлік түрлерін, ал құрылысы бойынша - тиегіш денесіне салыстырмалы қозғалыссыз және қозғалмалы түрлерін; тиегіштің бойлау өсіне салыстырмалы бұрылмайтын немесе тиегіштің алдыңғы көпір өсіне бойлай ығысатын түрлерін ажыратады.

Электрлі тиегіштерге (ЭТ) жүкті көтеру 1,8; 2,0; 2,8; 3,2 және 4,5 м биіктігімен 0,63; 0,8; 1,0; 1,25; 2,0; 3,2 және 5 т номиналды жүк көтергіштігі қарастырылған, ал автотиегіштерге (АТ) – 1,0; 2,0; 3,2; 5,0; 10 және 25 т. жүкті көтеру биіктігі 1,8; 2,0; 3,2; 4,5 м.

Тиегіштердің маневрлігі үшін сыртқы габариті бойынша бұрылу радиусы маңызды, ол жүк көтергіштігіне және дөңгелектің құрылысына сәйкес ЭТ үшін 1,1 ден 3,5 м-ге дейін, АТ үшін 1,7 ден 7,5 м-ге дейін.

Жалғыз шөмішті тиегіштер келесі түрлерге бөлінеді: фронтальді – шөмішті алдынан ғана қармап тией алады жартылай айналмалы – шөмішті алдынан қармап жанынан тией алады; трактор күректері - жүкті алдынан қармап алып трактордың үстінен айналдыра артынан тиейді. Тиегіш жай және шынжыр дөңгелектің, шөміш көлемі 0,15 – 0,65 м3 болады.

Айырлы электртиегіштер және электроштабелердің құрылысы.

Жабық вагондарда және қоймалардың тар бөлмелерінде жұмыс істеу үшін кішкентай көлемді тиегіштер, 4004, 0,2, ЭТ – 103, 106, кең қолданыс тапты. ЭТ – 103 моделіне сапа белгісі берілген болатын сонымен қатар ЭТ-103 және ЭТ-106 модельдері айырлы тиегіштердің жаңа түрлері үшін үлгі негізінде алынған. Олардың айырмашылығы тек мынада, ЭТ-103 дөңгелектерді үлкен ЭТ-106 дөңгелектері пневматикалық болып келеді. Жабық қоймалар ішінде және ашық алаңдарда тиеу жұмыстарына 4004А, 0,4, ЭТ-301, ЭТ-501 және басқа айырлы электр тиегіштері қолданылады. Бұл тиегіштердің барлығы тіреуішті машиналар, ал олардың айырмашылығы тек кейбір бөлшектердің өзгешілігімен көрінеді. ЭТ-103 машинасында шасси ролін күйдіріп қосу арқылы болат беттерден және фасонды профильден құрастырылған көлемді кузов ойнайды. Ол өз кезегінде алдынғы және артқы мостқа тіреледі. Екі дөңгелектің ортасында шарнирлармен жүк тиегіш механизм орналасқан. Көтерудің гидроцилиндрі жүк көтергіштің ішінде орналасады. Айырлардың пайдалы ұзындығы 800 мм. Жүкті қармап алғанда жүк тигіштің рамасы алдыға 30, жүкті тасымалдағанда артқа қарай 100-қа қозғала алады. Раманы еңкейту үшін екі гидроцилиндр қызмет етеді. Тиегіштің кузовында электр двигателінен, насостан, гидравликалық реттеуіштен, май бағынан және арматурадан тұратын гидравликалық қозғалтқыш, рульді басқару, қозғалыстың электрдвигателі және тиегішті басқару құрылғысы орналасады. Қуат көзі ретінде артқы қозғалтқышының үстіңгі жағындағы қорапта тұратын 40 волтты 34 ТЖН-300ВМ аккумуляторлық батарея қызмет етеді.

Тиегіш жүкті 1,8; 2,8 және 4,5 м-ге көтере алатын үш жүк көтергіштердің біреуімен қамтылуы мүмкін.

Жүкті 1,8 және 2,8 м биіктікке көтеру үшін қос рамалы жүктиегіштер колданылады. Қос рамалы жүк тиегіштерде алдыға және артқа еңкейте алатын, шарнирмен бекітілген сыртқы рама, сонымен қатар сыртқы рамамен қозғалатын ішкі рама болады. Рамалардың құрылысы – бір-бірімен жалғанған екі шұңқырлы профиль тұрақтары.

Ішкі рама құрылысы да дәл осындай. Оған қосымша шарлы подшипниктерде бекітілген шеткі жүгірмектері болады. Жоғарғы байланыстың кронштейндерінде механизмді ұстайтын қосалқылар орналасады. Ішкі рамаға плунжер арқылы цилиндр орнатылады; көтеру цилиндр плунжеріне жүгірмектер орнатылады; жүгірмек арқылы бір жағы тартылыс көмегімен жүк көтергіш кареткаға, екінші жағы көтеру цилиндріне бекіілген шынжыр өтеді.

Поршень типті екі жақты гидравликалық цилиндрлер раманы еңкейту үшін қызмет етеді. Олар шарнир арқылы бір жағынан электротиегіш корпусынан, екінші жағынан сыртқы рама кронштейдеріне бекітіледі. Гидроцициндрлердің бірдей жұмыс істеуі шток арқылы реттеледі.

Гидравликалық қозғалтқыш мынадай бөліктерден тұрады: РТ-14 электродвигательдермен (қуаттылығы 3 кВт, ПВ 20%, айналу жиілігі 1700 айн/мин) қосылатын тетікті НШ 15П насосы (қысымы 980 Н/см, өнімділігі 25,4 л/мин); реттеуіш құрылғы; сұйықтықтарды бағыттайтын трубопровод. Сыртқы ауа температурасы 20-қа дейін сұйықтық ретінде Дп-11 майы, ал +20-тан төмен болса, индустриалды 12А немесе АУ майы және - 40 жағдайында трансформаторлы май қолданылады. Гидропроводтың майы май багынан насоспен сорылып, жүкті көтеру және еңкейту цилиндрлерінің реттеуіштеріне бағытталады. Сақтандырушы клапандар арқылы май жүкті біржақты көтеру цилиндрлеріне жетеді. Екі жақта әсері бар цилиндрлерге май реттеуіш арқылы өтеді.

Шешілетін бөлек қармағыш құрылғысымен жұмыс істеу үшін реттелетін дросселі, сақтандырғыш клапаны бар қосымша реттеуіш құрылғы керек. Бұл қосымша органдарды орнату үшін гидравликалық линиялар белгілі. Майлағыш сұйықтыққа арналған 27л. май багы бас жағынан металдан тұратын фильтрден өтіп тазаланып толтырылады. Шүмегі сапуны бар қақпақшамен жабылады, сапун бетіне майдың ең төменгі және жоғарғы деңгейін көрсететін май өлшегіш орнатылады. Майды соратын және майды шығаратын түтікшелер қабырғамен бөлінген, ол майдан ауа бөлінуін жеңілдету үшін шығатын жағында баққа тесік түтіктерден құралған фильтр орналастырады. Бак түбіне сұйықтықтағы кез-келген метал түйіршіктерін өткізбеу үшін магнит жабыстырылады. Кареткалардың төмен жылжу жылдамдығын төмендету үшін, сонымен қатар реттеуіш пен цилиндр арасын қосатын түтік жұлынып қалатын жағдайға дроссель орнатылады.

Дроссель- сұйықтықтың бағытымен жүріп отыратын конус тәрізді тоқымның іші қуыс цилиндр ішіне орналасқан құрылғы. Осылайша жүкті көтергенде кедергіні азайтып, ал түсіргенде көбейте аламыз.

Екінші дроссель еңкейту гиндроцилиндрлерінің шток аралығын реттеуіш құрылғымен қосу линиясында орнатады. Жүк көтергіш рамасы артқа шалқайғанда сұйықтықтың кедергісіз өтуі қамтылады, ал алдыға еңкейгенде дроссельденуі қамтылады.

Реттеуіш құрылғылар сақтандырғыш клапандар арқылы қысым деңгейін реттеу(196-980 Н/см) және дроссельдер арқылы май шығындалуын (3-30 л/мин) реттеішіне арналған. Әрбір жүк қармауыш механизмдері үшін реттеуіш құрылғы қысым мен май шығыны мөлшерін әртүрлі қояды.

Реттеуіш құрылғысының қорабы май соратын және шығаратын екі қуысқа бөлінеді. Олар бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейді және тек қатты қысымда сақтандырушы клапандар арқылы қосыла алады. Осы бөліктерге штуцерлер арқылы түтікшелер қосылады: екеуі реттеуіштен, екеуі тартылыс құрылғысынан. Бір қуысына сұйық сорғанда май түтікшемен жүріп қайтаратын клапан арқылы тартылыс құрылғысына өтеді. Қысым үлкейгенде сақтандырғыш клапан каналды ашып қысым түзелгенше май шығып кете береді. Май тартылыс құрылғысынан реттеуішке қарай қайтқанда қайтаратын клапан жабылып, май дроссель арқылы өтеді. Керекті реттелген шығынға дроссельдеу процесі өтеді. Сонымен қатар қораптың екінші қуысының да қызметі бар. Реттеуіштің панельінің жоғарғы қақпағында басқару тетіктері кіргізілген. Әрбіреуі үш позицияда болады: біреуі нейтральды екеуі жұмыс істейді. Тетіктерді жібергеннен кейін барлығы автоматты түрде нейтралды жағдайға қайтып келеді.
Дәріс 11,12

АРНАЙЫ ТИЕУ-ТҮСіРУ МАШИНАЛАРЫ ЖӘНЕ БУНКЕРЛЕР МЕН СИЛОСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Дәріс жоспары

1.Бункерлермен силостардың құрылымы.

2.Бункерлер жабдығы және басқару автоматизациясы.
1.Бункерлермен силостардың құрылымы.

Бункер деп - ішіне ұзақ уақыт бойы құрғақ затты толтырып оны сақтайтын, ал аз уақытта толтыру керек болған жағдайда басқа транспорттық құралдарды (аспалы жолдар- конвейерді ) немесе жүктің ауырлық күшін пайдалана отырып өздігінен толтырылатын ыдысты айтады.

Бункерді пішініне қарап: тікбұрышты, көпбұрышты және дөнгелек (цилиндр тәрізді), ал дайындалған материалына байланысты – болатты, бетонды, кейбір жағдайда ағаштан жасалған болып келеді. Бункердің ішің және түбін көбінесе болаттан жасалған қаңылтырлармен төсейді.

Бункерді көлеміне, биіктігіне және еніне, қарап: терең емес, терең силостар деп бөледі. Диаметрі үлкен 18-24 м болатын силостарды резервуарлар деп атайды.

Бункерлердің пішінімен көлемі олардың экономикалық тиімділігін және эксплуатациялық сапасын көрсетеді. Осы нұскауларды бұлжытпай орындаған жағдайда бункерді босату ешқандай кедергілер болмайды.

Ұнтақ затты бөлшектердің гранулометрлік көлеміне, пішініне , ұнтақтылығына және ылғалдылығына қарап сипаттайды.

Ұнтақ затты оның бөлшектерінің пішініне қарап қатарлы және іріктелген болып бөледі. Қатарлы затқа бөлшектің көлемі 2,5 есе көп болуы керек, егер 2,5-тен аз немесе тең болса жүк іріктелген деп есептеледі.

Бункерлердің қабырғалырына көп қысым түсіретін жүк ол гидравликалық ағыс кезінде пайда болады. Сонымен қатар ұнтақ зат ылғалданған болса, ұнтақ заттың қатты дірілдеуі (вибрация)

Бункердің қабырғалырына түсетін қысым

Pr = kдγh,

Мұндағы кд – 1 +(j/g) – динамикалық коэффициент (j – вертикальді вибрацияның ең жоғарғы жылдамдығы 6 м/с2; g – еркін түсу жылдамдығы)

Динамикалық коэффициент Кд =1,3÷1,4; бункерді грейфер мен немесе жоғары биіктіктен вагондардан және автомобильдерден түіргенде Кд= 1,1÷1,3; Ұнтақ шығатын қақпақтарын бекітіп тастағанда Кд=1,05÷1,15; бункерлердің фундаменттері жиі дірілге шалдыққанда Кд= 1,5÷2,0.

Ұнтақтық горизонтальді қысымы ішкі үйкеліс күшіне байланысты. Жақсы ұнтақталған жүктің горизонтальді қысымы (сурет 84)

prдкбкзhγ,

мұндағы кб – бүйірлік қысым коэф-ті; кз – бітелу коэф-ті; h – ұнтақ түсу биіктігі; кд және γ – жоғарыда айтылып кеткен.

Бүйірлік қысым коэф-ті кб бункердің тереңдігіне байланысты. Терең емес бункердің бүйірлік қысым коэф-ті:

Кб =1-sin p /1+sin p =tg2(45-p/2),

мұндағы p – ішкі үйкеліс бұрышы.

Терең бункерлер үшін бүйірлік қысым коэф-ті мына формула бойынша есептеледі. Пішіні дөңгелек және төртбұрышты бункерлер үшін:

Кб=1 /2f2+√1+f2 ·(f+√f2-f12)

Тесік бункерлер үшін

Кб=1/ 1+2f2+0,67√1+f2·(2f+√f2-f1 )

f2,f – үйкеліс коэф-ті

Бітелу коэф-ті

Кз=R/кбhf1(1-1/е кбhf2/R),

мұндағы е – натуралды логарифмдер негізі; R – гидравликалық радиус. Терең емес бункерлер үшін кд=1,

prдкбhγ,

ал вертикальді қысым pbд

Ұнтақ заттың еркің және біркелкі түсуі

H=3600Fυγ,

мұндағы F – түсу қақпағының ауданы, м2; γ – жүктің көлемдік массасы, т/м3; υ – қақпақ арқылы түскен жүктің жылдамдығы м/с.

2.Бункерлер жабдығы және басқару автоматизациясы.

Бункерлерді толтыру және шартына байланысты олардың тұрақты, тоқтаусыз және сенімді жұмыс жасауын анықтауға болады. Бункердегі ұнтақ зат кептеліп қатып қалмауы үшін, оны ұнтақ, құрғақ күйінде сақтап қалуы үшін стабилизаторлар қолданылады.

Стабилизаторды ұнтақ шығатын тесік жанына қойған жөн, ауырлық қысым бункердің төмеңгі жағына түсуі себебінен осы жер бітеліп қатып қалуы мүмкін. Стабилизатордың ең қарапайым түрі ол пластина, бұл бункер сүзгішінің қақ ортасына орнатылады. Жүктің биік қабатына корпусты орнатады. Ұнтақтың қатпай кедергісіз түсуі үшін бункердің ішіне айналып араластырып тұратын қалақшалар жасайды немесе оның орнына қозғалып тұратын сетка қояды. Бұл құрылғылар ұнтақты тез түсіріп қана қоймай, оның біркелкі күйде түсуін қадағалайды.

Жүкті вибрациялық және аэрациялық жолмен түсіру кең тараған.

Вибрациялық қозғыштардың көмегімен ұнтақ зат қозғалысқа келіп ішкі тежеліс коэф-ті төмендеп жүктің тез түсуіне көмектеседі.

Электромеханикалық және электромагниттік вибраторлар кеңінен қолданылады. Соның ішінде екі және төрт - эксцентрлік вибраторлар кеңінен қолданылады.

Бұл вибраторларда әдетте келесідей көрсеткіштер болады: тербеліс жиілігі – 2800, қозғалтқыш күші – 2450 ден 6200 Н дейін, ток жиілігі – 50 Гц, электродвигательдің қуаттылығы – 0,4-0,9 кВт, кернеулігі – 220/380 В.

Қосымша қойылатын діріллдеткіштерді қолданғанда және бункер қабырғалары мен метал қанқаларын зиянды діріл қысымынан қорғау ұшін иілгіш элементтер қолданылады. Дірілдеткіш периметр бойы қысқыштармен қыстырылған, екі қабат конвейер лентасы және метал тақташасы бар металбеттен тұрады. Осы бетітң бункер қабырғаларына діріл әсерін азайту үшін оның астына екі-үш қабат резина салынады. Осындай әдіспен дайындалған конструкция бункер қабырғаларына болттармен бекітіледі. Дірілплитасының астына ұсақ түйіршіктердің түсуін алдын алу үшін оның үстінен болаттан жасалған жұқа қалқа орнатылады. Дірілдеткіш плитаға кәдімгі әдіспен бекітіледі. Бункердегі жүк кептеліп қалса дірілдеткішті қосады, ол бункерде тербелісті туғызып жүктің қозғалысын жалғастырады.

Бункерларда кейде астынғы жіңішкеретін бөлігін негізгі конструкцияға қосымша орнатылған бөлек насадка ретінде жасайды. Бұл насадканы діріл әсеріне қосу арқылы бункерден шығатын жүктің бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кептелу мүмкін болатын жерде тербеліс туғызатын дірілторлары және діріл конустары қолданылады.

Ұнтақ тәріздес жүктердің (цемент, минералды тотықтырғыштар, химиялық заттар ) күмбез түзу мен кептелуін жою мен алдын алу үшін, пневматикалық құрылғылар, аэрациондық қоздырғыштар кең қолданылады. Олар жүкті ауамен байыту принципіне негізделген. Ол өз кезегінде жүктің порлығын үлкейтіп, ішкі үйкеліс коэффициентін күрт төмендетеді және жүктің сырғуын жақсартады. Аэрационды қүрылғыларды бункерлердің және силостардың түбіне орнатады. Аэрационды құрылғылардың жұмысы порлы плиталар арқылы өтетін ауамен жүкті байыту принципіне негізделген.

270 х 56 мм-ге 520 немесе 1035 мм мөлшердегі Ауа көпіршіктері бар плиталарды силостардың түбіне, олар бірігіп әрбір силоста ортақ порлату жүйесін құратындай етіп орнатылады. Ауа көпіршіктері бар плиталары бар ауаны реттеу қораптарын әрбір силостың түбінің 25-40% -на жабады. Ауаны реттеу қораптары шойын рамадан тұрады, ал оның үстіне ерекше кертіктерде майланған ауа көпіршіктері бар плиталар орнатылады. Ауаны реттеу қорабының активті бет көлемі 0,125, 0,25 м2. қораптың астыңгы жағына фланец және резіңке астары бар труба бұралған; бұл трубада қораптың ішінде кішкентай тесіктері бар, сол арқылы қорап ішіне 0,2 МПа қысымы бар ауа жіберіледі. Ауа көпіршіктері бар плитадан өткен соң ауа ауаны реттеу қорабына тиіп жатқан қабатқа өтіп, жүк сырғымалығы артады.

¥нтақ тәріздес, жабысқақ, кептеліп қалатын материалдар үшін пневматикалық қоздырғыштар силостың тік қабырғаларының барлығына белгілі бір ретпен қойылады. Пайда болған күмбездерді жою үшін ресиверде қысымды 500 кПа –ға дейін жоғарылатады.Осы мақсатта ауаны қолдану бұрандасын жабады, одан кейін силостың төменгі бөлігін қамтамасыз ететін тез ашып, қысқа ауалы соққымен күмбезді жояды.

Ауа көпіршіктері бар маталар қыш плиталармен ауа өткізгіштігі бірдей болғанда біркелкі аэрациялық қасиетке ие болады және ауа өткізгіштігін жоғалтуға бейім емес.

Аэрациялық элементтер ретінде перфорирленген,белтинг матасымен оралған ұзына бойы тесілген диаметрі 25-37 мм құбырлар қолданылады. Бірақ, қыш плиткалардағыдай біртіндеп бітелу және аэрациялық ауданның азаюы болады

Шығу тесігін бітеу және бункерден жүк түсуді реттеу үшін жақсы себілетін жүктерге түрлі жапқыштар және басқа жағдайларда бунекрдың астында орналасақан құрылғылармен жүзеге асырылады.

Клапанды және табақшалы тірегіш жапқыштар ең қарапайым болып табылады, оларды көбіне шығару тесігі кішкене шағын бункерлерде қолданады. Бункердің түбіне немесе шеткі қабырғасына орналастырылатын жалпақ тартпа түріндегі шиберлі жапқыштар, ең ыңғайлы шағын,бірақ паздағы ашып жапқандағы кедергі жоғары болғандықтан шығаберіс тесік шағын болғанда және жапқышқа аз қысым түсірілгенде ғана қолданылады.

Секторлы жапқыштардың беті цилиндр тәрізді және ашып жапқанда горизонталды ось бойынша бұралады, бұл жағдайда пазда үйкеліс болмайды, демек, шиберліге қарағанда ашып жапқандағы кедергі аз болады.

Бір секторлы жапқышты ашқанда жүк ағымы біржақты, ал екі секторлыда орталық.

Қамсызданғырғыш жапқыштарды қысқа жолақты, пластинкалы, қысқышты, шынжырлы және басқа конвейерлер түрінде қолданады немесе айналмалы винтті табақша, барабанды немесе лопасты құрылғыларды қолданады.

Жүкті алатын және түсіретін құрылғыларды жүргіжу және реттеу үшін және бункерлер мен силостардың толу деңгейін бақылау үшін мемебранды және диафрагмалды, электромеханикалық және электрлік, фотоэлектрлік және радиационды датчиктер қолданылады.

Мембранды және диафрагмалды датчиктердің құрылысы ең қарапайым; оларды бункердің(силостың) ішкі қабырғасына орнатады. Мембрана (резеңке немесе метал)жүк қысымымен бүгіліп штокқа басады. Қалыпты жағдайда шток мембрананы пружина арқылы бункердің (силостың) ішкі жағына итеріп бүгеді; қысыммен мембрана қозғалғанда штоктың бос ұшы электрлік тізбектің әкелгішінің өшіру тетігімен және белгі беретін лампалармен қатынасады. Электрлі датчиктер қанатшалар немесе щуп түрінде болады.

Жоғарғы және төменгі деңгейдегі қанатшалар шағын қозғалтқыштардан айналым алады. Жүк деңгейіне жеткенде олар тоқтайды, электр қозғалтқыштар сыпап тетікпен өшіріліп жүк салатын құрылғының басқару электрлік тізбегіне белгі береді. Электромеханикалық датчиктердің щупы болат канат, шынжырда немесе шарнирлі жалғасқан стержендермен бункерге түсірілген . мұндай құрылғылардың сезімтал элементі конус, шар немесе қоңырау тәрізді, сынап немесе басқа қатынаспен қамтаммасыз етілген поплавок болып табылады. Вертикалды орналасудан жүк әсерінен сәл ауытқу болғанда датчиктер іске қосылады, ал жүктен босатылғанда қайта вертикалды жағдайға ауысадыда, ол жайлы белгіні әкелгіштерге және жүк алатын-түсіретін құрылғылар басқаруы бақыланатын жерге жібереді.төңкергіш шуп құрылысы 87 суретте көрсетілген. Төңкерілген шуптың ұзартылған корпусында 3 болат шарик және екі индуциялық орама орналасқан 2. корпустың үстінде қақпақ 6, астында плита 4 бар. Шарик корпус ішінде сфералы бетте домалай алады. Корпус демпфирлеуші сұйықпен құйылған. Разьем 7 датчикті сигнализация панелімен жалғастырады. Жүк әсерінен шуп корпусы еңкейгенде шарик катушкалар арасынан домалап шыққанда генератор контурында жоғары жиілікті тербелістер пайда болады, оператор пультында шам жанады, оған қоса қажеттігіне қарай жүкті алатын және түсіретін құрылғылар қосылады(өшіріледі). Шуп корпусының ілінген жағдайында шарик катушкалар арасында орналасады және генератордың тербелуін жояды. Бірақ ондай датчиктер жүктің ірі бөлшектеріне сезімтал болады.

Ірі бөлшекті жүкке электрлік бункердің әртүрлі деңгейлерінде ілінген, ауыспалы кедергі деңгейімен жалғасқан электродтардан тұратын, электронды немесе магнитті ұшқын түзілуден қорғалған тоқ күшейткіші бар датчиктер тұрақты келеді. Ең сенімдісі жүктің механикалық әсер етуін керек етпейтін фотоэлектрлік және радиациалық деңгей көрсеткіштер.

Фотоэлектрлік датчиктерде бункердің бір жағында орналасқан лапмадан түскен жарық бункердің екінші жағында орналасқан фотоэлементке түседі; бұл кезде түзілген тоқ күшейткіш арқылы контактыларды ажыратып тұрған реле якорына тоқ береді. Егер жүк шамнан түскен жарықты үзсе бункердің қарама қарсы жағында орналасқан фотоэлементтегі тоқ үзіледі, контакттар жабылып, оның әсерінен бункерде қызмет істейтін сәйкес механизмдер қосылып өшіріледі.

Шаң түзетін жүгі бар бункерлердефотодатчиктер жұмысы сенімсіз, өйткені жарық сәулесі шаңмен үзілуі мүмкін.

Фотоэлектрлік датчикке қарағанда радиациялық датчиктер жұмысы сенімдірек. Гамма сәулелегіштерден гамма индикаторға жіберілген жіңішке , дәл гамма –сәулелер шоғырына датчик деңгейінде пайда болған жүктің тек белгілі бір қалыңдығы кедергі бола алады. Сәулені қабылдағыштар Гейгер – Мюллер санағыштарынан, электронды күшейткіштерден, ауыстырғыш, электромагнитті реле және белгі берушімен құралған; бағытталған гамма –сәулелерді тығыз жүк қиғанда гамма сәулеленудің энергиясы өзгереді де индикаторға әсері азаяды.

Жүк тиеуді бақылау үшін конвейерлі таразылар арқылы жүкті өлшеуді де қолданады, оның көрсеткіші бойынша конвейерді немесе жүк әкелгішті белгілі бір жүк мөлшері өткен соң өшіреді.

87 суретте жүктің берілген ағымын автоматты бақылайтын жук әкелгіш жобасы берілген. Жук әкелгіш бункер патрубыгынан , вибрациялық қамтамасыздандырғыштан 2, қысқа жолақты біржағы шарнирлі жалғасқан , келесі жағынан таразылы магнитті датчикке тірелген 5. таразылы конвейерден 3 тұрады. Тарзылы конвейерге берілу реттелетін электромагнитті дірілдеуіш қамтамасыздандырғыш арқылы жүзеге асады. Датчиктен сигнал дірілдеуіш қамтамасыздандырғыш электромагнитін қамтамасыз ететін тоқты реттейтін құрылғыға беріледі 6.

Егер жүйелерде есептеуіш машиналар жұмыс істесе, бункерлі құрылғылары бар жүк көтеру-тасымалдау жүйелерінде сол машинаның программасын қолданған жөн.
Қазіргі кезде бункерлер тобынан біреуін жүк толтыру үшін таңдап алатын , үрдіс үстінде программамен коррекцияланатын схемалар жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет