2.Негізгі кезең.
Балаларға суретті көрсету арқылы ұшақ бөліктерінің жасалуын жекежеке түсіндіріп, ермексазбен мүсіндеуді бастаймыз. Үлгіні көрсете отырып, негізгі бөлігі, тұмсығы, құйрығы болатынын айтады.
Осы зымыранды жасау үшін негізгі үлкен бөлігінен бастайық.
Алақанымызға ермексазды салып, жұмсартамыз,сопақша пішінге келтіріп негізгі бөлігін жасаймыз.
Енді ермексазды жалпақтап, бір төртбұрыш және екі үшбұрыш жасаймыз.Дәптерге қарап жаңа жасаған негізгі бөлікке орналастырамыз.
Ермексазды есу, домалақтау арқылы зымыранның терезесін, тұмсығын жасаймыз.
Сергіту сәті: Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз.
(Н. Айтов)
Дәптерге қарап зымыранды мүсіндеуді толық аяқтаймыз.Педагог кейбір балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды.Балалардың жұмыстарын көрмеге қою.«Ұшты- ұшты»ойынымен оқу қызметін қорытындылау.
№30 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Желкенді қайық.
Мақсаты: суда жүретін көліктер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
білімдік:қайық бейнесін мүсіндей білуді үйрету;
дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын, есте сақтау қабілеттерін,
сөйлеу тілін дамыту; тәрбиелік: табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды:қайық бейнесін мүсіндейді; түсінеді:қайықтың суда жүзетінін, күнделікті өмірде қажет екенін; қолданады:пішіннің анық үйлесімін бере отырып, алақан мен саусақ
арқылы түрлі әдіс-тәсілдерді.
Достарыңызбен бөлісу: |