Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет32/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс:бұғы, мүйіз, Дымков ойыншығы.
Көптілділік:бұғы – олень –deer, мүйіз – рога–horns, жабайы жануар – дикое животное –wild animals.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.

–Бүгін көрмені тамашалауға барамыз. Кәне, сапқа тұрайық!
2.Негізгі кезең.
Педагог жұмыс дәптеріндегі сюжетті суретті көрсетіп, осындай жануарды көрмеден табуды сұрайды.

  • Бұл – бұғы (үстел үстіне қояды).Осындай жануарды көрдіңдер ме?

Педагог бұғы туралы өзі шағын әңгіме айтады.

  • Бұғы – жабайы жануар. Ол таулы, орманды өңірлерде тіршілік етеді. Қысы қатты аймақтарда мекендейді.Хайуанаттар бағында болады. Оны адамдар шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғыны аулауға, атуға тыйым салынған.

  • Дымков ойыншығы ақ түсті болады. Дөңгелек пішінде әшекейленеді. Бүгінгі оқу қызметінде сендердің шеберліктеріңді арттыру мақсатында бұғыны Дымков ойыншығы түрінде мүсіндейміз.

Педагог тақтадағы үлгі сурет бойынша бұғының дене бөлшектерінің жасалу тәсіліне тоқталады.

  1. Сазбалшықтан сопақша етіп, дәл ортасынан иіп дөңестеп, дене бөлігін мүсіндейміз, саусағымызды сулап, сылаймыз.(Бұл – таныс әдіс, сондықтан балалар бұл жұмысты тез орындауы мүмкін).

  2. Кескіш құралдың көмегімен денесінің екі жағынан тіліп созу, қысу әдісі арқылы екі аяғын жасаймыз.

  3. Дөңгелек пішінге келтіріп, созу арқылы бас бөлігінен тұмсығын шығарамыз.Мойынға басты үңгу арқылы ойық жасап бекітеміз,қалақшамен тегістейміз.Құлағын бас бөлігінен қысу, шымшу әдістері арқылы шығарамыз.

Сөздік жұмыс:бұғы, мүйіз, Дымков ойыншығы.
Көптілділік:бұғы – олень –deer, мүйіз – рога–horns, жабайы жануар – дикое животное –wild animals.
Сергіту сәті. Ерінбей сурет салады, Жасайды қағаз кемені. Таудан да биік талабы, Азамат өсіп келеді. Көрсетіп көмек кішіге, Үлкенге сәлем береді. Ұқыпты барлық ісіне, Азамат өсіп келеді.
(Е. Ашықбаев)

  1. Мүйізін жасау үшін сазбалшықты жалпақтап,кескішпен иректеп кесіп, мүйіз пішінін жасаймыз.Оны құлақ тұсына жапсырамыз.

  2. Дайын мүсінді кептіруге береміз, бейнелеу өнері сабағында әсем безендіріп бояймыз.

Педагог кейбір балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды. Жұмысты ата-аналарына көрсету үшін көрмеге қояды.
14 ұйымдастырылған оқу қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет