Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет55/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі:мүсіндеу.
Тақырыбы:Ғарыш кемесі.
Мақсаты:балаларға ғарыш кемесін мүсіндеуге үйрету.
Міндеттері:
білімділік:ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру; таныс
әдіс-тәсілдерді жалпақтау, шымшу, домалақтау, қолдану, жалғастыру; дамытушылық:балардың ой-қиялын, эстетикалық тәрбиесін дамыту; тәрбиелік:Отанын, елін, жерін сүюге, адалдыққа, батылдыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: жасайды:ермексаздан зымыранның бөліктерін; түсінеді:ғарыш әлемі туралы қарапайым түсініктерді;
қолданады:қарапайым үйлесімді сақтай отырып, таныс әдіс-тәсілдерді (домалақтау, жалпақтау, алақан арасына салып есу, шымшу) қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, слайд, сюжетті суреттер, ермексаз, тақтайша, таяқша, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс:ғарыш кемесі.
Көптілділік: ғарыш – космос –space, ғарышкер – космонавт– astronaut, ғарыш айлағы – космодром–cosmodrome.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберін құрады.
Педагог:
–Балалар, біздің тұратын жеріміз ғаламшар деп аталады. Төбемізде шеті мен шегі жоқ аспан әлемі бар. Оны ғарыш деп атайды. Біз өз ғаламшарымызда өте тату-тәтті өмір сүреміз. Бәріміз мейірімді достармыз.
Кәне,бәріміз Жермен,аспанмен,бір-бірімізбен амандасып алайық!
Амансың ба, Аспан Ата!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амансыңдар ма, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагог жұмбақ жасырады: Құстан аумайды, Көкте зулайды.
Ол не?
Педагог балаларға сурет арқылы ғарыш әлемі туралы әңгімелейді.

  • Ғарышқа ұшатын ғарышкерлердің арнайы киімдері болады. Скафандр – бұл ғарышқа ұшуға арналған киім. Зымыран – жер мен аспан арасындағы ең жедел ұшатын көлік. Кейін есейгенде ғарыштың ашылмаған құпиясын ашуға жол салатын боласыңдар. Біз бүгін ермексаздан зымыранды мүсіндейміз.

Зымыранның суретін компьютерден слайд арқылы көрсетеді. Көрсете отырып, балалардан сұрақ арқылы жауап алады.

  • Балалар, мына суретте қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов ағаларыңды көріп отырсыңдар. Сендер де осы ағаларың сияқты ғарышкер болғыларың келе ме?

  • Ағаларымыз осы ғарыш кемесіне отырып, аспан әлемін зерттейді.

  • Ғарыш кемесінің қандай болатынын көрдіңдер ме?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет