Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет40/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: қоян, көжек.
Көптілділік: қоян – заяц –hare, көжек – зайчонок–leverets, орман – лес–forest.

  • Енді қоянның денесін жасаймыз, денесі басынан үлкенірек, сәл сопақша пішінге келтіреміз.Тура осы үлгіде көжектің де денесін жасаймыз, бірақ ол кішірек болады. Осы сопақша пішіннің жоғарғы жағынан кескіш көмегімен бас бөлігін орналастыру үшін ойық жасаймыз.

«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ойынның шарты: бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын тез ойлап табуы керек.
Мен әншімін... (ән айтамын).
Мен дәрігермін...(адамдарды емдеймін). Мен ғарышкермін... (ғарышқа ұшамын).
Мен мұғаліммін...(балаларды оқытамын).
Ойын осылай жалғасады.
Педагог жұмысты жалғастыратындарын ескертеді.

  • Ермексазды ширатып үзіп аламыз да, саусақтарымыздың ұшымен соза отырып, кескішпен кесу арқылы қоян мен көжектің аяғын, құйрығын, құлағын жасаймыз. Құйрығы сәл қысқалау болады. Енді басу, жымдастыру, шымшу әдістері арқылы дене бөліктерін біріктіреміз. Кескіш құрал көмегімен аузын, тырнақтарын бедерлейміз.

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.
Балалармен аяқталған жұмысты талдайды. Педагог дәптердегі сюжетті суретті көрсетіп, екі топтың балаларына кезекпен қоян мен көжекті жұптап қоюды сұрайды. Педагог пен әжей балалардың жұмысын мадақтай отырып бағалайды.
19 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Жіп орамымен ойнаған мысық.
Мақсаты:үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
білімдік:саусақ арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; дамытушылық: ермексаздың түсін ажырата білу, ұсақ қол
моторикасын дамыту; тәрбиелік: тазалыққа,ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет