Бағдарламасы бойынша кя



Дата07.01.2024
өлшемі21.86 Kb.
#488619
түріБағдарламасы
характеристика (копия) (1)



Астана қаласы әкімдігінің
№31 мектеп-гимназиясы" ШЖҚ МКК-де
өндірістік іс-тәжірибеден өткен
«Астана қаласының Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі»
4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру
бағдарламасы бойынша КЯЛ-22 тобы
2 курс студенті
Қабдраш Аяулым Самарбекқызы
Мінездеме


Машықкер Қабдраш Аяулым Самарбекқызы № 31 мектеп-гимназиясында 15.05.2023-24.06.2023 жыл аралығында практика дан өтті.Практикадан өту кезінде Қабдраш Аяулым Самарбекқызы өзін жақсы қырынан көрсете білді.Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып,оларды өзінің мәдениеттілігімен,кішіпейілділігімен ,қарапайымдылығымен өзіне баурай білді.
Бірінші күннен бастап-ақ ұқыптылығымен ,жауапкершілігімен ,тиянақтылығымен көзге түсті.Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді.Мектепте, мектептен тыс болған іс-шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Қабдраш Аяулым Самарбекқызы практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді.Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы,мектеп ұжымымен тез тіл табыса алады.Сынды дұрыс түсінеді,кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығуларды, топтық тапсырмаларды қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдылықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды.Қабдраш Аяулым Самарбекқызы болашақта білімді де білікті, үлгілі, еліне адал қызмет ететін азаматша болатынына сенемін.
Іс-тәжірбиесін «95» ( 5) деп бағаладым.



Кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі: А.Б Сембаева
Мектеп директоры: А.С Чужетова




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет