Бағдарламасы бойынша ақылы негізінде оқыту туралы шарт


ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ



бет2/6
Дата19.12.2023
өлшемі86.5 Kb.
#486970
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Интерн ақылы

2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ міндеттенеді:
2.1.1. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымына қабылдаудың ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымының білім алушылар қатарына Білім алушыны оқу ақысының 25% мөлшердегі алғашқы жарнасын төлеген сәттен бастап қабылдауға;
2.1.2. Конкурс нәтижесі бойынша білім беру ұйымының білім алушы қатарына қабылданбаған жағдайда, Білім алушыға оқу ақысының төленген 25% мөлшердегі алғашқы жарнасын толығымен қайтаруға.
2.1.3. осы шартты бекітерде білім алушыны мекеменің Жарғысымен басқа да нормативтік құқықтық құжаттарымен ережелерімен таныстыруға;
2.1.4. оқу бағдарламасын толық орындаған, бірақ оқу ақысын төлеместен оқудан шығарылған білім алушы оқу ақысын толық төлеген, т.б. жағдайларда, ҚР қолданыстағы заңнамаларымен және білім беру ұйымының ережелерімен академиялық саясаты талаптарына сай қайта қалпына келтіріп, білім алушы қатарына қабылдауға;
2.1.5. білім алушы оқу бағдарламасын толық орындап оқу ақысынан қарызы болмаса ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен нормативті құқықтық актілерге және білім беру ұйымының ішкі ережелеріне сай, білім алушының өтініш негізінде шығаруға, бір білім беру бағдарламасынан, екіншіге немесе бір оқу формасынан екіншіге, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес басқа білім беру ұйымына ауыстыруға;
2.1.6. білім беру ұйымы кітапханаларының ақпараттық ресурстарын, компьютер техникасын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешендерін және оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануда еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
2.1.7. білім алушының ғылыми іс-тәжірибеден өтуін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығын негізге ала отырып ұйымдастыруға;
2.1.8. білім алушыға өз еркімен білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық өмірге қатысуға мүмкіндік беруге;
2.1.9. білім алушы төлем ақы төлемегендіктен оқудан шығарылса, білім беру ұйымының «Ақылы білім алудың оқу ақысын төлеу ережесінің» талаптарына сәйкес оқу жылына бекітілген жаңа төлем ақы бойынша шарт негізінде оқуға қайта қабылдауға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет