Бағдарламасы бойынша фармацевтикалық талдау пәнінен зертханалық жұмысты орындауға Әдістемелік нұСҚау тараз 2022



бет7/16
Дата10.04.2023
өлшемі323.75 Kb.
#472000
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
фарм талдау лаб

Сапалық реакция

2-3 тамшы ерітіндіге 0,01 г (10% үшін) немесе 0,02-0,03 г (2% үшін) салицил қышқылын немесе натрий салицилатын және 2-3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосады; қызғылт түс пайда болады.




Сандық анықтау

50 мл өлшегіш колбаға 5 мл 10% ерітіндіні салып, ерітіндінің көлемін сумен белгіленген белгіге дейін жеткіземіз. 2 мл сұйылтылған ерітіндіге 2 мл су, 2 тамшы метилоранж ерітіндісін, 1 тамшы метилен көк ерітіндісі қосып, 0,1н тұз қышқылы ерітіндісімен күлгін түске боялғанша титрлейді.


1 мл 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісінің құрамында 0,0140 г гексаметилентетрамин сәйкес келеді.
2% ерітіндіні талдау үшін 1 мл гексаметилентетрамин ерітіндісін алып, 2 тамшы метилоранж ерітіндісін, 1 тамшы метилен көк ерітіндісін қосып, 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісімен күлгін түске боялғанша титрлейді.
10% ерітіндідегі гексаметилентетраминнің сандық мөлшері формула бойынша есептеледі:



мұндағы, a – анықтау үшін алынған гексаметилентетрамин ерітіндісінің көлемі, мл (5 мл);


V1 – бірінші сұйылтудан кейінгі дәрілік ерітіндінің көлемі, мл (50 мл);
V2 – титрлеуге алынған сұйылтудың аликвоттық бөлігінің көлемі, мл (2 мл);
V – титрлеуге жұмсалған титрант көлемі (HCl);
К – титрант ерітіндісінің концентрациясын түзету коэффициенті;
Т – талданатын затқа сәйкес титрант.

2% ерітіндідегі гексаметилентетраминнің сандық құрамы формула бойынша есептеледі:





мұндағы, a – анықтау үшін алынған гексаметилентетрамин ерітіндісінің көлемі, мл (1 мл);


V – титрлеуге жұмсалған титрант көлемі (HCl);
К – титрант ерітіндісінің концентрациясын түзету коэффициенті;
T – талданатын заттың титрантының титрі.
7 зертханалық. Глюкоза препарат құрамына сандық және сапалық талдау жасау

Глюкоза ерітіндісі 5 % – 100 мл






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет