БАҒдарламасы басшы және жауапты орындаушы: К.Қосымов



бет2/14
Дата12.06.2016
өлшемі3.99 Mb.
#130739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2.2.1 Экономикалық даму

Аумақтың экономикасының жалпы сипаттамасы


Тараз қаласының жалпы өңірлік өнімі 2007 жылы ағымдағы бағамен 64 млрд. теңгені, 2008 жылы – 107,2 млрд. теңгені, 2009 жылы – 66,9 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте Жамбыл облысының жалпы ішкі өніміндегі Тараз қаласының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2007 жылы 65,6%-ды, 2008 жылы - 71,4%-ды, 2009 жылы - 57,9%-ды құрады.

Тараз қаласының жалпы өңірлік өнімі жоғары өсу қарқынына қарамастан, бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда тек 2007 және 2008 жылдары ғана Жамбыл облысындағы орташа өсу қарқынынан артық болды. 2007 жылы Тараз қаласының ЖӨӨ-нің өсу индексі алдағы кезеңге қарағанда 121,3%-ды, 2008 жылы -122,7%-ды құрады.

ЖӨӨ-нің өсу қарқынының көрсеткіштері бойынша Тараз қаласы Жамбыл облысының басқа аудандардың өзге өңірлерінен біршама қалып келеді және ол 7-9 орындарда тұр.

Жалпы өңірлік өнімінің өсу қарқынының төмендігі көптеген факторларға байланысты болып отыр, оның ішінде өнеркәсіп құрылымы (сұраныстың әлсіздігінен тоқырап қалған химиялық және тамақ өнеркәсібінің басымдығы), мұнай мен газдың ірі кен қорларының жоқтығы.


Өнеркәсіп.
Жамбыл облысының өнеркәсiп өндiрiсiнің негізгі бөлігін қаланың кәсiпорындары құрайды. Қаланың өнеркәсiп потенциалы бірқатар кәсiпорындарымен айқындалады, соның ішінде iрi химиялық өндiрiстер, ауыл шаруашылық машиналарға арналған қосымша бөлшектерді өндiру зауыттары, коммуналдық машина жасау, жүнді алғашқы өңдеуден өткізу кәсiпорны, гранит және мәрмәрдi өңдеу бойынша кәсiпорын, қант зауыты, ет-сүт өндіретін желі және басқада шағын кәсiпорындар. Олар сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, натрийдың триполифосфаты, электр энергиясы, аяқ киiм, тiгiн бұйымдары, жуылған жүн, кiр жууға арналған жабдықтар, қант, құрылыс материалдары мен конструкциялар және т.б. заттар өндіреді.

2005-2009 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің

көлемі және нақты көлем индексі

1кесте

Атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Өнеркәсіп, млрд. теңге

51,3

51,2

64

107,2

66,9

Алдағы жылға НКИ %-бен

108,9

102,6

121,3

122,7

59,8

оның ішінде:
















  • тау-кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, млрд. теңге

0,0965

0,1416

0,2648

0,5534

0,3588

  • алдағы жылға НКИ %-бен

153,6

154,7

96,3

159,6

75,7

  • өңдеу өнеркәсібі, млрд. теңге

42,7

40,6

44,4

74,6

46,5

  • алдағы жылға НКИ %-бен

105,3

100,1

112,9

118,6

61,5

  • электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа желдеткішін беру, млрд. теңге

8,6

10,5

19,4

32

19,3

  • алдағы жылға НКИ %-бен

126,8

113,3

146,8

130

55,8

-

-

-

-

0,8

  • алдағы жылға НКИ %-бен

-

-

-

-

50,2

Сонымен 2009 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 66,9 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 59,8%-ды) (1 сурет) құрады. Өнімге деген сұраныстың баяулауынан, әлемдік бағаның төмендеуінен болған қаржылық дағдарысқа байланысты 2008 жылдан бастап өндірістің физикалық көлем индексі төмендеді, бұл кәсіпорындардың жағдай тұрақталғанға дейін өндірістерін тоқтата тұруына алып келді. 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өнеркәсіптің негізгі салалары – тау кен өндірісі мен карьерлерді игеруде – 24,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінде –38,5%-ға, электрмен қамсыздандыру, газ, бу және ауа желдеткіштерін беруде – 44,2%-ға, сумен қамсыздандыру, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылауда –49,8%-ға төмендеді.


2005-2009 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің көлемі

және физикалық көлем индексінің өзгеру динамикасы

1 сурет



Өңдеу өнеркәсібі

Қала өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібі басымды сала болып табылады, оның кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 74,6%-ы сәйкес келеді. ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2009 жылы 74,6%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған нвестициялар 13,7 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі ЖҚҚ 2009 жылы 5,5 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің негізін төмендегі салалар құрайды: азық-түлік өндірісі (саладағы үлесі – 46,5%), химия өнеркісібінің өнімдері (29,7%), машинажасау (6,9%), металлургиялық өнеркәсіп (9,9%), тоқыма бұйымдары (0,8%) өнеркәсіптің басқа да салалары (6,2%).

2009 жылы өндірілген өнім көлемі 46,5 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 61,5%) құрады.


2005-2009 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі физикалық көлем индексінің өзгеру және тауар өнімдері өндірісінің көлемінің динамикасы

2 сурет



Соңғы екі жылда нақты көлем индексінің төмендеуі химия өнеркәсібіндегі (43,6%-ға), машина жасаудағы (21,2%-ға), металлургиялық өнеркәсіптегі (25,5%-ға) және т.б. өндіріс көлемдерінің қысқаруынан болып отыр. Өте терең экономикалық дағдарыстардың бірі өте маңызды сынақ болды және ол қаладағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысына қатты әсер етті. 2009 жылы қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 82-ны, оның ішінде 50 өнеркәсіп кәсіпорын (үлес салмағы 61%-ды құрайды) 2966,4 млн.теңге пайданы алды, 32 кәсіпорын (үлес салмағы 39%) 8534,6 млн.теңге зиян алды. Жалақы бойынша жалпы ұзартылған қарыз 582,1 млн.теңге құрады.
2005-2009 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы

2 кесте

Өнім атауы

өлш. бірл.

жылы

2005

2006

2007

2008

2009

Азық-түлік өнімдерін өндіру

өңделген сұйық сүт және кілегей

-/-

348

262

255

306

772

сары май

-/-

19

11

12

3

15

ірімшік және сүзбе

-/-

85

97

152

80

278

дәнді дақылдар мен өсімдіктерден ұн

мың тн

29,8

17

7,1

2,2

2

ыстық нан

тн

20961

20805

23848

20059

21544

торттар және кондитерлік өнімдер

-/-

154

823

1 429

1 120

2 068

макарондар, лапша және ұн өнімдері

-/-

695

2453

2244

1445

1519

қант шикізаты немесе тазартылған қант

мың тн

177,5

170,3

169,6

199,8

122,9

малға аранлағн дайын жемдер

-/-

24,0

66,7

47,4

37,9

5,7

арақ және ішімдік спирті

мың л

1118

878

-

-

-

этил спирті

-/-

1768

629,9

1799

500

-

алкоголсіз сусындар

-/-

117,8

480,9

252

-

5,3

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

сары фосфор

мың тн

83,4

66,7

70,2

80,3

35

ортофосфор қышқылы

-/-

19,7

32,1

41,9

79,0

43,9

натрий триполифосфаты

-/-

17,1

34,5

46,5

84,0

46,8

азотты, минералды тыңайтқыштар

-/-

16,5

10,3

7,9

6,8

7,8

фосфорлы, минералды тыңайтқыштар

-/-

81,2

51,9

38,6

44,9

42,8

Машина жасау

тұрмыстық машиналар

шт.

144

69

83

70

55

кір сығатын машиналар

-/-

15

59

93

36

42

Металлургия өнеркәсібі

ферросиликомарганец

тн

-

-

6 578

12 902

9 602

құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар

мың тн

28,6

20,0

23,2

21,9

13,7

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі

құрылыс кірпіштері


мың

текшем


6,8

44,6

10,4

11,3

14,4

бетоннаан жасалған жиналмалы құрылыстық конструкциялар

-/-

30,2

44,2

74,6

37,1

28,4

Тоқыма бұйымдары өндірісі

жүн

тн

82

1 506

1 779

541

853

2 кестеден көргеніміздей, соңғы бес жылда химия өнеркәсібінде (сұраныстың жоқтығынан – сары фосфор, ортофосфор қышқылын, натрий трифолифосфатын өндіру), металлургия өнеркәсібінде, машина жасауда және өзге металл емес минералды өнімдер (құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар, бетоннаан жасалған жиналмалы құрылыстық конструкцияларға, тұрмыстық машиналар мен құрылыс материалдарына деген сұраныстың төмендеуінен) өндіруде көлемдер барынша қысқарған.

«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, «Имсталькон» АҚ, «Жамбылгипс» АҚ, «Казтрансгаз» АҚ, «Мақсат А» АҚ және басқа компаниялар өңдеу саласының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің негізгі көлемдерін берді.


2005-2009 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі салалар өндірудің динамикасы

3 кесте

Атауы

2005

2006

2007

2008

2009

- Химия өнеркәсібі, млрд.теңге

15,65

17,2

18,4

45,1

21,2

- %-бен өткен жылға

-

110

107

245

47

- Машина жасау, млрд.теңге

0,7

2,45

2,4

3,4

3,2

- %-бен өткен жылға

-

350

98

141,7

94,1

- Жеңіл өнеркәсібі, млрд.теңге

0,17

0,54

0,54

0,39

0,27

- %-бен өткен жылға

-

317,6

100

72,2

69,2

- Металлургия, млрд.теңге

0,29

0,37

1,2

2,43

1,55

- %-бен өткен жылға

-

127,6

324,3

202,5

63,8


Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі қаланың индустриалды-инновациялық дамуының негізгі бөлігін құрайды және БСҰ-ға (бүкіләлемдік сауда ұйымы) мүше болуға маңызы өте жоғары. Бұл саланың ұзақ мерзімге және тұрақты дамуының негізгі басымдылығы – химия өндірісінің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы нарықта өзінің бәсекеге төтеп бере алатындай тұғырын күшейту және қосымша қосылған кұны жоғары өнім өндіру.


«Казфосфат» ЖШС-і отандық нарықта фосфорит, фосфорлы минералды тыңайтқыштар, сары фосфор және оның туындыларын өндірумен және өңдеумен танымал. Кәсіпорын құрамына Жанатас пен Қаратау тау-кен өндіру кешені, Таразадағы екі минералды тыңайтқыштар зауыты, Степногорск пен Жаңажамбыл фосфор зауыты және Шымкент қаласындағы синтетикалық заттарды жуатын цех кіреді. Сары фосфордың негізгі тұтынушылары – Дзержинский («Корунд»), Новочебоксар және Волгоград қалаларындағы ресейлік химиялық кәсіпорындар, украиналық Славянск, венгериялық Е-Инвест кәсіпорны, германиялық «Вопелиус», «Беар», «Хеминова» және «Акзо Нобель», польшалық «Альверия», Ұлы Британиядағы «Олрбайт энд Винсон» және италиандық «Италмач». Ортофосфорлық қышқылдың негізгі тұтынушылары отандық «Казогнеупор», «Ак-Толкын», «Химмаш», «Карметкомбинат» және ақтөбелік ЗБХ. Ал шетелде бұл қышқылды украиналық кәсіпорындар мен өзбек және орыс көршілеріміз тұтынады.

«Казфосфат» ЖШС-і шығаратын өнім көлемiнің көп бөлігі әлемнiң 27 еліне экспортқа, соның ішінде, сары фосфор – Еуропа елдеріне, натрийдың триполифосфаты, фосфорит шикiзаты - Ресейге және таяу шетелге, минералды тыңайтқыштар – Қытайға жолданады.

Біздің республикамызда да және шет елдерде де минералды тыңайтқыштың негізгі тұтынушылары – ауыл шаруашылық өнеркәсiбі, шаруалар және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер.

2005-2009 жылдардағы химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

3 сурет

3 суреттен көргеніміздей, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда химия өнімдерінің тауарлары 53%-ға аз өндірілді, өндіріс көлемі 21,2 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі таңда химия өнеркәсіптері жаңа инновациялық және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу үстінде үздіксіз жұмыс атқаруда, өнімнің қосымша құнын арттыру әлеуетін пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

«Казфосфат» ЖШС-і «Минералды тыңайтқыштар» зауытының базасында «күкірт қышқылы жүйесінде жылына қуаты 600 мың тоннаға жететін электрогенерациясы «Казфосфат» ЖШС филиалының өндіріс алаңында моногидрат өндіретін инвестициялық жобаны» болашақта жүзеге асырады.

Жобаның жалпы құны: 54,46 миллион АҚШ доллары (меншiктi құралдар - 4, 46 миллион Ақш доллары және қарыз қаражаттар - 50 миллион АҚШ доллары).

Жоба бойынша - 138 тұрақты жұмыс орындары, құрылысты жүзеге асыру барысында 350 жұмысшы жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Жобаның iске асыру мерзiмдерi: жоба бойынша жұмысты бастау кезеңі – 2009 жылдың шiлдесi мен жобаның толықтай қуатына енуі – 2012 жылдың маусымы.

Жобалық смета құжаттамасын өңдеуге 4404 миллион теңге салынған.

«Ниуиф» АҚ-мен келiсiм шартқа қол қойылған. Ниуиф келiсiм шарты шеңберiнде жобалаудың бастапқы мәлiметтері алынды және де құрылыстың алаңы таңдалды. Алаңда инженерлiк iзденiс жұмыстары өткiзiлген, жердiң физикалық-механикалық қасиетi талқыланып, геология- литологиялық құрылымы мен гидрогеологиялық шарттары анықталды.



«Казниихимпроект» ЖШС тәуелсiз ұйыммен ТЭН техникалық баға өткiзiлген болатын. Жобаға Предовос жасалынды және ол жүзеге асырылды. Аумақтың шекарасы ерекшеленген жер телiмiнiң топографиялық түсiрмесi өткiзiлді (2009 жылдың қазаны).

  • күкiрт қышқыл жүйенiң құрылысына жер кесiп беруге «ТаразКурылысПроект» құзырлы органының шешiмi алынған. (04.12.09 ж.).

  • техникалық шарттар мен филиалдың жобаланған инженерлiк коммуникацияларды қосу жобасы дайындалған (28.04.10 ж.).

  • сәулетшiлiк жоспарлау тапсырмасы алынған (№157 21.05.10 ж.).

  • «Казниихимпроект» ЖШС ОВОС шарттарын орындап, ОВОС-тың оң шешiмді қорытындысын алды.

  • Жоба бойынша Химпоселк, Төрткүл массиві тұрғындары мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiнің қатысуымен қоғамдық жиындар өткiзiлді (27.08.10 жыл).

  • Жүзеге асырылып жатқан күкiрт қышқыл жүйесіне мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Декларация жасалды.

«Ниуиф» АҚ мәлiмдемесіне сәйкес энергия блогінiң ғимараты бойынша құрылыс алаңында қосымша ұңғыма бұрғыланды. Құрылысқа қатысты жоспар орындалды. Негiзгi технологиялық жабдықтар шарттарының жобасы Алматы қаласындағы «Казфосфат» ЖШС келісімімен іске асырылады.

Жобалау үшiн бастапқы деректер жасалған (26.03.10 жыл). Құрылыстың құжаттық жоспарына өңдеу жұмыстары жүргізілуде (26.03.10 жыл басталған). HSBC және АТФ (Юникредит) банктерімен 50 миллион Ақш доллары көлемiнде синдициондық қарыздың негізгі шарттары анықталып, қол қойылды.

Нақты шығындар 28.09.2010 жылына - 131, 4 миллион теңге. Химия саласының бүгiнгi күнгі негiзгi мәселелерi мыналар болып табылады:


  • шығарылатын өнiмнiң тар тізімдемесі;

  • саладағы инновациялық белсендiлiгiнiң төмен деңгейi;

  • жоғары мамандандырылған кадр жетіспеушілігі;

  • өнімді өндіру барысында ғылымды көп қажет ететін, жоғарғы технологиялы қосымша қосылған кұны жоғары өнім үлесінің төмендігі;

  • тізімдемені кеңейту бөлімінде кәсіпорындардың жұмыс бәсеңдігі, өнiмнiң сапаны жақсаруы, инновациялық, көп ғылымды және жоғары технологиялы өнiм жасау, өзiндiк құнның мен маркетингтi дамының төмендеуi ;

  • өнiмнiң бәсекеге түсе алатындығына кері ықпал ететiн, энергия қорлары өнiмінiң өзiндiк құнына кететін шығынның жоғары бөлігі;

  • Республикандағы металлургиялық кәсiпорындарының тәуелдiлiгінен, қышқылдың сұрының жабдықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуі (цистерна, қышқыл тапшылығы);

  • ауыл шаруашылық өндiрушiлердiң төлеу қабылетiлігінің төмендігінен минералды тыңайтқыштарды әлсiз тұтынуы;

  • минералды тыңайтқыштарды өндiруге бюджетен бөлінетін жәрдемді игеру бойынша артта қалушылық (құралдың бөлінуі, оңтүстiк өлкелерде егiс науқаны жұмыстарының басталуымен байланысты)

  • кен базасын дамытуы бойынша шартты мiндеттемелердiң әлсiз орындалуы;

  • өнiмнiң бәсекеге түсе алатындығын жоғарылатуға бағытталған, НИОКР қаржыландыруының жоқтығы;

  • кәсiпорынның иелерiнің нарықтағы фосфорлы өнiмнiң меншiктi қуыстары мен минералды тыңайтқыштарды жаулап алуы бойынша агрессивтi саясаттың жоқтығы.

Химия өнеркәсiбiнiң тұрақты дамыту көзі болып табылатын тағы да бірқатар артықшылықтары бар. Олардың катарына қуатты шикiзат базасы,сонемен қатар, жылдам дамитын iшкi нарықтың бар болуы мен фосфорлы өнiмге сұраныстың жоғарылауы жатады. Жоғарыдағы мәселелердің шешілуі,

Химия өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін, жоғарыда айтылған мәселелердің дұрыс шешімі, республиканың сонымен қатар аймақ экономикасының бiрқалыпты дамуын қамтамасыз етуг е мүмкіндік береді.

Фосфор саласын комплексті дамыту қажеттілігі қалыптасан - ол фосфорлы шикiзаттың олжасынан бастау алып, әлеуметтік инфраструктураға қаражат бөлінумен аяқталады. Жаңа инвесторлары үшiн «Казфосфат» ЖШС-тың басты құндылығы тау-кен базасының дамуында, шикiзатты өндiру көлемiнiң түбегейлi үлкеюiнде ( жылына төрт немесе бес миллион тонна), қазіргі химия деңгейі келешек химия алыбының жобалық қуатынан алыс болып табылуында.

Болашақта кәсіпорын өзін дүние жүзілік нарықта сары фосфорды экспорттаушы ретінде көрсетпей, негізігі күшті минералды тыңайтқыш өндірісіне бағыттауда. Кәсіпорында екі даму жоспары белгіленген – ағымдағы жоспар, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды қалпына келтiру және өндiрiс көлемін ұлғайту, ал стратегиялық, ұзақ мерзімді перспективалық құрылыстың жаңа өндірістік объектісінұсыну,

соған тиесiлi минералды тыңайтқыштар зауытының шығарылымымен қоса синтетикалық жуғыш заттар зауытының шығарылымын, меншiктi электр станциясы бойынша зауыт және қазiргi кәсiпорындарға талғаулы минералды тыңайтқыштардың өндiрiсiнiң тәртiпке келтiру.

Келешекте өнім көлемінің шығарылымы, негізінен ықшамдау есебі мен жаңа инвестициялық жобалардың нәтижесінде өседі деп күтілуде.

Сары фосфордың өндiрiс көлемдерi және одан өндірілетін натрийдың триполифосфаттарының өсуі кәсiпорынның синтетикалық жуғыш заттарды (СЖЗ) қайта шығарылымының бастауына мүмкіндік береді, бұл уақытқа дейін СЖЗ шымкент цехында өндірілетін болса, қазіргі кезде дүние жүзілiк жетекшi елдерімен бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты артта қалуда. Қазіргі уақытта кәсіпорын объект оқиғаларын дамытудың екі нұсқасын қарастыруда. Бiрiншiсі – цехтың жұмысын итальяндық құрал-жабдықтармен қатар синтетикалық жуғыш заттарды (СЖЗ) қолдану арқылы қалпына келтіру,олар нарықта арзан бағамен орнын анықтайды. Екiншiсі – кәсіпорын объектiсін синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ) өндірісі жолымен қалпына келтіру немесе жаңа зауыттың құрылысын дүниелiк жетекшiлерiмен бiрлесiп талқылау.

Машина жасау

2009 жылы машина жасау өнімдерін шығару 3,2 млрд. теңгені құрады, өткен кезеңіне 94,1%-ды құрайды. Салада жуу техникалары басымдықпен шығарылады.


2005-2009 жылдардағы машина жасау өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

4 сурет

Машина жасаудың даму қарқыны баяу. «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады, онда бірқатар шешілмеген мәселелер бар:

- жабдықтардың ескіру деңгейі өте жоғары (43-80%);

- шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, түрлерінің аздығы және өнімді ішкі тұтыну үлесінің төмендігі;

- қолда бар өндіріс қуаттырын толық пайдаланбау;

- саланың инвестицияға тартымдылығының төмендігі және айналым қаржыларының үнемі жеткіліксіздігі;

- инфрақұрылымның біршама бөлігінің (конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименттік база, тексеру және техникалық бақылау орталығы) жоғалуы;

- өндірісті дамытуға қаржы тартудың пайыздық мөлшерлемелерінің жоғарылығы.
Металлургия

Қаланың және аймақтың экономиканың дамудың басым бағыты металлургияның дамуы болып келеді. Металлургия өнімдердің өндірілген көлемі 2009 жылда 1,55 млрд.теңгені құрады.


2005-2009 жылдардағы металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
5 сурет

Дайын металл өнімдерінің өндірісі Тараз қаласында шоғырланған және «Құрылыс конструкциялары зауыты» ЖШС мен «Имсталькон ЖМКЗ» ЖШС тәрізді кәсіпоріндармен көрініс береді.

Металлургия өнімдерінің күрт өсуі «Тараз металлургия зауыты» ЖШС (ары қарай «ТМЗ» ЖШС) атты жаңа өндіріс орнының ұйымдастырылуы есебінен қамтамасыз етілді, онда ферросиликомарганец шығарылады. Жобаның құны – 11571,4 миллион теңге. Оның ішінде 2010 жылдың 10-ші қарашасына 6545,0 миллион теңге(өз қаржылары) және 2615,6 миллион теңге (несие қаржылары) игерілді. Жобаны «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы қаржыландырады.

Жоба бойынша жаңа пештерді іске қосқан кезде 204 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Жобаны толық іске қосу мерзімі 2010 жылдың 30 желтоқсанына жоспарлануда.

№ 5, № 6 пештердің қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта олар толық қуатымен жұмыс істеп отыр. Қазіргі уақытта ферросплав шығаратын № 4, № 3 пештердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Электродтық масса шығаратын цехтың базасында электрокальцированалық антрацит игерілді, жобалық қуаты жылына 18,0 мың тонна.

Қосымша мәліметтер:

«Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі өндірістік қуаты жылына 100 мың тонна ферромарганец шығаратын, сонымен қатар жылына 12 мың тонна балқытылған болат құю өндірісін ұйымдастыратын қайта жаңарту жұмыстары.

Жобаны іске қосу үш кезеңнен тұрады:

1) бұрын фосфор шығарған цехтарды жылына 25200 тонна ферросиликомарганец шығаруға бағытталған қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізу. Бірінші кезең толығымен аяқталды.

2) 4 агломерациялық жабдықтар жүйесінің құрылысын жүргізу. Бүгінгі таңда бұл кезең де толығымен аяқталған.

3) Ферроқорытпа өндірісін кеңейту кезеңі, бұл жерде жобалық қуаты 40800 тонна ферроқорытпа шығаратын екі пештің құрылысын жүргізу.

Жұмыстар аяқталу кезеңінде:


  • № 4, № 3 пештер бойынша:

  • бетондық жұмыстар – 100%;

  • газ тазалау қаңқасы – 20%;

  • газ тазалау бөлімінің түтін трубасының фундаменті – 100 %;

  • газ тазалау бөліміне көмектесу бөлімі – 95%;

  • газ жүргізу металл құрылымдарын дайындау -100%.

Жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге 3 кезең өзекті және маңызды.

Жоба құны - 4,96 миллиард теңге. Толық бітіру үшін – 4,21 миллиард теңге қажет. Кезенді жүзеге асыру зауыттың қуатын үш есеге көбейтуге, өзіндік құнды 15% төмендетуге мүмкіндік берер еді.

Жобада даму институтарының үлесі -26,4% немесе 3,0 миллиард теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта 2 металлургиялық пеште ферроқорытпа өнімі өндірілуде. 2010 жылдың басынан бері зауыт 7 942 тонна ферроқорытпа және электродтық масса - 4 174 тонна өндірген.

Жұмысшылардың саны - 1279 адам.

Зауыт бойынша орташа жалақы көлемі – 39 998 теңге.
«Запчасть» акционерлік қоғамы электрометаллургиялық шағын зауыт құрылыс жобасын жүзеге асырады. Жобаның құны 3250,0 млн.теңге.

Оның ішінде 2010 жылдың 10-ші қарашасына – 2674,3 миллион теңге игерілді 773,4 миллион теңге (өз қаржылары) және 1900,8 миллион теңге (несие қаржылары).

Жоба бойынша 843 жана жұмыс орны ашылады.

Жобаны толық іске қосу мерзімі 2010 жылдың 30 желтоқсанына жоспарлануда.

Жобаны «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы 15,1 миллион доллар АҚШ сомасы көлемінде қаржыландыруға келісім берген. Бүгінгі күнге оның 12,9 миллион доллар АҚШ (85,4%) сомасы қаржыландырылған.

«Бохай» зауытынан (Қытай) 1,5 миллион доллар АҚШ сомасына жабдықтар сатып алынды. (жылжымайтын тіректер, сэндвич панелдер, бекітілетін арматуралар, контейнерлер, көтергіш салмағы 36 тоннаны құрайтын крандар, көтергіш салмағы 12 тонналық пештер, МНЛЗ және басқа да жабдықтар).

«Consulting Construction Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры – Макаров В.В.) нысаның бас мердігері болып саналады. Қосалқы мердігер (құрылыс монтаждық жұмыстары бойынша) «ТаразХимМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры –Хутиди Г.П.)

Толық аяқталған: құрылыс жүргізетін аймақ жоспаралған, іргетас жұмыстары, металлқұрылымдары дайындалды (жылжымайтын тіректер). Монтаждық жұмыстар жүргізілуде. Монтаждық және іске қосу жұмыстарынын жабдықтарың дайындау 2010 жылдың қырқүйек айынан бастап 2010 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Бірінші болат құймаларын құю 2010 жылдың 11 желтоқсанына жоспарланып отыр.

Қиындық туғызып отырған мәселелер:

1- Шикізатпен қамтамасыз ету. Қара металл қалдықтарын экспортка шығаруға тыйым салуға компания тарапынан ұсыныс жасалып отыр.

Сұрақ қарастырылуда.



Қосымша мәліметтер: Тараз қаласы әкімдігі «Тараз құйма-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне («Запчасть» акционерлік қоғамы) 18,7747 га көлемінде жер телімін ұсынды.

Жобаның қуаты жылына 180 мың тонна металлопрокат шығару.

Қазіргі уақытта Қытайдан металлопрокат шығаратын жабдықтар сатып алынған. Жобалау-сметалық құжаттары дайын, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамымен қаржы мәселесі шешілген. Бүгінгі күні 3 негізгі цех жұмыс істеп тұр.

Өткізу нарығы:

80% - ішкі нарық;

20% - экспортқа.

Өнім өндіру көлемінің ұлғауына байланысты қосымша жұмысшылар алынуда.

Жұмысшылардың саны - 200 адам.

Жұмыс екі аусымда жүргізілуде.

Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіптің қала экономикасының құрылымындағы үлесі көп емес. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі көлемнің 0,27 млрд.теңгені құрады. Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілерімен көрініс береді.


Қаладағы жеңіл өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары

5 кесте


Кәсіпорын

Негізгі өндірілетін өнімдер

Орналасқан жері

«Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС

жүн, топс

Тараз қ.

«Руно» ЖШС

жүн

Тараз қ.

«Тараз былғары аяқкиім» ЖШС

былғары тері тауарлары және аяқ киім

Тараз қ.

«Сапаров» ЖК

киім

Тараз қ.

«Айвенго» ЖШС

тігін өнімдері

Тараз қ.

«Дизайн Студио» ЖШС

киім

Тараз қ.

«Би Дуалет» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім, киіз үй

Тараз қ.

«Канагат Тараз» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім

Тараз қ.

Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен көрініс береді.




2005-2009 жылдардағы жүн өндірісінің динамикасы, тонна

6 сурет

Қаладағы жүн өнеркәсібінің жалғыз ірі кәсіпорыны «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС болып табылады, ол жуылған жүн өңдеумен айналысады.

2005 және 2009 жылдар аралығында жүн өндіру заттай көрінісінде 45%-ға артты, өсімнің орташа жылдық қарқыны 8%-ды құрады. Қазақстан Республикасындағы жүн өндірісіндегі облысымыздың жоғары үлесі аймақтағы дамыған ешкі және қой шаруашылығының болуына байланысты.

Жоба республикалық индустриализациялық картасына енгізілген.

«Фабрика ПОШ-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жобалық қуаты жылына 800 тонна топс өндірітен инвестициялық жобаны 2010 жылы 27 қыркүйек айында іске косылды.

Жоба бойынша 60 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жоба іске қосылғаннан бері 91 млн. теңгеге 132 тонна топс шығарылды және 320 мың. АҚШ доллар сомасына 30 тонна топс өткізілді.

Жүн шикізатымен жабдықтаушы кәсіпорындар келесілер: «Меркі асыл тұқым асырайтын зауыты», «Юнчи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бірлік» және «Пионер» өндірістік кооперативі.

Өткізу нарығы: ішкі нарыққа – 10% және экспортқа – 90%. Морокко, Италия және Қытай мемлекеттерімен келісім шартқа кол қойылды. Жұмысшылардың саны - 97 адам.

Тоқыма иірілген жіп шығаратын бірлескен кәсіпорынды кұру жоспарлануда.

Фабрика бойынша орташа жалақы көлемі – 25 300 теңге.

Былғары тері өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, қалада мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2005 жылдан 2008 жылға дейін саладағы өндіріс 13%-ға төмендеді және 2009 жылы ол 117,0 млн. теңгені құрады (7сурет).


Қаладағы былғары өндірісінің динамикасы, млн. теңге

7 сурет

Қаладағы аяқ киім өндірісі 2006-2009 жылдары 50%-ға төмендеді, бұл ретте Қазақстандағы жалпы аяқ киім өндірісі жылына 18%-ға өсіп отырған.

Көп жылғы тоқыраудан кейін 2005 жылы қайта іске қосылған «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС аяқ киім өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын былғары тері бұйымдарын халықтан сатып алады, ал тиісті қосалқы материалдар мен химикаттарды шетелден алады. Фабриканың негізгі өнімі – республикамыздың қарулы күштері мен ведомстволарына арналған арнайы аяқ киім. Кәсіпорын болашақта балалар мен әйелдерге арналған аяқ киім тігу арқылы өз ассортиментін кеңейтуді жоспарлауда. Аяқ киіммен қатар, кәсіпорын теріден жасалған жартылай фабрикаттар, “Вет-блю” және ”Краст” маркалы былғарылар өндіреді, оның 30%-ы Италияға, Пакистан мен арабс Эмираттарына экспортталады. Бүгінгі таңда «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС қуаттырының бар болғаны 10%-ы ғана іске қосылған, ал өндірістік қуаты жылына 700 мың пар аяқ киім.

2008 жылы фабрика желінің ассортиментін кеңейту үшін шетелдік жоғары өнімді жабдық сатып алу мақсатында 5 жылдық мерзімге $10 млн. заемдық қаржылар тартты. Ассортиментті кеңейтумен қатар, кәсіпорын жоспарына аяқ киім өнімдерінің өзіндік өткізу желісін ашу да енеді.

Қаланың жеңіл өнеркәсіптің күшті жақтарына, бірінші кезекте, өңірде биязы жүнді қой шаруашылығы мен басқа да мал түрлерін өсіруге қолайлы жағдайдың барлығы жатады.

Солай бола тұрғанмен де, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің бірқатар әлсіз жақтары бар. Оның ішінде мал саны бойынша жеке шаруа қожалықтарының үлесінің жоғарылығы (ҚР қой мен ешкі санының 70%-ы), соның салдарынан жүн өндірісінің құрылымында бұл мәселе жүн сапасына кері әсерін тигізуде. ЖШҚ-ның негізгі келеңсіз жағы асыл тұқымды отарлардың режимін және жеммен қамсыздандырылуын сақтау үшін олардың көлемінің жеткіліксіздігі болып табылады, әлемдік тәжірибе бойынша 3 мың бастан (немесе 1,5 мың бас аналық қойлардан) тұратын отар болу керек. Жүн өндіруде ЖШҚ-ның үлесінің жоғарылығы өнім сапасының төмендігіне алып келеді.

Жүн өнеркәсібінің тағы бір проблемасы биязы жүнді қойлардың аз ғана үлесіне қарсы қатты жүнді қойлардың үлесінің көптігімен байланысты.

Сондай-ақ елімізде жүн сапасын тексеретін аккредитациядан өткен зертханалар да жоқ, бұл қазақстандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуын қиындатады. Мәселен, жүнді сертификаттау жүннің килограмының құнын 1-1,5 АҚШ долларына қымбаттатады.
Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.

Өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 0,54%-ды құрайды. 2009 жыл салада 0,3588 млрд. теңгенің (НКИ – 75,7%) өнімі өндірілді (8 сурет).


2005-2009 жылдардағы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
8 сурет

2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өзгерту динамикасынан көріп отырғанымыздай (6 кесте), 2009 жылы облыста гипстың және әк тастың (40,8%-ға), гипстік тастың (49,6%-ға) өндіру артқан .
2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

6 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

Басқа салалар

әктас және гипс

мың. тн

35,5

45,8

48,2

33,6

47,3

гипстік тас

мың. тн

21,3

126,4

112,9

124,7

186,6


Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру

2009 жылы электрмен қамсыздандырудың, газ,бу және ауа желдеткіштің үлесі жалпы өндіріс көлемінде 29,5%-ды құрады.

Соңғы бес жылда электр қуатын өндіру 17,8%,-ға, жылу энергиясын беру 8,7%-ға өскен, ал газды беру көлемі соңғы 3 жылда 3,5%-ға өсті. (7 кесте).
Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру

саласында өнімнің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

7 Кесте

Өнім атауы

Өлш.бір

жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

Электр қуаты

млн. кВт.сағ

1 144,4

1 469,7

3 004

4 204,5

1 348,4

Жылу энергиясы

мың Гкал

706,3

669

687,5

856

767,5

Газды беру

млн.м3

-

-

354,4

410,8

366,9

2009 жыл өндіріс көлемі 19,3 млрд. теңгені (НКИ – 55,8%) құрады (9 сурет).


2005-2009 жылдардағы электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін берудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

9 сурет

Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы алдағы жылдары еліміздің экономикалық дамуына жетекшілік жасайтын негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың бағыты, мақсаты, методологиясы Облысты дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Облыста жалпы сомасы 725,5 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске асырылуда, 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ (8 кесте).

2010 жылы 55,9 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске асырылады, 3,0 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша келесі 3 жобаны іске асырылуы жоспарланған:
Тездетілген индустриалды-инновациялық даму шеңберінде облыста іске асырылатын инвестициялық жобалар тізбесі
8 кесте



Жобаның атауы

Кәсіпорын атауы

Жоба басшысының аты-жөні

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Ашыл. жұмыс орын-ң саны бір.

млн. АҚШ дол.

млн. теңге

2010 жылы іске асырылатын жобалар

1

Ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жетілдіру

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,
г. Тараз

Ген.директор

Сартаева Күлзария Құсайынқызы



2010 жылдың

30 желтоқ

саны


77,1

11571,4

1600

2

Қуаты жылына 120,0 мың тонна прокатты өнім өндіретін электрометаллургиялық кіші зауытының құрылысы

«Қосалқы бөлшектер» АҚ,
Тараз қ.

Директор

Мыргыясов Ярмахамед Асмахунович



2010 жылдың

30 желтоқ

саны


21,6

3250,0

843

3

Топс өндірісін ұйымдастыру

«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС

Момышев Болат Амангелдіұлы

2010 жылдың

27 қыркүйегі



7,5

1125,0

60

2010 жылғы жобалар бойынша барлығы







106,2

15946,4

2503

Болашақ инвестициялық жобалар

4

Күкірт қышқылы цехының құрылысы

«Казфосфат» ЖШС

Ген.директор

Ескендіров

Мұқаш

Зұлқарнайұлы



2010-2011

80

12 000,0

138

Болашақ жобалар бойынша барлығы







80,0

12 000,0

138

Қазақстанды индустриалдандыру картасын жеделдетуге арналған жобалар

5

Ферроқорытпа және оның шикізатының өндірісін әртараптандыру және кеңейту (2-кезең)

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,


Тараз қ.

Ген.директор

Сартаева Күлзария Құсайынқызы

2010-2013


195,9

29 000,0

300


Болашақ жобалар бойынша барлығы







195,9

29000,0

300

ҚОРЫТЫНДЫ







382,1

56946,4

2941



Қазақстандық мазмұн

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесінарттыруға ықпал ету болып табылады.

Облыстағы химия кәсіпорындарының жұмыстарын қолдау және тұрақтандыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «КазАгро» ұлттық холдингі, «Қазақстанның Агроодақ» ассоциациясы және «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 5,1 млрд. теңге сомасындағы 64,5 мың тоннаға дейінгі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Минералды тыңайтқыштарды жөнелту жөніндегі барлық келісім-шарт міндеттері орындалды.

2009 жылы «Казфосфат» ЖШС түрлі жеткерушілермен жалпы сомасы 15,2 млрд. теңгенің 438 келісім-шартын жасады, сонымен қатар «Тараз металлургия зауыты» ЖШС жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгенің 97 келісім-шартын жасады.

«Тараз Тұлпары» ЖШС жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 6 келісім-шартын жасады.

«Қосалқы бөлшектер» АҚ жалпы сомасы 570,1 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 13 келісім-шарт жасады.

Бюджеттік ұйымдардың да қазақстандық тауар өндірушілердің ірі тұтынушысы екендігін атап өтуіміз қажет.

2010 жылы да қазақстандық мазмұнды арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады. 2010 жылдың ақпанында Тараз қаласында өткен қазақстандық мазмұнды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік Форумда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 7,0 млрд. теңге сомасындағы 100 мың тонна көлеміндегі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. «ТМЗ» ЖШС және «Қосалқы бөлшектер» АҚ (1,0 млрд.теңге).

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қала кәсіпорындары мен ұйымдармен арасында тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 32,9 млрд. теңгелік меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойылды.

«Казфосфат» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 14,139 млрд. теңгелік келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 79,5 %-ды құрайды.

«ТМЗ» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 4,203 млрд. келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 100%-ды құрайды.

Мәселелердің, қауіптердің, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктердің кешендік сипаттамасы.

Өңірдегі өнеркәсіптің жүйеқалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі,

өңдеу саласын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;

отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

Бұл мәселені шешу үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып облыстағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндіріс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнім шығаруды қамтамасыз ететін халықаралық сапа стандарттарын ендіруге бағытталған Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде сертификаттары бар облыстағы тауар өндірушілердің реестрлері жасалған және таратылған; бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнімді ары арай дамыту мақсатында кәсіпорындармен және Республиканың өңірлерімен меморандумдар жасалған.


Менеджмент және стандарттау жүйесі

ИСО сапа менеджменті жүйесі қаладағы 147 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 15 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде – 1, стандарттау қызметтерінде – 1, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде – 102, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – 2, білім беруде –2, металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін өндіруде – 1, химия өнеркәсібінде – 2, ағаш өндейтін өнеркәсіпте – 3, газ өнеркәсібінде -2, ауыл шаруашылықта – 1, сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдері өндірісінде – 4, қонақ үй қызметтерде – 2, басқа салаларда – 9.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет