Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Қоян көжектерімен.
Мақсаты: балаларды қоянның тыныс-тіршілігімен таныстыру, қоянның үй жануарына жататынын түсіндіру.
Міндеттері:
білімдік:ермексазды алақанның арасында айналдыра домалақтау
дағдысын жетілдіру; дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын жетілдіру, баланың ойлау
қабілетін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту; тәрбиелік: ұйымшылдыққа, тазалыққа, жануарларға қамқорлық
жасауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
жасайды:үңгу, ширату, жымдастыру тәсілдерімен қоянды мүсіндейді; түсінеді:ұжыммен жұмыс жасағанда тиянақты, ұқыпты болуды; қолданады:мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар:
№1 жұмыс дәптері, үнтаспа, бүктемелер,тақтайша, ермексаз, кескіш. Сөздік жұмыс: қоян, көжек.
Көптілділік: қоян – заяц –hare, көжек – зайчонок–leverets, орман – лес–forest.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларды шеңбер бойына тұрғызып, жұмбақ жасырады.
Шаттық шеңбері. Далада жүр шапқылап, Керемет тым саққұлақ.
Тек есектен басқа да,
Оған ұқсар жоқ құлақ.
Балалар, сендер қоян туралы қандай ертегі білесіңдер?
Кәне, бәріміз орнымызға отырамыз. Әжелерің сендерге «Қоянның құлағы неге ұзын?» деген ертегіні айтып беруге келіпті.Мұқият тыңдайық.
Педагог ертегі желісі арқылы қоянның тіршілігімен таныстырып, қоянның шөпқоректі жануар екенін, сәбізді жақсы көретінін, оның денесі иілгіш ұзын, қарғуға, секіруге ыңғайлы болатынын балаларға сұрақ-жауап арқылы әңгімелейді. 2.Негізгі кезең.
Біз бүгінгі оқу қызметімізде әжемізбен бірге көжектерін ертіп серуенге шыққан қоянды мүсіндейміз. Қазір екі топқа бөлініп жұмыс істейміз.
топ. «Қояндар» тобы оң жаққа отырамыз (педагогпен).
топ. «Көжектер» тобы сол жаққа отырамыз (әжеймен).
Балалар, қоянның түсі қандай болады?
Иә, қыста ақ. Түсі көктемде,қыста маусымға байланысты өзгеріп отырады екен. Ақ түсті ермексаздан I топ үлкендеу, ал II топ кішірек етіп үзіп аламыз да, алақанымызбен домалақтаймыз. Бұл – қоянның басы, ал көжектің басы қоянның басынан кішірек болады (педагог пен әжей қадағалап отырады.)
Достарыңызбен бөлісу: |