қаулысымен 4-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Телекоммуникациялар саласын дамыту бағдарламасының негiзгі мақсаты Қазақстан экономикасының ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға бәсекелi бiрiктiрiлген телекоммуникациялық секторын әрi қарай дамытуға бағытталған тетiктердi қалыптастыру мен жағдайлар жасау болып табылады. Ақпараттық қоғамға өтудi қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк саясаттың мынадай үш негiзгi бағыты атап көрсетiледi: әлеуметтік-саяси, техникалық-технологиялық және экономикалық. Бағыттардың әрқайсысы бойынша бiрқатар бiрiншi кезектегi міндеттерді шешу қажет.
Әлеуметтік-саяси мiндеттер:
жеке және заңды тұлғалардың жер-жерде жұрттың қолы жетер телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткiзулерiн қамтамасыз ету;
халықтың және дамып отырған экономиканың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, оның iшiнде, қауiпсiздiктi, қорғанысты және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ететiн органдардың телекоммуникациялардың түрлi қызмет көрсетулерiне өсiп отырған қажеттiлiгін қанағаттандыру;
тұтынушылардың ақпараттық технологиялардың соңғы жетiстiктерiне және ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуiне жағдайлар жасау;
ұлттық ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Техника-технологиялық мiндеттер:
бiрыңғай ұйымдастырушылық және техникалық идеология негiзiнде жұмыс iстейтiн, жоғары сапалы iшкi және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң барлық түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны қамтамасыз ететiн осы заманғы ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымды жедел дамыту;
стандарттаудың және сертификаттаудың әлемдiк деңгейге сәйкес келетiн салалық жүйесiн дамыту;
мынадай ұлттық ресурстарды: радиожиiлiк ресурсын және нөмiрлеу ресурсын орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.
Экономикалық мiндеттер:
телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану тиiмділігiн және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
Қазақстанның транзиттiк әлеуетінің мүмкiндiктерiн барынша iске асыру;
телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын дамытуға және байланыс операторларының тиiмдi жұмысы үшiн жағдайлар жасауға, телекоммуникациялар рыногының барлық субъектiлерiнiң тұрақты және серпiндi дамуына бағытталған мемлекеттiк реттеу тетігін жетілдiру;
байланыс қызметтерi рыногында адал бәсекелестiк ортаны дамыту және барлық байланыс операторлары үшiн тең құқықты қамтамасыз ету.
телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсету тарифтерiн қайта теңдестiру кезiнде әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға қолдау көрсету.
ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. N 417 қаулысымен 5-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және iске асыру
тетiктерi
Телекоммуникациялық саланы дамыту, саланың техникалық және технологиялық жақтарын үнемi жетiлдiру реттеу тетiктерiн үнемi түзетіп отыруға әкеп соғады.
Телекоммуникациялық ортаның халықаралық экономикалық бiрігуіне қарай, байланыс рыноктарындағы қатынастарды реттеудiң жалпы үлгілерi әзiрленуде және белгiленуде. Халықаралық ақпараттық-телекоммуникациялық орта тек халықаралық экономикалық бiрiгудiң салдары ғана емес, бiрақ едәуiр дәрежеде оның себептерi де бола отырып, байланыс саласын экономиканың басқа да секторларынан бұрын байланыс ұйымдары қызметiнiң экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған және жалпы реттейтін тілді iздестiруде бiлдiрiлетiн қатынастарды реттеудiң жалпы әлемдiк, ұлттан тыс (шет елдiк) үрдiстерге көңiл бөлуге мәжбүр етедi.
Телекоммуникацияларды мемлекеттiк реттеудің аса тиiмдi тетіктерiн қолдану телекоммуникацияларды реттеудiң шетелдiк тәжiрибесiнде туындайтын проблемалар мен коллизиялар туралы, сондай-ақ Қазақстанда қолданыстағы құқықтық нормаларды iске асырудың осы заманғы проблемалары туралы түсініктердің болмауы жағдайында мүмкiн емес. Осыған байланысты, тек мәселелердiң барлық спектрiн жан-жақты есепке алу телекоммуникациялық саладағы қатынастарды реттеудiң оңтайлы әдiсiн жасауға мүмкiндiк бередi.
Осы Бағдарлама шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттар бойынша тұтас бiрқатар iс-шараларды iске асыру қажет:
1. Телекоммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның, байланыс операторларының және тұтынушылардың өзара iс-қимылын жаңа деңгейде реттейтiн заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны құру және жетiлдiру.
Телекоммуникациялар саласында құқықтық қатынастардың болуы мүмкiн өзгерiсiн уақтылы есепке алуды көзделген құқықтық реттеудiң аса икемдi жүйесiн белгілеу үшiн оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негіз қалаушы нормативтiк құқықтық кесiм болып табылады.
Телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесiне нормативтiк құқықтық кесiмдер мен техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды (нормативтiк-техникалық кесімдер) қамтитын нормативтiк кесiмдер кiредi. Бұл кесiмдердiң жиынтығы телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын қалыптастыру және дамыту процесстерiн, рынокқа қатысушылардың қызметiн реттейдi, сондай-ақ мемлекеттiк peттеудің тиiстi нысандарын белгілейдi.
Заңға енгiзетiн өзгерістер мен толықтырулар телекоммуникациялық саланы құқықтық реттеудiң теориясы мен практикасын, сондай-ақ әлемдік тәжiрибенiң оң нәтижелерiн ескеретiн болады.
Бұдан басқа, байланыстың өзара байланысты желiсiнiң толық және сенiмдi жұмыс iстеуiн, көрсетiлетiн қызметтiң сапасын, олардың қол жеткізiмдiлігiн, мемлекеттiк мүдделер мен тұтынушыларды қорғауды, рынокқа қатысушылардың теңдігiн қамтамасыз ететiн нормалар, талаптар мен ережелер әзірленетiн және қабылданатын болады.
Мынадай негізгі нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер:
өзара байланысты желiнiң технологиялық тұтастығын, телекоммуникациялар желілерінің сыйымдылығы мен бiрiктiрілу тәртібiн реттейтiн;
телекоммуникациялар рыногында өз қызметiн жүзеге асыратын байланыс операторларының өзара iс-қимылын, олардың арасында желiлiк ресурстарды өзара пайдаланғаны және трафик өткiзгенi үшiн өзара есеп айырысулар тәртiбiн реттейтін;
байланыс саласындағы лицензиялау мәселелерiнде қазiргi заманды үрдiстердi ескеретiн;
әмбебап қол жеткiзудi ұйымдастыруды және ұсынуды, әмбебап қол жеткiзу операторы түсiнігін реттейтiн;
байланыс операторлары мен пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтiн;
мемлекетке тиесілi шектелген ресурстарды (радиожиілiк спектрiн, нөмiрлеудi және басқа) пайдалану тәртiбiн реттейтiн;
байланыстың желiлерi мен жүйелерiн техникалық пайдалану тәртiбiн белгілейтiн;
телекоммуникациялар құралдарын, қызмет көрсетулерi мен жүйелерiн стандарттау және сертификаттаудың салалық жүйелерiн құру және қолдау тетiгін реттейтiн құжаттарды қамтиды.
Тұтастай алғанда, телекоммуникациялар рыногы субъектiлерiнiң қызметін және желілер мен жүйелердi техникалық пайдалануды peттеуге қатысты жиырма шақты нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту жоспарланып отыр.
2. Саланы мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру.
Телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн олардың реттеу функцияларының бiр бөлiгiн жаңа мемлекеттік органға (Реттеушi) бере отырып, байланыс саласын реттейтін қазiрде бар мемлекеттiк органдарды өзгерту көзделiп отыр.
Әлемдiк практика көрсеткенiндей, дәл осындай Реттеушiлер неғұрлым жоғары дәрежеде пәрмендi реттеуші тетiктердi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және барлық байланыс операторларының мүдделерiне оларды әдiл, тең құқықты және ашық пайдалануына кепiл бола алады.
Реттеушi тәуелсiздiгiнiң кепiлi үшiн оның барлық байланыс операторларынан функционалды тәуелсiз болуы қажет. Мемлекет жұмыс iстеп тұрған байланыс операторларына ("Қазақтелеком" ААҚ, "Қазпочта" ААҚ және басқа) қатысты иелігін немесе едәуiр бақылау дәрежесiн сақтаған жерде, мемлекеттiк реттеу функциясын иеленумен немесе жұмыс iстеп тұрған операторларды бақылаумен байланысты қызметтен тиiмдi құрылымдық бөлiнуi орын алуы тиiс.
Реттеушi сондай-ақ, оның функцияларын орындау үшiн қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк беретiн өкiлеттiк бередi.
Тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде қаржыландыруды ескере отырып, толық ырықтандыру басталғанға дейiн 2004 жылы осындай Реттеушiнi құру мүмкiндiгi қарастырылады.
3. Қосып алу қызмет көрсетулерiнiң қағидаттарын жетiлдiру.
Халықаралық тәжiрибенi, сондай-ақ ХЭО ұсынымдарын ескере отырып, байланыс операторларының қосып алу қызметiн көрсетулерi жөніндегі қызметін мемлекеттік реттеу тетiгінің негiзiне мынадай базалық қағидаттарды кепiлдiкке алу жоспарлануда:
желілерге қосылу міндеттілiгi;
кемсiтушiлiктің болмауы;
қосып алу қызметiнің бағаларына есеп айырысудың ашықтығы, өзiндiк құнға және рентабельділіктiң нормативтiк деңгейiне бағдарлау.
4. Телекоммуникациялардың қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз ету.
Халықтың телекоммуникациялық қызмет көрсетулерге әмбебап қол жеткiзуiн жер-жерде қамтамасыз ету мақсатында әмбебап қол жеткiзудiң өлшемдерi мен көлемiн анықтау, әмбебап қол жеткiзумен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру әмбебап қол жеткiзудi қаржыландыру тетіктерiн әзiрлеу қажет.
Әмбебап қол жеткiзу - бұл Қазақстанның телекоммуникациялық желілерiнің әлеуметтiк қажеттi (жалпыға бiрдей) қызмет көрсетулерiне кез келген пайдаланушының құқығын iске асыруда кез келген сәтте өтініш жасауының техникалық және бағалық мүмкiндiгi.
Халықты әмбебап қол жеткiзумен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар мынадай қағидаттарға негiзделетiн болады:
әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi кепiлдiгiн беретiн операторлардың рынокқа кiруi үшiн кедергiлердi барынша азайту;
кез келген әкiмшiлiк жүктемелер мен шығындарды барынша азайту;
әмбебап қол жеткiзудi беру шеңберiнен тыс шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң iшкi iсiне қол сұқпау;
объективтi, ашық, үйлесiмдi және кемсiтпеушiлiксiз рәсiмге негiздеу; уақыт өте келе әмбебап қол жеткiзуге жұмсалатын шығынды азайтуды қамтамасыз ету үшін тиімділiк пен технологиялылықты арттыруды ынталандыратын орта құру;
әмбебап қол жеткiзуге қауiпсiздiктi, қорғанысты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарға және құрылымдарға басымдық беру. Әмбебап қол жеткiзудi қаржыландыру тетiгi рынокты iшкi тоғыспалы cубсидиялаудан барлық операторлардың және мемлекеттiң қаржылық ынтымақтаса қатысуының жалпы ұлттық тетiгiн құрғанға дейiнгi ырықтандыру барысында өзгеретiн болады.
Халықты жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызмет көрсетулерiмен қамтамасыз етудің соңғы нысаны мемлекеттiк реттеудiң мынадай тетiктерiне негiзделетiн болады:
халықтың барлық топтары үшiн қол жетiмдi қызмет көрсетулердiң ең аз базалық пакетiн техникалық және құн көрсеткiштерiнде нормативтік айқындау;
әмбебап қол жеткiзуi ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерi құзыретiне кiретiн уәкiлеттi органды айқындау;
мемлекет реттейтiн қол жеткiзiмдi тарифтерге қолдау көрсету;
рентабельділіксiз қызмет көрсетулердi беретiн операторлардың шығындарына өтемақы төлеу;
жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсi байланыс операторларының қызмет түрлерi мен аймақтар бойынша шығындарды бөлек есепке алуы;
әмбебап қол жеткiзу операторларын таңдауға бәсекелестiк көзқарас;
телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушылары арасында не мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржылық жүктеменi бөлу.
Әмбебап қол жеткiзудi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының әрбiр аймағында жалпыға қол жеткiзiмдi қызметтер көрсететiн байланыс операторы (операторлары) айқындалуы тиiс. Жалпыға қол жеткізімді қызметтер көрсетуге уәкілеттi жалпы пайдаланыстағы байланыс желiсiнiң операторы барлық тiлек бiлдiрушi тұлғаларға байланыстың тиiстi желiсi арқылы белгiленген аумақта бұл қызмет көрсетулердi ұсынуды қамтамасыз eтугe міндеттi.
Әмбебап қол жеткiзудi жүзеге асыру құқығы жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнің операторлары арасындағы конкурс нәтижелерi бойынша берiлетiн болады. Белгiлi бiр аумақтағы байланыс саласындағы жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтердi көрсетуге өтiнімдер болмаған, не өтiнімдер беретiн байланыс операторларының ресурстары мен қаражаты жеткiліксiз болған жағдайда мемлекет осындай операторды дербес тағайындауға өзiне міндеттеме алады.
Әмбебап қол жеткiзудi жүзеге асыратын операторды анықтау кезiнде негiзi өлшемдер мыналар болып табылады: қызмет ауқымы, берiлген сипаттамалары бар жалпыға қол жетiмдi қызмет көрсетулердi ұсынуға қабiлеттiлігi (көлемдерi, түрлерi, сапасы, қызмет көрсетілетiн аумақты қамтуы), халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарына қолдау көрсету бағдарламаларын, сондай-ақ оператор қызмет көрсететiн аумақта орналасқан денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етуге қабiлеттiлiгi.
Әмбебап қол жеткiзудi қаржыландыру тетiгiн енгiзу халықтың тығыздығы төмен аудандар мен тоқырауға ұшыраған аумақтарды қоса алғанда, елдің барлық аймақтарында жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн құруға инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ететiн жағдайлар туғызады. Қазақстанда тұрғындарының саны 200 адамнан кем емес 2790 телефондандырылмаған елдi мекен бар, бұларды, телефон байланысымен қамтамасыз ету үшiн шамамен 4 684,38 млн. теңге талап етіледi.
Демографиялық, географиялық және өзге де жағдайларға байланысты осы проблеманы шешуге техникалық көзқарас түрлiше - байланыстың дәстүрлi кабельдiк желiлерiн салу, радио ұзартқыштар мен сымсыз радиоға қол жеткiзудің жүйелерiн пайдалану, ауылдық байланыстың спутниктік желiсіне қосылған ДАМА спутниктiк станцияларын орнату, басқа жүйелер мен жаңа технологияларды пайдалану.
Телефондандыру бағдарламасын орындауға үлкен көлемді қаржыландыру талап етілетiнiне байланысты, тұрғындар саны 200 және одан артық барлық елдi мекендердi телефондандыру проблемасы 2006 жылға қарай жартылай шешiлетiн болады.
5. Телекоммуникациялар саласындағы тарифтiк реттеу тетiктерiн жетілдiру.
Тарифтiк реттеу телекоммуникацияда жалпыға бiрдей қол жеткiзілiмдi қызмет көрсетулерi бойынша, ал бәсекелестiк рыногында байланыс қызметін көрсету басым операторлардың қызметтерiн заңнамада белгiленген тәртiппен реттеу жолымен жүзеге асырылатын болады.
Әдiл тарифтік реттеудi қамтамасыз ететiн негiзгi құрал жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнiң байланысы барлық операторларының қызмет көрсету түрлерi бойынша шығындарды бөлек есепке алуды, сондай-ақ уақыттық есепке алуды енгiзу болып табылады.
Бұл бағытта:
қызмет көpceтудің өзіндiк құнын анықтай отырып, телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзiлетiн;
қызмет көрсетулер түрлерi және аймақтар бойынша шығындарды бөлек есепке алу ережесi әзiрленетiн және бекiтiлетiн;
жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсi байланысының операторлары шығындарды қызмет көрсетулер түрлерi және аймақтар бойынша бөлек есепке алуы енгiзілетiн;
телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердiң қайта теңгерiмінің жоспары әзiрленетiн және iске асырылатын бoлады.
6. Бәсекелестiктi дамытудың қажеттi шарты ретiнде телекоммуникациялар рыногын кезең-кезеңiмен ырықтандыру.
Байланыс рыногын ырықтандырудың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құрудың жалпы векторының бөлiнбес элементi болып табылатын, рынокты сапалы және қол жетiмдi қызмет көрсетулермен тез толықтыруға, жиынтық ұлттық бәсекелестігі қабiлетiнiң өсуiне әкелетiн бәсекелестiк орта құру болып табылады.
Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады.
1-кезең. Даярлық.
Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру басталғанға дейiн 2003-2004 жылдар ішінде ырықтандыру процесiнде жалғасуы мүмкiн бiрқатар жүйелiк даярлық iс-шараларын жүргiзу қажет.
Ең алдымен, тұтастай алғанда республика бойынша және оның аймақтары бойынша телекоммуникациялардың негiзгi қызмет түрлерiнiң нақты өзiндiк құнын бағалауды жүргiзу қажет. Экономикалық талдауды жүргiзгеннен кейiн байланыс және табиғи монополияларды реттеу cаласындағы уәкілeттi органдардың Түрлерiне қарай телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi бойынша шығындарды бөлек есепке алу ережесiн бекiту туралы бiрлескен бұйрығымен оның нәтижелерiне сертификаттау жүргiзілетiн болады. Бұл Ереже тиiмдi тарифтiк реттеу мақсатында рыноктың барлық субъектiлерi мен мемлекеттiк органдардың пайдалануына арналған. Талдау нәтижесiнде рынок бәсекелестiк және дотациялық сегменттерге бөлінетiн болады.
Бұл кезеңде мынадай қағидаттарға негiзделетiн Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспары әзiрленетiн болады:
1) қалыпты өмiр сүру жағдайын қамтамасыз ететiн жалпыға қол жеткiзiмдi қызмет көрсетулерге төлем қабілеттілігіне қарамастан, барлық пайдаланушылар үшiн қол жеткiзімдігі (анықтамалық-ақпараттық қызметтерде белгiленген құқық тәртiбiн қорғау органдарына, жедел дәрiгерлiк көмек, құтқару қызметi және т.б.);
2) пайдалану шығындарын өтейтiн және қажеттi кiрiстi қамтамасыз ететiн тарифтердi белгiлеу жолымен қызмет көрсету процесiнде байланыс операторлары қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
3) түрлi санаттағы абоненттер үшiн тарифтердi қалыптастыру қағидаттарындағы айырмашылықтарды жою.
4) қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлемнiң тарифi көтерiлген кезде өтемақы төлеу.
Байланыстың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерімдеу табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген қолайлы рентабельдiлiктi қамтамасыз етпейтiн қызмет көрсетулерге тарифтердi арттыру және халықаралық байланысқа тарифтердi кемiту жолымен бiртiндеп жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бiр мезгiлде қызмет көрсетулердің түрлерi мен аймақтар бойынша дотациялау көлемдерi айқындалуы тиiс. Бұл үшiн мемлекет байланыс саласындағы әлеуметтік мақсаттарды әмбебап қол жеткізу өлшемдерiнің, көлемдерiнің, аймақтарының және бағаларының бекiтiлген нысанында айқындайды.
Тағы да осы кезеңде бекiтiлген тарифтердi едәуiр және жаппай көтерусiз жергiлiктi байланысқа тарифтердi қайта теңгерiмдеудi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды элемент ретiнде жергiлiктi байланыс қызмет көрсетулерiн уақыттық есепке алуды енгiзу жүргiзiлуi тиiс.
Тарифтердi белгілеу кезiнде шығындарды көрсетуде объективтіліктi қамтамасыз ету үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнiң байланыс операторлары бекiтiлген ережеге сәйкес қызмет түрлері бойынша бөлек есепке алуды енгiзетiн болады.
Даярлық кезеңiнiң соңында өзгерiстер үшiн қажеттi барлық нормативтік-құқықтық база бекiтілуі тиiс және ең алдымен "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi тиiс.
Сөйтіп, бiрiншi кезеңнiң негiзгi iс-шаралары мыналарды қамтиды:
1) саланы экономикалық талдау;
2) Телекоммуникациялардың реттелетiн (жалпыға қол жеткiзiмдi) қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспарын әзiрлеу және жүзеге асыру;
3) жергiлiктi байланыс қызмет көрсетулерінің уақыттық есебiн енгiзу;
4) байланыс операторларының қызметтердiң түрлерi бойынша шығындарды бөлектеп есепке алу ережесiн енгiзу;
5) рыноктағы барлық субъектiлердiң ынтымақтаса қатысуы негiзiнде әмбебап қол жеткiзудi ұйымдастыру және қаржыландыру тетiгiн әзiрлеу;
6) операторлардың байланыс қызметтерiн бiрлесiп көрсетуi кезiнде, сондай-ақ трафик алмасу және оның транзитi кезiнде өзара есеп айырысуларды желiлiк ресурстарды беру тәртiбiн қоса алғанда, Телекоммуникациялар желiлерiн қосып алу ережесiн әзiрлеу.
2-кезең. Телекоммуникациялар рыногын ішінара ырықтандыру.
2004 жылғы бiрiншi тоқсанда мынадай негiзгi шарттар негiзiнде тиiстi лицензиялар талаптарына жауап беретін барлық байланыс операторларына халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерiн көрсету құқығын беру жолымен телекоммуникациялар рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңі жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баламалы операторларға әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер жүктеу;
2) кез келген баламалы операторлардың телекоммуникациялар желiсiн өзара қосып алу құқығын беру (транзиттiк те, қол жеткiзу операторлары ретiнде де);
3) ЖПТЖ шеңберiнде тек бір деңгейдегi желiлер арасында трафиктi қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды қамтамасыз ету (халықаралық - KXO арқылы, қалааралық және аймақтық - АМТС, жергiлiктi - жергiлiктi желiлердің транзиттiк тораптары арқылы);
4) "Қазақтелеком" ААҚ ұлттық байланыс операторының оның телекоммуникациялар желiсiне жасасқан шарттарға сәйкес қосылған абоненттерге (жеке немесе заңды тұлғаларға) халықаралық және қалааралық телефон байланысы қызмет көрсетулерiн беруге айырықша құқығын сақтау;
5) "Қазақтелеком" ААҚ ұялы байланыс операторларының халықаралық трафик транзитiне эксклюзивтiк құқығын сақтау;
6) "Қазақтелеком" ААҚ халықаралық, қалааралық байланыс қызметтерiн ұсынуға бұрын берген эксклюзивтiк құқығын мерзiмiнен бұрын алып тастауға байланысты мәселелердi реттеу.
Халықаралық және қалааралық байланыс рыногын ашқанға дейiн бәсекелестiк үшiн тарифтердi қайта теңгерiмдеудi бастау және әмбебап қол жеткiзудi (жалпыға қол жеткiзiмдi қызметтердi) ұйымдастыру және қаржыландыру тетiгiн бастау қажет.
Бұдан басқа, шет елдiк заңды және жеке тұлғалардың 2008 жылға дейiн байланыс операторларының капиталына немесе ДСА-мен келiсуге Қазақстан Республикасының осы ұйымға кiру күнiнен кейiнгi мерзiмге дейiн коммерциялық араласу (кемiнде 50 %) жөнiндегi шектеулердi енгiзу мүмкiндiгiн қарау қажет.
Осы кезеңде баламалы байланыс операторлары халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерiн көрсету құқығын бере отырып, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнiң санатына олардың желiлерiн ауыстыру жолымен берiлген байланыс желiлерiнiң операторлары негiзiнде пайда болады.
Бiр мезгілде телекоммуникациялар рыногына жаңа қатысушылардың енуi үшiн жағдайлар жасалатын болады.
3-кезең. Телекоммуникациялар рыногын толық ырықтандыру.
Саланы мынадай қағидаттарда толығымен ырықтандыруды жүзеге асыру 2005 жылдың аяғына жоспарланып отыр (бiрiншi кезеңнiң iс-шаралары орындалған жағдайда):
1) байланыс қызметтерiн ұсыну кезiнде тұтынушының (жеке немесе заңды тұлғаның) кез келген байланыс операторын таңдауға құқығын қамтамасыз ету (оның iшiнде техникалық);
2) кез келген байланыс операторының (бoc радиожиіліктi ресурстардың болмауы жағдайларын қоспағанда, егер олардың пайдаланылуы талап етiлсе) байланыс рыногына еркiн қол жеткiзу құқығын қамтамасыз ету (телекоммуникациялар саласындағы қызмет түрлерiн шектеусiз);
3) операторлардың телекоммуникациялар желiлерiн өзара қосып алу жөнiндегi шектеулердiң болмауы.
Қалааралық және халықаралық байланыс рыногын ырықтандыру нәтижесiнде пайда болатын бәсекелестiкке қарамастан, "Қазақтелеком" ААҚ онда магистралдық та, сол сияқты жергiліктi желiлердiң де дамыған инфрақұрылымы болуына қарай, әлi ұзақ уақыт монополист болып қала бередi, оның кiрiстерiнiң құрылымы өзгеретiн болады және оның қызметiнің басым бағыттарының бiрi басқа да байланыс операторларына желi қызметтерiн көрсету болмақ, атап айтқанда:
магистралдық арналарды жалға беру және транзиттік қызмет көрсету;
абоненттердiң баламалы байланыс операторларының қызмет көрсетуiне қол жеткiзуi үшiн жергiлікті желiлердiң ЖПТЖ-ға қосылуы;
Мұндай жағдай жаңа баламалы байланыс операторлары пайда болған сәтке дейiн жалғаса бередi, ол уақыт өте келе "Қазақтелеком" ААҚ-мен бәсекелестiкке түсуi мүмкiн.
Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ "Қазақтелеком" ААҚ-на байланыстың жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн ұсыну жөнiндегi мiндетi мен қорғаныс, қауiпсiздiк және құқықтық тәртіптi қорғау басқармаларының органдарын байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету функциялары заңды түрде жүктелетiнiн ескере отырып, оның Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнiң ұлттық байланыс операторы мәртебесi сақталып қалады.
7. Техникалық базаны қамтамасыз ету.
Қоғамның барлық қабаттарына қол жеткiзiмдi осы заманғы ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету спектрiн кеңейту ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешу, аймақта ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттілiктi қамтамасыз ету тиiсті техникалық базаны дамытуды талап етедi. Бұл бағытта мыналар қажет:
1) ұлттық желiнің тиiстi сыйымдылығына және оның құрылым ерекшелiктерiнe сәйкес жаңа нөмiрлендіру жоспарын енгiзу. Жоспарды енгiзу алдында "ҚР телекоммуникациялар желiсiн нөмiрлеудің жүйесi мен жоспары" деген басшылық құжат және Телекоммуникациялар желiлерiнің нөмiрлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесi әзiрленуi әрi бекiтiлуi тиiс;
2) Ұлттық ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ) тұрғызуды, жаңғыртуды, жергiлікті желiнi (қалалық та, әрi ауылдық та) 60% деңгейге дейiн цифрландыруды; абоненттiк қол жеткiзу желiлерiн жаңғыртуды қамтитын ұлттық телекоммуникациялық желiнi салу және жаңғырту, мұның өзi телекоммуникациялық және ақпараттық қызмет көрсетулер спектрiн кеңейту мүмкiндiгiн кешендi қамтамасыз eтедi;
3) телекоммуникациялық рынокты ырықтандырудың ажырамас шарты болып табылатын, телекоммуникациялардың өзара байланысты желiлерінің байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысулардың көпшілік қабылдаған қағидаттарын iске асыруға ықпал жасайтын ҚЕУЖ-дi жер-жерде енгiзу.
ҚЕУЖ қызмет көрсетулерге ақы төлеуге әдiлетті көзқарас негiзiнде кiрiстердi арттыруды халықтың төлемге қабiлеттi бөлiгiне түсiре отырып, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiне бiрiншi кезектегi мұқтаждары үшiн шығыстарын көбейтпеуге мүмкiндiк беретiн жергiлiктi байланыстың рентабельдiлiгiн арттырудың маңызды құралы ретінде қаралады;
4) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнiң барлық операторларының қалааралық шақырулардың және операторлар арасындағы трафиктiң секундтық тарифтеуiн енгiзу.
Ceкундтық тарифтеуге көшу туралы шешiм байланыстың барлық операторларына таралуы және бiр мезгілде енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте тiкелей секундтық тарифтеудi енгiзгенге дейiн тарифтеу қағидаттарын өзгертудi ескере отырып, тарифтердi қайта есептеудi жүргiзу қажет. Ceкундтық тарифтеу аппараттық та, бағдарламалық та құралдарға таралатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн өткiзгеннен кейiн енгiзiлетiн болады;
5) техникалық талаптарды әзiрлеу және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын (АЖІІШ) жүргiзу үшiн Қазақстанның өзара байланысты телекоммуникациялар желiсiне сертификатталған жабдықтарды енгiзу.
8. Телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау қызметiн реформалау.
Лицензиялау, тұтастай алғанда телекоммуникациялар саласын және оның жекелеген сегменттерiн дамытуда, бәсекелестiктi арттыруда және рынокқа қатысушылар санын көбейтуде мемлекеттiк саясатты iске асырудың негiзгi құралы болады. Бұл мақсатқа iс жүзiнде қол жеткiзу үшiн лицензияларды алудың, лицензия шарттарының сақталуын бақылауды, инфрақұрылымды дамыту жөнiндегі міндеттемелер енгізудің дәл және ашық рәсiмін қамтамасыз ету үшiн телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру және толықтыру қажет. Бұл үшін мыналар қажет:
1) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |