2.2. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ құқықылы:
2.2.1. білім алушыдан осы шартқа және білім беру ұйымының ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес міндеттерді тиісінше орындауды сондай-ақ оқытушыларға, қызметкерлерге және басқа білім алушыларға құрметпен қарауын талап етуге.
2.2.2. білім алушыға оның оқу тәртібін, осы шарттың талаптарын, ұйымының ішкі тәртіп Ережелерін және шетел азаматтарына қойылатын талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік шаралар қолдануға, оның ішінде білім алушы қатарынан шығаруға;
2.2.3. оқуға түскен немесе оқып жүрген білім беру бағдарламалары бойынша оқу тобындағы білім алушының саны 12 білім алушыдан кем болса, ол топты таратып білім алушыларды өздері ниет білдірген басқа білім беру бағдарламаларындағы оқу топтарына ауыстыруға.
2.2.4. білім алушыны ұйымының ішкі тәртіп ережелерінде қаралған тәртіппен оқудағы, ғылым және шығармашылық қызметіндегі табыстары үшін ынталандыруға және марапаттауға;
2.2.5. білім алушыдан білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарауды, компьютер және басқа техникамен жұмыс істеу ережелерін сақтауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен материалдық шығын келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіру үшін шығынның орнын талап етуге;
2.2.6. Шартты келесідей себептер бойынша бір жақты тәртіппен бұзуға: оқу тәртібін бұзғаны үшін, ішкі тәртіп Ережелерін және білім беру ұйымының Жарғысын бұзғаны үшін, шарт міндеттерін орындамағаны үшін, басқа білім беру ұйымына ауысуға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де жағдайларда.
2.3. БІЛІМ АЛУШЫ міндеттенеді:
2.3.1. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы, оқу бағдарламасын, білім беру ұйымының оқу жоспары мен академиялық күнтізбесіне сәйкес орындауға;
2.3.2. білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, білім беру ұйымының Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін, шетел азаматтарына қойылатын талаптарын және осы шарттың талаптарын сақтауға және орындауға;
2.3.3. білім беру ұйымында оқығаны үшін оқу ақысын уақытылы төлеуге;
2.3.4. білім беру ұйымының иелігіндегі барлық материалдық құндылықтар мен оқу аудиторияларындағы оқу-құрал жабдықтарға және барлық ақпараттық ресурстарына ұқыптылықпен қарауға;
2.3.5. білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне және басқа білім алушыларға сый құрметпен және әдеппен қарам-қатынас жасауға;
2.3.6. оқу сабақтарына науқастаныуна байланысты немесе басқа да дәлелді себептерін айғақтайтын ресми түрде ақтаушы құжаттарды тапсыруға, тиісті құжаттары болмаған жағдайда академиялық қарызы болса сол пәндерді ҚР заңнамалары мен Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын жазғы семестрде немесе оқу жылы көлемінде академиялық қарыздарын жоюға;
Достарыңызбен бөлісу: |