Бағдарламасы Былтырғы жылы Қазақстан үкіметі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»



Дата04.07.2016
өлшемі67.76 Kb.
#176082
түріБағдарламасы
Қолданыстағы жұмыспен қамту бағдарламасы

Былтырғы жылы Қазақстан үкіметі «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын жетілдірді және бекітті. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» страдегиясын Қазақстан халқына елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы осы бағдарламаның жетілдіру үшін негізі болады.

Өзінің Жолдауында ел басы дүниежүзілік тұрақсыздықтың басты айбаттарынан жұмыссыздықты атады, ол сондай-ақ шараларына нақты көрсетті, Қазақстанда осы мәселелерді шешу үшін шара қолдану қажет. Нұрсұлтан Назарбаев ерекшелігін айтты:«Дүниежүзілік тұрақсыздықтың басты айбаты – жұмыссыздықтың өсуі. Барлық бағдарламалар нақты жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді, жүзеге асырылған елде, -және мемлекеттік, және салалық, ал олардың тек бір бөлігі ғана емес...».

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бірінші кезекте бағытталғандықтан қазақстандық еңбек нарығы тиімділігін, оқытуды, жұмысқа орналастыруды,тұрғылықты жері бойынша өз кәсібін ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуді, ал мүмкіндіктері жоқ болса, жұмыспен қамту нәтижелі қол жетерлік кеңейту мақсатындағы экономикалық өсу орталықтарын және экономикалық әлеуеті төмен елді мекеннен экономикалық әлеуеті жоғары елді мекенге ерікті қоныс аударуына жәрдемдесуді жүзеге асырады.

Курчатов қаласында бүгінгі күнде осы бағдарламаның екі бағыты жұмыс істейді,олар:

Екінші бағыт «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» шағын несиелер берумен өз ісін құру және дамыту бойынша кәсіпкерлік жолымен даму арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қарастырылады. Бір адамға шағын несиенің сомасы 3 млн теңгені құрайды, ал соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі 6% артық емес.

Салалық экономика тұрғыда ауылдағы кәсіпкерлік басым бағытының тізімі бар , екінші бағыттағы қатысушылар өз таңдауын жасай алады.Толық жүзеге асатындай «Жол картасымен» мүмкіндікті тұрғындарға пайдалануға береді.Қол құсырып отырмай, бизнес - жоспарды жетілдіріп,оны орындауға талпыну. Өз ісін бастау «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» арқылы нақты мүмкіндікті мемлекет береді.

Жаңа Бағдарлама салмақты ынталандыру ретінде, барлық тұрғындарға өз ісін бастағанға дейін материалдық көмек көрсетілуімен ақысыз айлық курстарында өз бизнесін жүргізу үшін кәсіпкерлік негізін оқу мүмкіндігін береді, көптеген тұрғындар өз бизнесін жүргізу және дұрыс жоспарлау жөнінде ақпаратты толық білмегендіктен, өз ісін бастаудан қауіптенеді.

Мысалы, 2014 жылы Курчатов қаласының жұмыспен қамту орталығы «Parasat Consulting» ЖШС-мен бағдарлама қатысушыларын оқыту бойынша қызметтестік туралы келісім жасасты. Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздерімен танысу мақсатында, ақысыз оқитын семинарларына 56 адам қатысты, оларға бітіргеннен кейін сертификаттар берілді.

Бағдарламаның 1 құрамдас бөлігінің Үшінші бағыт жұмыспен қамтуды, оқыту бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз ету білдіреді, бұл дегеніміз әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және оқыту. Бірінші рет «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасында осындай, жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберіндегі еңбек ресурстардың мобильдігі сынды түсініктемелер қолданылды.

Оқыту және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу өзіне еңбекке орналасу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарлатуға қатысу құқығы бар тұлғаларға көмектесуге бағытталған шараларды енгізеді.

Бұл бағыт шеңберінде бағдарламалар қатысушыларына мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:

1)кәсіби оқыту, еңбекке орналастыру және кәсіби бағыт беру сұрақтары бойынша кеңестер;

2) тегін біліктілігін жоғарлату, кәсіби даярлық және қайта даярлау(бұдан ары кәсіби даярлау) курстарына жолдау;

3)  кәсіби оқытуға материалдық көмек көрсету;

4) сәйкес бос орындарды іздестіру мен жұмысқа, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесіне орналастыруға жәрдемдесу.

Мысалы, « Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарлама шеңберінде 2014 жылғы жұмыспен қамту орталығы 218 адамды шаралармен қамтыды, бірақ жоспар бойынша 117 адам қарастырылған, соның ішінде 101 – өзін өзі жұмыспен қамтығандар, 101 – жұмыссыздар, 16 – аз қамтылғандар. 208 адам әлеуметтік шарт жасасты және оның құрамына енгізілді: оның ішінен оқуға бағытталғаны - 40, әлеуметтік орындарда – 92, жастар тәжірибесіне – 12 адам және өз ісін ашу үшін шағын несие алғаны - 15 адам.

Кәсіби оқыту жұмыспен қамту шараларына белсене қатысушы тұлғаларды жұмысқа орналасуына жердемдесу, оқытуды қаржыландыру мен ұйымдастыру,және оларға мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларымен бекітілген тәртіпте орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырылысына енеді.

Жалдамалы жұмысшылардың өндірістен бөлек және өндіріс кезіндегі кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату бағдарлама қатысушыға жұмыс орнын беру не сақтау талабымен жұмыс берушінің өтінімі бойынша жүзеге асыралады.

Оқытуға дуалдық оқыту принципі тәжірибеленетін білім беру мекемелері ғана шақырылады. Яғни жұмыс берушінің өзі тәжірибе базасын ұсынады және болашақ жұмыс берушінің оқытылуына тікелей қатысады.Мамандықтар бойынша оқыту және қайта оқыту жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асады, яғни жұмыс берушінің маманды жұмысқа орналастырып қана қоймай, адамды жұмысқа алар алдында оны бюджеттік қаражат есебінен оқыту мүмкіндігі туады. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» қатысушыларының кәсіби оқыту ұзақтығы оқыту бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді. 2014 жылғы кадрларды қайта даярлау үшін әртүрлі мамандық бойынша 40 адам оқытылды, оның ішінде 36 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыс беруші үшін ынталандыру шараларының бірі әлеуметтік жұмыс орындары болуы тиіс.Бұған қоса жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ мамандар үшін жастар тәжірибесі болуы мүмкін. 2014 жылғы жолдама бойынша жұмыспен қамту орталығынан жастар тәжірибесіне 12 адам жіберілді, оның ішінен тұрақты жұмысқа 9 адам орналастырылды.

Бағдарлама біздің еліміздің халқын жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күресті ұлғайту бойынша көптеген тәжірибелік және пайдалы тәжірибелнрді қарастырады. Ол небәрі бірнеше ғана жұмыс істеуде, бірақ тиімділігі жөнінде оңды мысалдар қатарына қарап айтуға болады.

ШҚО Курчатов қаласында бұл бағдарлама бойынша 2011 жылдан 2014 жыл аралығында 37 адам шағын несиелеудің «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы екінші бағытының қатысулары болды. Бұдан басқа 80 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2011 жылы оралмандар қатарынан 7 адам өз ісін ұйымдастыру үшін шағын несиелер алды. Олар өз бизнестерін жақсы дамытып келе жатқанын ескеру қажет. ҚХР тумасы Шалқар Базарқан Курчатов қаласына 2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша келген болатын. 2011 жылы мал шаруашылығын дамыту үшін 1 920 мың теңге несие алды. Қазіргі уақытта ол қаланың атақты бизнесменнің бірі. Шаруа қожалығындағы мал басының саны ұлғайған, 600 гектардан астам жер телімі бар, өз жерлестеріне мал шаруашылығы үшін жер телімдерін беруде көмектеседі. Бұған қоса 5 адам, олар: Елсінбек Мінәтай, Әнуәр Омарбек, Ауданбек Жанбазар, Нұршат Рахметолла,Тангүл Сабыр «Өсімдік дамыту» жобасы бойынша өз бизнестерін ашуға ниет білдірді. Алған шағын несиелеріне тұқым сатып алды, Ертіс өзен жағасындағы жерлерді өңдеді. Жиналған өнімдері картоп, қарбыз, орамжапырақ және тағы басқа көкөністері қала базарлары мен дүкендерінде сатылады. Монғолия тумасы Бақытбек Шолтидан Курчатов қаласына 2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша келген болатын. 2011 жылы осы бағдарлама арқасында несие алып, жиһаз өндірісі бойынша өз ісін ашты. Бұған қоса ол 2011 жылы шағын несие алған барлық қарыз алушылардың «Алтын Ғұмыр» несие серіктестігінің төрағасы болып табылады.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Айнагуль Амангельдиновна Мирзаджанова «Бірлестік» несие серіктестігінің төрағасы болып табылады. Оның қол астында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 29 қарыз алушы бар, бұған қоса 2013 жылдағы Моноқала бағдарламасы бойынша 17 қарыз алушы бар.

Бағдарламаның осы бағыты қатысушыларының үштен бір бөлігі - әйелдер. Мысалы осылай кәсіпкер Светлана Владимировна Череповская 2012 жылы алған 2 млн теңге несиесіне Ертіс өзен жағасындағы «Ранчо» демалыс павильонын ашты. Мұнымен кәсіпкер өзінің материалдық жағдайын жақсартып қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарына бос уақытын өткізу орнын ұсынды, ал өзінің кейбір жерлестеріне жаңа орын жасады. Үш жыл ішінде павильон кеңейді, және қазіргі қала тұрғындарының сүйікті орны.

Қатысушылардың көбі өз істерін « Мал шаруашылығын дамыту» жобасы бойынша ашты, бұл «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынш 22 қарыз алушы және Моноқала бағдарламасы бойынша 12 қарыз алушы.Қазіргі уақытта мал басы ұлғайды. Сатып алынған ІҚМ,КҚМ Курчатов қаласы бойынша мәлімет базасында тіркеледі.Апта сайын сенбі және мереке күндері жәрмеңкелер ұйымдастырылады, онда қала тұрғындары қолжетімді бағалармен ет,сүт сатып алады. .

Үлгі ретінде Арсан Сентбекович Ахметовты айтуға болады, 2014 жылы «ПВХ терезелер мен есіктер өндіріс» жобасы бойынша 2 млн 700 мың теңге сомасында шағын несие алды. Бұл бизнес жақсы дамуда, 6 жұмыс орны ашылды. Бұл өнімге деген сұраныс бар, жеке және заңды тұлғалардан тапсырыс бар, яғни жұмыс пен табыс бар.

Сондай-ақ «Моноқала» бағдарламасы бойынша бірнеше жобаларды ескеруге болады, бұл «Жарнама орталығы» табысты жобаның иесі 1961 жылы туған Күлзия Жұмағұл болып табылады. Осы жарнама орталығында фото шығару бойынша қызметтер көрсетіледі, соның ішінде ою суреттер, жеңіл жейдедегі, саптыаяқтағы фото, сонымен қатар стендерге, баннерлерге тапсырыс беруге болады. Қаланың тұрғындары мен ұйымдарына өте қажет және талап етілген жоба.

Етті қайта өңдеу шағын цехі ойдағыдай жұмыс істейді. Жобада 3 адам жұмыс жасайды, олар Тахир Видадиоглы Мирзаджанов, Геворг Аршалуисович Казарян, Игорь Амбрасович Цховребов. Осы жерде ысталған және шикі ет, сондай-ақ вакуумдық қаптамалардағы жартылай дайындалған өнімдер(котлеттер, тұшпара, голубцы,турама,тоң май және т.б.) сатып алуға болады. Шығарылған өнімдері қаланың сауда орындарында сатылады.



Қарыз қаражатын қайтару бойынша іс жағдайлары тұрақты бақылауда болады. Толығымен алғанда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»бағдарламасының қатысушылары болып табылатын курчатовтықтар іс жүзінде мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасының оң жақтарын сезінді, сондықтан бағдарламаға аумақ халқын жұмыспен қамту өнімділігін қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы уақытылы әрекет ету бағдарламасы ретінде қарады.
«Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы П.Тургамбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет