Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет28/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Жайылымдағы түйе.
Мақсаты:әдемі түйенің мүсінін ермексазбен жасай білу әдістәсілдерін үйрету.
Міндеттері:
білімдік:есу, шымшып созу, домалақтау әдістерін дұрыс пайдалану,
түстерді үйлесімді, дұрыс таңдай білу; дамытушылық: ұсақ қол моторикасын дамыту; тәрбиелік: үй жануарларына күтім жасауға, қамқорлық болуға
тәрбиелеу, еңбекке баулу. Күтілетін нәтижелер:
жасайды:заттың нақты бейнесіне қарап, түйеге тән ерекшеліктерді
бере отырып мүсіндейді; түсінеді:түйенің үй жануары екенін, оның күнделікті тіршіліктегі
пайдасын (жүні, еті, сүті).
қолданады:мүсіндеу тәсілдерін дұрыс қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, әртүрлі қимыл-қозғалыстағы адамдар бейнесінің сызба суреттері, ермексаз, тақтайша, су құйылған ыдыс,сүрткіш.
Сөздік жұмыс: жайылу.
Көптілділік:түйе – верблюд –camel, қозы – ягнёнок –goats, лақ – козлёнок– kids ,құлын – жеребёнок –foals, бота – верблюжёнок–verbluten. ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларға үнтаспадан төлдердің даусын тыңдатады.

  • Балалар, төлдердің даусын естеріңе түсірдіңдер ме? Енді ойын ойнап көрейік.

«Төлдерді қалай шақырады?» ойыны.

  • Кәне, айтыңдаршы, қой қозысын қалай шақырады?

  • Ешкі лағын қалай шақырады?

  • Жылқы құлынын қалай шақырады?

  • Түйе ботасын қалай шақырады?

  • Сиыр бұзауын қалай шақырады?

2.Негізгі кезең.
Педагог балаларға жайлауға саяхатқа шығуды ұсынады, жайлау туралыәңгімелеседі.

  • Жайлауға барғанда не көрдіңдер? Онда кімдер тұрады?

Үй жануарларының суреттері ілінген немесе макеттері қойылған үстел қасына келгенде, жайлауға жеткендерін хабарлайды.

  • Балалар, жайлауға жеткенше шөлдеп қалдыңдар ма?

  • Кім не ішкісі келеді?

  • Үй жануарлары бізге пайдасы бар қандай сусындар береді?

  • Ал, балалар, сендерге жұмбақ жасырсам, жауабын айта аласыңдар ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет