2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау
Тараз қаласында 2010 жылы 11 өңірлік бағдарлама жұмыс істейді.
2005-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының реформалау мен дамыту бағдарламасы халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға, халыққа тиімді, қолжетімді медициналық көмек көрсету жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде облыстың денсаулық сақтау жүйесінің құрылымын жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесіндегі бастапқы медициналық көмектің рөлін одан әрі арттыру, бала мен ана денсаулығын нығайту, дәрілермен қамтамасыз етуді жетілдіру, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру жөнінде іс-шаралар жүргізілуде.
2008-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысында туберкулезге қарсы күрес облыстық бағдарламасында көзделген туберкулезді емдеуге бағытталған бюджет соммасы 607,7 млн. теңгені құрайды, игерілгені-462,0 млн. теңге. Осылайша игеру 76% құрады. Аталған бағдарламаға сәйкес аурудың пайда болуына, таралуына және оны емдеуге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар шаралар іске асырылды, атап айтқанда облыстың туберкулезге қарсы мекемелері үшін медициналық жабдықтар сатып алуға 315,3 млн. теңге, санитарлық автокөлік сатып алуға, 14,9 млн. теңге, туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуге-317,6 млн, теңге бөлініп, бөлінген қаржылар толық игерілді.
Бағдарламамен көзделген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде науқастану және өлу бойынша оңды көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жалпы алғанда бағдарламаны көкейкесті, табысты игеріліп, табысты іске асырылып отырған бағдарлама ретінде сипаттауға болады.
2005-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысының білім саласын дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың барлық бөлігі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қазақстандық отансүйгіштікті, мәдениетті, адамның құқықтары мен еріктерін сыйлау сезімін тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді дамытуға, білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартуға, халықаралық стандарттық білім жіктемесінің өлшемдеріне сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды дайындау жүйесін қайта құрылымдауға, білім жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның бірінші кезеңінде (2005-2007 жж.) көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға 7617,9 млн. теңге бөлінген, екінші кезеңде (2008-2010 жж.) 17136,236 млн. теңге көзделген. Оның ішінде 2010 жылы 3790,991 млн. теңге бөлініп, 1.07.2010 жылға 1339,6 млн. теңгесі немесе 75,4% игерілді.
2006-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысының облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы бойынша жалпы 5 млрд. 788 млн. теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен - 4 млрд. 87 млн. теңге және облыстық бюджеттен - 1 млрд. 701 млн. теңге.
«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2003-2009 жылдары 5988,3 млн. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджет қаржылары - 4375,2 млн. теңге, жергілікті-1455,1 млн. теңге, шаруашылық субъектілері қаржылары -98 млн. теңге және Жол картасы бойынша - 60 млн. теңге. 2010 жылы 30 сумен қамтамасыз ету объектілерін салу және қайта жаңғырту көзделген. Бүгінгі таңда сумен қамтамасыз ету жүйелері 13 елді мекенде енгізілген, нәтижесінде 28 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
2008-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін 23,2 млн. теңге көзделген, олардан 17,7 млн. теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде бағдарлама көкейкесті, игерілуі - жоғары, іске асырылуы -жоғары деп бағаланды.
2007-2011 жылдарға арналған Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы. Облыс халқы арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында аудандарда демеушілер есебінен 5 стадион, 30 спорт алаңы, 1 бокс залы салынып, 67 спорт объектісі жөндеуден өткізілді. Үстіміздегі жылы облыс орталығында 65 аулалық спорт алаңдары құрылысы көзделіп, олардың 9-ы салынды.
Тараз қаласында Спорт сарайының құрылысына 4,0 гектар жер телімі бөлінді. Құрылысты аяқтау 2012 жылға жоспарланған.
Жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жаттықтырушы-оқытушыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру көзделген. Осыған байланысты спорт және туризм Академиясында біліктілігін жоғарылату курстарын ұйымдастыру үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы құрылып, онда біздің облысымыздан 10 жаттықтырушы оқыды, ал Тараз қаласындағы осындай орталықта 57 жаттықтырушы өз шеберлігін шыңдады.
Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында облыста 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 2008-2010 жылдары қаржыландырудың барлық көздері есебінен пайдалануға 566,1 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу көзделген. 2008-2009 жылдары және 2010 жылдың қаңтар-тамызында пайдалануға 575,5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
2007-2015 жылдарға арналған Жамбыл облысын газдандырудың кешенді бағдарламасы шеңберінде 140 елді мекен газдандырылатын болады.
2009-2011 жылдарға арналған Жамбыл өңірлік экологиялық бағдарламада жергілікті бюджет қаржылары есебінен табиғат қорғау іс-шараларын орындау арқылы қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету бойынша басымды бағыттар айқындалған. Жалпы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1434,2 млн.тенгеге іс-шаралар атқару көзделген. Үстіміздегі жылы табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге Бағдарлама бойынша 537,4 млн.тенге жоспарланған, іс жүзінде бөлінгені - 177,1 млн.тенге.
«2008-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысында қызылша шаруашылығын және қант өндірісін дамыту бағдарлдамасы» отандық шикізат өндірісін ұлғайту және оны тиімді қайта өңдеу арқылы облыста қант қызылшасын игеруді одан әрі дамытуға және қант өндірісін қалпына келтіруге бағытталған. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама шеңберінде қант қызылшасын өсіретін шаруалар мен қант зауыттары арасында әріптестік қатынастар мен өзара тиімді келісімдерге қол жеткізіліп, бірлескен Меморандумға қол қойылды және жолға қойылған жұмыстар жүргізілуде. Қант қызылшасын өсіру мен жинауға арналған қажетті техника сатып алу үшін «Тараз» СПК шаруалардың сервистік-даярлау орталықтарының ауылшаруашылық техникаларын пайдалануы үшін жағдайлар жасады.
Жалпы бағдарламаның іске асырылуы және көкейкестілігі жоғары деп бағалануда.
3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ
Тараз қаласы Қазақстанның оңтүстігінің қарқынды дамитын және бәсекеге қабілетті, өнеркәсіптік-индустриалдық облыс орталығы; Қытай мен Еуропа арасындағы қолайлы көлік дәлізі болатын өңір; ішік және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері өндірісі бар өңір; өмір сүру деңгейі жоғары, дені сау және білімді халқы бар өңір; ірі және шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы бизнес климаты бар өңір; жоғары білікті және тиімді жергілікті билігі бар өңір болады.
1 бағыт.: «Агроәнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық техноглогиялар ендіру негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту»
-
Өнеркәсіп өнімнің нақты өсімі 2015 жылы 2009 жылдың деңгейіне 7,6 %;
-
Өңдеу өнеркәсібі өнімнің нақты өсімі 2015 жылы 2009 жылдың деңгейіне 24,0%;
-
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай кем дегенде 2 есеге өседі;
-
Өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 2015 жылға қарай 9,5% дейін өседі;
-
Химия өнімнің өндіріс көлемі 2015 жылға қарай 2,3 есеге өседі;
-
Тыңайтқыштардың әр түрлі түрлерінің өндірісі 2015 жылға қарай жылына 1200 мың.тоннадан астамға дейін жетеді;
-
Химия саласындағы еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай жылына 10%-ға өседі;
-
Металлургия өнімнің және металл өнімдерінің өндірісі 2015 жылға қарай 31,5 млрд.теңгеге дейін екі есе артады;
-
Машина жасау өндірісінің көлемі 2015 жылға қарай 2009 жылдың деңгейіне 1,2 есеге өседі;
-
Машина –құрылыс саласындағы еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай жылына 3,9 млн.теңге адамға дейін өседі;
-
Құрылыс материалдардың өндірісіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай 5,85 млн.теңге/адамға дейін өседі;
-
ЖАӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсібінің өнімін шығару үлесі 2015 жылға қарай 0,06%-ды құрайды;
-
Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай жылына 5 млн.теңге адамға дейін өседі;
-
Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің НКИ 2015 жылға қарай 106,8%;
-
Етті қайта өңдеу үлесі 2015 жылға қарай 33% дейін, сүт-32% дейін жеміс және көкөніс 15% дейін өседі;
-
Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 44,5 бірлікке өседі;
-
Бөлшек сауда тауар айналымының өсім қарқыны 2015 жылы 104% (алдыңғы жылға) құрайды (2009 ж.-102%);
-
Сауда ФКИ 2015 жылы 104% (алдыңғы жылға) құрайды (2009 ж.-102%);
-
Сыртқы сауда айналымы өсімінің қарқыны 2015 жылы алдыңғы жылға 103,9% құрайды (2009 ж.-62,6%);
-
Ірі объектілер мен сауда желілерінің бөлшек тауар айналымы көлеміндегі үлесі 1,9% құрайды (2009 ж.-1,1%).
2 бағыт. «Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету».
-
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту-2013 жылы-72,6% және 2015 жылы 81,5%;
-
12 жылдық білім бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер үлесі-2015 жылы 100%( 1,5,11 сыныптар);
-
Орта, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады-2013 жыл-73,3% 2015 жылы 76,7%;
-
Жоғары және бірінші санаттағы білікті педагог қызметкерлердің педагогтардың жалпы санындағы үлесі 2013 жылы-54,3%, 2015 жылы 56,4%;
-
2015 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 6,6% құрайды;
-
2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін жүгінген тұлғалардан жұмысқа орналасқандарының үлесі 2009 жылы 83,9% құрады, 2015 жылы - 80% құрайды;
-
Тараз қаласы бойынша жұмыспен қамтылған халық құрамындағы жоғары білікті жұмыс күшінің үлесі 2009 жылы 54,8% құрады, 2015 жылы-46,5% жетеді;
-
Ең аз өмір сүру деңгейінен кірістері төмен халықтың жалпы халық санындағы үлесі 2015 жылы 9% құрайды;
-
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 39%, 2013 жылы - 32,2% құрайды, 2015 жылы - 30% дейін төмендейді;
-
Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі (әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың жалпы санынан) 2009 жылы 100% құрады, 2015 жылы-100% құрайды;
-
Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтармен қамту 2013 жылы-19,4%, 2015 жылы-22% құрайды;
-
6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді облыстың спорттық мекемелерімен қамту 2013 жылы-11,1%, 2015 жылы-12,9% құрайды;
-
Қала халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі 2013 жылы - 55%, 2015 жылы - 70% құрайды.
3 бағыт. «Экономиканы үдемелі индустрияландыруға және сапалы тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау».
-
Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының орташа алғанда 66,2% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда (2009 ж.-60,9%);
-
Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік 2015 жылға қарай 100% құрайды;
-
Экономиканың сұраныстарын қанағаттандыратын өз көздерінен энергия өндіру 2015 жылы 60% құрайды;
-
Әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50% электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ету;
-
Халықтың компьютерлік сауаттылығын 2015 жылға қарай 40% дейін арттыру;
-
ҚР ЖӨӨ ИКТ секторының инфокоммуникациялық инфрақұрылымды қосқандағы үлесі 2015 жылға қарай 2% құрайды (2009 ж.-1,95%);
4 бағыт. «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту».
-
Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі 2009 жылы 86% құрады, 2015 жылға қарай 85% құрайды;
-
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы 65% құрады, 2015 жылы 85% құрайды;
-
Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылар қажеттігінің деңгейі 2009 жылы 25% құрады, 2015 жылы 32% құрайды;
-
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізігі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 жылы 80% құрады, 2015 жылы 88% құрайды;
-
Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 16%, 2015 жылы 21% дейін өседі;
-
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысатын қаланың жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылға 32% дейін өседі;
-
Жастардың отансүйгіштік деңгейі (социологиялық сауалнамалар мәліметтері бойынша) 2009 жылғы 65%-дан 2015 жылы 67,5% дейін өседі;
-
Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 жылғы 75%-дан 2015 жылы 81% дейін өседі;
-
Мемлекеттік тілді меңгерген қала халқының үлесі 2013 жылы 93,0% 2015 жылы 96% құрайды, 2009 жылы-85,5% құраған;
-
Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарындағы үлесі 2013 жылы 58%, 2015 жылы 60% құрайды, 2009 жылы 55% құраған;
-
Әйелдердің орташа еңбекақысының ерлердің еңбекақысына қатынасын қамтамасыз ету 2011-2015 жылдары кем дегенде 75% құрайды;
-
Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 2015 жылы 50% кем емес деңгейде болады, 2009 жылы 50% болған;
-
Жалпы қылмыстардың болжамды деңгейі 2015 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда 45-тен жоғары болмайды, 2009 жылы-38,7;
-
Қаланы ТЖ кезінде шұғыл әсер ету күштерімен қамту 2015 жылға қарай 100% құрайды.
4. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары
4.1 бағыт. «Агроөнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы»
Мақсат 4.1.1. Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету
Индикаторлар, көрсеткіштер атауы
|
факт
|
баға
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
ЖӨӨ көлемі, млрд теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖӨӨ НКИ алдыңғы жылға %
|
|
|
|
|
|
|
|
4.1.1.1 Міндет ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету
|
Өнеркәсіп өнімінің НКИ алдыңғы жылға %
|
59,8
|
103,0
|
112
|
110,8
|
110,7
|
112,2
|
113,3
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд.теңге
|
67,0
|
78
|
87,4
|
96,8
|
107,2
|
120,3
|
136,3
|
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі, млрд. теңге
|
45,3
|
49,6
|
55,8
|
62,8
|
70,2
|
79,7
|
92,1
|
Өңдеу өнеркәсібінің адыңғы жылға НКИ, %
|
57,2
|
109,4
|
120,2
|
112,5
|
111,8
|
113,5
|
115,5
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 2015 жылы кем дегенде 1,5 есеге ұлғаюы,млн. теңге/адам
|
6,2
|
6,6
|
8,4
|
9,2
|
10,5
|
11,9
|
13,8
|
Инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. тенге
|
1750,2
|
1905,4
|
1945,1
|
2178,2
|
2256,4
|
2321,8
|
2451,5
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10% дейін, %
|
2,8
|
3,3
|
4,1
|
5,3
|
7,0
|
8,2
|
9,5
|
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 64% дейін өсуі, %
|
58,0
|
59,5
|
59,5
|
61
|
62
|
63
|
65
|
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 90% аса өсуі, %
|
83,6
|
54,5
|
86,0
|
87,5
|
88,5
|
89,0
|
90,5
|
Менеджмент жүйесін (ИСО және ХАССП) ендірген және сертификаттаған кәсіпорындар санының 295 бірлікке дейін өсуі
|
69
|
77
|
85
|
93
|
102
|
110
|
121
|
Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған экспортқа бейімделген кәсіпорындар санының өсуі
|
3
|
4
|
5
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Қойылған мақсатқа, мақсатты индикаторларға қол жеткізуге бағытталған негізгі міндеттер және оларды шешу бойынша іс-шаралар
Индикаторлар, көрсеткіштер атауы
|
факт
|
баға
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
4.1.2.1 міндет: Оларды әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсімін қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту
|
Өнеркәсіп өндірісі өнімі көлемдерінің өткен жылдың деңгейіне өсуі, %
|
59,8
|
103,0
|
112,0
|
110,8
|
110,7
|
112,2
|
113,3
|
Тау-кен өндіру және карьерлерді игеру көлемдерінің өткен жылдың деңгейіне өсімі, %
|
107,4
|
115,9
|
110,0
|
110,0
|
115,0
|
115,0
|
106,8
|
4.1.2.2 міндет: Инновацияларды дамыту технологилық модернизацияға ықпал ету.
|
Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлесі, %
|
74
|
74,5
|
75
|
75,5
|
76
|
76,5
|
77
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, барлығы, млрд.теңге*
|
18,4
|
197
|
20,5
|
21,7
|
22,4
|
23,7
|
25
|
Негізгі капиталға салынған отандық инвестициялар көлемі 2020 жылға кем дегенде 30 % ұлғаяды, барлығы, млрд.теңге, оның ішінде:
|
16,5
|
17,7
|
18,4
|
19,5
|
20,1
|
21,3
|
22,5
|
- өңдеу өнеркәсібіне
|
12,2
|
13,2
|
13,8
|
14,8
|
15,3
|
16,3
|
17
|
- тау-кен өндіру саласына
|
0,05
|
0,05
|
0,06
|
0,06
|
0,06
|
0,06
|
0,07
|
Негізгі капиталға салынған шетелдік инвестициялар көлемі барлығы, млрд.теңге, оның ішінде:
|
1,9
|
2
|
2,1
|
2,2
|
2,3
|
2,4
|
2,5
|
- өңдеу өнеркәсібіне
|
1,4
|
1,5
|
1,6
|
1,7
|
1,75
|
1,8
|
1,9
|
Өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестициялар үлесі, %
|
74
|
74,5
|
75
|
75,5
|
76
|
76,5
|
77
|
Қол жеткізу үшін жауаптылар: Тараз қаласы әкімдіктері, қала кәсіпорындары
|
Достарыңызбен бөлісу: |