Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет36/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалармен жұмысты талдайды. Балаларды марапаттайды.
16ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі:мүсіндеу.
Тақырыбы:Қуыршақ (Дымков ойыншығы бойынша).
Мақсаты: Дымков ойыншығын жасауға, сәндік мүсіндеу өнеріне үйрету.
Міндеттері:
білімдік:сазбалшықпен жұмыс істей білуге үйрету, сәндік өнерге
баулу; дамытушылық: қол, саусақ моторикасын дамыту; тәрбиелік: ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу,
эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер: жасайды:әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, Дымков ойыншығы
бейнесін; түсінеді:Дымков ойыншығының халық ойыншығына жататынын; қолданады:ермексазбен жұмыс істеу дағдысын.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, компьютер, Дымков ойыншықтары туралы слайдтар, тақтайша, сазбалшық, кескіш, су.
Сөздік жұмыс:жәрмеңке, Дымков ойыншығы.
Көптілділік: қуыршақ – кукла – doll, жәрмеңке – ярмарка – fair, ойыншықтар – игрушки – toys.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психолог маман топта жәрмеңке ұйымдастырады:

  • Жәрмеңкеге келіңдер,жәрмеңкеге шақырамыз!Келіндер, әдемі ойыншықтар алыңдар!

Педагог:

  • Бәрекелді! Балалар, қараңдаршы, қандай керемет жәрмеңке! Кәне,аралап көрейік.

Педагогпен балалар топқа Дымков қуыршағын «сатып» алады. Психолог:

  • Мен балабақшаны аралап, жәрмеңкемді басқа топтарға да көрсетіп келейін. Сау болыңдар, балалар!

2.Негізгі кезең.
–Балалар, мынау қандай әдемі қуыршақ. Қалай жасады екен? Ал біз осындай қуыршақ жасай аламыз ба?

  • Ендеше, іске кірісейік. Іске сәт!

Педагог №1,2,3,4 слайдтардан Дымков қуыршақтарының түрлерін көрсетеді, шығу тарихын қысқаша, түрлі сюжетті суреттерді көрсету арқылы түсіндіреді. Алдыңғы оқу қызметінде («Бұғы») еске түсіре отырып,түсі міндетті түрде ақ болатынына, әшекейлері домалақ, ирек, ашық түсті екеніне тоқталады. №5 слайдта қуыршақ мүсінінің неше бөліктен тұратыны көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет