Бағдарламасы бойынша ақылы негізінде оқыту туралы шарт



бет4/6
Дата19.12.2023
өлшемі86.5 Kb.
#486970
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Интерн ақылы

2.4. БІЛІМ АЛУШЫ құқылы:
2.4.1. бір оқу формасынан екіншіге, бір білім беру ұйымынан екіншіге, сондай-ақ ақылыдан білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде ауыстыру және қайта қабылдау Академиялық саясатына сәйкес бекітілген тәртіпте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысуға;
2.4.2. қосымша төлемге мемлекеттік стандарттан тыс қосымша білім беру қызметтерін алуға;
2.4.3. кітапхана және оқу залдары базасында оқу, оқу-әдістемелік әдебиет қорын пайдалануға және еркін қол жеткізуге;
2.4.4. өзін-өзі басқару органдарына қатысуға, өз пікірін еркін білдіруге,өзінің адамдық қадыр-қасиетінің құрметтелуіне;
2.4.5. осы шартқа қосымша келісімдердің жоғарыда аталған мүмкіндіктерін бекіту арқылы білім беру ұйымының шешімі бойынша жылдамдатылған бағдарламалар мен дербес оқу жоспары бойынша оқуға;
2.4.6. ауыстыру және қайта қабылдау Ережелерімен бекітілген тәртіппен білім беру ұйымына қайта қабылдануға;
2.4.7. денсаулығына, жанұя жағдайына немесе өзге білім беру ұйымына ауысуына байланысты өз өтінішімен оқудан шыққан жағдайда алдын ала төлеген оқу ақысын қайтарып алуға;
3. АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
3.1. Білім беру ұйымының жылдық ақы мөлшері ұлттық валютада тағайындалады және __________________________________________________________________________ теңгені құрайды. Оның ішінде:

Бірінші жыл үшін




Төртінші жыл үшін







Екінші жыл үшін




Бесінші жыл үшін




Үшінші жыл үшін




Алтыншы жыл үшін




Жылдық төлем ақы төмендегі кестеге сай төленуі тиіс.

  1. Оқу жылының басында, 25-тамызға дейін -25%

  2. 25-қарашаға дейін -25%

  3. 25-ақпанға дейін - 25%,

  4. 25-сәуірге дейін - 25 %.

3.1.1.Ақылы негізде оқитын білім алушы оқу ақысын сессияға дейін алдын-ала толығымен төлеуге міндетті, және де бітіруші білім алушының мемлекеттік емтихан сессиясына жіберілуі үшін оқу ақысы бойынша ешқандай қарызы болмауы тиіс. Белгіленген кестедегі төлем ақыны әр ай сайын бөліп төлеп тұруына немесе барлық оқу курсы бойынша толық төлеуіне болады.
3.1.2.Оқу жылы аяқталғанға дейін төлемақы 100% төленуі тиіс. Оқу үшін төленетін ақы мөлшері базалық болып есептеледі. Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде білім беру ұйымы белгіленген төлем ақы мөлшерін өзгерте алады. Кейбір білім беру бағдарламасы бойынша Халықаралық стандартқа сай оқытылуына байланысты төлемақы мөлшері өзгертлуі мүмкін.
3.2.Оқу төлемақысы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен білім беру ұйымының есеп шотына Банктік аудару арқылы жүргізіледі.
3.3.Білім алушыға академиялық демалыс берілген жағдайда, оқу төлем ақысын сол оқу жылына төлеген болса, онда екінші рет талап етілмейді, академиялық демалыс аяқталған сәттен бастап алғашқы белгіленген мөлшерде төлем ақы төлейді.
3.4. Шетелдік білім алушы, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ресми бағамы бойынша білім беру ұйымының есеп шотына шетел валютасында оқу ақысын төлеуге құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет